Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
786.94 Кб
Скачать

2.Ұлыстардың құрылуы.

Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империя құрған Шыңғыс хан өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді: кіші ұлы Төлей Шыңғысханның негізгі жұртын – Моңғолияның өзін, сондай-ақ, моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды. Моңғолиядан батысқа қарай жаулап алынған ұлан-ғайыр аумақ, үлкен ұлдарына бөлінді, бұл орайда олардың әрқайсысына тұрақты әскерден 4 мың адамнан бөлініп берілді. Шыңғыс ханның үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен ұлысының орталығы орналасқан Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды. Өзін ұлы хан деп жариялағаннан кейін (1228/29-1241) Үгедей, Орхонда, Қарақорымда тұрды.

Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі, ұйғырлар өлкесінің шекарасынан Самарқанд пен Бұқараға дейінгі жерлердің, яғни Шығыс Түркістанды, Жетісу мен Мауереннахрдың денін қамтыды. Жамал Қаршидің деректері бойынша, Шағатай иеліктерінің негізгі бөлігін құраған өлке Аларғу елі деп аталды; оның басты қаласы Алмалық болды. Шағатайдың жазғы ордасы Іле өзенінің, алқабындағы Кұяш деген жер болды. Оның мирасқорларының ордасы, Жувейни деректері бойынша, түрікше Ұлығ-Иф (Ив) деген атпен, яғни «Үлкен үй» деген атпен мәлім болған. Шағатай мен оның мирасқорлары иеліктерінің кұрамына Балх және Хорасан өлкелері де кірді.

Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай және Қойлық пен Хорезм шекарасынан Саксин мен Бұлғардың татар аттарының тұяғы тиген жерлерге дейінгі ұшы-қиырсыз аймақты алып жатты, сөйтіп Жетісудың солтүстік бөлігін және Төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті-Қыпшақты қамтыды. Рашид ад-Диннің деректеріне сәйкес, Жошының ордасы Ертісте болған, бірақ басқа деректемелер бойынша, ол Сарысуға жақын маңда, қыпшақтар елінде жерленген. Ертісте, Алакөл көлінің маңында, Плано Карпинидің дәлелдеуі бойынша, ХШ ғасырдың орта шенінде Жошының баласы Орда-Ежен тұрған. Алтын Орданың құрылуына байланысты Жошы ұлысының саяси өмірінің орталығы Төменгі Еділге ауысты.

Сонымен Қазақстан аумағы моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі – Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына кірді.

3.Алтын Орданың құрылуы және саяси тарихы.

Шыңғыс хан қазаға ұшырағаннан кейін 1235 жылы Қарақорымда моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Моңғол әскерлерін Шыңғыс ханның немересі Жошының екінші ұлы Батый хан басқаратын болды. Батый әскері моңғол шоғырларына еріксіз енгізілген, әртектес тайпалардың жауынгерлерінен құралды. Ондағы басқару қызметтерінің бәрінде моңғол феодалдары болды. Батыйдың самсаған әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарияны, мордваларды талқандап, 1237-1240 жылдары орыс мекендеріне келіп шүйлікті. Орыс халқы монғол басқыншыларына ерлікпен қарсылық көрсетті. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде моңғол әскерлерімен кескілескен ұрыстар болды. Орыстардың шағын ғана қаласы Козельск тұрғындары жеті апта бойы монғолдарға жан аямай қарсылық көрсетті.

Алтын Орда астанасы алғашқы кезде Еділ сағасындағы Сарай-Бату қаласында (қазіргі Астрахань маңында) болды; көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды. Кейінірек Сарай Беркеге (Еділ бойымен Сарай-Батудан жоғарырақ) көшірілді. «Алтын Орда» ұғымы біртекті емес; бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның мирасқорлары Беркенің жеке иелігіндегі жерлер, яғни Төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказ, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады. Батый (1227-1255 жж.) зор беделге ие болды және іс жүзінде империяны өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады.

Батый хан Шығыс Еуропаға жасаған жеті жылдық (1236-1242) жорығынан кейін ата-бабадан келе жатқан әдет-ғұрыпқа бағып, өзінің басқа бауырларына да үлес берген. Інісі Орда Еженнің ұлысына Жетісудың солтүстік-шығыс белігіндегі жерлер, Ертіс бойындағы кең-байтақ аумақ Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер кірді. Ұлыстың аумағы біртіндеп кеңейе берді. ХІІІ ғ. екінші жартысында-ақ Орда Еженнің немересі Қонышанның тұрған жері, деректеме бойынша, Орта Сырдариядағы Жент пен Үзкент маңында болған, ұлыстың саяси орталығы осы жерге ауысқан еді. ХШ ғ. екінші жартысындағы ХІV ғ. басындағы Алтын Орданың тарихы орыс князьдықтарымен, Иранның Хулагу әулетімен болған үздіксіз соғыстарға толы, бұлардан Берке (1257-1266) мен оның мирасқорлары Әзірбайжанға және Оңтүстік Каспий маңындағы басқа да жерлерді иелену құқығына таласты. Меңгу-Темір тұсында (1266-1280) Алтын Орда Монғол империясының орталығынан біржола оқшауланып, тұңғыш рет өз атынан теңге соға бастады, Орта Азия мен Жетісуда Шағатай ұрпақтарының билігін нығату үшін ұлы ханға қарсы күресінде Хайдуды қолдап отырды.Алтын Орда ХШ – XIV ғасырлар аралығында күшті мемлекет болып тұрды.

Алтын Орданың хандары Батый (1241-1256 жж.), Берке (1257-1266 жж.), Мөңке-Темір (1266-1280 жж), Туда-Мөңке (1280-1287жж.), Төле-Бұқа (1287-1291 жж.), Тоқты (1291-1312 жж.), Өзбек (1312-1342 жж.), Жәнібек (1342-1357 жж.) хандар тұсында Алтын Орданың қуаты арта түсіп, билігі мейлінше күшейді. 50-жж. орта шенінде Жәнібек ханды оның үлкен ұлы Бердібек өлтіргеннен кейін, «ұлы алапат» (1359-1379 жж.) деген атпен мәлім болған жиырма жылдық өзара қырқыс басталды. Алтын Орданың батыс бөлігі бірнеше иеліктерге бөлінді. Еділ бойында, Астраханда, Қырымда, Сарайшықта жергілікті әмірлер, Қара теңіз өңірінде түменбасы Мамай орнықты.1380 жылы Алтын Орданың нағыз билеушісі мыңбасы Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен тас-талқан болып жеңілді. Жошының ұрпағы Тоқтамыс Мамайдың күйрегенін пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алады. Өз өкіметін әскери жеңістермен нығайту үшін 1382 жылы Мәскеуді өртейді, Мәуреннахр мен Кавказдың ар жағына бірқатар жорықтар жасайды. Ал Мауереннахр билеушісі Әмір Темір өз тарапынан Алтын Ордаға бірнеше рет қанды жорық жасап оны ойрандап кетеді. Осы соққыдан ол оңала алмайды. Жошы ұрпақтарынан тараған жекелеген хандар мен ірі тайпалардың жетекшіліктері оларды уақытша біріктіргенімен де, XV ғ. өзінде-ақ бұл иеліктер тәуелсіз Қазан, Астрахан, Қырым, Үлкен Орда хандықтарына айналды. Қазақстан мен Түркістанның далалық аумағында жергілікті билік нығайды, сөйтіп, Алтын Орданың күні өтіп шаруасы бітеді. Әлгі ұлыстар ішіндегі ең ірісі Еділ мен Дон арасынан құрылған Үлкен Орда (XV ғасырдың 30 жылдары) болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]