Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
786.94 Кб
Скачать

7. Дәріс тақырыбы: Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (хііі ғ.).

Алтын Орда.

Дәріс жоспары:

1.Шыңғыс ханның Қазақстанды басып алуы.

2.Ұлыстардың құрылуы.

3.Алтын Орданың құрылуы және саяси тарихы. (1243-ХV ғ. oртасы).

        1. Шыңғыс ханның Қазақстанды басып алуы.

ХШ ғасырдың бас кезінде Моңғол империясының құрылуы Орталық және Орта Азия, Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи тағдырына орасан зор ықпал жасады. Моңғол жаулаушылығы Еуразия аймағын мекен еткен халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым-қатынасы мен өзара байланысын бұзды және олардың этникалық-саяси, шаруашылық-мәдени дамуының үрдісін өзгертіп жіберді.

Моңғолдар үшін Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алу Ескі дүниені тұтастай жаулап алу стратегиясының құрамдас бөлігі деп қараған жөн. Шыңғыс хан ат тұяғы жеткен жердің бәрін өзіне қаратуды алға қойды. Орта Азия мен Қазақстанды қарату оған Шығыс Еуропаға және Алдыңғы Азияға апаратын жолды ашты. Осы себепті бұл жорыққа Шыңғыс хан мұқият даярланды. Моңғолдарға қызмет еткен мұсылман көпестер мен қашқындар Қарақытай мемлекеті, кейінде Хорезмшах жайлы мәліметтер тасумен болды.

Шығыс Түркістан мен Жетісудың моңғол қолына өтуі Оңтүстік Қазақстанда, Орта Азияда дүрбелең туғызды. Хорезмшах пен Шыңғыс хан қайта-қайта елшіліктер алмасумен болды. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мауреннахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорығына жол ашылды. Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан сауда керуенін жіберді. Онда 450 адам, 500 түйе бар еді. 1218 жылдың жазында керуен Отырарға жетеді. Отырар билеушісі Қайырхан Иналшық көпестердің тыңшы екенін байқаған соң керуенді кұртып жіберуге бұйрық береді. Енді Шыңғыс хан Хорезмшах алдына Қайырханды қолыма бер деген талап қояды. Бірақ осы талапты айтуға келген елшілер де өлтіріледі. Осылайша Шыңғыс ханның Хорезмге қарсы жорығы басталады.

1219 жылы қыркүйекте Шыңғыс хан әскерлері Отырар қаласына келіп, оны қоршауға алды. Қалада 80 мыңдай әскер бар еді. Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азияның халық бұқарасының монғол басқыншыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқын көрінісі болды. Қаланы қоршау 5 айға жуық уақытқа созылды. Монғол басқыншыларына Орта Азияның ең ірі қалалары Бұқара мен Самарқанд қалаларының халқы да табанды қарсылық көрсетті. Оңтүстік және Оңтүстік Қазақстан арқылы сапар шеккен Плано Карпини осынау жерден яғни Сырдарияның төменгі жағынан «қиратылған сансыз қалаларды, бұзылған бекіністерді, көптеген қаңырап қалған қыстақтарды көргендігін» айтады. Қалалармен қатар суару жүйелері бұзылып, егістіктер тапталады және сол маңайдағы егіншілік аймақтары құртылады. Сырдария бойындағы егінді мекендердің көптеген халқы қырылады, егіншілері тұтқынға алынады, үшіншілері басы ауған жаққа бытырап қашады. Тұтас бір аудандар, оның ішінде көшпелілері де бар, құлазып бос қалады.

1219 жылдан 1221 жылға дейін Шыңғыс хан әскерлері бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Талай қалаларды талап, жойып жіберді. Хорезмшах Мұхамед Иранға қашып кетті. Ол кейін Каспий теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдарғы қысқы жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.