Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
786.94 Кб
Скачать

1.1917 Ж. Қазан төңкерісі кезіндегі Қазақстан.

Ақпан революциясының нәтижесінде орнаған уақытша үкімет халықтың алдында тұрған көптеген мәселелерді шешіп бере алмады. Халықтың жағдайы бұрынғыдан да қиындай түсті. Ресейдің І-дүние жүзілік соғысқа одан әрі қатысуы көптеген қиыншылықтар туғызды. Міне, осы халықтың басындағы қиын жағдайды большевиктер пайдаланып қалуға тырысты.

Большевиктер «Барлық билік Кеңестерге берілсін!», «Жердің бәрі шаруаларға берілсін!», «Заводтар, фабрикалар жұмысшыларға берілсін!» деген ұрандар көтерді. Бұл большевиктік насихаттың елеулі әсері болды. Бұл ұрандарға сенген халық большевиктер жағына шыға бастады.

1917 жылы 24-шы қазанда Петербургте қарулы төңкеріс басталды. Келесі күні төңкеріске шыққан жұмысшылар, солдаттар, матростар астананың маңызды жерлерін басып алды. 25 қазан айының кешінде жұмысшы және солдаттар Кеңестерінің Бүкілресейлік ІІ съезі ашылды.

Съезд Ленин жазған «жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға» деген үндеуді қабылдады. Бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің қолына көшетіндігін жариялады. Лениннің баяндамасы бойынша Кеңестер съезі бітім туралы және жер туралы декрет қабылдады.

Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Кеңес үкіметін – Халық комиссарлар кеңесін құрды. Оның төрағасы болып Ленин сайланды.

Орталықта Кеңес үкіметінің орнауына байланысты жер-жерлерде, шет аймақтарда да Кеңес үкіметі орнай бастады.

Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату 1917 жылдың қазан айынан 1918 жылдың наурыз айына дейін жүргізілді. Сонымен қатар Қазақстанда Кеңес үкіметі билігінің орнауының өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары болды. Қазақстанда жұмысшы ұйымдары аз болды. Патша үкіметі тұсында қолайлы жерлерге орналасып, байып алған орыс шаруалары жерден айырылып қаламыз деп қауіптенді. Сондай-ақ, Қазақстанда большевиктік топтар аз болды.

Қазақ ауылдары бұл төңкерістің мәнін жете түсінген жоқ. Төңкерістің себептері, мақсаты тағы басқа жақтары күңгірт болды.

2. Азамат соғысы (1918-1920 ж.Ж.) халық қасіреті.

Азамат соғысы – мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматының өзара соғысы. Большевиктік билеушілер өздерінің демократияға қарсы саясатымен жағдайды шиеленістіріп жіберді. Большевиктерге қарсы «ақтар» деп аталған күштер бірігіп азамат соғысын бастады.

Азамат соғысының кескілескен қырғындарында 8 млн. адам қаза тапты. Қызылдар мен ақтардың қимылдарынан алдымен қарапайым халық зардап шекті. Олардың қайсысы болса да малды, ең алдымен аттарды реквизициялады, қазақтар арасында күштеп мобилизация жүргізді, ауылдарды және даланы өртке орады. Атамандар Дутов пен Анненковтың казактары ерекше қатыгездігімен көзге түсті. Азамат соғысындағы жеңіс халыққа тым қымбатқа түсті. Контрреволюцияның күші басым еді.

Әскер құру ісімен Дала өлкесінің төтенше комиссары Ә. Жангелдин, Торғай уезінің әскери комиссары А. Иманов, қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Б. Қаратаев, сондай-ақ әскери бөлімшелердің командирлері және комиссарлары Т. Әлиев, С. Арғыншиев, Б. Алманов, А. Асылбеков, Ж. Жәнікешев, М. Масанчи, А. Розыбакиев, О. Оразбаева және басқалар белсене айналысты. Олар халық арасында үлкен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

Азамат соғысы барысында Кеңес үкіметі Алашордамен келіссөз жүргізді. Бір жағынан, Кеңестер алаш қатарындағы буржуазиялық мамандарды өзіне тартқысы келді, екінші жағынан, контрреволюция мен интервенция тарапынан қатыгездік пен зорлықтың күшейтілуі алаш зиялыларының өздерін Кеңес өкіметі қосынына әкеп қосты. Ұлттық келісім тактикасына қол жеткізуге қазақ халқының ағартушысы әрі гуманисі А. Байтұрсыновтың сіңірген еңбегі зор болды. Ол «Төңкеріс және қазақтар» деген мақаласын да жариялады. Азамат соғысында келтірілген зардаптың жалпы көлемі екі млд. Сомнан асты. Азамат соғысы қазақ халқына, Қазақстанның барлық еңбекшілеріне сансыз көп қайғы-қасірет әкелді. Демографиялық жағдайда да келеңсіз өзгерістер болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]