- •Дәріс сабақтарының толық мәтіні
- •1. Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс
- •1. Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеті.
- •Қазақстан тас дәуірінде (археологиялық кезеңдері және негізгі сипаттамасы).
- •Қазақстан қола дәуірінде (Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеті).
- •Дәріс тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар. Қазақстан аумағындағы мемлекеттік бірлестіктер.
- •1. Сақтардың қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көрші елдермен қарым-қатынасы.
- •4. Дәріс тақырыбы. Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер
- •1. Түркі этнонимі. Түрік және Батыс түрік қағанатының құрылуы.
- •5. Дәріс тақырыбы: Қазақстан аумағындағы дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (хі ғ. Басы - хіі ғғ.). (1 сағ.)
- •1. Қарахан мемлекеті: территориясы, саяси-әкімшілік құрылымы.
- •1.Түркілердің көшпелі өркениеті.
- •2.Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалардың дамуындағы маңызы.
- •7. Дәріс тақырыбы: Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (хііі ғ.).
- •Шыңғыс ханның Қазақстанды басып алуы.
- •2.Ұлыстардың құрылуы.
- •3.Алтын Орданың құрылуы және саяси тарихы.
- •8. Дәріс тақырыбы: Қазақстан территориясындағы хіү-хү ғғ. Мемлекеттер.
- •1.”Қазақ”этнонимі. Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақ жүздері
- •2.Қазақ хандығының құрылуы. (1465-1466 жж.)
- •4.Есім, Жәңгір хандардың тұсындағы Қазақ хандығы.
- •5.Қазақ мемлекеттілігінің нығаюындағы Тәуке ханның рөлі.
- •11. Дәріс тақырыбы: ху-хуііі ғғ. Басындағы Қазақстанның қоғамдық құрылымы мен мәдениеті.
- •1.Қазақ хандығының қоғамдық құрылымы және шаруашылығы.
- •3.Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары және оның салдары.
- •Дәріс тақырыбы: Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау шараларына қарсы күресі.
- •Қазақстанның экономикалық және саяси жағдайы
- •Қазақстардың е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773-1775 жж)
- •3. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс (1783-1797 жж)
- •Дәріс тақырыбы: Патшалы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары және оның салдары.
- •16.. Дәріс тақырыбы: хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік–экономикалық, саяси дамуы.
- •Хіх ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
- •Хіх ғ. Бас кезінде Қазақстанның саяси жағдайы
- •Орта Азия хандарының Қазақстанның Оңтүстік аудандарындағы саясаты
- •Дәріс тақырыбы: хіх ғ. Қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі.
- •18. Дәріс тақырыбы: хх ғ. Басындағы Қазақстан. Бірінші дүние жүзілік соғыс және
- •1916 Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс.
- •4.Қазақ интеллигенциясының хх ғасырдың бас кезінде шығармашылық және қоғамдық-саяси қызметі.
- •19. Дәріс тақырыбы: Ресейдің 1917 ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси әсері.
- •3. Хх ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті.
- •1.1917 Ж. Қазан төңкерісі кезіндегі Қазақстан.
- •2. Азамат соғысы (1918-1920 ж.Ж.) халық қасіреті.
- •Ж. Алаш және Кеңес үкіметтерінің орнауы.
- •3. 1920 Ж. Қазақ акср-ң құрылуы.
- •21. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу
- •1.Қазақстандағы алғашқы бесжылдық. Түрксібтің салынуы.
- •2. 1928-1929 Жж. Конфискелеу, қазақ даласындағы аштық.
- •3. Қазақстандағы 1937-1938 жж. Қуғын сүргін.
- •22. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысы жылдарында (1939-1945 ж.Ж.)
- •1. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында.
- •23. Дәріс тақырыбы: Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан. (1946-1960 жж.).
- •1.Соғыстан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы.
- •3. Кокп хх-съезі – Сталиннің жеке басына табынуды айыптау.
- •4.Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның зардапты салдары.
- •24. Дәріс тақырыбы: Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйенің тоқырау жылдарындағы Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси даму (1965-1990 ж.Ж.).
- •1.1965 Ж. Шаруашылық реформасы және ғылыми-техникалық процесс.
- •25. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы және тмд-ның құрылуы.
- •3. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Даму жолын анықтау. Н.Ә.Назарбаевтың «хх ғасыр табалдырығында» атты еңбегі.
- •26. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.
- •2. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993ж.). Қазақстан Республикасында қазір пайдаланып жүрген Конституциясын қабылдау (1995ж.). Ұлттық Валютаның енуі (1993ж.).
- •3. 2009 Ж. Қазан айындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясы
- •27. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •1. Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық. Оларды жою шаралары.
- •28. Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы.
- •1.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы ( і;іі;ііі) және онда шешімін тапқан мәселелер.
- •2.Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.
- •3.Қазақстан Республикасындағы демографиялық, тілдік, миграциялық үрдістер.
- •4.Қр ақпараттық саясаты, бақ-тың дамуы.
- •5.Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру.
- •29. Дәріс тақырыбы: Қазақстан әлемдік қауымдастықта.
- •1.Егеменді Қазақстанның бұұ-на қабылдануы. Президент н.Ә.Назарбаевтың Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзі.
- •2. Қр Азиядағы өзара қарым-қатынас және сенім шараларына арналған Кеңесті ұйымдастырудағы бастамасы (свмда) (1992 ж.).
- •3. Қазақстанның юнеско, юнисеф, экосос, мбр, мвф, еқыұ т.Б. Халықаралық ұйымдар мен ынтымақтастығы. Қазақстанның еқыұ-на төрағалық етуі.
- •4. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі», «Қазақстан жолы» атты еңбегі.
- •30. Дәріс тақырыбы: қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тарихи маңызы.
- •1. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының тарихи маңызы (1998-2013 жж.).
- •2. Қазақстан – 2050 Стартегиялық бағдарламасы.
- •Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер Қазақстан тарихы пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер
- •1 Модуль.
- •2 Модуль. Қазақстан орта ғасырларда
- •3 Модуль. Жаңа замандағы Қазақстан (хүііі-хх ғғ.)
- •4. Http: // www. History. Kz Бейнематериал:
- •Қазақстан тарихы бойынша атластар мен контурлық карталар
Қазақстардың е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773-1775 жж)
Қазақтардың Е.И.Пугачев көтерiлiсiне үн қосуына қазақ жүздерiндегi iшкi саяси жағдайда себеп болды. Нұралы хан тұсында Кiшi жүздегi қайшылықтар шиеленiсе түстi. Қатардағы шаруалар мен көптeгeн ақсақалдар ханның саясатына риза болмады. Орта жүздегi жағдайдың күрделiлiгi де кем болмады. Осының бәрiмен, сондай-ақ патша өкіметінің отаршылдық саясатының қатайтылып, күшейтiле түcyiмeн қатар қазақ қоғaмы iшiнде, патша өкіметінің саясатына наразылық пiсiп-жетiлдi. Қатардағы малшы шаруалардың отаршылдық саясатқа наразылығы өшпендiлiкке ұштасты. Мұның барлығы Қазақстанның әр өңірінде халықтың наразылығын тудырып, көтеріліске шығуға итермеледі. Ал, Кіші жүз өңірінде қалыптасқан жағдайлар қазақтардың Е. Пугачев бастаған көтеріліске қатысуына себеп болды. Өзін “ІІІ Петрмін” деп жариялап лақап ат жамылған Е. Пугачев пен оның төңірегіндегілер қазақтардың көтерілісті қолдайтынын түсінген болатын. Сондықтан, ол жағдайларды өз мүддесіне пайдалануға тырысып, 1773 жылдың 6 кыркүйегінде қазақтарға “қамқор” болатынын білдіріп манифест жазып, 200 адамнан тұратын қазақ жасақтарын жіберуді сұрайды. Пугачевтың жазған мұндай үндеулері қазақтар арасынан біршама қолдау тапты.
Осыдан кейін, кыркүйектің 20-сына қарай Нұралы хан 1000-ға жуық қазақ жасағымен Жайық қалашығының жанына келеді, бірақ, Пугачевқа көмек көрсетуден тартынып, көп ұзамай кері қайтып кетеді. Пугачев 1773 жылдың 20 қыркүйегінде қазақтарға арнап тағы да манифест жазады. Аталған жарлықта: «Мен, ұлы патшаларың, қазақтapғa, қалмақтар мен татарларға кешiрiм беремiн. Барлық кiнәларыңды кешipeмiн және мен сендерге: басынан сaғaсынa дейiн өзен және жер, шөп те, ақшалай айлық та, қopғaсын да, оқ-дәрi де, астық азық-түлiгiн де сыйға тартамын» - деп жазды.
Е.И.Пугачевтiң алғашқы үндеулерi мен манифестерi қазақтаp арасында қолдау тапты. Құжаттардың дәлелдеуiнше, өз epкiмeн құрылған қазақ жасақтары Жайық қалашығына, Озерная, Сахарная бекiнicтepiнe, Кожехаровский форпосына, Красногор дистанциясының бекiнiстерi мен форпостарына жақындады, Жайық өзенiнен өтiп адамдарды тұткынға алды, даланың бiр шетiне мал айдап әкeттi.
1773 жылғы 5 қазанда Орынборды қоршау басталып, ол бес ай бойы - 1774 жылдың наурызына дейiн созылды. Орынборды қоршағанда Пугачев әскepiнiң құрамында шамамен 500 жайық, 300 елек, 600 орынбор қазақтары, 400 қаpғaлы және сақмар татарлары, 700 башқұрт, көптеген қалмақтар болды. Барлығы үш мыңдай адам қатысты. Орынборды қоршау барысында Пугачев eкi манифест жазуға өкім бердi. Олардың бiреуi қазақтарға арналды. Мәтiндi татар Тангайши жазды. Манифест Жайық калашығына жақын жерде көшiп жүрген Досалы сұлтанға арналды. Пугачев сұлтаннан көмекке eкi жүз адам жiберудi және сол күштермен Жайық қалашығына соққы жасауды сұрады. Бұл жасақ Орынборды қоршауға қатысты. Сейдалы сұлтан бастаған 200 адамнан тұратын жасақ қоршаудағы Жайық бекiнiсiне келдi. Сейдалы сұлтан Досалы сұлтанның баласы едi: Досалы сұлтанның үш баласы да Пугачев жағында болды. Қазақтар Кулагин бекiнiсiн алуға да катысты. Бекiнiске шабуыл жасауға бiрнеше пугачевшiлермен бiрге атаман Толкачев басшылық eттi. Татищев бекiнiсiн қоршауға да қазақ көтерiлicшiлерiнiң жасағы қатысты, оларға «қазақ ханының баласы» басшылық жасады. Ол қоршау кезiндегi қақтығыстардың бiрiнде өлтiрiлдi. Орынборды қоршаудың түрлi кезеңдерiнде көтерiлiсшiлерге 2000-дай қазақ қолдау жасады.
1773 жылғы қарашаның басында құрамында 1467 солдат және 5 зеңбiрегi бар генерал-майор Кардың отряды Қазан жолымен көтерiлiсшi армияға қарсы соғыс қимылдарын жүргiзуге аттанды. Батыстан Самара жолымен 3468 адамнан тұратын полковник Чернышевтiң отряды келе жатты. Шығыстан бөлiмдерiмен бригадир Корф, ал оның артынан генерал-поручик Декалонг Орынборға бет алды. Оларға қарсы Пугачев атамандар Овчинников пен 3арубин-Чиканың көтерiлiсшi отрядтарын аттандырды. Шайқаста жазалаушылар тас-талқан етiлдi. Генерал Кар қашып құтылды. Өкiмет әскерлерiнiң 15 зеңбiрегi бар, адам саны 2000-дай солдаттан тұратын басқа отряды да соның кебiн кидi. Caқмар өзенiнiң жағасында көтерiлiсшiлер өкімет әскepiн қоршап алудың cәтiн түсiрдi, содан кейiн солдаттар мен қазақтар өз командирлерiн байлап тастап, бәрi көтерiлiсшiлер жағына өтті.
Жайық қалашығын алуды ұйымдастыру үшiн 1774 жылғы 7 қаңтарда қоршаудағы Орынбор түбiнен Пугачев және көтерiлiсшiлердiң әскери алқасының басшысы атаман П.Овчинников келдi. Оқ-дәрi мен зеңбiректер екелу үшiн А.Овчинниковтiң отряды Гурьевке жiберiлдi. Гурьев қазақтары бiрден А.Овчинников жағына шықты. Қарсыласуға тырысқандар атылды немесе дарға асылды. Қалашықтың атаманы болып Е.Струняшев сайланды. Eкi зеңбiрек, 60 пұт оқ-дәрi және басқа жарақтар алған А.Овчинниковтiң отряды үш күн өткен соң Жайық қалашығына бет алды.
1774 жылдың тамыз айында старшын Дайыр сұлтан бастаған 50 қазақ жасағы Пресногорьков бекінісін шабуылдады. Құлсары батыр бастаған қазақтар редутке шабуыл жасап, оған старшындар Алғабай, Итек және Дәуітбай тархан қатысты.
Пугачев көтерілісіне қазақтардан басқа башқұрттар, қалмақтар, т.б., қатысқан еді. Бұл көтерілісті басуға патша әкімшілігі жақсы қаруланған жазалаушы әскерді көп жіберді. Жазалаушы әскер Қазан маңында көтерілісшілерді басып-жаншыған соң, Пугачев бастаған көтеріліс жеңіліс тапты. 1775 жылдың көктемінде жазалаушы әскер көтеріліске қолдау көрсеткен қазақ ауылдарына шапқаншылықтар жасады. Бұған шыдамаған қазақтар далаға ішкерілей көшіп кетіп, бас сауғалайды.
