
- •Дәріс сабақтарының толық мәтіні
- •1. Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс
- •1. Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеті.
- •Қазақстан тас дәуірінде (археологиялық кезеңдері және негізгі сипаттамасы).
- •Қазақстан қола дәуірінде (Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеті).
- •Дәріс тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар. Қазақстан аумағындағы мемлекеттік бірлестіктер.
- •1. Сақтардың қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көрші елдермен қарым-қатынасы.
- •4. Дәріс тақырыбы. Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер
- •1. Түркі этнонимі. Түрік және Батыс түрік қағанатының құрылуы.
- •5. Дәріс тақырыбы: Қазақстан аумағындағы дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (хі ғ. Басы - хіі ғғ.). (1 сағ.)
- •1. Қарахан мемлекеті: территориясы, саяси-әкімшілік құрылымы.
- •1.Түркілердің көшпелі өркениеті.
- •2.Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалардың дамуындағы маңызы.
- •7. Дәріс тақырыбы: Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (хііі ғ.).
- •Шыңғыс ханның Қазақстанды басып алуы.
- •2.Ұлыстардың құрылуы.
- •3.Алтын Орданың құрылуы және саяси тарихы.
- •8. Дәріс тақырыбы: Қазақстан территориясындағы хіү-хү ғғ. Мемлекеттер.
- •1.”Қазақ”этнонимі. Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақ жүздері
- •2.Қазақ хандығының құрылуы. (1465-1466 жж.)
- •4.Есім, Жәңгір хандардың тұсындағы Қазақ хандығы.
- •5.Қазақ мемлекеттілігінің нығаюындағы Тәуке ханның рөлі.
- •11. Дәріс тақырыбы: ху-хуііі ғғ. Басындағы Қазақстанның қоғамдық құрылымы мен мәдениеті.
- •1.Қазақ хандығының қоғамдық құрылымы және шаруашылығы.
- •3.Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары және оның салдары.
- •Дәріс тақырыбы: Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау шараларына қарсы күресі.
- •Қазақстанның экономикалық және саяси жағдайы
- •Қазақстардың е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773-1775 жж)
- •3. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797 жж)
- •Дәріс тақырыбы: Патшалы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары және оның салдары.
- •16.. Дәріс тақырыбы: хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік–экономикалық, саяси дамуы.
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •Хіх ғ. Бас кезінде Қазақстанның саяси жағдайы
- •Орта Азия хандарының Қазақстанның Оңтүстік аудандарындағы саясаты
- •Дәріс тақырыбы: хіх ғ. Қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі.
- •18. Дәріс тақырыбы: хх ғ. Басындағы Қазақстан. Бірінші дүние жүзілік соғыс және
- •1916 Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс.
- •4.Қазақ интеллигенциясының хх ғасырдың бас кезінде шығармашылық және қоғамдық-саяси қызметі.
- •19. Дәріс тақырыбы: Ресейдің 1917 ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси әсері.
- •3. Хх ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •1.1917 Ж. Қазан төңкерісі кезіндегі Қазақстан.
- •2. Азамат соғысы (1918-1920 ж.Ж.) халық қасіреті.
- •Ж. Алаш және Кеңес үкіметтерінің орнауы.
- •3. 1920 Ж. Қазақ акср-ң құрылуы.
- •21. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу
- •1.Қазақстандағы алғашқы бесжылдық. Түрксібтің салынуы.
- •2. 1928-1929 Жж. Конфискелеу, қазақ даласындағы аштық.
- •3. Қазақстандағы 1937-1938 жж. Қуғын сүргін.
- •22. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысы жылдарында (1939-1945 ж.Ж.)
- •1. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында.
- •23. Дәріс тақырыбы: Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан. (1946-1960 жж.).
- •1.Соғыстан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы.
- •3. Кокп хх-съезі – Сталиннің жеке басына табынуды айыптау.
- •4.Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның зардапты салдары.
- •24. Дәріс тақырыбы: Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйенің тоқырау жылдарындағы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси даму (1965-1990 ж.Ж.).
- •1.1965 Ж. Шаруашылық реформасы және ғылыми-техникалық процесс.
- •25. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы және тмд-ның құрылуы.
- •3. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Даму жолын анықтау. Н.Ә.Назарбаевтың «хх ғасыр табалдырығында» атты еңбегі.
- •26. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.
- •2. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993ж.). Қазақстан Республикасында қазір пайдаланып жүрген Конституциясын қабылдау (1995ж.). Ұлттық Валютаның енуі (1993ж.).
- •3. 2009 Ж. Қазан айындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясы
- •27. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •1. Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық. Оларды жою шаралары.
- •28. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы.
- •1.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы ( і;іі;ііі) және онда шешімін тапқан мәселелер.
- •2.Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.
- •3.Қазақстан Республикасындағы демографиялық, тілдік, миграциялық үрдістер.
- •4.Қр ақпараттық саясаты, бақ-тың дамуы.
- •5.Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру.
- •29. Дәріс тақырыбы: Қазақстан әлемдік қауымдастықта.
- •1.Егеменді Қазақстанның бұұ-на қабылдануы. Президент н.Ә.Назарбаевтың Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзі.
- •2. Қр Азиядағы өзара қарым-қатынас және сенім шараларына арналған Кеңесті ұйымдастырудағы бастамасы (свмда) (1992 ж.).
- •3. Қазақстанның юнеско, юнисеф, экосос, мбр, мвф, еқыұ т.Б. Халықаралық ұйымдар мен ынтымақтастығы. Қазақстанның еқыұ-на төрағалық етуі.
- •4. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі», «Қазақстан жолы» атты еңбегі.
- •30. Дәріс тақырыбы: қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тарихи маңызы.
- •1. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тарихи маңызы (1998-2013 жж.).
- •2. Қазақстан – 2050 Стартегиялық бағдарламасы.
- •Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер Қазақстан тарихы пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер
- •1 Модуль.
- •2 Модуль. Қазақстан орта ғасырларда
- •3 Модуль. Жаңа замандағы Қазақстан (хүііі-хх ғғ.)
- •4. Http: // www. History. Kz Бейнематериал:
- •Қазақстан тарихы бойынша атластар мен контурлық карталар
Дәріс тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар. Қазақстан аумағындағы мемлекеттік бірлестіктер.
Дәріс жоспары:
1. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік құрылым.(Сақтардың қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көрші елдермен қарым-қатынасы).
2. Сақтардың рухани және материалдық мәдениеті.
3. Ғұндар, үйсіндер, қаңлылар: саяси тарихы, шаруашылығы, қоғамдық құрылымы,
мәдениеті.
4.Ғұндардың Орталық Азия тарихындағы орны (б.з.д. VІІ-б.з.д. ІV ғ.).
1. Сақтардың қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көрші елдермен қарым-қатынасы.
Сақтар. Б.з.д. 1 мың. ортасынан бастап Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар «сақ» атауымен белгілі. Жазба деректердің мәліметі бойынша олар Қазақстанның барлық этникалық территориясында қоныстанып, бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте тиграхауда сақтары (грек деректерінде массагеттер, дон тайпалары), Бактрия мен Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақтары.
2. Сақтардың рухани және материалдық мәдениеті.
Жетісу жерінде сақ дәуірінің керемет бір ескерткіші – Есік қорғаны. Ол Алматының шығысында, км. жерде Іле Алатауының бөктерінде орналасқан. Қорғанның диаметрі 60 м. биіктігі 6 м. Үйілген топырақтың астында екі бейіт бар – 1-і орталық, 2-сі жанынан табылған. Орталық мүрде тоналған, ал жанындағы аман. Тянь-Шань қарағайларын сүргілеп, қима моланың көлемі 2,9 м., тереңдігі 1,5. Еденінде жақсылап 10 тақтай төселген. Анықталғандай, мәйіт жатқан еденінің үстінде көрпе жайылып, алтын қаптамалармен безендірілген. Оның үстінде басын батысқа қаратып, бай киімдерін киіп, қару асынып мәйіт жатты. Антропологтардың айтуынша, өлген адамның жасы 17-18-де , бойы 165 см.
Қазір көп ғалымдар оларды иран тілдес дейді. Дәлелдеулер көрсеткендей, көне көшпелілер Қазақстанның қазіргі жергілікті халқының ата-бабасы бола алмайды. Бірақ, б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғғ. жерленген адамдардың бас сүйегін зерттеген антропологтар оларда монголоидты нәсілдің араласқанын байқайды. Монголоидты элементтердің таралуы индоевропалық тілдің емес, түрік тілінің таралуымен байланысты болды. Археологиялық мәліметтерге қарағанда, Қазақстан тайпаларында күн мен отқа табыну болған, ол жөнінде антикалық та, ерте деректер де толық дәлел. Сонымен қатар бұрыннан қалған антимизм, тотемизм, магия сияқты нанымдар да орын алған.
3. Хунну және ғұндар мемлекеті. Хунну мемлекетінің құрылуы. Ғұндар жазба деректерде алғашқы рет б.з.д. 822 аталады, ол кезде олар Қытайға үлкен жорық жасаған. Б.з.д. ІІІ ғ. ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай императоры Ұлы Қорған салдырды. Бұл кезде ғұндар туысқан рулардың одағы ретінде қалыптасып, оны сайлаған көсем басқарды. Б.з.д. 209 ж. Туман атты көсемнің баласы Моде өзін «сенгер» деп жариялап (сенгир-ұлы) Ғұн мемлекет құру барысында қызмет ете бастады.
Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з.д. ІІ ғ. Қазақстан территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан және қангар тайпалары ІІІ ғасыр бойы көшіп, Иран, Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айырылып, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимиляцияға түсті осыдан жаңа этнос пайда болды, енді біз оны Хунну емес Ғұн дейміз. Оларды осылай батыс деректері де атайды.
Үйсіндердің мемлекеті. Б.з.д. 1 мың аяғында Жетісу, Тянь-Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол Қытай деректерінде «Үйсін елі» деп аталды. Алғашында үйсіндер Данхэ өзенінің бойында мекендеген, б.з.д. ІІІ ғ. Юечжи тайпаларының қыспағынан Монғолияға көшіп баруға мәжбүр болды, ал мұнда Хұндардан соққы алғаннан кейін Жетісу мен Жоңғарияға келді. Үйсін мемлекетінің басында «Күнби» титулы бар билеушісі тұрды.
Үйсін мемлекеті құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол одан тез босанып осы аймақта ең күшті мемлекттердің біріне айналды.
Ү ғ. басында үйсін атауы деректерден кездеспейді. Айта кетуі керек, «Үйсін» этнонимі бүгінгі күнге дейін жетті. Қазақтардың Ұлы жүзінің бір руы «Үйсін» деп аталды.
Кангюй мемлекеті. Кангюй атауы (Қытайша Канцзюй) алғашқы рет деректерде б.з.д. ІІ ғ. кездеседі. Б.з.д. 138 ж. Қытай императоры Уди Чжан-Цянь бастаған сауда елшілігін батыс елдеріне жібереді. Ол елшілік тек 13 жылдан кейін қайтып келеді. Оның жазбаларында бұған дейін Қытайға мәлім болмаған мемлекеттер сиппатталған. Солардың ішінде Чжан Цянь билеушісінің ордасында болған Кангюй мемлекеті де бар.
Кангюй халқының этникалық сипаты әлі де болса күрделі сұрақ, толық зерттелмеген. Қангюйлер қай тілде сөйлеген туралы әлі де тұтас пікір жоқ. А.М.Бернштамның пікірінше, Кангюйлер түркі тілдес болған. Басқа зерттеушілер оларды солтүстік Иран малшы тайпалары, б.з.д. І ғ. ортасында ғана Сыр өңіріне түркі тайпаларының келуіне байланысты ғана өзінің этникалық түрі мен тілін өзгерткен дейді.
Сұрақтар:
1. Сақ тайпалары туралы жазба тарихи деректерге толық сипаттама беріңіз (антикалық, ежелгі парсылық, т.б.).
2. Үйсін, қаңлы және ғұн тайпаларының әлеуметтік-саяси және шаруашылық дамуына салыстырмалық тұжырым беріңіз.
3. Б.э.д. VII-VI ғғ. Орта Азия, Қазақстан және Сібір тайпаларында қолданбалы өнер түрінде “аң стилі” үлгісінде суреттеу неге басым болды?
4.Қаңлы, Үйсін, Ғұн мемлекеттерінің соғыс жүйесі.
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 1 том. Алматы, 1996.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.
4. Акишев К.А. Древнее золото Казахстана. А., 1983.
5. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. А., 1963.
6. Байпаков К.М. История древнего Казахстана. А., 1996.
7.Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К. Археология Казахстана. А., 2005.
8.Бернштам А.Н. Очерки истории гуннов. Л., 1951.
12.Қытай деректеріндегі Қазақстан тарихы. 4 томдық. 1-том. А., 2007.
Қосымша әдебиеттер:
1. Агапов П., Қадырбаев А. Сокровища древнего Казахстана. А., 1979.
2. Акишев А.К. Искусство и мифология саков. А., 1983.
3. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. А., 1973.
4. Акишев К.А. Древники кочевники и мировая цивилизация: генезис, проблемы, перспективы.// Вестник АН КазССР. 1991, №10.
5. Акишев К.А. Курган Иссык. М., 1978.
6. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. М., 1950.
7. Вишневская О.А. Культура сакских племен низовьев Сырдарьи в VII-V вв. до н. э. М., 1973.
8. Геродот. История в девяти книгах / Перевод и примечания Г.А. Стратиновского. М., 1972.
9. Кюнер Н.В. Китайские известия о народах Южной Сибири, Центральной Азии и Дальнего Востока. М., 1961.
10. Миняев С.С. Сюнну // Исчезнувшие народы. М., 1988
ІІ-МОДУЛЬ. ҚАЗАҚСТАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДА