
- •10. Датчиктер және олардың жалпы сипаттамалары
- •10.1 Датчиктер және олардың жіктелуі
- •10.2. Активті кедергінің параметрлік датчиктері
- •10.2 Сурет. Қарапайым контактылы датчик:
- •10.3 Сурет. Біртактылы (реверсивті емес) потенциометрлік датчик: a - қосылу сұлбасы; б - бос жүрістің статикалық сипаттамасы.
- •10.4 Сурет. Екітактылы потенциометрлік датчик:
- •10.3 Параметрлі түрлендіргіштер
- •Орын ауыстыру және деформацияның электромагниттік датчиктер
- •Генераторлық дачиктер. Индуктивті өлшеу түрлендіргіштер
- •10.4 Жылдамдық және діріл түрлендіргіштері
- •10.5 Тахометрлік түрлендіргіштер
- •10.6 Бақылау сұрақтары
10.5 Тахометрлік түрлендіргіштер
Түрлендіргіштің мұндай типі электромашиналық генератор болып табылады. Мысал ретінде айналмалы тұрақты магниті бар синхронды түрлендіргішті қарастырайық (10.10,а - сурет).
Берілген түрлендіргіште тұрақты магниттің айналу кезінде пайда болатын магнит ағынының өзгеруі есебінен ЭҚК индукцияланады. Одан шығатын сигналдың жиілігі біліктің айналу жиілігіне тең немесе одан кем. Түрлендіргіш орамдар оратылған статордан 1, тұрақты магнит орнатылған ротордан 2 тұрады. Статор цилиндр тәрізді өңделген магнитті жұмсақ материалдан жасалған полюс ұштары ретінде көрсетілген. Магнит айналған кезде орам арқылы өтетін магнит ағыны өзгереді де, онда аәйнымалы ЭҚК өңделеді. ЭҚК-ң амплитудасы мен жиілігі ротордың айналу жиілігіне пропорционал.
Шығатын
сигналдың жиілігі
қатынаспен анықталады, мұндағы n-айналу
жиілігі, айн/мин; p-полюс жұптарының
саны. Өлшеуіш приборды түрлендіргішке
қосқанда соңғысы өлшеуіш тізбекке
механикалық қуатқа пропорционал болып
табылатын белгілі бір электр қуатын
жібереді. Механикалық қуат келесі
қатынаспен анықталады:
мұндағы
-ротордың
бұрыштық айналу жиілігі; М-электр
қуатымен байланысты қажетті момент:
мұндағы
-ПӘК.
Келтірілген қатынастардан түрлендіргіш генерациялайтын ЭҚК жоғарлаған сайын оның білігіне түсетін механикалық қуатта өсетіндігі.
а- орамы қозғалмайтын және магниті қозғалмалы;
б – орамы қозғалмалы магниті қоғалмайтын.
10.10-Сурет
10.6 Бақылау сұрақтары
Датчиктерге қойылатын негізгі талаптар қандай?
Параметрлік датчиктер қандай физикалық құбылысқа негізделіп жұмыс жасайды?
Индуктивті датчиктер не үшін қолданылады?
Электрлі емес шамаларды электрлі өлшеуді кеңінен қолдану қалай түсіндіріледі?
Датчик деген не?
Тензодатчиктің жұмыс істеу принципі қандай принципке негізделген?
Пъезодатчиктер не үшін қолданылады?
Орын ауыстыру мен деформацияның электромагнитті датчиктерінің құрылысы мен жұмыс істеу принципі қандай?
Электрлік емес шамаларды электрлікке түрлендіргіштер қалай жіктеледі?