Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
786.94 Кб
Скачать

5.Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру.

2000 жылғы 25 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конститутциялық заң қабылданды. Елде сот құқықтық реформаны одан әрі дамыту осы заңның негізгі мақсаты болып табылды. Заңның ережелері мемлекеттік билікті тармақтарға бөлудің конститутциялық принципін неғұрлым толық әрі дәйектілікпен іске асыруға, тежемелеу пен тепе теңдік жүйесін пайдалана отырып олардың өзара іс қимылын күшейтуге бағытталды. Сот төрелігін тек Конститутцияда аталған сот органдары ақалар, жеке дара судьялар жүзеге асырады.

Сот жүйесі Конституцияға және аталмыш конститутциялық заңға сәйкес бекітілген Қазақстан Респуликасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттар бірыңғай сот жүйесін құрайды. Сот жүйесінің бірлігі мынандай фактормен қамтамасыз етіледі:

-конститутциямен, «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот әділдігі принциптері белгіленген, іс жүргізу заңдарымен және өзгедей заңдармен;

-сот билігі барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңмен бекітілген біріңғай формаларында жүзеге асырылады;

-барлық соттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығын қолданады, ол жайында Қазақстан Республикасы Конститутциясының төртінші бабында айтылған;

-конститутция және «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конститутциялық заң барлық судьялар үшін судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етті;

-заңды күшіне енген сот актілерін (шешімдерлі, үкімдерді т.б.) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік емес ұйымдар, азаматтар, шетелдіктер т.б. орындауға міндетті;

-барлық соттар тек республикалық бюджеттен ғана қаржыланадырылады.

Бұл бір жағынан, сот жүйесінің бірлігін нығайтады, екінші жағынан, сот билігіне атқарушы билік органдары тарапынан ықпал ету мүмкіндігін болдырмайды.

Қазіргі кезеңдегі мәдени өмір.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қоғам өмірінің өзекті салаларының бірі ретінде мәдениет құрылысы саласына айрықша назар аударыла бастады. Өйткені, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрын қағажу көрген тілімізді, өнерімізді, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді, жалпы мәдениетіміздің даму деңгейі көтеріп, қолдау аясын кеңейтуге мүмкіндік туды.

Республика Президентінің жарлығымен: экология және табиғи ұлттық орталығы, радиоэлектроника және байланыстар жөніндегі ұлттық орталық, информатика және есептеу техникасы жөніндегі орталық, биотехнология жөніндегі ұлтық орталық, механика мен машина жасау орталығы, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты және басқа ғылыми мекемелер мен зерттеу орталықтары құрылды. Салалық ғылым академиялары жүйесі кеңейтіліп, 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы инженерлік және ауыл шаруашылық академиялары жұмыс істей бастады.

Мәдени құндылықтарымыз ажырамас бөлігінің бір саласы көркем әдебиет пен өнеріміз тәуелсіздік жылдары үлкен өзгерістерге ұшырады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кеңестік дәуірде жазықсыз жазаланып атылып кеткен А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың әдеби мұралары жарыққа шықты. 1995 жылы ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 150 жылдығы дүние жүзінде аталып өтілді, 1996 жылы ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы республикамызда кеңінен аталып өтілді, ал 1997 жылы қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойының аталып өтілуі және осы салада біршама істердің атқарылуы нәтижесінде, рухани құндылықтарымыз молая түсті.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Ұлттар достығын орнатудағы атқрылған істің ауқымы өте кең болды. Соның нәтижесінде достық, тұрақтылық қамтамасыз етілді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті институты құрылды. Құрамы жөнінен көрнекті демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді. Жергілікті жерде “өзін-өзі басқару” Заң жобасы жарияланды.

Сұрақтар:

  1. Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері.

  2. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабының тарихи маңызы.

  3. Қазақстандағы білім, ғылым жүйесіндегі реформалар. Ұлттық тарих жылы.(1999ж).

  4. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, оның мақсаты мен жүзеге асрудың негізі - бағыттары.

  5. ҚР қоғамдық қозғалыстар және саяси партиялар. (1990-2008жж). Нұр Отан партиясының қызметі.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 5 том. Алматы, 2010.

2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

  1. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. А., 1996.

  2. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости Казахстана. А., 1996.

  3. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. //Казахстанская правда. 1997, 10 октября.

  4. Назарбаев Н.А. В потоке истории. А., 1998.

  5. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан жолы. Астана, 2006

    1. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. Астана, 2001.

    2. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы, 2003.

    3. Сәбден О., Тоқсанбай С.Р. Қаржы-экономика сөздігі. А., 2008.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]