Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД МПД КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.18 Mб
Скачать

3. Оқыту мақсаты:

- ХҚАЗ улану клиникалық белгісі мен әсер ету механизымын білу;

-химиялық қауіпті объектідегі апат кезінде химиялық жағдайды бағалау әдістемесін білу;

-интерактивті оқу технологияларын ендіру;

-топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Химиялық қауіпті апатты заттар (ХҚАЗ).

2. Химиялық қауіпті апатты заттары бар объекттердің бұзылуы (авария) кезінде химиялық жағдайды бағалау әдістемесі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ақпарат материалымен жұмыс істеу,пікір талас,бірін біру үйрету, топта жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау.

1.Химиялық қауіпті апатты заттар (хқаз).

ХҚАЗулану клиникалық белгісі мен әсер ету механизмі туралы ақпаратты талқылау.

Ақпарат материалымен жұмыс істеу

Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және тұрмыста қолданатын химиялық заттардың ассортименті көбеюде. Олардың бірқатары улы, әрі зиянды болып келеді. Олар қоршаған ортаға шығарып тасталған немесе төгілген жағдайда адамзатқа, жануарларға жаппай зиян келтіріп, ауаны, суды, жер қыртысын, өсімдіктерді зақымдайды, ластайды. Оларды – химиялық қауіпті апатты заттар (ХҚАЗ) деп атайды. ХҚАЗ белгілі бір түрлері мұны өндіретін өнеркәсіптерде және оларды өнеркәсіп барысында қолданатын мекемелерде көп мөлшерде бар. Апат болған жағдайда тек сол объектідегі адамдарға ғана емес, сонымен қатар жақын маңда орналасқан елді-мекендердің тұрғындарына зиянын тигізуі мүмкін. Мұндай ірі улы заттардың мол қоры –химия өнеркәсібінде, целлюлоза – қағаз өндіру өнеркәсібінде, қорғасын, мұнай өңдеу өнеркәсібінде, қара және түрлі түсті металлургияда, минералды тыңайтқыш өндіру өнеркәсібінде бар.

Уланудың клиникалық белгісі және әсер ету механизмы ХҚАЗ келесі түрлерге бөлінеді:

•тұншықтырғыш әсері бар уландырғыш заттар (хлор, фосген, дифос­ген, хлорпикрин, күкірт хлориды, фтор және оның қосылыстары және т.б.);

•жалпы әсер ететін уландырғыш заттар (көміртегі тотығы, циа­нидтер, анилин, гидразин және т.б.);

•жалпы уландырғыш және тұншықтырғыш әсері бар заттар (күкірттісутегі, күкірт диоксиды, азот қышқылы, азот оксидтері және т.б.);

•нервтік-жүйкелік уландырғыш заттар (фосфорорганикалық қосылыстар);

•нейротропты және тұншықтырғыш әсері бар заттар (аммиак);

•метаболикалық улар (диоксин, күкірт тотығы, метилбромид, дихлорэтан, төрт хлорды көміртегі).

ХҚАЗ тыныс алу жолы, көздің кілегей қабаты, асқазан-ішек жолы (ластанған асты және суды қолданғанда), тері жабыны (киіммен қорғанған немесе қорғанбаған), ашык жарақаттар арқылы организмге өтеді.

Қарапайым жағдайда ХҚАЗ газтәрізді немесе сұйық күйде болады. Газтәрізді сығылып өндірісте, қолданғанда, сақтағанда және тасымалданғанда сұйық күйде болады және оның көлемі азаяды. Апат кезінде ХҚАЗ шығарылады, аймаққа жұқтырады. Желдің бағытына қарай тереңдігі 10 км аймақты ХҚАЗ бұлтты жұқтырады, жергілікті жердегі адамдарда зардап шегеді.

Масштабына қарай апат: жеке, объектілі, жергілікті, аумақты және глобалды болып бөлінеді.

ХҚАЗ токсикалық сипатының мінездемесі мынадай түсініктерден тұрады:

-зиянды заттар концентрация шамасының мөлшері (КШМ);

-токсикалық өлшемі.

КШМ – концентрациясының әсері, адамға бірнеше күн ешқандай патологиялық өзгерістер мен ауруларды шақырмайды, қазіргі заманғы әдістер диагностикасында байқалмайды. Ол 8-сағаттық жұмыс күніне жатады және қауіпті апат жағдайында қолданбайды, төтенше оқиғада уақыттың әсері ХҚАЗтым шектеулі.

Токсикалық тиімді анықтайтын заттардың санын токсикалық өлшем дейміз.

Тақырыптан кейінгі тапсырма (ашық пікірталас):

1. ХҚАЗ айтыңыз, интоксикациялық клиниканың белгілеріне және механизм қимылына, қандай химиялық заттар кіретіне қарай топқа бөлу?

2. Мына мағыналарды қалай түсінесіз:

-зиянды заттар концентрация шамасының мөлшері (КШМ);

-токсикалық өлшемі.

Бірін-бірі үйрету

ХҚАЗ туралы мәлімет жазылған карточкаларды әрбір студентке тарату керек. Студенттерге өз карточкаларындағы мәліметтерді оқып-саралау үшін уақыт беру. Оқып болғаннан кейін студент аудиторияда журіп, өз карточкасында жазылған мәліметпен алдына кездескен әрбір студентпен бөлісуі керек. Жаттығу әрбір студент өзінің әр топтасымен мәлімет алмасып болмағанша жалғасады.

Тапсырманың мақсаты өзіндегі мәліметпен басқа студентпен бөлісіп, одан басқа бір мәлімет алу. Жаттығу аяқталғаннан кейін оқушылардан басқа студенттерден не білгенін сұрау.

Өткізу ережесі:

1.Алған мәліметті тыңдап есте сақтау керек.

2.Алған мәліметті студенттерге жеткізукерек.

3.Бір мезгілде бір адамға ғана алған мәліметті жеткізуге және бір адамнан ғана алуға болады.

4.Сөйлеп тұған адамды бөлуге болмайды.

5.Регламентті қатаң сақтау.