- •Дәріс сабақтарының толық мәтіні
- •1. Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс
- •1. Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеті.
- •Қазақстан тас дәуірінде (археологиялық кезеңдері және негізгі сипаттамасы).
- •Қазақстан қола дәуірінде (Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеті).
- •Дәріс тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар. Қазақстан аумағындағы мемлекеттік бірлестіктер.
- •1. Сақтардың қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көрші елдермен қарым-қатынасы.
- •4. Дәріс тақырыбы. Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер
- •1. Түркі этнонимі. Түрік және Батыс түрік қағанатының құрылуы.
- •5. Дәріс тақырыбы: Қазақстан аумағындағы дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (хі ғ. Басы - хіі ғғ.). (1 сағ.)
- •1. Қарахан мемлекеті: территориясы, саяси-әкімшілік құрылымы.
- •1.Түркілердің көшпелі өркениеті.
- •2.Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалардың дамуындағы маңызы.
- •7. Дәріс тақырыбы: Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (хііі ғ.).
- •Шыңғыс ханның Қазақстанды басып алуы.
- •2.Ұлыстардың құрылуы.
- •3.Алтын Орданың құрылуы және саяси тарихы.
- •8. Дәріс тақырыбы: Қазақстан территориясындағы хіү-хү ғғ. Мемлекеттер.
- •1.”Қазақ”этнонимі. Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақ жүздері
- •2.Қазақ хандығының құрылуы. (1465-1466 жж.)
- •4.Есім, Жәңгір хандардың тұсындағы Қазақ хандығы.
- •5.Қазақ мемлекеттілігінің нығаюындағы Тәуке ханның рөлі.
- •11. Дәріс тақырыбы: ху-хуііі ғғ. Басындағы Қазақстанның қоғамдық құрылымы мен мәдениеті.
- •1.Қазақ хандығының қоғамдық құрылымы және шаруашылығы.
- •3.Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары және оның салдары.
- •Дәріс тақырыбы: Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау шараларына қарсы күресі.
- •Қазақстанның экономикалық және саяси жағдайы
- •Қазақстардың е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773-1775 жж)
- •3. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797 жж)
- •Дәріс тақырыбы: Патшалы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары және оның салдары.
- •16.. Дәріс тақырыбы: хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік–экономикалық, саяси дамуы.
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •Хіх ғ. Бас кезінде Қазақстанның саяси жағдайы
- •Орта Азия хандарының Қазақстанның Оңтүстік аудандарындағы саясаты
- •Дәріс тақырыбы: хіх ғ. Қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі.
- •18. Дәріс тақырыбы: хх ғ. Басындағы Қазақстан. Бірінші дүние жүзілік соғыс және
- •1916 Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс.
- •4.Қазақ интеллигенциясының хх ғасырдың бас кезінде шығармашылық және қоғамдық-саяси қызметі.
- •19. Дәріс тақырыбы: Ресейдің 1917 ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси әсері.
- •3. Хх ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •1.1917 Ж. Қазан төңкерісі кезіндегі Қазақстан.
- •2. Азамат соғысы (1918-1920 ж.Ж.) халық қасіреті.
- •Ж. Алаш және Кеңес үкіметтерінің орнауы.
- •3. 1920 Ж. Қазақ акср-ң құрылуы.
- •21. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу
- •1.Қазақстандағы алғашқы бесжылдық. Түрксібтің салынуы.
- •2. 1928-1929 Жж. Конфискелеу, қазақ даласындағы аштық.
- •3. Қазақстандағы 1937-1938 жж. Қуғын сүргін.
- •22. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысы жылдарында (1939-1945 ж.Ж.)
- •1. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында.
- •23. Дәріс тақырыбы: Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан. (1946-1960 жж.).
- •1.Соғыстан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы.
- •3. Кокп хх-съезі – Сталиннің жеке басына табынуды айыптау.
- •4.Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның зардапты салдары.
- •24. Дәріс тақырыбы: Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйенің тоқырау жылдарындағы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси даму (1965-1990 ж.Ж.).
- •1.1965 Ж. Шаруашылық реформасы және ғылыми-техникалық процесс.
- •25. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы және тмд-ның құрылуы.
- •3. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Даму жолын анықтау. Н.Ә.Назарбаевтың «хх ғасыр табалдырығында» атты еңбегі.
- •26. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.
- •2. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993ж.). Қазақстан Республикасында қазір пайдаланып жүрген Конституциясын қабылдау (1995ж.). Ұлттық Валютаның енуі (1993ж.).
- •3. 2009 Ж. Қазан айындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясы
- •27. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •1. Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық. Оларды жою шаралары.
- •28. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы.
- •1.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы ( і;іі;ііі) және онда шешімін тапқан мәселелер.
- •2.Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.
- •3.Қазақстан Республикасындағы демографиялық, тілдік, миграциялық үрдістер.
- •4.Қр ақпараттық саясаты, бақ-тың дамуы.
- •5.Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру.
- •29. Дәріс тақырыбы: Қазақстан әлемдік қауымдастықта.
- •1.Егеменді Қазақстанның бұұ-на қабылдануы. Президент н.Ә.Назарбаевтың Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзі.
- •2. Қр Азиядағы өзара қарым-қатынас және сенім шараларына арналған Кеңесті ұйымдастырудағы бастамасы (свмда) (1992 ж.).
- •3. Қазақстанның юнеско, юнисеф, экосос, мбр, мвф, еқыұ т.Б. Халықаралық ұйымдар мен ынтымақтастығы. Қазақстанның еқыұ-на төрағалық етуі.
- •4. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі», «Қазақстан жолы» атты еңбегі.
- •30. Дәріс тақырыбы: қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тарихи маңызы.
- •1. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тарихи маңызы (1998-2013 жж.).
- •2. Қазақстан – 2050 Стартегиялық бағдарламасы.
- •Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер Қазақстан тарихы пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер
- •1 Модуль.
- •2 Модуль. Қазақстан орта ғасырларда
- •3 Модуль. Жаңа замандағы Қазақстан (хүііі-хх ғғ.)
- •4. Http: // www. History. Kz Бейнематериал:
- •Қазақстан тарихы бойынша атластар мен контурлық карталар
23. Дәріс тақырыбы: Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан. (1946-1960 жж.).
Дәріс жоспары:
1. Соғыстан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы.
2. 50-60 жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайы.
3. КОКП ХХ-съезі – Сталиннің жеке басына табынуды айыптау.
4. Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның зардапты салдары.
1.Соғыстан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы.
Соғыстан кейінгі жылдарда елдегі қоғамдық-саяси өмірде жұрттың ой-пікіріне қатаң бақылау орнату, коммунистік идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша орнату, коммунистік идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша ойлаумен күрес жүргізу, демократияны барынша шектеумен сиппатталды.
Елде Сталиннің жеке басына табыну күшейді. 1937 жылдардағы репрессия жалғасып, Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық іс», «Дәрігерлер ісі» қолдан жасалып, Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. 1947 жылы шыққан Ермұхан Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» деген еңбегі буржуазияшыл ұлтшыл еңбек деп жарияланды.
1950 ж. «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақаласында Бекмахановтың кітабын айыптады. Осы мақаладан кейін Бекмаханов Ғылым академиясынан шығарылды. 1952 жылы 25 жылға соттады.
Сондай-ақ республиканың көрнекті ғалымдары А. Жұбанов, Жұмалиев, Б. Сүлейменов, жалған саяси айыптармен жазаланды. Әбішев, Аманжолов, Бекхожин, Бегалин және басқа жазушылар буржуазиялық ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Осындай қуғындаудан кейін ғалым Қ. Сәтбаев пен жазушы М. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. 1953 жылы наурызда Сталин қайтыс болғаннан кейін бұл ғалымдар мен жазушылар қуғындаудан құтылды. Сталиннен кейін Кеңес Одағын басқарған Хрущевтың кезінде де Қазақстанның саяси жағдайы жақсы болмады.
Көп жыл Қазақстан партия ұйымын басқарған Шаяхметов орнынан алынып, оның орнына Республика халқының пікірі сұралмастан орталықтың тағайындаған адамдары қойылды.
2. 50-60 жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайы.
Кеңес одағын Хрущевтың басқарған жылдары Оңтүстік Қазақстанның 4 ауданы көрші Өзбекстан Республикасына берілді. Қазақстанды Юсупов басқарған жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының жерінде ұйғыр автономиясын құрып, астанасын Алматы қаласы ету әрекеті жасалды. Солтүстіктегі 5 облыстан тың аймағын құрып, Ресейге қосу, Маңғыстау облысын Түрікменстанға беру әрекеттері жасалды. Бұл әрекеттерге сол кездегі Қазақ ССР жоғарғы Кеңесінің төрағасы Жұмабай Тәшенов қарсы шықты. Осы әрекеті үшін ол орнынан алынды. 1964 жылы қазан айында Хрущев орнынан түскеннен кейін бұл әрекеттер іске аспай қалды.
1964 жылдан Қазақстан Компартиясын қайта басқарған Д. А. Қонаев 1972 жылы Өзбекстанға берген 4 ауданның екеуін қайтарып алды, ал екі аудан, 500 мыңға жуық мал сол күйінде Өзбекстанда қалып қойды.
3. Кокп хх-съезі – Сталиннің жеке басына табынуды айыптау.
1956 жылы партияның ХХ съезі болды. Осы съезде Хрущев «Жеке басқа табыну және оның зардаптарын жою» туралы баяндама жасады.
Бұл баяндама алғаш рет Сталиннің еліміздегі 1937-1939 жылдары аралығында жүргізген жазықсыз жазалаулары туралы ашық айтылып, оның зардаптарын жоюға шақырды. Соған байланысты жазықсыз жазаланған мыңдаған адамдар түрмеден босатылып, тағылған саяси айыптар алынды.
Соғыстан кейінгі жылдары 700-дей кәсіпорын қатарға қосылды. Оның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Өскемен су-электр станциясы, Бұқтырма су-электр станциясы, Қарағанды 2-жылу электр станциясы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаттары бар.
1960 жылы Қазақстанда 32 млн. тонна көмір өндірілді. 1953 жылы Қарағанды металлургия комбинаты іске қосылды. Сондай-ақ Маңғыстау өңірі ірі мұнайлы аймаққа айналды.
Қазақстанда салынған заводтардың барлығы шикізат өңдеуге арналғандықтан адам денсаулығына үлкен зиянын тигізетін заводтар болды. Өскемендегі, Ақтөбедегі, Шымкенттегі, Жамбылдағы химфарм, сары фосфор, мырыш өңдеуші заводтар осындай заводтар еді.
1949 жылы 29 тамызда Семей өңірінде ядролық зарядты тұңғыш сынау өткізілді. 1949-1963 жылға дейін жер үстіне 113 жарылыс жасалды. 1964 жылдан бастап 1989 жылға дейін жер астында 343 сынақ жасалған. Бұның барлығы полигонға жақын тұратын халықтарға өте үлкен зардабын тигізді. Кеңес Одағы коммунистік партиясының орталық комитетінің 1954 жылғы ақпан-наурыз пленумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Қиыр Шығыстың кейбір аудандарында жаңа тың жерлерді игеруге шешім қабылданды.
