Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
786.94 Кб
Скачать

2. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993ж.). Қазақстан Республикасында қазір пайдаланып жүрген Конституциясын қабылдау (1995ж.). Ұлттық Валютаның енуі (1993ж.).

1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз, егеменді Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясын қабылдады. Ол жаңа тәуелсіз мемлекеттің орнауында және Республика заңдарының қалыптасуында белгілі бір тарихи рөл атқарды.

Конституцияда жердің заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін екені көрсетілген. Осы ережеге сәйкес жер кодексі қабылданды, онда жердің жеке меншікке берілуі көзделді.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйренуге және дамытуға жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. Конституцияда азаматтық алу және оны тоқтату туралы, азаматтардың жеке басылық , экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ олардың міндеттері туралы нормалар баяндалған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың материалдық, саяси және заңнамалық кепілдіктеріне, сондай-ақ ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Қос азаматтықа жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік органдар жүйесін, олардың өкілеттіктерін орнықтырды. Олардың бәрі бірыңғай мемлекеттік билікті құрайды.Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде жүзеге асырылады.

Ұлттық Валютаның енуі (1993ж.). Тарихи өзгерістердің ішінде егеменді мемлекетіміздің маңызды оқиғаларының бірі - Президент Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылы 12 қарашада «Ұлттық валютаны енгізу» туралы жарлығы шығып, соған байланысты еліміздің аумағында заңды төлемақы түрі ретінде ұлттық валютамыз-теңге енгізілді. Жалпы осы уақыт ішінде Қазақстанның беделі халықаралық деңгейде көріне бастады. Республика өзінің сыртқы саяси қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белсенді шаралар жүргізді.

3. 2009 Ж. Қазан айындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясы

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздің этноұлтаралық қарым – қатынасын дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналды»

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстандағы жүргізіліп отырған ұлтаралық саясатқа әлемдік қауыдықта да қызығушылық туып отырғанын айтып өтті.

Қазақстан халқы Ассаблеясының мүшелері қатысқан биылғы сессия жұмысы «Ел бірлігі – біздің стратегиялық таңдау» тақырыбында өтті.

«Мәртебелі органның сессияларында қоғамдық өмірдің сан салаларын қамтитын, оның қабілетіне ықпал жасайтын әллеуметтік мәні зор мәселелер талқыланып жүр.» біздің үлгімізде шетелдік меймандар да өнеге тұтады. Олар сессия жұмысына қатысты Ассамблея қызыметінің жаңа қырларын үйренуде, бағыт – бағдарларынан тәлім алуда,» - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан халқының мемлекеттік тілді меңгеруінің жалпы халықтық үдерісін басқаруы тиіс. Бұл үшін ешкімді де кемсітуге және төмендетуге жол берілмейді, қажетті шаралар кешенін жүйелі және дәйекті түрде жүзеге асыру қажет.

4. Астананы Алматыдан Астанаға көшіру, 1997ж.10 желтоқсандағы халыққа арналған Үндеу. «Жүз жылға тең он жыл» - Н.Ә.Назарбаевтың 2001 ж. 16 желтоқсанда Астанада тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі. Осы кезеңде астанамыз Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Бұл мәселе жөнінде Елбасы, Премьер-министр, Парламент сенатының төрағасы және Парламент мәжілісінің төрағасы халыққа үндеу жариялады. Үндеуде 1997 жылдың 10 желтоқсаннан бастап Ақмола еліміздің астанасы болатындығы, енді бұл жерде Отанымыздың жүрегі соғатындығы айтылды. Ал арнайы құжаттарда: «Қазақстан-Еуразиялық ел, Ақмола-географиялық жағынан Еуразия материгінің кіндігіне орналасқан қала» дей отырып, қаланың барлық талаптар бойынша астана болуға лайық екені көрсетілген. Үндеуде: «ХХ ғасыр тарихында біз тұңғыш рет өзіміздің еліміздің астанасы жөнінде еркін шешім қабылдап отырмыз. ХХІ ғасыр табалдырығында өз таңдауымыз бойынша ежелгі Сарыарқа төсінде жаңа астана құрамыз»,-делінген. 1998 жылы 6 мамырда Президент Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана деп өзгертілді.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 5 том. Алматы, 2010.

2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

  1. Казбеков Б.К. Интеграция Казахстана и Центральной Азии в мировую экономику. А., 2002.

  2. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. А., 1996.

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. Астана, 2006.

  4. Назарбаев Н.А. В потоке истории. А., 1998.

  5. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы, 2003.

Қосымша әдебиеттер:

    1. Арыстанбекова А. Объединенные Нации и Казахстан. А., 2002.

    2. Джалилов З.Г. Ислам и общество в современном Казахстане. А., 2006.

    3. К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии // Материалы Международной научной конференции. А., 2006

    4. Международный диалог и культурное разнообразие // Сбоник материалов круглого стола. А., 2007.

    5. Суфизм в Иране и Центральной Азии // Материалы международной конференции. А., 2007.

    6. Сыроежкин К.Л. Мифы и реальность этнического сепаратизма в Китае и безопасность Центральной Азии.

    7. Центральная Азия: диалог цивилизаций в ХХІ в. // Материалы международной конференции. А., 2003.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]