- •Дәріс сабақтарының толық мәтіні
- •1. Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс
- •1. Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеті.
- •Қазақстан тас дәуірінде (археологиялық кезеңдері және негізгі сипаттамасы).
- •Қазақстан қола дәуірінде (Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеті).
- •Дәріс тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар. Қазақстан аумағындағы мемлекеттік бірлестіктер.
- •1. Сақтардың қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көрші елдермен қарым-қатынасы.
- •4. Дәріс тақырыбы. Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер
- •1. Түркі этнонимі. Түрік және Батыс түрік қағанатының құрылуы.
- •5. Дәріс тақырыбы: Қазақстан аумағындағы дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (хі ғ. Басы - хіі ғғ.). (1 сағ.)
- •1. Қарахан мемлекеті: территориясы, саяси-әкімшілік құрылымы.
- •1.Түркілердің көшпелі өркениеті.
- •2.Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалардың дамуындағы маңызы.
- •7. Дәріс тақырыбы: Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (хііі ғ.).
- •Шыңғыс ханның Қазақстанды басып алуы.
- •2.Ұлыстардың құрылуы.
- •3.Алтын Орданың құрылуы және саяси тарихы.
- •8. Дәріс тақырыбы: Қазақстан территориясындағы хіү-хү ғғ. Мемлекеттер.
- •1.”Қазақ”этнонимі. Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақ жүздері
- •2.Қазақ хандығының құрылуы. (1465-1466 жж.)
- •4.Есім, Жәңгір хандардың тұсындағы Қазақ хандығы.
- •5.Қазақ мемлекеттілігінің нығаюындағы Тәуке ханның рөлі.
- •11. Дәріс тақырыбы: ху-хуііі ғғ. Басындағы Қазақстанның қоғамдық құрылымы мен мәдениеті.
- •1.Қазақ хандығының қоғамдық құрылымы және шаруашылығы.
- •3.Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары және оның салдары.
- •Дәріс тақырыбы: Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау шараларына қарсы күресі.
- •Қазақстанның экономикалық және саяси жағдайы
- •Қазақстардың е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773-1775 жж)
- •3. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797 жж)
- •Дәріс тақырыбы: Патшалы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары және оның салдары.
- •16.. Дәріс тақырыбы: хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік–экономикалық, саяси дамуы.
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •Хіх ғ. Бас кезінде Қазақстанның саяси жағдайы
- •Орта Азия хандарының Қазақстанның Оңтүстік аудандарындағы саясаты
- •Дәріс тақырыбы: хіх ғ. Қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі.
- •18. Дәріс тақырыбы: хх ғ. Басындағы Қазақстан. Бірінші дүние жүзілік соғыс және
- •1916 Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс.
- •4.Қазақ интеллигенциясының хх ғасырдың бас кезінде шығармашылық және қоғамдық-саяси қызметі.
- •19. Дәріс тақырыбы: Ресейдің 1917 ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси әсері.
- •3. Хх ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •1.1917 Ж. Қазан төңкерісі кезіндегі Қазақстан.
- •2. Азамат соғысы (1918-1920 ж.Ж.) халық қасіреті.
- •Ж. Алаш және Кеңес үкіметтерінің орнауы.
- •3. 1920 Ж. Қазақ акср-ң құрылуы.
- •21. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу
- •1.Қазақстандағы алғашқы бесжылдық. Түрксібтің салынуы.
- •2. 1928-1929 Жж. Конфискелеу, қазақ даласындағы аштық.
- •3. Қазақстандағы 1937-1938 жж. Қуғын сүргін.
- •22. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысы жылдарында (1939-1945 ж.Ж.)
- •1. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында.
- •23. Дәріс тақырыбы: Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан. (1946-1960 жж.).
- •1.Соғыстан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы.
- •3. Кокп хх-съезі – Сталиннің жеке басына табынуды айыптау.
- •4.Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның зардапты салдары.
- •24. Дәріс тақырыбы: Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйенің тоқырау жылдарындағы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси даму (1965-1990 ж.Ж.).
- •1.1965 Ж. Шаруашылық реформасы және ғылыми-техникалық процесс.
- •25. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы және тмд-ның құрылуы.
- •3. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Даму жолын анықтау. Н.Ә.Назарбаевтың «хх ғасыр табалдырығында» атты еңбегі.
- •26. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.
- •2. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993ж.). Қазақстан Республикасында қазір пайдаланып жүрген Конституциясын қабылдау (1995ж.). Ұлттық Валютаның енуі (1993ж.).
- •3. 2009 Ж. Қазан айындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясы
- •27. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •1. Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық. Оларды жою шаралары.
- •28. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы.
- •1.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы ( і;іі;ііі) және онда шешімін тапқан мәселелер.
- •2.Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.
- •3.Қазақстан Республикасындағы демографиялық, тілдік, миграциялық үрдістер.
- •4.Қр ақпараттық саясаты, бақ-тың дамуы.
- •5.Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру.
- •29. Дәріс тақырыбы: Қазақстан әлемдік қауымдастықта.
- •1.Егеменді Қазақстанның бұұ-на қабылдануы. Президент н.Ә.Назарбаевтың Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзі.
- •2. Қр Азиядағы өзара қарым-қатынас және сенім шараларына арналған Кеңесті ұйымдастырудағы бастамасы (свмда) (1992 ж.).
- •3. Қазақстанның юнеско, юнисеф, экосос, мбр, мвф, еқыұ т.Б. Халықаралық ұйымдар мен ынтымақтастығы. Қазақстанның еқыұ-на төрағалық етуі.
- •4. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі», «Қазақстан жолы» атты еңбегі.
- •30. Дәріс тақырыбы: қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тарихи маңызы.
- •1. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тарихи маңызы (1998-2013 жж.).
- •2. Қазақстан – 2050 Стартегиялық бағдарламасы.
- •Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер Қазақстан тарихы пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер
- •1 Модуль.
- •2 Модуль. Қазақстан орта ғасырларда
- •3 Модуль. Жаңа замандағы Қазақстан (хүііі-хх ғғ.)
- •4. Http: // www. History. Kz Бейнематериал:
- •Қазақстан тарихы бойынша атластар мен контурлық карталар
21. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу
кезеңінде (1921-1939ж.ж.)
Дәріс жоспары:
1. Қазақстандағы алғашқы бесжылдық, Түрксібтің салынуы.
2. 1928-1929 жж. конфискелеу, қазақ даласындағы аштық.
3. Қазақстандағы 1937-1938 жж. қуғын-сүргін.
1.Қазақстандағы алғашқы бесжылдық. Түрксібтің салынуы.
1925 жылы партияның ХІҮ съезіне елді индустрияландыруға бағыт алуға шешім қабылданды. Индустрияландыру бағыты елімізде завод, фабрикалар салумен, өнеркәсіпті дамытумен байланысты.
Қазақстандағы индустрияландыру жылдарындағы үлкен құрылыстардың бірі. Түркістан-Сібір темір жолы болды. Құрылысы 1927 жылы басталған темір жол 1930 жылы аяқталды. Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары Рысқұлов, темір жол инженері Тынышпаев темір жолды салуда елеулі қосты. Индустрияландыру жылдары Риддер полиметалл, Қарсақбай мыс қорыту комбинаттары іске қосылды. Балқаш мыс қорыту заводы Шымкент қорғасын заводы жұмыс істей бастады. Жезқазған мыс қорыту, Текелі полиметалл комбинаттары, Өскемен мырыш заводы салына бастады. Қарағанды өңірі ірі көмір аймағына айналды. Ембі мұнай кәсіпшілігі қарқынмен жұмыс істей бастады. Сондай-ақ республикадағы химия өнеркәсібінің тұңғышы Ақтөбе химия комбинаты салынды.
Сонымен қатар елімізді индустрияландыруда қателіктер де жіберілді. Қазақстандағы индустрияландыру тек шикізат өндіруге бағытталды. Қазақстанда салынған заводтардың барлығы шикізат шығарды. Шикізат Республикадан тасып әкетіліп, дайын өнім Ресей заводтарында шығарылды.
Республикадағы өнеркәсіптің бұлай қалыптасуына Смағұл Сәдуақасов сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Сәдуақасовтың айтуынша республикадағы шикізат басқа жаққа тасылмай, шикізат алынған жерде өңделіп, дайын өнім шығарылуы тиіс болды. Бірақ оны Голощекин сияқтылар ұлтшыл деп айыптап, республикадан кетуге мәжбүр етті.
1927 жылы партияның ХҮ съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді.
2. 1928-1929 Жж. Конфискелеу, қазақ даласындағы аштық.
1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады.
Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды.
Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді.
Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады.
Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады.
Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті.
Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты.
Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды.
Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды.
Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.
