Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
786.94 Кб
Скачать

18. Дәріс тақырыбы: хх ғ. Басындағы Қазақстан. Бірінші дүние жүзілік соғыс және

1916 Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс.

Дәріс жоспары:

1. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында.

2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

3. Қазақ зиялылырының 1916 жылғы көтеріліс тұсындағы қызметі. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы.

Бірінші дүние жүзілік соғысқа Ресей империясының қатысуына байланысты, Қазақстан ол кезде Ресей империясының отары болғандықтан соғыстың бар ауыртпалығы қазақ халқының басына түсті.

Қазақ халқының жерлерін тартып алу, соғыс қажеті үшін киімдерін, малын және азық-түлік өнімдерін мемлекет есебіне деп еріксіз алды.

Соғыс салығы түріндегі барлығы 10-ға жуық әр түрлі салықтар салынды.

Бір ғана Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе тасып әкетілді.

Қазақстанда жалпы ұлттық дағдарыс пісіп-жетілді. Осы кездегі қазақ халқының хал-жағдайын суреттеген А.Байтұрсынов: “Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды,” – деп жазды. Осы қазақ халқының ауыр тұрмысы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себебі болды.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске патшаның 19 жастан 43 жас аралығында еңбекке жарамды халықты майданның қара жұмысына алу туралы 25 маусымдағы жарлығы сылтау болды. Бұл қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам алу жоспарланды.

1916 жылы шілде айының басында Қазақстанның барлық аймақтарында қарулы көтеріліс басталды. Көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттыққа жету болды.

1916 жылғы көтерілістің ірі орталы тарының бірі Торғай облысы болды. Мұнда қазақтардың күресі ұзаққа созылды. Торғай даласындағы көтерілісшілердің саны 50 мыңға дейін жеткен.

Жетісудағы халық көтерілісін басып-жаншу үшін патша үкіметі құрамында 14 батальон, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы бір тұтас жазалау экспедициясын жіберді. Нашар қаруланған көтерілісшілер жеңілуге мәжбүр болды. Көтерілісшілердің көпшілігі Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Патшаның жазалаушы отрядтары қазақ ауылдарын шауып, өртеп халықты қырғынға ұшыратты. Көтерілістің жеңіліс табуының ең басты себептері оның бытыраңқылығы, жеткілікті түрде ұйымдаспағаны болды.

.Уақытша үкімет органдарымен қатар Қазақстанда екінші үкімет – жұмысшы, солдат депутаттардың Кеңестері өмір сүрді. Сөйтіп, Қазақстандағы губернаторлардың, уезд бастықтарының, болыстардың үкімет билігі барлық жерде жойылды.

Қазақстанның облыстары мен уездеріндегі уақытша үкіметтің сенімді тірегі Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу Казак әскерлерінен құралған “Казак комитеттері” еді. Қазақ халқының көпшілігі патша құлатылғаннан кейін ұлттық езгі де құриды, уақытша үкімет Ресей халықтарының теңдігі мен туысқандығын қамтамасыз етеді деп сенді.

Қазақстандағы қос үкіметтің орталық аудандарға қарағанда әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты, аймақтық отар ретіндегі саяси жағдайына байланысты және көп ұлттылығына байланысты өзгешелігі болды.

4.Қазақ интеллигенциясының хх ғасырдың бас кезінде шығармашылық және қоғамдық-саяси қызметі.

Ақпан революциясы ұлт мәселесін шешкен жоқ. Қазақстанды отар деп білген буржуазиялық уақытша үкімет қазақ халқына ешқандай право берген жоқ. Мектептерде оқыту ісі және мекемелерде кеңсе ісі бұрынғыша тек орыс тілінде ғана жүргізілді.. Уақытша үкімет бұрынғы патша үкіметінің жер жөніндегі саясатын жүргізіп отырды. Өнеркәсіпті бұрынғыша шетел капиталистері мен орыс капиталистері билеп төстеумен болды.

Міне осындай қиын-қыстау кезеңде халқымыздың көзі ашық азаматтары елді осы қиындықтан алып шығу үшін әрекет жасады. “Шора-и Исламия”, “Ғұлама қоғамы”, “Алаш” партиясы, “Үш жүз” саяси партиясы осы кезеңдерде пайда болған еді.

Осы ұйымдар мен партиялардың ішіндегі халқымыздың тарихында елеулі орын алатыны “Алаш” партиясы. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында бірінші бүкіл қазақ съезі болды.

Съездегі ең бірінші мәселе – мемлекеттік басқару туралы мәселе болды. «Ресейде демократиялық, федерациялық, парламенттік республика болуы керек. Қазақ облыстары автономия алуы тиіс» деген шешім қабылданды.

“Алаш” партиясының бағдарламасы 1917 жылы 21 қарашада “Қазақ” газетінде жарияланды. Бағдарлама 10 тармаққа бөлінген.

Онда мынадай басты мәселелер қаралған: Ресей демократиялық-федеративтік-парламенттік республика болуы керек; Қазақ автономиясы басқа халықтармен қатар Ресей федерациясына кіреді; Ресей федерациясында теңдік және адамның мүддесіне қол сұғылмауы, сөз бостандығы қамтамасыз етіледі; Жұмысшы заңдары жұмысшының мүддесіне сай болуы тиіс; Сайлау правосы тегіне, дініне, жынысына қарамай баршаға бірдей берілуі керек; Дін мемлекеттен бөлінуі тиіс; Сот алдымен айыптау, тергеу жұмыстарын жүргізбей тұрып ешкімді тұтқындай алмайды; Халыққа білім тегін беріледі; Бастауыш мектепте сабақ ана тілінде жүргізілүі тиіс.

“Алаш” партиясымен бірге құрылып, халықты азаттық үшін күреске шақырған қоғамдық ұйымдардың бірі “Үш жүз” социалистік партиясы еді.

“Үш жүз” партиясы алғашқы құрылған кезден бастап-ақ большевиктер жағына шығып, алаштықтарға қарсы болды. Бұл партияның қатарында жұмысшылар мен жатақтар көп еді. “Үш жүз” партиясы большевиктер жағында болғанымен олардың бағдарламаларының кейбір тұстары большевиктерден бөлек болды. Олар пролетариат диктатурасын мойындамады. Коммунистер партиясының қоғамдағы басшылық ролін мойындамады. Мемлекет басқару ісіне дінді араластыру керек еді. Сондықтан да 1920 жылы большевиктер бұл партияны жауып тастады.

Сұрақтар:

  1. Патша өкіметінің ХІХ ғ. екінші жарт. Қазақстандағы реформаларды талдаңыз.

  2. ХХ ғ. басындағы қазақтың саяси, интеллектуалды, рухани элитасы (Ә. Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов т.б).

  3. 1905-1907жж. Орыс революциясының халықаралық маңызы және оның Қазақстанға әсері қандай болды?

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 4 том. Алматы, 2010.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

  1. Алексеенко И.В. Население дореволюционного Казахстана. А., 1981.

  2. Восстание 1916 г. в Средней Азии и Казахстане. М., 1960.

  3. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец ХІХ–начало ХІХ вв.). А., 1968.

  4. Грозный 1916 год. Сборник документов и воспоминаний в 2-х томах. Составители: Асанова С.А., Мажитов С.Ф., Нурмагамбетова Р.К., Романов Ю.И. и др. А., 1998.

  5. Игибаев С.К. Промышленные рабочие дореволюционного Казахстана. А., 1991.

Қосымша әдебиеттер

  1. Асылбеков М.Х. Железнодорожники Казахстана в первой русской революции (1905-1907гг.). А., 1965.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]