Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
786.94 Кб
Скачать

25. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы және тмд-ның құрылуы.

Дәріс жоспары:

1. Қазақстан тәуелсіздік жолында. Отандық тарих пен мемлекеттік тіл (1989 ж.). Қазақтың ұлттық интеллигенция өкілдерін ақтау (1988 ж.)

2. Республикада Президенттік қызмет орнын құру. Қазақ ССР-нің егемендігі туралы Декларация (1990 ж.)

3. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Даму жолын анықтау. Н.Ә.Назарбаевтың «ХХ ғасыр табалдырығында» атты еңбегі.

4. Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру.

1.Қазақстан тәуелсіздік жолында. Отандық тарих пен мемлекеттік тіл (1989 ж.). Қазақтың ұлттық интеллигенция өкілдерін ақтау (1988 ж.) 1980 жылдардың аяғында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен ұлттық тәуелсіздік мәселелері алдыңғы қатарға шыға бастады. Жариялылық саясаты шеңберіңде көптеген цензуралық тыйымдар жойылды, жаңа газеттер мен журналдар шығарыла бастады, статистикалық ақпараттың бұрын жариялануға жатпайтытын тізбесі қайта қайта қаралды. Бұрын жабық болып келген мұрағаттық және кітапханалық қорларға қол жете бастады. Әуелі бүкілодақтық журналдар мен газеттердің беттерінде «Огонек», «Московские новости», «Родина» т.б. сонан соң қазақстандық мерзімді басылымдардың да («Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Ленинская смена», «Простор», «Горизонт», «Арай-Зерде») беттерінде КСРО-дағы 1930 жылдардағы қуғын-сүргін, басқаша ойлайтындар мен саяси оппозицияны басып-жаншу, ұлтаралық мәселелер сияқты сын мен талдау үшін бұрын мүлде жабық болған көптеген тақырыптар жарияланып, талқылауға түсті.

1988 жылы Қазақ КСР Компартиясының ОК 1920-1950 жылдарда қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз атылып кеткен қайраткерлерді ақтау туралы қаулы қабылдады. Соған сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов, Ш. Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышпаев сынды көптеген Алаш қайраткерлері мен ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерін ақтауға және олардың мұраларын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берілді.

Сол тарихи кезеңдегі ең басты оқиғалардың бірі – 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заңы еді. Бұл Заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деп бекітілді. Осылайша тәуелсіздік жолында ұлттық тарих пен ұлттық қоғамды жұмылдыруышы әрі біріктіруші күшке айналды.

2. Республикада Президенттік қызмет орнын құру. Қазақ ССР-нің егемендігі туралы Декларация (1990 ж.). 1990 жылы 24 сәуірде Республикада президенттік басқару институты енгізілді. Жоғарғы Кеңестің сессиясында Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды. Одақтас республикалар Кеңес Одағының егеменді мемлекеттердің одағына айналдыру реформасын дайындай бастады.

1990 жылы 24 сәуірде Республикада президенттік басқару институты енгізілді. Жоғарғы Кеңестің сессиясында Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды. Қазақ КСР-нің Президенті Елбасы (республиканың Басшысы) деп аталғанымен, егеменді, тәуелсіз мемлекеттің Басшысы болмады, өйткені Қазақ КСР-і Президентінің іс-қимылдары мен өкілеттіктері КСРО Жоғарғы Кеңесі мен КСРО Президентінің құзыретімен шектелді. Қазақ КСР Президентінің мұндай жай-күйі КСРО таратылғанға дейін созылды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап президенттік институты қалыптасуының екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңдегі бастысы – Президент тәуелсіз мемлекеттің басшысына айналды. Президенттік басқару формасына қарай алғашқы елеулі қадамды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылғы желтоқсанда, Президентке заңдар қабылдау құқығы берілген кезде жасады. Президентке заң шығару өкілеттігін уақытша беру туралы заң қабылданған сәттен, Қазақстан Республикасында Президенттік басқару формасының қалыптасу үрдісі басталды.

«Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» бірінші конституциялық акт болып табылады. Декларация Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігін жариялады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]