- •Есимова анар мәденқызы
- •Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •Биотехнология аумағына жалпы мәлімет
- •1 Сурет - Микроскоп
- •Микрроорганизмдердің химиялық құрамы
- •Тыныс алу барысында микроорганизмдер энергияны тек жылу күйінде ғана емес,басқада формада,химиялық электр тогы және жарық күйінде де қамти алады.
- •Микроорганизмдерді культивирлеу әдістері
- •Микроорганизмдерді үздіксіз култивирлеу
- •Микроорганизмдерді үздіксіз культивирлеу жағдайлары
- •Үздіксіз культивирлеу процесіндегі микроорганизмдердің өздігінен реттелу қабілеті
- •Үздіксіз культивирлеу жүйесінің классификациясы
- •Бақылау сұрақтар
- •Егіс материалын алу сатысы
- •Микроорганизм культурасын сақтау әдістері
- •Цехтағы таза культурадан егіс материалын алу технологиясы
- •Бақылау сұрақтар
- •Қоректік ортаны дайындау сатысы
- •Микроорганизмнің қоректенуі
- •Қоректік ортаны дайындауға арналған шикізат
- •Қорғасын - 0,1 Мырыш - 5,0
- •Қоректік ортаны дайындау технологиясы
- •Бақылау сұрақтар
- •Ауаны зарарсыздау және тазарту сатысы
- •Бақылау сурақтар
- •Ферментация сатысы
- •Ферментация процесінің технологиялық ерекшеліктері
- •Ферментердың құрылысы
- •Биосинтез процесінде аэрациялау және араластыру
- •Көбіктің пайда болуы және көбік сөндіргіш
- •Бақылау сұрақтар
- •Культуральды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу және концентрлеу сатысы
- •49 Сурет - Барабанды вакуум - фильтрдің жұмыс істеу сызба нұсқасы
- •Бақылау сұрақтар
- •Микробиологиялық синтездің дайын өнімін бөлу сатысы
- •Инактивтелген биомассаны бөліп алу
- •Культуральды сұйықтықтан метоболизм өнімін бөліп алу
- •55 Сурет - Эмульсияны бөлудегі табақша барабан сепаратордың сызба нұсқасы:
- •Жасуша биомассасынан метаболизм өнімін бөліп алу
- •Тіршілік етуге қабілетті микроорганизмдерді бөліп алу
- •Бақылау сұрақтар
- •Газ қалдықтарын және ағын суды тазарту сатысы
- •Бақылау сұрақтар
- •Биотехнология өндірісіндегі техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
- •Бақылау сұрақтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Корректор: Есiмов Еркебұлан Есенбекұлы
- •Есимова анар мәденқызы биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •050720- Химия технология мамандығының студенттеріне арналған оқу
Бақылау сұрақтар
1.Микроорганизмдерді беттік өсірудің ерекшелігі неде?
2.Микроорганизмдерді түптік культивирлеудің беттік культивирлеуден айырмашылығы және оның негізгі артықшылықтары қандай?
3. Периодты процестегі культураның қисығы деген не және оны қалай құрастырады ?
4. Микроорганизмдердің периодты түптік культивирлеудің үздіксіз
культивирлеуден айырмашылығы?
5.Культураның негізгі өсу фазаларын қандай өсу қисығында бөліп алуға болады?
6. Өсудің жеке фазасында культураның физиологиялық жағдайы немен ерекшеленеді?
7. Микроорганизм өсуінің абсолюттік жылдамдығы дегеніміз не?
8. Культура өсуінің меншікті жылдамдығы деген не? Қандай өлшем
бірлікте ол анықталады?
9. Культура өсуінің меншікті жылдамдығы үшін Моно формуласын жаз.
10.Экономикалық коэффициент деген не?
11. Биомасса шығымы немесе өнімі деп нені айтады?
12.Микроорганизмдерді культивирлеу әдісінде «көлемді – мөлшерлеуіш» нені көрсетеді?
13. Үздіксіз культивирлеуде араластыру жылдамдығы деген не?
Қандай өлшем бірлікте ол анықталады ?
14. Микроорганизмді үздіксіз культивирлеуде өсудің меншікті
жылдамдығы және араластыру жылдамдығы бір-бірімен қандай
қатынасты ұстауы қажет?
15. Микроорганизмдерді үздіксіз процесте өздігінен реттелуші қабілетін қалай көрсетеді?
16. Үздіксіз культивирлеудің ашық және тұйық жүйесі немен
ажыратылады?
17. Хемостатты үздіксіз культивирлеудегі микроорганизмнің өсуін
қалай реттейді?
18. Турбидостатты культивирлеудегі микроорганизмнің өсуін реттеу
неге негізделген?
19. Көп сатылы үздіксіз культивирлеу жүйесі деген не?
20. Үздіксіз культивирлеу әдісінің периодты әдіспен салыстырғанда
негізгі артықшылығы неде?
3 БӨЛІМ
Биотехнологиялық өндірістің типтік технологиялық сызба нұсқасы
Биотехнологиялық өндірістің технологиялық процесінде бір – бірімен байланысқан технологиялық операциялардың ағымы, шикізат материалын өңдеуден бастап, дайын өнімді бөліп алуға дейін қарастырылған. Қазіргі заманғы биотехнологиялық өндірістерде әртүрлі биопрепараттар өндірілуде және олардың әрқайсысының өзіне тән технологиясы құрылған.
Бірақ барлық өндірістерде микроорганиздердің өмір сүруіне негізделген жалпы сатылары бірдей.
Сондықтан биотехнологиялық синтездің принципиальді технологиялық сызба-нұсқасы қарастырған (2-сызба нұсқа). Барлық биотехнологиялық өндірістердің сатысында жалпы және міндетті түрде жүретін процестер көрсетілген. Биотехнологиялық процестің негізгі сатылары болып саналатындар:
1) егіс материалын алу;
2) шикізатты дайындау;
3) қоректік ортаны дайындау;
4) ауаны зарарсыздандыру және дайындау;
5) микроорганизмдерді беттік және түптік культивирлеу;
6) дайын өнімді бөліп алу;
7) ағын су мен газ қалдықтарын тазарту.
Микробиологиялық өндіріс зауыттарында жоғарыда келтірілген технологиялық процестің сатылары арнаулы цехтарда және бөлімдерде жүргізіледі. Шикізатты дайындауда құрамында көміртегі бар материалдар мен шикізаттар, минералды тұздар, қоректік ортаны дайындау сатысына келіп түседі. Қоректік ортаның бір бөлігі егіс материалды дайындау үшін инокуляторға жіберіледі,ал қалған бөлігі микробиологиялық процестің негізгі аппараты – ферментерге жіберіледі. Зарарсызданып дайындаған ауа мен егіс материалы ферментация сатысына келіп түседі, осы жерде аэрациялау мен араластырудың нәтижесінде микроорганизмдердің қарқынды өсуі мен көбеюі жүреді. Содан соң культуральды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу сатысына келіп түседі, культуральды сұйықтық биомассаға бөлінуге және өңделген культуралды сұйықтық бөлінуге жіберіледі. Өндірістерде культуральды сұйықтан биомассаны бөліп алмай-ақ ферментерден тікелей соңғы дайын өнімді бөліп алу сатысына да жіберіледі.
Биомасса бөліп алынғаннан кейін, соңғы дайын өнімді бөліп алу сатысында, дайын өнімнің қай жерлерде екеніне байланысты биомассаның өзі немесе культуральды сұйықтықтың өзі жіберіледі.
Әрбір микробиологиялық өндірістің өзіне тән ерекшеліктері болады. Технологиялық процесс әрбір сатыларда іс жүзінде кездесіп отырады. Шикізат көзіне байланысты кез келген өндіріс сатыларында өзінің сызба-нұсқасы, шикізаты өңдеу мен тасмалдау сияқты және тағы басқалар да болады.
Егіс
матералын алу
Ауаны дайын- дау
Қоректік ортаны
дайындау
Фермент- ация
Биомассаны
бөлу
Соңғы
өнім-ді бөліп алу
Ағын суды тазарту
Су қоймасына
жіберу
2 Сызба нұсқа- Биотехнологиялық өндірістің типтік сызба нұсқасы
Микроорганизм-продуцентінің физиологиялық ерекшелігіне қарай микроорганизмді культивирлеуге қолайлы жағдай таңдалады (ферментер конструкциясы, ауаны дайындау және ауаны беру сияқты тағы басқалар).
Әртүрлі биотехнологиялық өндірісте технологиялық сызба нұсқалардың “соңғы” сатысында, демек соңғы өнімді бөліп алу сатысында үлкен айырмашылықтар бар. Микробиологиялық синтездегі дайын өнім микроорганизмдердің массасы болып саналады, соңы өнімді бөліп алу сатысы айтарлықтай қарапайым, биомассаны концентрлеу мен кептіру арқылы жүргізіледі.
Егерде соңғы өнім-метоболит болса, өмір сүргіш микроорганизмдердің өнімі жасуша ішінде немесе культуралды сұйықтықта болады, онда соңғы өнімді бөліп алу сатысы бірнеше есе күрделі операциялардан жүреді. Бірақ бұл ерекшеліктер биотехнологиялық өндірістің жалпы технологиялық процесінің сызба нұсқасын өзгертпейді.
Микробиологиялық синтездің нәтижелі болуы, технологиялық сызба- нұсқаның әрбір сатысының жеке-жеке қарастырылуына және жұмыстың нәтижелі жүргізілуіне байланысты.
