Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
786.94 Кб
Скачать

3.Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары және оның салдары.

Орынбор өлкесіне мемлекеттік шаруалар қоныстандырылып, оларға әрбір адамға, жасына қарамастан 15 десятина жер бөлініп берілді. Ал, Алтай өлкесіне қоныстанған мемлекеттік шаруалар саны жылдан жылға көбейе берді.

Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі 200 жылға созылып келіп, ел басқарған батыр, ақылды билердің ұйымдастыруымен халқымыз жеңіске жетті.

Алайда, осы жеңіс үшін талай жыл күрескен, сол күрес жылдарында саны азайып, әлсіреген елімізге Ресей империясы біртіндеп, бірде алдап-арбап, бірде әскери күшпен келіп отарға айналдырды. Тәуелсіздік арманға айналып, зор өкініштерге әкелді.

1781 жылы Абылай ханның қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақтары арасындағы кикілжіңдер хан билігін әлсіретті. 1795 жылы екі сұлтан, 19 ақсақал және 122360 қазақ императрица ІІ Екатеринаның атына Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы шешім жіберді. Үкімет ол кезде хан билігін жою жөн емес деп тапты, алайда оны әлсірету мақсатымен біраз кейініректе Орта жүзде Уәлимен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады.

1817 жылы Бөкей хан, ал екі жылдан соң Уәли хан қайтыс болды. Ресей билігі таралған аудандар жоғарғы билеушісіз қалып, нақты биліктің қандай нысаны болмаған жағдай орын алды. Хандық ықпалды сұлтандармен көзбе-көз келіспей немесе алдын-ала келіссөз жүргізілмей, іс жүзінде жоғарғы жақтан жойып жіберілді.

Жаңа реформаны әзірлеуді патша үкіметі граф М.М. Сперанскийге жүктеді. 1822 жылғы 22 маусымда патша «Сібір губернияларына арналған мекемелер», «Бұратаналарды басқару туралы Жарғы», «Қырғыз-қайсақтары» басқару туралы жарғы, этаптар туралы жарғы, жер міндеткерлігі туралы ережелер, астық қорлары, шаруалар мен «бұратаналар арасындағы борышкерлік міндеттемелер» туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті.

ХІХ ғасырдың басында Бұқтырма, Өскемен бекіністерінің Петропавлдың, Семейдің маңызы едәуір арта түсті. Алғашқы сыртқы округ – Қарқаралы округі 1824 жылғы 8 сәуірде ашылды. Жаңадан құрылған округке кірген болыстар құрамында 20 мыңдай шаңырақ, шамамен алған есептеулер бойынша, 60000-ға дейін ер азамат болды.

Бұдан кейін бірқатар сыртқы округтер: 1825 жылы - Құсмұрын, 1826 жылы - Баянауыл, 1831 жылы - Аягөз (Сергиополь), 1832 жылы Ақмола округтері құрылды.

1822 жылы Орынбор губернаторы П.К. Эсеннің қатысуымен дайындалған «Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі жарғы» бойынша Кіші жүз жеріне үш хан тағайындау жоспарланды, бірақ ол іске аспады. Жарғының бұл жылы бекітілмей қалуына да осы жай себеп болды. Ал, Орынбор губернаторы 1824 жылы Кіші жүз ханы Шерғазыны Орынбор қаласына шақырып, сондағы бір қызметке тағайындады да, Кіші жүздегі хандық билікті жойды. Тек Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы Кіші орда немесе Бөкей хандығы ғана 1845 жылға дейін сақталды.

Сұрақтар:

  1. Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы қандай әдістермен жүргізілді?

  2. Әбілқайыр ханның мемлекеттік қызметіне баға беріңіз.

  3. Қазақстандықтардың майданда, жұмысшылар мен шаруалардың еңбектегі ерлігі.

  4. Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы кезеңіндегі патшалық Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатының басталуы.

  5. Абылай ханның (1771-1781жж) жүргізген ішкі және сыртқы саясаты.

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 3 том. Алматы, 2002

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

4.Абдиров М. Завоевание Казахстана царской Россией. А., 2000.

5.Витевский В.Н. Неплюев и Оренбургский в прежнем его составе до 1758 г. Т. 3. – Казань, 1896.

6.Вяткин М.П. Очерки по истории Казахской ССР. М.-Л., 1941.

7.Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца XVIІ и первой половины ХІХ в. А., 1960.

8.История Казахстана в русских источниках. В 10-ти томах. Т. 3-6. А., 2005-2007.

9.Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. Сборник материалов. А., 1961.

10.Казахско-русские отношения в XVIII-ХІХ вв. Сборник материалов. А., 1964.

11.Касымбаев Ж. Государственные деятели казахских ханств в XVIII в. Т. 1. А., 1999.

12..Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. А., 1996.

13.Мәшімбаев С.М. Әбілқайыр хан. А., 2006.

14.Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в ХVІІ-ХVІІІ вв. А., 1991.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Аполлова Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с Россией в XVIII – начале ХІХ вв. А., 1960.

  2. Әбсадықов А. Хан Абылай: тарихи шындық және халықтық таным. Хан Абылай: реальность и фольклор. – Костанай, 2000.

  3. Әбілқайыр хан. Жинақ. / Құрастырған К. Есмағамбетов. А., 2004.

  4. Галиев В.З. Анырахайская битва // «Простор», 2000. № 5.

  5. Ерофеева И.В. События и люди Казахских степей (эпоха позднего средневековья и нового времени) как объект исторической ремистификации // Научное знание и мифотворчество в современной историографии Казахстана. А., 2007.

  6. Златкин И.Я. История Джунгарского ханства /1635-1758/. М., 1965.

  7. Құнтөлеұлы А. Әбілқайыр хан. А., 2008.

  8. Левшин А. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. Составитель Ерофеева И.В. А., 1996.

13.Дәріс тақырыбы: Абылай ханның Қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі.

Дәріс жоспары:

1. Абылай тұлғасының қалыптасуы және әскери қызметінің басталуы.

2. Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі.

Абылай тұлғасының қалыптасуы және әскери қызметінің басталуы.

Абылай хан өзінің мемлекеттік билігін Шыңғыстау және қызылжар (Петропавл) бекінісіне жақын орналасқан Көкшетау көлдерінің өңіріндегі рулық қоныстарда жүргізді. Орта ордасы – Тянь- Шань тауларынан Каспий теңізіне дейін таралған жерлерде көшіп-қонып жүрді, сол жерден Еуропа мен Қытай арасын жалғайтын Жібек Жолының саудагерлерінен алым-салықтарды алып отырды. Бұл дәрежеге Абылай өзінің аталары сияқты негізінен суық қару және күшпен емес, ақыл мен мәмлегерлік арқылы жетті.

Орта Орданың саяси географиясы ерекше болған. Солтүстік Шығыста – Ресей империясы, Оңтүстікте – Қытай империясы орналасқан. Орта Азиядағы барлық сол кезеңдегі мемлекеттер сияқты Абылай хан Ресейге ерекше назар аударды. 1745 жылы майда Ұлытауда Жошы ханның мазары маңында өткен құрылтайдың нәтижесінде сұлтан Абылай Орта жүздің ханы боп сайланды. Таққа отырғызғанда көне дәстүр бойынша Абылайды Ақ киіздің үстіне отырғызып, төрт жақтан төрт рудың атақты қайраткерлері үш рет “ХАН! ХАН! ХАН!” деп ұрандап, көтерді. Бұл дәстүр салтанатты, ресми түрде басталып, үлкен тоймен аяқталды.

Абылай өз кезеңіндегі өте білімді және жоғары беделді тұлға еді. Ол Түркістан қаласының маңындағы Қарнақ медресесінде білім алды. Абылай қалмақ, маньчжур тілін және жазуын білген. Оның жанында үнемі түрік, қытай, орыс тілдері мен жазуларын білетін тілмаштар болған. Абылай өте жоғары рухани дамыған тұлға еді, ол қазақ халқының тарихын, көршілердің өзара қарым-қатынастарының сипатын жақсы білген. Шығыстағы жеңістерден кейін көптеген Орта Азиялық билеушілер Абылайды екі миллион шақырым аумағы бар мемлекеттің дербес билеушісі деп таныды.

Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі.

Абылайдың алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі – жоңғар шапқыншылығының нәтижесінде өз тұрғылықты жерінен, малынан айырылып, ауыр жағдайда қалған қазақ халқының экономикалық жағдайын көтеру болып табылды. Қытаймен сауда – қатынастарының кеңеюі байқалды. Қазақтар Құлжаға Үрімші, Қашқарға мал айдап, ол жақтан жібек, кілем, ыдыс, шәй әкелді. Ресеймен сауда – қатынастары өте жағары дамыды. Бір Орынбордан ғана 60-жылдардың бірінші жартысында жыл сайын жүз мың пұт ұн сатылып алынып, оның орнына 150 мың қой айдалды. XVIII ғасырдың 60-70 жылдарында уақытша тыныштықтан кейін Түркістан қаласында сауда орталығы ашылып, қайта өрлеп, өркендеді. Сауда керуендері, ежелгі Жібек Жолымен Қазақстанның оңтүстік қақпасынан өтіп осы қалада жиі тоқтады. Түркістан қаласы, Жетісудің, Батыс Қытайдың, Ресейдің саудагерлерін тартатын үлкен ірі қалаға айналды. Абылай Түркістанда орныққаннан кейін өз халқының пайдасына алым-салымдарды төлеткізіп, Қоқан бектерінің шапқыншылығынан қорғайтын “Хан қорғаны” сынды атақты бекініс салғызды. Абылайдың қарамағында жақсы қаруланған, нақты қауіп төнген кезінде тез жиналатын азиатты түрдегі әскері болды. Олар қырғыз манаптарымен, қоқан бектерімен күресте ерекше көзге түсті.

Абылай ханның жаңадан енгізген билік ету тәсілдерінің бірі – жеке таңдамалы әскері – төленгіттерді күшейтуі. Әрқашанда хандардың жеке күзетшілері болған, сол себепті де Абылай ханның өте күшті және көп адамдардан тұратын жеке таңдамалы әскері болған. Ол әскерді басқару үшін арнайы ережелер енгізілген. Тұрақты әскері бірте-бірте қазақ жасағын құрады. Бөгенбай, Қабанбай, Баян, Өтеген, Жәнібек, Наурызбай тағы басқа батырлар әр қайсысы 10 мың адамнан тұратын бірлестіктерді басқарған. Батырлардың қатарына атақты рулардың ғана емес, әскери іспен кәсіби түрде айналысатын қарапайым адамдар да қосылған. Олар көбінесе басқа міндеттерді атқарған: саяси қайраткерлерді көршілес мемлекеттерге іс сапрарға өзімен бірге апарды, ал кейбір кездерде олар өздері де саяси өкілдер ретінде қатысты.

Әбілмәмбет ханның ханға лайық қасиетін сыйлап, Абылай ол қайтыс болғаннан кейін ғана 1771 ж. жалпы қазақ хандығының тағына отырды және Әбілқайырдың баласы Әбілфейізге қолдау көрсетті. Бұл Қазақстанның Оңтүстік аймақтарында Абылай ханның билігін күшейтті. Ұлы жүз билеушісі Төле бимен жасалған ескі келісімдерге сүйеніп, үйсіндердің өтінішін қанағаттандырып, Абылай оларға билік жүргізу үшін өз баласы Әділді жіберді. Кіші жүздегі қиын жағдайды түсініп, Абылай Нұралы ханмен тұрақты қарым – қатынастарды сақтай отырып, Орынбор әкімшілігі алдында оған қолдау көрсетті

Кіші жүздің Ресейге қосылуы – Ресей патшалығына Қазақстан аумағының тек бір бөлігін ғана бақылауға жол берді. Ал негізгі Орта және Ұлы жүз жоңғар шапқыншылықтарына қарамастан, Ресей, Қытай, Жоңғар елі мен Цинь патшалығы жайында саясатты бақылау барысында одақтастарды анықтауға ерікті болды. Қытаймен және Ресеймен саяси теңдігіне қол жеткізу арқылы, қазақ елінің егемендігін сақтау жоспарын құрды.

1745 жылы көктемде Қалдан-Цареннің әскері Зайсан көлінің өңіріне кірді. Бұл мәліметті қабылдаған Абылай оларға қарсы Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек батырлар басқарған үш түмен әскерін жіберді. Бүкіл үш түменді жалпы басқаруды Абылай өз қолына алды. Абылай ханның тактика мен стратегиясының негізгі айырмашылығы шешуші шайқастарда сандық басымдылықты құру қабілеттілігі еді. Бұл кезде де жоңғарлардың 20 мыңдық әскеріне қарсы 30 мың жасақтардан тұратын мықты қаруланған әскерін шығарды. Бұл шайқас Тарбағатай таулары мен Зайсан көлінің арасында, қазіргі Қабанбай ауылының Солтүстігіндегі Шорға өзенінің маңында өтті. Жоңғарларға жан-жақтан соққы беріп, оларды бір бірінен байланыссыз қалған бірнеше бөліктерге бөліп алып, жалпы басқарудан айырды. Негізінен бұл шабуыл жоңғарларды қырып-жоюға арналды. Жоңғарлардың бүкіл 20 мың әскері өздерінің басшыларымен сол жерде қырғынға ұшырады. Бұл Абылай ханның бүкіл бүкіл жоңғарлармен күрес жүргізген жылдар ішінде ең ірі жеңісі болды. Бұл жеңістен кейін оның жағдайы неғұрлым күшейді және билігі шексіз болды.

Қазақ хандығының басына ірі басшының келуі және Тарбағатай тауының өңіріндегі жоңғарлармен шайқаста жеңіске жетуі халықтың арасында жаудан қазақ жерін толығымен азат ету міндетін қойды. Жоңғарларға қарсы шешуші күрес аяқталуға жақындады.

1745 жылы Қалдан-Царен қайтыс болғаннан кейін таққа талас басталып, тек 1750 жылы ғана Қалдан-Цареннің некесіз туылған баласы Лама-Жоржы таққа отырды. Оған ноян Даваци және Әмірсана қарсы шықты, бірақ 1751 жылы күзде олар жеңіліске ұшырап Қазақстанға қашып кетті. 1752 жылы күзде 20 мың санды ойрат әскері Қазақстан жеріне басып кірді. Өз жерін қорғаған қазақ жауынгерлері жоңғарларды жеңіліске ұшыратты. Абылай бейбіт келіссөз өткізу туралы ұсыныс жасаған, бірақ Лама-Жоржы оған келіспеді. Бұл кезде 1753 жылы Даваци және Әмірсана Лама-Жоржыға қарсы шығып, оны қырғынға ұшыратты. Абылай Амурсанға көмек ретінде 5 мың адам әскерін жіберді. Бірақ ол жеңіліске ұшырап, қайтадан Қазақстанға қашуға мәжбүр болды. Абылай орталықтандырылған Жоңғар мемлекетін қайта құруға мүдделі болды, бірақ бұл Қытай үкіметінің жоспарларына кірмеді, ал қазақтар, Амурсананың жақын одақтастары болғандықтан, Қытай патшалығы олар мен де күрес жүргізуге мәжбүр болды.

1756 жылдың аяғы мен 1757 жылдың басында Әмірсана өз елшілігін Ресей, Тува, Орта Азия жеріне жіберіп, Абылайдан қайта көмек сұрады. Абылай Цинь патшалығының қарсыласына қамқорлық жасап, Империяның саясатына қарсы әрекет жасап отырды. Әмірсананы қолдап, Абылай, Қазақстан мен Қытай арасындағы аралық кеңестік ретінде қолдау мақсатында Жоңғарияны сақтауға ұмтылды.

1756-1757 жылдары Жоңғарияға Қытайдың 90 мың әскерінің басып кіруі, оның тағдырын шешті. Жоңғария жеке мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Маньчжур-Цинь әскерінің Қазақстан шекарасына жақындауынан Абылайхан қауіптенді. 1757 жылы көктемде Цинь генералы Фудэ мен Чжанхойдың әскері Қазақстан шекарасына басып кірді. Мемлекетке қауіп төнді. Абылай, Күлсары, Күлеке үшеуі 6 мың әскерін жинап, өз территорияларын жаудан азат етті.

1757 жылдың ортасында Тарбағатайда, Айдынсу өңірінде Қытай әскері қазақтарды қуып жетіп, шайқасты бастады. Қазақтар жеңіліске ұшырап, Абылайхан жамбасынан жарақат алды. Ресей патшалығы тек нәтиже бермеген дипломатиялық қарсылық білдірумен ғана шектелді. Ресейдің ішкі тұрақсыздылығы, Еуропадағы 7 жылға созылған соғыс, қазақ-қытай конфликтісіне ашық түрде араласуға мүмкіндік бермеді.

Қазақстанның Оңтүстік шекаралары да Қазақ жерінің құрамдас бөлігі ретінде Абылайдың қарамағында болды. 1762 жылы қарақалпақтарға жорық жасап, Ұлы жүздің руларына және қоңыраттарға бұрынғы заманнан қазақ жерлері болып табылатын жайылымдарды пайдалануға мүмкіншілік берді. 1765 жылы Абылай Қоқандыққа қарсы және қоқандықтың қарамағындағы қырғыздарға қарсы әскерін жіберді. 1770 жылы өткен Жайлау шайқасының нәтижесінде қырғыздар жеңіліске ұшырады.

Абылайды қазақ халқының арасындағы беделі 1771 жылы, оны Хан ретінде сайлағаннан кейін, едәуір өсті. Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан кейін, дара билеуші ретінде таққа Абылай отырды. Оның нақты басымдылығын қолдап, үш орданың билеушілері оның қол астына ерікті түрде кірді. Оған Орынбор және Сібір Әскери-отаршылдық билік жағынан күшті қысым көрсетілгеніне қарамастан Абылай өз саясатын өзгертпей, көрші Азиялық мемлекеттер үшін мықты күш ретінде көрінді.

1781 жылы көктемде емшілердің күш салып емдеуіне қарамастан, Абылай қайтыс болды. Бұл кезде ол 70 жаста еді. Абылай өз өліміне дейін Түркістанда үш жүздің өкілдерін жинап алып, өзінен кейін, орнына екінші баласын, көптеген жылдар бойы қазақ жерлерін қорғау үшін ат салысқан Уәли сұлтанды қалдырды.

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 3 том. Алматы, 2002

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

4.Абдиров М. Завоевание Казахстана царской Россией. А., 2000.

5.Витевский В.Н. Неплюев и Оренбургский в прежнем его составе до 1758 г. Т. 3. – Казань, 1896.

6.Вяткин М.П. Очерки по истории Казахской ССР. М.-Л., 1941.

7.Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца XVIІ и первой половины ХІХ в. А., 1960.

8.История Казахстана в русских источниках. В 10-ти томах. Т. 3-6. А., 2005-2007.

9.Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. Сборник материалов. А., 1961.

Қосымша әдебиеттер:

1.Абылай хан / Құрастырғандар О. Смағұлов, М. Қожа, А. Оразаққызы. А., 1999.

2.Абылай хан: Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар. – Петропавл, 2005.

3.Аполлова Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с Россией в XVIII – начале ХІХ вв. А., 1960.

4.Әбсадықов А. Хан Абылай: тарихи шындық және халықтық таным. Хан Абылай: реальность и фольклор. – Костанай, 2000.

5.Ерофеева И.В. События и люди Казахских степей (эпоха позднего средневековья и нового времени) как объект исторической ремистификации // Научное знание и мифотворчество в современной историографии Казахстана. А., 2007.

6.Левшин А. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. Составитель Ерофеева И.В. А., 1996.