Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
786.94 Кб
Скачать

28. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы.

Дәріс жоспары:

1. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы ( І;ІІ;ІІІ) және онда шешімін тапқан мәселелер.

2. ҚР қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.

3. Қазақстан Республикасындағы демографиялық, тілдік,миграциялық үрдістер.

4. ҚР ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы.

5. Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру.

6. Қазақстан Республикасының рухани дамуы.

1.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы ( і;іі;ііі) және онда шешімін тапқан мәселелер.

Алматы қаласында 1992 жылғы 28.09-04.10 аралығында өткен Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайына Түркия, Германия, Франция, Швеция,, Норвегия, Монғолия, Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан және т.б. барлығы – 33 елден, сондай-ақ Қазақстан облыстарынан келген өкілдер – 800 ден астам кісі қатысты. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев баяндама жасады. Баяндамасында қазақтың өткен тарихына шолу жасап, Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық жағдайын таныстырды. Қазақстанның болашақтағы даму жолына талдау жасады. Құрылтайда әлем қазақтарының қауымдастығы құрылып оның төрағалығына республика президенті Н.Ә. Назарбаев сайланды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, белгілі жазушы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды .

Қауымдастық төралқасы төрағасының бірінші орынбасары Т. Мамашев көші қоны комитетінің мәртебесін көтеру қажеттігіне көңіл аудартты. Осы орайда елімізге келіп, кетіп жүрген азамттық алмаған оралмандардың мәселесін бір жақты шешу керектігін алға тартты. Сондай–ақ, 2005 жылғы бөлінген 15 мың отбасыға арналған квотаның 11 мың Өзбекстанға бөлінген. Секцияның 4-ші мәжілісінде қаралған «Шетел қазақтарының Қазақстанда оқып білім алу мәселелері» тақырыбында көптеген көкейтесті мәселелер қарастырылып, шетелде тұратын қазақ диаспорасы мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру, отандастарымыздың мәдени, ақпараттық, білім алу, демографиялық, әлеуметтік жағдайларымен танысу, тарихи отандарын әлеуметтік – экономикалық, саяси және мәдени өміріндегі өзгерістер туралы білу, олардың Қазақстанда білім алу, инвестиция салу істеріне мүмкіндік жасау секілді өзекті мәселелер талқыланды. Соның ішінде, жиынға қатысушылар шетелдердегі қазақ жастарының Қазақстанда оқып-білім алу мәселесіне айрықша назар аударды .Аталған жиында осы мәселеге қатысты бұдан да басқа пікірлер айтылды. Шетелдерде тұратын қандастарымызды Қазақстанда оқыту мен Қазақстаннан шетелге оқуға түскен қазақ жастарының білім деңгейін арттыру жұмысына мемлекет тарапынан лайықты көңіл бөліп, Қазақстанның өзге шетелдермен білім саласындағы қарым-қатынасын нығайту үшін үкіметаралық келісімдер жасау керектігі жөнінде пікірлерін білдірді.

2.Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.

Қазақстанда Тәуелсіз дамудың он жыл ішінде ресми мәртебе алған екі мыңға жуық түрлі саяси және қоғамдық бірлестіктер пайда болды, олардың 1300-і облыстық әділет басқармалары деңгейінде тіркелді.1985 жылдан кейін Қазақстан қоғамы эвалюциясының басты қорытындысының бірі-көппартиялық жүйеден саяси плюрализмге өту. Саясиландырылған өзіндік қозғалыс кезеңдері Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасуына жол ашты. Азаматтық және саяси көзқарасты еркін білдіруге деген құқықты пайдалануға тұңғыш талпыныс 1986 жылы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасынан көрніс тапты. Көппартиялық үрдісін қалыптастыру саяси радикализм мен экстремизмге тосқауыл қоюға,барлық саси партиялар мен қозғалыстардың,олардың қоғамдағы билік құрылымдарымен тиянақты және тұрақты пікір алысу аясын кеңейтуге мүмкіндік туғызды. Сонымен бірге көппартиялық кез келген партия немесе топтар тарапынан саяси билікті монополиялауға тосқауыл қоюға жағдай жасады.

1994 жылға дейін Қазақстанда мынандай партиялар мен қозғалыстар болды.

Партиялар:Қазақстан социалистік партиясы,Қазақстан Республикалық партиясы,Қазақстан Халық Конгресі партиясы,Қазақстан коммунистік партиясы,Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы.

Қозғалыстар:«Невада-Семей,»«Азат»,«Қазақстан жұмысшы қозғалысы»,«Лад» республикалық славян қозғалысы.

1995 жылдан бастап елімізде жаңадан құрылған саяси партиялар пайда болды.

1995 жылы қаңтар айында Қазақстанның «Өрлеу» партиясы құрылды. Партия еліміздің әлеуметтік қорғансыз бөлігі: әйелдер, мүгедектер, зиялы еңбек қызметкерлерінің мүддесін қорғайды делінген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]