- •Есимова анар мәденқызы
- •Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •Биотехнология аумағына жалпы мәлімет
- •1 Сурет - Микроскоп
- •Микрроорганизмдердің химиялық құрамы
- •Тыныс алу барысында микроорганизмдер энергияны тек жылу күйінде ғана емес,басқада формада,химиялық электр тогы және жарық күйінде де қамти алады.
- •Микроорганизмдерді культивирлеу әдістері
- •Микроорганизмдерді үздіксіз култивирлеу
- •Микроорганизмдерді үздіксіз культивирлеу жағдайлары
- •Үздіксіз культивирлеу процесіндегі микроорганизмдердің өздігінен реттелу қабілеті
- •Үздіксіз культивирлеу жүйесінің классификациясы
- •Бақылау сұрақтар
- •Егіс материалын алу сатысы
- •Микроорганизм культурасын сақтау әдістері
- •Цехтағы таза культурадан егіс материалын алу технологиясы
- •Бақылау сұрақтар
- •Қоректік ортаны дайындау сатысы
- •Микроорганизмнің қоректенуі
- •Қоректік ортаны дайындауға арналған шикізат
- •Қорғасын - 0,1 Мырыш - 5,0
- •Қоректік ортаны дайындау технологиясы
- •Бақылау сұрақтар
- •Ауаны зарарсыздау және тазарту сатысы
- •Бақылау сурақтар
- •Ферментация сатысы
- •Ферментация процесінің технологиялық ерекшеліктері
- •Ферментердың құрылысы
- •Биосинтез процесінде аэрациялау және араластыру
- •Көбіктің пайда болуы және көбік сөндіргіш
- •Бақылау сұрақтар
- •Культуральды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу және концентрлеу сатысы
- •49 Сурет - Барабанды вакуум - фильтрдің жұмыс істеу сызба нұсқасы
- •Бақылау сұрақтар
- •Микробиологиялық синтездің дайын өнімін бөлу сатысы
- •Инактивтелген биомассаны бөліп алу
- •Культуральды сұйықтықтан метоболизм өнімін бөліп алу
- •55 Сурет - Эмульсияны бөлудегі табақша барабан сепаратордың сызба нұсқасы:
- •Жасуша биомассасынан метаболизм өнімін бөліп алу
- •Тіршілік етуге қабілетті микроорганизмдерді бөліп алу
- •Бақылау сұрақтар
- •Газ қалдықтарын және ағын суды тазарту сатысы
- •Бақылау сұрақтар
- •Биотехнология өндірісіндегі техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
- •Бақылау сұрақтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Корректор: Есiмов Еркебұлан Есенбекұлы
- •Есимова анар мәденқызы биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •050720- Химия технология мамандығының студенттеріне арналған оқу
Егіс материалын алу сатысы
Егіс материалы деп – микроорганизм - продуцентінің таза культурасын өндіріс аппаратына егуге қажет көлемге дейін «көбейтіп» дайындап алуды айтамыз.
Егіс материалын алу үшін зауыттың орталық зертқанасында(ЗОЛ) сақталған бастапқы культура продуценті қолданылады.
Әрбір өндірілген культураның өзінің құжаты болады, онда оның аты (тұқымы, түрі) коллекциялық нөмері, сериясы және дайындалған мерзімі,орташа активтік деңгейі,жарамдылық мерзімі көрсетіледі. Құжатта культураны өсіру және культураны сақтау туралы мағлұматтар жазылған.
Продуцент – культурасының қасиетті өзгермей қалу үшін, оны қолайлы ортада сақтау қажет.
Ұзақ уақыт сақтауда, әсіресе культураны жиі қайта егуде культураның физиологиялық белгілері оңай өзгереді, ал дайын өнімді алу үшін үлкен қызығушылық тудырады. Продуцент – культурасының қасиеті сақталу мерзімін ескере отырып, қазіргі заманға сай сақтау әдістерімен жұмыс жүргізілуде. Олардың кейбіреулері биотехнологиялық өндірістердің зауыттарында қолданылады.
Микроорганизм культурасын сақтау әдістері
Культураны сақтау әдісі микроорганизмдер қасиетіне негізделген немесе әсер етуші сыртқы ортаның жағдайлардың өзгеруіне байланысты жасушамен зат алмасу процесі тоқтатылады. Демек, салқындату процесі кезінде жасушаның өмір сүру қабілеті лезде баяулайды, ал мұздаған кезде, сусызданғанда жасуша анабиоз және анабиозге алдын жағдайға келеді. Бірақ, мұндай жасуша өмір сүру қабілетін сақтап қалады және қалыпты жағдай орнаған кезде ол өзіне тән қажетті толық қалпына қайта келтіріледі. Культураны сақтауда келесі әдістер кең таралған.
Тоңазытқышта сақтау. Бұл ең қарапайым әдіс, бұл пробиркалардағы агарланған ортадағы дайын культура +4 ÷ -4С0 температурада 1-2 ай бойы тоңазытқышта тұрады. Культураны ұзақ уақыт сақтау үшін олардың физиология-биохимиялық қасиеттерін сақтау үшін оларды қайта егу қажет. Қайта егуді ұзақ уақытқа созбау керек, өйткені микроорганизм сақталу процесі кезінде ортадан қоректік заттарды пайдаланады және өнімдердің зат алмасуы жинала бастайды, олардың мұндай қасиеті зиян келтіреді.Одан басқада, микроорганизмдерді сақтау процесінде ортаның сусыздануы, ол культура қасиетінің өзгеруіне ғана емес және оның өлуіне жойылуына әкеліп соғады.
Минералды май қабаты астында сақтау.Культураны бірнеше ай бойы қатты ортада зарарсызданған вазалин майы немесе парафин астында сақтауға болады. Май қабатының қалыңдығы орта кебуіп кетуден сақтау үшін, агар–агардың беткі қабатының қалыңдығы 1см кем болмауы тиіс. Егер май қабаты қалың болса, онда оттегінің жетіспеуінен аэробты культураның өлуіне жойылуына әкеліп соғады. Культура толығымен физиологиялық жағдайы жетілгеннен кейін, оған зарарсызданған май құйылады.
Үгілмелі сусымалы материалда сақтау. Бұл әдіс өзінің қарапайымдылығына және сенімділігіне байланысты кеңінен қолданады. Мұндай микроорганизмдер суспензиясы немесе споралары зарарсыздандырылған сусымалы себілетін материалға салынады (құм, топырақ, дән), бөлме температурасында кептіріледі және мақта тығынмен нығыздалып жабылып шыны ыдыста сақталынады. Себілетін сусымалы материалдағы микроорганизм культурасын жаңарту үшін Петри табақшасында жуылады және агарланған қоректік ортаға қайта егіледі. Микроорганизм түріне қарай культураны бірнеше айға сақтауға болады.
Кейбір культураларды –165-1960С (сұйық азот температурасы) температурада қатырылған мұз күйінде сақтауға болады Культура 10 %-тік глицериннің сулы ерітіндісінде мұздай етіп қатырылады және оларды ампулаларға салып дәнекерлейді. Мұндай жағдайда кейбір микроорганизмдер барлық физиологиялық – биохимиялық қасиетін бірнеше жылдар бойы сақтай алады.
Сублимациялы кептіру. Қазіргі уақытта сублимациялы кептіру микроорганизмдерді ұзақ уақыт бойы сақтаудың ең қолайлы әдісі. Бұл әдіс күрделілігімен ерекшеленеді және бірнеше сатымен жүреді. Қорғаушы орта деген ортаны (сахароза, сорпа және тағы басқалар) алдымен микроорганизмнің культурасына қосады, жасушамен су өзара әрекеттесуінің арқасында лиофилизациялану жағдайы төмендейді, жасушаны инактивацияланудан сақтайды, содан кейін зарарсызданған ампулаларға салынып, олардың бетін зарарсызданған мақта тығынмен нығыздалып жабылады. Осыдан барып –350 -780 С температурада тез арада мұздай етіліп қатырылады. Мұздай етіп қатырылған культурасы бар ампулаларды ваккум-кептіргіш аппараттарға ауыстырады, бөлме температурасында 1-10 кПа қысымда сублимациялы кептіруге 25-30 сағатқа қалдырады.
Культура 5-6 жыл сублимациялы кептіргеннен кейін, физиологиялық ерекшелігін жоғалтпай, тез өсу қабілетін сақтауға болады. Бұл әдіс сонымен қатар культураны лиофилизация жағдайында сақтау деп атайды. Зауыттарда көбінесе культураларды сақтау тоңазытқышта немесе вазалин май қабатының астында сақтау әдісі қолданылады.
