- •Есимова анар мәденқызы
- •Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •Биотехнология аумағына жалпы мәлімет
- •1 Сурет - Микроскоп
- •Микрроорганизмдердің химиялық құрамы
- •Тыныс алу барысында микроорганизмдер энергияны тек жылу күйінде ғана емес,басқада формада,химиялық электр тогы және жарық күйінде де қамти алады.
- •Микроорганизмдерді культивирлеу әдістері
- •Микроорганизмдерді үздіксіз култивирлеу
- •Микроорганизмдерді үздіксіз культивирлеу жағдайлары
- •Үздіксіз культивирлеу процесіндегі микроорганизмдердің өздігінен реттелу қабілеті
- •Үздіксіз культивирлеу жүйесінің классификациясы
- •Бақылау сұрақтар
- •Егіс материалын алу сатысы
- •Микроорганизм культурасын сақтау әдістері
- •Цехтағы таза культурадан егіс материалын алу технологиясы
- •Бақылау сұрақтар
- •Қоректік ортаны дайындау сатысы
- •Микроорганизмнің қоректенуі
- •Қоректік ортаны дайындауға арналған шикізат
- •Қорғасын - 0,1 Мырыш - 5,0
- •Қоректік ортаны дайындау технологиясы
- •Бақылау сұрақтар
- •Ауаны зарарсыздау және тазарту сатысы
- •Бақылау сурақтар
- •Ферментация сатысы
- •Ферментация процесінің технологиялық ерекшеліктері
- •Ферментердың құрылысы
- •Биосинтез процесінде аэрациялау және араластыру
- •Көбіктің пайда болуы және көбік сөндіргіш
- •Бақылау сұрақтар
- •Культуральды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу және концентрлеу сатысы
- •49 Сурет - Барабанды вакуум - фильтрдің жұмыс істеу сызба нұсқасы
- •Бақылау сұрақтар
- •Микробиологиялық синтездің дайын өнімін бөлу сатысы
- •Инактивтелген биомассаны бөліп алу
- •Культуральды сұйықтықтан метоболизм өнімін бөліп алу
- •55 Сурет - Эмульсияны бөлудегі табақша барабан сепаратордың сызба нұсқасы:
- •Жасуша биомассасынан метаболизм өнімін бөліп алу
- •Тіршілік етуге қабілетті микроорганизмдерді бөліп алу
- •Бақылау сұрақтар
- •Газ қалдықтарын және ағын суды тазарту сатысы
- •Бақылау сұрақтар
- •Биотехнология өндірісіндегі техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
- •Бақылау сұрақтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Корректор: Есiмов Еркебұлан Есенбекұлы
- •Есимова анар мәденқызы биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •050720- Химия технология мамандығының студенттеріне арналған оқу
Цехтағы таза культурадан егіс материалын алу технологиясы
Егіс материалын дайындау микроорганизм - продуцентінің түріне байланысты, оның физиологиялық-биохимиялық ерекшеліктері бірнеше тізбектелген сатылардан тұрады: ( пробиркада) бастапқы культура
(пробиркада)қисық агарланған қоректік ортада өсірілген колбада сұйық қоректік ортада тербелмелі шайқағышта (бір-екі сатылы) (бір немесе бірнеше инокуляторда) егіс аппаратында өсірілген кіші ферментерде микроорганизм культурасының жиналуы егіс материалы.
Егіс материалын дайындаудың сызба нұсқасында мұнайдың н-парафиннің нормально көмірсутекті құрылысы қолданылған ашытқы өндірісі 16-суретте келтірілген.
16 сурет-Егіс материалын дайындаудың технологиялық сызба нұсқасы.
Егіс материалын өсіру келесі сатылардан жүргізіледі:
1-зауыттың микробиологиялық лабораториясында микроорганизм
культурасын алу;
2 - егіс материалын кіші егіс аппаратында өсіру(сиымдылығы 300 литрлік ;
3 - ашытқыны үлкен егіс аппаратында өсіру (сиымдылығы 3200 литрлік);
4- кіші ферментерге ашытқы культурасының жиналуы(сиымдылығы 50м3).
Егіс материалын өсірудің бірінші сатысы зауыттың лабораториясында жүргізіледі. Бастапқы культура зарарсызданған жолмен қисық агарланған ортада оптимальды қоректік ортада, режимде (рН, t , процесс ұзақтығы) өсіріледі.
Агарланған қоректік ортасының бетінде өсірілген микроорганизмнің культурасын зарарсызданған сумен шайып оны cыйымдылығы 750мл Эрленмейер колбасының ішіндегі 50-100 мл сұйық қоректік ортаға құяды. Культурасы бар колбаны (28-30°С) бөлме температурасымен тербелмелі шайқағышқа қояды, культураны араластыру тербелгіштің айналу жылдамдығы (120-240 айн/мин) орындалады, культураның қарқынды өсу жылдамдығының арқасында масса алмасу жоғарылайды.
Тербелмелі шайқағышта колбаның ішіндегі культураның өсу мерзімі 18-36 сағатқа созылады. Бұл сатыда микроорганизмнің морфологиясы бойынша микроорганизмнің өсіруін бақылайды. Логарифмдік өсу фазасының соңында культураның физиологиясы жағынан жетілген сатысы нәтижелі болады. Екінші сатыда егіс материалының дайын культурасын өсіру, колбадан егіс аппаратына (инокуляторға) зарарсызданған күйде ауыстыруды айтады, осыған қайта–қайта минерал тұздарды белгілі мөлшерде қосып отырады. Егіс аппараты араластырғышпен, аэрирлеуші қондырғымен, сонымен қатар температурасын, рН-ын, бақылаушы - өлшегіш аспаппен, көбік деңгейін реттегішпен және тағы басқада қондырғылармен жабдықталады. Аппараттағы қоректік орта көлемінің деңгейі жалпы аппарат көлемнің 60%-нен аспауы керек. Егіс материалының аппаратқа салынған мөлшері жоғарғы мәнге ие. Аппараттағы аз мөлшердегі егіс материалы, инокуляцияның ұзақ уақыт жүруін болдырады. Сондықтан егілетін аппаратқа егіс материалының қоректік орта көлемінің 10-12% ғана салады. Егіс материалын дайындау кезінде аппаратта культивирлеу режимін оптимальды ұстау қажет. Процесті бақылау жасау үшін, қайта – қайта сынамалар алынып оған микробиологиялық және биохимиялық анализдер жасалынады. Ашытқы қоректік ортада 14-20 г/л (есеп бойынша құрғақ массада) жиналғанша культивирлеу процесі жалғаса береді, культивирлеу процесі 12-14 сағатта аяқталады.
Үшінші саты көлемі 3,2м3 болатын егіс аппаратында егіс материалын культивирлеу процесі жүргізіледі. Ол үшін кіші инокулятордағы массаның барлық құрам бөлігін үлкен көлемді аппаратқа айдап жібереді,ол жерде зарарсызданған қоректік орта бар. Ауысу коэффициенті, бір аппараттан басқа аппаратқа ауысуы, микроорганизмнің әрбір культурасын өсірудің нақтылы шартына байланысты. Егерде бұл ауысу экспоненциальды өсу фазасында іске асырылса, онда ауысу коэффициенті келесі аппараттың көлеміне қарағанда 10-ға тең. Микроорганизм культурасын культивирлеу процесі 12-14 сағатқа созылады.
Төртінші саты көлемі 50м3 болатын аппаратта жүргізіледі. Ашытқы суспензияларын алдынғы сатыдан қабылдап алар алдында, қоректік ортаны аппарата дайындау үшін парафинді, қоректік тұздардың ертіндісін және микроэлементтерді аппаратқа жібіреді. Ортаның оптимальды рН мәнін, қажет температурасын жеткізеді, егістік ашытқыларды келесі сатыға жібереді және үздіксіз аэрациялау мен арастырудың арқасында микроорганизмді өсіру процесі жүргізіледі. Ашытқының жиналу процесі 10-12 сағатқа созылады. Абсолютті құрғақ ашытқының концентрациясы ортада 14-17 г/л құралғанда, ашытқы суспензиясы өндіріс ферментерлеріне жіберіледі. Алынған егіс материалына микробиологиялық және биохимиялық бақылау жасалынады, демек келесі сатыдағы өнімділігінің жоғары болуы, циклдің тазалығы мен активтілігіне байланысты.
