- •Есимова анар мәденқызы
- •Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •Биотехнология аумағына жалпы мәлімет
- •1 Сурет - Микроскоп
- •Микрроорганизмдердің химиялық құрамы
- •Тыныс алу барысында микроорганизмдер энергияны тек жылу күйінде ғана емес,басқада формада,химиялық электр тогы және жарық күйінде де қамти алады.
- •Микроорганизмдерді культивирлеу әдістері
- •Микроорганизмдерді үздіксіз култивирлеу
- •Микроорганизмдерді үздіксіз культивирлеу жағдайлары
- •Үздіксіз культивирлеу процесіндегі микроорганизмдердің өздігінен реттелу қабілеті
- •Үздіксіз культивирлеу жүйесінің классификациясы
- •Бақылау сұрақтар
- •Егіс материалын алу сатысы
- •Микроорганизм культурасын сақтау әдістері
- •Цехтағы таза культурадан егіс материалын алу технологиясы
- •Бақылау сұрақтар
- •Қоректік ортаны дайындау сатысы
- •Микроорганизмнің қоректенуі
- •Қоректік ортаны дайындауға арналған шикізат
- •Қорғасын - 0,1 Мырыш - 5,0
- •Қоректік ортаны дайындау технологиясы
- •Бақылау сұрақтар
- •Ауаны зарарсыздау және тазарту сатысы
- •Бақылау сурақтар
- •Ферментация сатысы
- •Ферментация процесінің технологиялық ерекшеліктері
- •Ферментердың құрылысы
- •Биосинтез процесінде аэрациялау және араластыру
- •Көбіктің пайда болуы және көбік сөндіргіш
- •Бақылау сұрақтар
- •Культуральды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу және концентрлеу сатысы
- •49 Сурет - Барабанды вакуум - фильтрдің жұмыс істеу сызба нұсқасы
- •Бақылау сұрақтар
- •Микробиологиялық синтездің дайын өнімін бөлу сатысы
- •Инактивтелген биомассаны бөліп алу
- •Культуральды сұйықтықтан метоболизм өнімін бөліп алу
- •55 Сурет - Эмульсияны бөлудегі табақша барабан сепаратордың сызба нұсқасы:
- •Жасуша биомассасынан метаболизм өнімін бөліп алу
- •Тіршілік етуге қабілетті микроорганизмдерді бөліп алу
- •Бақылау сұрақтар
- •Газ қалдықтарын және ағын суды тазарту сатысы
- •Бақылау сұрақтар
- •Биотехнология өндірісіндегі техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
- •Бақылау сұрақтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Корректор: Есiмов Еркебұлан Есенбекұлы
- •Есимова анар мәденқызы биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •050720- Химия технология мамандығының студенттеріне арналған оқу
Бақылау сұрақтар
Ағын су деп нені айтады?
Ластанған ағын суды оттегінің биохимиялық тұтынуы (ОБТ) негізгі көрсеткіштердің бірі екендігін қалай анықтайды?
Биотехнологиялық өндірісте ағын суды тазартуда қандай бес түрі қолданылады?
Биотехнологиялық өндірістегі ағын суда қандай негізгі ластаушы зат бар?
Ағын суды биологиялық тазарту неге негізделген?
Биофильтрдің жұмыс істеу принципі немен қорытындыланады?
Аэротенканың жұмыс істеу принципі және құрлысын түсіндір.
Активті ил қандай болып келеді?
Метан ашудың спецификасы немен қорытындалады?
Метантенктің жұмыс істеу принципін және құрлысын түсіндір.
Ферментатерден шығарылған ауаны тазарту қалай іске асырылады?
Циклонда ауадан шаңды жою неге негізделген?
Биотехнология өндірісіндегі техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау Қазахстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағыталған,сондай-ақ еңбек қауіпсіздігіндегі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді. Елімізде еңбек қауіпсіздігінің стандартты жүйесі ЕҚСЖ қолға алынған, әрбір өндіріс саласының өз технологиясы болады, сондықтан жобаны жасауда құрлысты тұрғызуда, жаңарту кезінде техника қауіпсіздік ережесі ескертілуі керек.
Технологиялық процесстердің тізбектелген сатысы жүретін цехтар мен бөлімдерді тұрғызған кезде, еңбек қауіпсіздігі, өрт, жарылыс мәселелері жалпы құжаттар негізіне сәйкес болуы керек.
Шикізаттар мен дайын өнімдер сақталатын қоймаларда өрт және жарылысқа қарсы қоланылытын құрал- жабдықтар болуы тиіс. Тез тұтанатын және жанатын сұйықтықтар, құрғақ ашытқылар мен биопрепараттар бөлек қоймаларда сақталады, қоймаға жақын жерде ережеге сәйкес қашықтықта өрт сөндіретін құрал – жабдықтар сай тұрады. Органикалық ерітінділер мен жанғыш заттармен жұмыс істейтін, жарылыс қауіпі бар цехтар болады. Бұл цехтарда өрт кезінде шығып кететін есіктері болады,төбесі жарылыс кезінде оңай ұшып кететін материалдан жабылады. Цехтарда өндірістік апат болған жағдайда қолдану үшін, барлық қоймаларда өрт сөндіруге арналған алғашқы көмек беретін құрал-жабдықтар және автоматты жүйеде өрт сөндіредін қондырғылар орнатылады.
Кейбір дыбысты естіртпейтін орында қатты дыбыс шығарып жұмыс істейтін қондырғылар, құрал-жадықтар арнаулы амортизацияланған жастықшалар орналатылады. Қатты шу дыбыс адамның басын ауыртып тез шаршатады, кейде құлақтың дыбысты есітпей қалуына әкеліп соқтырады, сондықтан шуды бәсеңдетуге үлкен көңіл бөлінеді.Зауыттың барлық цехтары, қоймалары, қондырғылары бір – бірімен үздіксіз технологиялық процесте жүріп тұруына лайықталып тұрғызылып байлады. Шикізаттарды, қоректік ортаның ерітінділерін және басқада газ күйіндегі өнімдерді құбырөткізгіш арқылы тасымалдағанда, олардың арнайы өнімінің қасиетіне қарай, еңбек қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік стандартқа сәйкес тасымалдайтын құбыр өткізгіште өтетін затқа қарай әртүрлі түске боялады, су құбыры - жасыл түске, бу өтетін құбыр – қызыл, ауа жүретін құбыр – көк, жанатын және жанбайтын газдар- сары, қышқылдар- қызыл сары, сілтілер – күлгін, жанатын және жанбайтын сұйықтықтар – қоңыр, басқа да қоректік орта культуральды сұйықтық – сұр түске боялып қойылады (сырланады). Өртке қарсы қолданылатын құбыр өткізгіш қызыл бояумен боялады.
Құрғақ өнімдерді тасымалдаған кезде арнаулы қауіпсіздік шаралары қолданылады, құбыр өткізгішті жарылыстан сақтайтын арнаулы клапондар орналастырылады.Өндіріс орындарына қондырғыларды, құрал-жабдықтарды орналастырған кезде, олардың жөндеу жұмыстарын жүргізген кезінде олар бөгет болмауға лайықтап орналастырылады. Қондырғы жабдықтардың арасы аспаптардың жұмысын үздіксіз бақылап отыратын адамның жүріп – тұруына қолайлы болуы керек.
Жұмыс алаңындағы баспалдақтың жиектері мықты материалдан жасалынады.Технологиялық процестің әрбір кезеңінде алынған биопрепараттардың өзіне сәйкес ерекшеліктері болады, технологиялық регламентке сәйкес болуы керек.Технологиялық регламентте «Қауіпсіздіктің негізгі ережелерін процеске енгізу»деген бөлім міндетті түрде болуы керек.
Биотехногиялық өндіріс зауыттарында күрделі аппараттар кеңінен қолданылады.Оларға жататындар: жоғары қысымда жұмыс істейтін (гидролиз – аппараттары, ферментер және тағы басқалар), жоғары температурада істейтін ( кептіргіштер, бу қондырғылары және тағы басқалар ), жоғарғы жылдамдықта айналатын аппараттар (сепараторлар , центрифугалар және тағы басқалар)жатады.
Бұл аппараттарда жұмыс істеу үшін, техника қауіпсіздік ережелері жасалады, оған бас инженер колын қойып бекітеді, көрінетін жерге іліп қойылады.Бұл нұсқауды аппаратта жұмыс істейтін әрбір жұмысшы міндетті түрде білуі тиіс.
Мұндай аппаратта аппатсыз жұмыс істеудің негізгі шарты болып жоспарланған–ескертілген жөндеуді ЖЕЖ өз уақытында жүргізу және эксплуатация ережесін дұрыс сақтау саналады. ЖЕЖ жасау уақытын өзгерту немесе төмен категорияда жөндеуге ауысуы тек бас инженердің рұқсатымен және арнайы акті жасаумен іске асырылады. Жөнделетін құрал – жабдық мұқият тазалануы және зиянды заттардан жуылуы керек. Құрал – жабдық жөнделгеннен кейін эксплуатацияға жіберер алдында бос күйінде қосылып тексеріледі.
Жоғары қысымда жұмыс істейтін аппараттарда техника қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді.Аппарат эксплуатациясы 0,67 кПа қысымнан жоғары қысымда жұмыс істесе, қауіпсіздік және құрылыс ережесіне сай болу керек. Қысыммен жұмыс істейтін аппаратта қауіпсіздік ең алдымен мына жағдайларға байланысты: кез – келген құбыр өткізгіштен буды, газды немесе сұйықты өшіру мүмкіндігі, аппараттағы сұйықты төгу немесе газды шығару.Одан басқа да барлық бақылаушы өлшегіш аппаратуралар сапалы, сенімді жұмыс істеу керек және қатты жақсы дәнекерленіп бекітілуі қажат.
Электротехникалық құралдар, барлық технологиялық процесте бар және сол себепті жұмысшылардың электр тогімен жараланбау қауіпсіздік шаралары жасалуы керек: Электр құралдарын орналастыру, «Электр құралдарын қондыру ережесіне» (ЭҚЕ) сәйкес болады. Барлық электродвигательдерді қосуда қондырғы искра беру мүмкін, сол себептен олар жарылысқа төзімді жасалуы керек.
Өндірісте үлкен қауіпсіздік тудыратын статикалық электр рзрядталуынан, олар сұйықтардың, газдардың, будың, үгілгіш заттардың араласуына әкеліп соқтырады, жанатын газ бен ұнтақтар шашырауы мүмкін, олар диэлектриктер болып аталады.Қорғанудың ең қарапайым әдісі болып техникалық құралдарды жер асты орнату керек, демек статикалық электрдің зарядының жиналуы.
Биотехнологиялық өндіріс, зауттардың бөлімдерінде ластанған ауа қауіпті болып келеді. Бұл барлық цехтар мен бөлімшелерге қатысты. Ауа құрамында: қоректік орта дайындау бөлімінде – кептірілген компонент ортасындағы шаң, экстракцияны және өнімді бөлу бөлімшесінде – будың және культуральды сұйықтық ертінділері, буып түю бөлімінде препараттар ұнтақ тәрізді ұнтақ бөлшектер және микроорганизм споралары және т.б. болады. Бұл жағдайды болдырмау үшін шаңды азайту үшін құралдар жабдықтар мен бөлімшелерде герметизациялау жұмысын жүргізу керек.
Биотехнологиялық өндірістің негізгі ерекшелігі болып биологиялық активті заттармен қарым – қатынас жасау болып табылады. Ферментация және егіс материалын дайындау сатысы биомассаны бөлу және кептіру. Беттік активтік заттар жұмысшылардың ағзасына дем алу жолдары арқылы түсіп, көптеген аллергиялық реакциялар тудырады. Мұндай жерде жұмыс істеу кезінде респираторды қолдану қажет, микроорганизмдер беттік активтік заттар продуценті есебінде қолданылады өзінің патогендігімен ажыратылады. Олардың кейбіреуі шартты патогенді, көбісі аз патогенді немесе патогенді емес болып келеді. Candida тұқымдас шартты патогенді микроорганизмдер, адамның терісінде, сілекейлі қабықша және асқазан ішектерінде дамиды. Олар ауру қоздырғыш кандидоз деп аталады. Авитаминозбен немесе адам ағзасы әлсіреген кезде кандидоз ауруына шалдығуы мүмкін.
Биотехнологиялық өндірісте жұмысшылар жұмыс істейтін жерді, желдеткіштің көмегімен ауа тазартылып отырады, ауруға шалдықпауға болады. Жұмысшы бөлмелеріндегі ауа оптимальді температураға дейін жылытылып және тазартылады. Барлық уақытта ауадағы токсинді газ бен бу тексеріліп отырады.
Кейбір биотехнологиялық өндірістегі жұмыс алаңшасында болатын ауадағы заттардың концентрациясының құрамы (ПДК) барынша қажетті концентрация төменде көрсетілген мг/м3
Аммиак 20 Күкірт қышқылы 1
Ацетон 200 Тұз қышқылы 5
Бензин 300 Көмірсутектер 300
Азықтық ашытқы 6 Формалин (формальдегид) 0,5
Натрий гидроксиді 0,5 Төтрхлорлы көміртек 20
Метил спирті 5 Этил спирті 1000
Азот қышқылы 5
«Жұмыс алаңының ауасы», «Жалпы санитарлық – гигиеналық талаптарға » сәйкес болуы керек, жұмысшы орындарындағы ауаның құрамын қадағалап отыру қажет. Еңбекті қорғау ережесінің талаптары орындалуын бөлім жетекшілері (лаборатория, бөлім, цех басшылары), ал өндірістің барлық бөлімшелеріне директор мен бас инженер жауапты болады. Әрбір жұмысшы өндіріске жұмысқа орналасар алдында техника қауіпсіздік ережелерін өтеді.Аппаратта күрделі құрал-жабдықтарда жұмыс істейтіндер арнайы оқу курсын оқып емтихан тапсырады.
Әрбір жұмысшы биотехнологиялық өндірісте санитарлық-гигиенасын, техника қауіпсіздігін сақтау керек.Ең маңыздысы биотехнологиялық өндірісте барлық жұмысшылар өз уақытысында медициналық тексеруден өтілуі қажет.
