- •Дәріс сабақтарының толық мәтіні
- •1. Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс
- •1. Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеті.
- •Қазақстан тас дәуірінде (археологиялық кезеңдері және негізгі сипаттамасы).
- •Қазақстан қола дәуірінде (Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеті).
- •Дәріс тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар. Қазақстан аумағындағы мемлекеттік бірлестіктер.
- •1. Сақтардың қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көрші елдермен қарым-қатынасы.
- •4. Дәріс тақырыбы. Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер
- •1. Түркі этнонимі. Түрік және Батыс түрік қағанатының құрылуы.
- •5. Дәріс тақырыбы: Қазақстан аумағындағы дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (хі ғ. Басы - хіі ғғ.). (1 сағ.)
- •1. Қарахан мемлекеті: территориясы, саяси-әкімшілік құрылымы.
- •1.Түркілердің көшпелі өркениеті.
- •2.Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалардың дамуындағы маңызы.
- •7. Дәріс тақырыбы: Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (хііі ғ.).
- •Шыңғыс ханның Қазақстанды басып алуы.
- •2.Ұлыстардың құрылуы.
- •3.Алтын Орданың құрылуы және саяси тарихы.
- •8. Дәріс тақырыбы: Қазақстан территориясындағы хіү-хү ғғ. Мемлекеттер.
- •1.”Қазақ”этнонимі. Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақ жүздері
- •2.Қазақ хандығының құрылуы. (1465-1466 жж.)
- •4.Есім, Жәңгір хандардың тұсындағы Қазақ хандығы.
- •5.Қазақ мемлекеттілігінің нығаюындағы Тәуке ханның рөлі.
- •11. Дәріс тақырыбы: ху-хуііі ғғ. Басындағы Қазақстанның қоғамдық құрылымы мен мәдениеті.
- •1.Қазақ хандығының қоғамдық құрылымы және шаруашылығы.
- •3.Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары және оның салдары.
- •Дәріс тақырыбы: Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау шараларына қарсы күресі.
- •Қазақстанның экономикалық және саяси жағдайы
- •Қазақстардың е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773-1775 жж)
- •3. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797 жж)
- •Дәріс тақырыбы: Патшалы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары және оның салдары.
- •16.. Дәріс тақырыбы: хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік–экономикалық, саяси дамуы.
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •Хіх ғ. Бас кезінде Қазақстанның саяси жағдайы
- •Орта Азия хандарының Қазақстанның Оңтүстік аудандарындағы саясаты
- •Дәріс тақырыбы: хіх ғ. Қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі.
- •18. Дәріс тақырыбы: хх ғ. Басындағы Қазақстан. Бірінші дүние жүзілік соғыс және
- •1916 Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс.
- •4.Қазақ интеллигенциясының хх ғасырдың бас кезінде шығармашылық және қоғамдық-саяси қызметі.
- •19. Дәріс тақырыбы: Ресейдің 1917 ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси әсері.
- •3. Хх ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •1.1917 Ж. Қазан төңкерісі кезіндегі Қазақстан.
- •2. Азамат соғысы (1918-1920 ж.Ж.) халық қасіреті.
- •Ж. Алаш және Кеңес үкіметтерінің орнауы.
- •3. 1920 Ж. Қазақ акср-ң құрылуы.
- •21. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу
- •1.Қазақстандағы алғашқы бесжылдық. Түрксібтің салынуы.
- •2. 1928-1929 Жж. Конфискелеу, қазақ даласындағы аштық.
- •3. Қазақстандағы 1937-1938 жж. Қуғын сүргін.
- •22. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысы жылдарында (1939-1945 ж.Ж.)
- •1. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында.
- •23. Дәріс тақырыбы: Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан. (1946-1960 жж.).
- •1.Соғыстан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы.
- •3. Кокп хх-съезі – Сталиннің жеке басына табынуды айыптау.
- •4.Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның зардапты салдары.
- •24. Дәріс тақырыбы: Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйенің тоқырау жылдарындағы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси даму (1965-1990 ж.Ж.).
- •1.1965 Ж. Шаруашылық реформасы және ғылыми-техникалық процесс.
- •25. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы және тмд-ның құрылуы.
- •3. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Даму жолын анықтау. Н.Ә.Назарбаевтың «хх ғасыр табалдырығында» атты еңбегі.
- •26. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.
- •2. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993ж.). Қазақстан Республикасында қазір пайдаланып жүрген Конституциясын қабылдау (1995ж.). Ұлттық Валютаның енуі (1993ж.).
- •3. 2009 Ж. Қазан айындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясы
- •27. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •1. Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық. Оларды жою шаралары.
- •28. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы.
- •1.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы ( і;іі;ііі) және онда шешімін тапқан мәселелер.
- •2.Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.
- •3.Қазақстан Республикасындағы демографиялық, тілдік, миграциялық үрдістер.
- •4.Қр ақпараттық саясаты, бақ-тың дамуы.
- •5.Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру.
- •29. Дәріс тақырыбы: Қазақстан әлемдік қауымдастықта.
- •1.Егеменді Қазақстанның бұұ-на қабылдануы. Президент н.Ә.Назарбаевтың Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзі.
- •2. Қр Азиядағы өзара қарым-қатынас және сенім шараларына арналған Кеңесті ұйымдастырудағы бастамасы (свмда) (1992 ж.).
- •3. Қазақстанның юнеско, юнисеф, экосос, мбр, мвф, еқыұ т.Б. Халықаралық ұйымдар мен ынтымақтастығы. Қазақстанның еқыұ-на төрағалық етуі.
- •4. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі», «Қазақстан жолы» атты еңбегі.
- •30. Дәріс тақырыбы: қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тарихи маңызы.
- •1. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тарихи маңызы (1998-2013 жж.).
- •2. Қазақстан – 2050 Стартегиялық бағдарламасы.
- •Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер Қазақстан тарихы пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер
- •1 Модуль.
- •2 Модуль. Қазақстан орта ғасырларда
- •3 Модуль. Жаңа замандағы Қазақстан (хүііі-хх ғғ.)
- •4. Http: // www. History. Kz Бейнематериал:
- •Қазақстан тарихы бойынша атластар мен контурлық карталар
Ж. Алаш және Кеңес үкіметтерінің орнауы.
Ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Бүкілқазақтық ІІ съез өтті. Съезде Халел Ғаббасов автономия туралы баяндама жасады. Съез баяндаманы талқылап мынадай қаулы қабылдады:
Қазақ автономиясы құрылсын.
Қазақ автономиясы «Алаш» деп аталатын болсын.
Алаш автономиясының жері, суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын.
Алаш облыстарын қазіргі бүлікшіліктен қорғау мақсатымен Халық кеңесі құрылсын, оның аты «Алашорда» болсын.
Съездің шешімімен Алашорда үкіметінің төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Съездің ұйғарымымен сайланған Алашорда үкіметінің министрлері мыналар: төраға орынбасары Халел Ғаббасұлы, ішкі істер министрі Мұхамеджан Тынышпайұлы, әділет министрі Ахмет Бірімжанұлы, оқу министрі Ахмет Байтұрсынұлы, ұлттық қорғаныс министрі Әлімхан Ермекұлы.
Қазақстанда Кеңес өкіметі әр түрлі жолдарымен орнады. Сырдария, Ақмола облыстарының және Бөкей ордасының көптеген аудандарында большевиктер бастаған күштер көп болғандықтан бұл жерлерде Кеңес өкіметі бейбіт жолмен орнады.
1918 жылдың көктемінде азамат соғысы басталды. Ресейдегі ақгвардияшылардың басшылары Қазақстандағы Кеңес үкіметіне қарсы Чехославак корпусының бүлігін ұйымдастырды. Бұл бүлік Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанды қамтиды. Олар Петропавлды, Ақмоланы, Атбасарды, Көкшетауды, Павлодарды, Семейді басып алды. Қазақстандағы ақтар қозғалысының басты тірегі Орал, Сібір, Орынбор және Жетісу Казак әскері еді.
Сонымен бірге қазақ еңбекшілерінен құрылған Қызыл әскер полктері де құрылды. 1918 жылы күзде Бөкей ордасында бірінші Қазақ Қызыл әскер полкі құрылды. Кеңестік Ресейдің Қазақстан мен Орта Азия кеңестеріне көрсеткен көмегінің айқын үлгісі Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізу жөніндегі экспедиция болды. Бұл экспедиция далалық өлкенің төтенше комиссары Әліби Жангельдиннің басшылығымен жүргізілді.
1919 ж. жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардияшылардан босатылды.
1920 жылы сәуірде Қазақстандағы ақгвардияшылардың соңғы тірегі Жетісу жері ақгвардияшылардан тазартылды. Ақгвардияшылардың қалдықтарымен бірге атаман Дутов пен атаман Анненков Қытайға қашты.
1919 жылы наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті Алаш ордаға кешірім жариялағаннан кейін, алаштықтардың шығыс бөлігі Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар Кеңес үкіметі жағына шықты. 1920 жылы батыс алаштықтар да Кеңестер жағына шықты.
3. 1920 Ж. Қазақ акср-ң құрылуы.
1920 жылы 26 тамызда Ленин мен Калинин қол қойған Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен РСФСР Халық комиссарлары кеңесінің Қазақ АКСР-ын құру туралы декреті шықты.
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР-ның құрылтай съезі болды. Съезде жоғарғы кеңес басшылығы сайланды. Қазақ АКСР-ы Орталық Атқару комитетінің төрағасы болып Сейітқали Меңдешев, Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Радус Зенкович сайланды.
Елімізде азамат соғысы мен шетелдік интервенциясы аяқталғаннан кейін 1921 жылы Кеңес елі тағы да ауыр сынға душар болды. 1921-1922 жылғы қарсыз әрі ұзаққа созылған қыстан кейінгі қуаңшыл жаз келді. 1921 жылдың жазында елдің көптеген аудандарында ең алдымен Еділ бойын, жантүршігерлік аштық жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай Кеңес елінде 20 миллионнан астам адам аштыққа ұшырады.
Бұл қуаңшылықпен қоса ашаршылықтың себептерінің бірі азамат соғысы жылдарында Совет өкіметі жүзеге асырған «соғыс коммунизм» саясатының елдің халық шаруашылығына аса ауыр соққы болып тигенін және ашаршылықтың кең өрістеуіне себепші болғанын айтуымыз керек.
Сонымен бірге азамат соғысы аяқталған соң еліміздің халықтары бейбіт құрылысқа көшіп, халық шаруашылығын қалпына келтіруді қолға ала бастады.
Жаңа экономикалық саясаттың әскери коммунизм саясатынан ерекшелігі салғыртты заттай салықпен ауыстыру. Бұның мәнісі енді шаруа өзінің белгілі салығын өтегеннен кейін қалғанын өзінің керегіне жаратты. Сондай-ақ ұсақ кәсіпшілікке ұсақ жеке меншікке рұқсат етілді. Меншіктің бірнеше түрлері болды. Мемлекеттік меншік, жеке меншік, кооперация тағы басқа меншіктер.
Жаңа экономикалық саясат аз уақыттың ішінде үлкен табыстарға жеткізді. Бұл саясат 1929 жылға дейін қолданылды. Ал кейіннен Сталин ауыл шаруашылығын бір ғана колхоздық меншікке айналдырды.
Жаңа экономикалық саясат кезінде қазақ еңбекшілерін мемлекеттік шаруашылық құрылысқа тартуда 1921 ж. Ораз Жандосовтың басшылығында құрылған «Қосшы» одағы үлкен роль атқарды. «Қосшы» кедейлерге жер бөліп беруге қамқорлық жасады, еңбекшілердің саяси сана-сезімін, мәдени дәрежесін көтеру жөнінде көп жұмыс жүргізді.
Сұрақтар:
Қазақтың саяси, ителлектуалды, рухани элитасы (Ә.Бөкейханов, М,Дулатов, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев т.б) шығармаларына анықтама беріңіз.
1917ж. Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар «Алаш» қозғалысы және партиясы
Азамат соғысы (1918-20жж) - халық трагедиясы.
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 3 том. Алматы, 2002
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.
3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.
Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. М., 1994.
Бочагов А.К. Алаш Орда. Краткий исторический очерк о национально-буржуазном движении в Казахстане периода 1917-1919 гг. – Кызыл-Орда, 1927.
Брайнин С., Шафиро Ш. Очерки по истории Алаш-Орды. А., 1935.
.
Қосымша әдебиеттер:
Байтұрсынов А. Ақ жол. А., 1991.
Бөкейханов Ә. Шығармалар. А., 1994.
Бөкейхан Ә. Таңдамалы. А., 1995.
Дулатов М. Шығармалары. А., 1994.
