Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
786.94 Кб
Скачать
  1. Дәріс тақырыбы: хіх ғ. Қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі.

Дәріс жоспары:

1. Бөкей Ордасының құрылуы. 1836-1838 жылдардағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс.

2.К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрес (1837-1847 жж.)

1. Бөкей Ордасының құрылуы. 1836-1838 жылдардағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс. 1835 ж. Жәңгір хан Адай руына Қарауыл Қожаны тағайындап, бұл өңірде тұрған старшиналар мен ауылды бағындырды. Соның ішінде 1812 жылдан Беріш руының старшыны болып келген Исатай ауылы да кіреді.1837 ж. қыркүйектің 16 күні Исатай мен Махамбет Қарауыл Қожа ауылына шабуыл жасап, кедейлердің өшін алып, қозғалыс бүкіл Бөкей ордасына кең жайыла түсті. Бұны естіген Орынбор генерал-губернаторы Перовский, Ордаға Покатилов бастаған Жайық казактарының құрамын жібереді. Олардың мақсаты Исатайды тұтқындап Орынборға алып кету еді. Бірақ Исатайды қолға түсіре алмайды. Қазан айының бас кезінде Исатай хан ордасына келіп 12 шақырым жерге келіп орналасады. Екі жеті хан ордасына шабуыл жасамай, ханмен хат алысып, өзінің талаптарының орындалуын күтіп жатады. «Хан ордасына келген кезде Жәңгір хан уақытты ұту үшін Исатаймен келіссөз жүргізе отырып, Орынбордан көмек сұрайды. Қазан айының 17 күні Перовский Орынбордан подполковник Генсті Бөкей ордасына аттандырды. Подполковник Геке Орынбордан шығып Орал қаласына келеді. Полковник Меркульевке әскери казактарды алып Исатайдың ауылына шабуыл жасау керек екенін білдіреді, бұл кезде Исатай ауылы Теректі-Құмда болатын.

1837 жылы қараша айының 15 күні Тас-Төбеде болған соғыста күштің тең болмауы себепті Бөкей Ордасындағы Исатай мен Махамбет бастаған халық қозғалысы жеңіліс табады. Бұл шайқаста Исатай бастаған жігіттер 60 адамнан айырылады, баласы Ақия өледі, көптеген жігіттер қолға түседі.

Тас-Төбе шайқасынан кейін Бөкей хандығындағы қозғалыс жеңіліс тауып, оның басшылары Исатай мен Махамбет жасырынып жүріп, Жайық арқылы Кіші жүз жеріне өтіп кетуге күш салады. Жайық казактары бірнеше рет қолға түсіруге әрекет жасайды. Желтоқсан айының 12-нен 13-не қараған түнде боранды пайдаланып Жайық казактарының Еменхимин мен Баксай бекіністерінің арасынан өтіп Кіші жүз даласына жетеді.

2. К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрес (1837-1847 жж.)

Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының екінші кезеңі (1837-1870 жж.). К.Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі. 1838 жылдың күзінде Кенесары сарбаздары патша үкіметінің жазалаушы әскерлерімен бірнеше қарулы күреске түсті. Солардың ішінде айрықша кескілескен айқас мықты бекіністердің бірі болып саналатын Ақмола приказы үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдайменнің әскерлері мен әскер старшыны Қарбышев басқарған жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесары қарсы жақтың едәуір әскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарды олжалады.

1838 жылдың аяғына қарай Кенесары Ырғыз бен Торғай жаққа көшті. Ол кезде бұл жерлер Орынбор әскери губернаторлығына қарайтын. Оның генерал-губернаторы граф В.А. Перовский еді. Ол көтерілісшілермен ара-қатынасты бейбіт жолмен шешуге тырысты. Келіссөздер барысынды В.А.Перовский уақытша келісімге келді. Ол бойынша Кенесары шекара шебіне шабуыл жасамауға уәде берді. Бұл тыныштық 1842 жылға дейін созылды. Дегенмен, бұл кезде де Батыс Сібір отрядтарымен қарулы қақтығыстар тоқталған жоқ.

1841 жылы қыркүйекте қазақтың үш жүзінің өкілдері жиналып Кенесарыны ата-бабамыздың салты бойынша ақ киізге салып көтеріп, бүкіл қазақ халқының ханы етіп сайлады.

Орынбор әкімшілігімен уақытша бітімге келген кезде, 1841-1842 жылдары Кенесары Қоқан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін қайтару үшін күрес жүргізеді. Соғыс нәтижесінде, Созақ, Сауран қалалары азат етіледі. Түркістанды қоршайды. Қоқан хандығы келіссөз жүргізуге мәжбүр болады.

1846 жылдардың басында Кенесары әскерелерімен Балқаш көлі маңайына қоныс аударды. Патша үкіметі Кенесары басқарған көтерілістерді жоюға генерал-майор Вишневский басқарған әскерлерді жіберді. Кенесары 1846 жылы Қоқанға қарсы күресте Әулиеата (Тараз), Мерке қалаларын алады. 1846 жылы Кенесарыны қолдаушы Ұлы жүздің Саурық батыры қырғыздардың Жаманқора деген батырын өлтіреді. Қырғыздар оған жауап ретінде Саурық батырдың ауылына шабуыл жасап, жігіттерімен бірге оны өлтіріп, мал-мүлкін тонап кетеді. Осындай шиеленістердің нәтиежесінде 1847 жылы Кенесары 10 мың сарбазымен қырғыздар жеріне басып кіреді.

Кенесарының соңғы шайқасы Кекілік сеңгірінде өтті, қырғыз манаптары, Вишневскийдің отряды және Қоқан хандығының әскерлері «Алмалы сай» шатқалында үш жақтан Кенесары әскерін қоршады. Күштері әлденеше есе көп жау әскерімен қаһармандық күресте Кенесары 32 қазақ сұлтандарымен бірге қаза тапты.

Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық көтерілістің жеңілуіне бірнеше себептер болды. Оның ішінде ең бастысы бүкіл қазақ халқының біртұтас бірікпеуі, кейбір ру басшыларының өз бетіне бас болмақ болуы, рулық жіктелу, қазақ феодалдарының Ресей мемлекетін қолдауы. Кенесарыға Ресей, Қоқан, Бұхар хандықтарымен күресуде күші тең болмады. Сонымен қатар ол өзін жақтамаған қазақ және қырғыз ауылдарын шабуы сол жердің халқының наразылығын тудырып, көтерілісті әлсіретті. Сонымен, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс жеңіліс тапқанымен, ол қазақ халқының тарихында мәңгілік өшпес із қалдырды және тарихи маңызы зор болды.

Сұрақтар:

  1. Кенесары Қасымұлы бастаған ортаршылдыққа қарсы күрес (1837-1847жж) ерекшелігін, барысын, мақсатын айқындаңыз

  2. Патша өкіметінің ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы реформаларының сипаттаңыз..

  3. Кіші жүздегі Сырым Датұлы басшылығымен болған халық-азаттық қозғалыстың өзге азаттық қозғалыстан айырмашылығын анықтап беріңіз.

  4. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілістің тарихи маңызы неде?

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 3 том. Алматы, 2010.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

4..А. Кенесарин. Султаны Кенесары и Сыздык. А., 1992.

  1. Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40 годы ХІХ в. А., 1992.

  2. Бекмаханов Е.Б. Хан Кене. А., 1993.

  3. Вяткин М.П. Батыр Срым. М.-Л., 1947.

  4. Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство. А., 1982.

  5. Исатай-Махамбет. Сборник документов. А., 2002.

  6. История Букеевского ханства в 1801-1852 гг. А., 2002.

  7. Касымбаев Ж. Кенесары хан. А., 1995.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Әнес Сарай. Екі тарлан. А., 1997.

  2. Әнес Сарай. Исатай-Махамбет. А., 2003.

  3. Бларамберг И.Ф. Военно-статистическое обозрение земли киргиз-кайсаков Внутренней (Букеевской) и Зауральской (Малой) орды // Военно-статистическое обозрение Российской империи. Т. 13, ч. 3. СПб., 1852.

  4. Востров В.В. Казахи Внутренней Орды до Великой Октябрьской Социалистической революции // Труды ИИАЭ. Т. 3. Этнография. А., 1956.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]