- •Есимова анар мәденқызы
- •Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •Биотехнология аумағына жалпы мәлімет
- •1 Сурет - Микроскоп
- •Микрроорганизмдердің химиялық құрамы
- •Тыныс алу барысында микроорганизмдер энергияны тек жылу күйінде ғана емес,басқада формада,химиялық электр тогы және жарық күйінде де қамти алады.
- •Микроорганизмдерді культивирлеу әдістері
- •Микроорганизмдерді үздіксіз култивирлеу
- •Микроорганизмдерді үздіксіз культивирлеу жағдайлары
- •Үздіксіз культивирлеу процесіндегі микроорганизмдердің өздігінен реттелу қабілеті
- •Үздіксіз культивирлеу жүйесінің классификациясы
- •Бақылау сұрақтар
- •Егіс материалын алу сатысы
- •Микроорганизм культурасын сақтау әдістері
- •Цехтағы таза культурадан егіс материалын алу технологиясы
- •Бақылау сұрақтар
- •Қоректік ортаны дайындау сатысы
- •Микроорганизмнің қоректенуі
- •Қоректік ортаны дайындауға арналған шикізат
- •Қорғасын - 0,1 Мырыш - 5,0
- •Қоректік ортаны дайындау технологиясы
- •Бақылау сұрақтар
- •Ауаны зарарсыздау және тазарту сатысы
- •Бақылау сурақтар
- •Ферментация сатысы
- •Ферментация процесінің технологиялық ерекшеліктері
- •Ферментердың құрылысы
- •Биосинтез процесінде аэрациялау және араластыру
- •Көбіктің пайда болуы және көбік сөндіргіш
- •Бақылау сұрақтар
- •Культуральды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу және концентрлеу сатысы
- •49 Сурет - Барабанды вакуум - фильтрдің жұмыс істеу сызба нұсқасы
- •Бақылау сұрақтар
- •Микробиологиялық синтездің дайын өнімін бөлу сатысы
- •Инактивтелген биомассаны бөліп алу
- •Культуральды сұйықтықтан метоболизм өнімін бөліп алу
- •55 Сурет - Эмульсияны бөлудегі табақша барабан сепаратордың сызба нұсқасы:
- •Жасуша биомассасынан метаболизм өнімін бөліп алу
- •Тіршілік етуге қабілетті микроорганизмдерді бөліп алу
- •Бақылау сұрақтар
- •Газ қалдықтарын және ағын суды тазарту сатысы
- •Бақылау сұрақтар
- •Биотехнология өндірісіндегі техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
- •Бақылау сұрақтар
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Корректор: Есiмов Еркебұлан Есенбекұлы
- •Есимова анар мәденқызы биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •Биотехнология өндірісіндегі технологиялық сызба нұсқа
- •050720- Химия технология мамандығының студенттеріне арналған оқу
Инактивтелген биомассаны бөліп алу
Қазіргі кезде көптеген биопрепараттар микробиологиялық концентрат түрінде өндіріледі. Микробиолгиялық концентраттың негізгі бөлімі ауыл шаруашылығының мал азығын құнарландырауға қоспа ретінде ( азықтық ақуыз, азықтық антибиотик, аминқышқылы, фермент) қолданылады.
Микробиологиялық концентраттар культуральды сұйықтық белгілі ылғалдылыққа дейін кептірілген болып келеді. Демек, олар микроорганизм биомассасын, оның метоболизм өнімдерін, қоректік ортаның қалдық компонентін, көбік сөндіргішті және т.б. құрайды.
Кейбір жағдайда концентрат алуда культуральды сұйықтықты өңдеу қажет болады, дайын өнімді концентрлеу мақсатында немесе қажет емес компонент бөлінгенде.
Микробиологиялық концентратты алуда басқа биопрепаратпен салыстырғанда соңғы өнімді бөлу сатысының технологиясы қарапайым.
Жалпы барлық микробиологиялық концентрат үшін суды толығымен немесе суды біртіндеп жою болып саналады. Концентрат алуда негізгі технологиялық операция - булау және кептіру.
Тасымалдауда, ұзақ уақыт сақтауда жарамды ақуыз препаратын алуда жасуша биомассасының ылғалдылығын 8-10 % дейін кептіру керек. Микроорганизм массасының маңызды жағдайы, бағалы биологиялық активтік зат тез жойылып және әрмен қарай бұзыла бастайды.
Жасуша суспензиясы буланғаннан кейін, құрғақ заттың 24-26 % құрайтын арнайы кептіргіш қондырғыда кептіріледі.
Кептіргіш қондырғы. Жаншып үгетін білікті кептіргіш өнімділігі аз өндірілетін өндірісте қолданылады. Кептіру процесіндегі мұндай аппаратта айналатын барабанның ыстық бетіне биомасса суспензиясы жанасады. Мұндай кептіргіштің құрылысы бір және екі білікті батырылған және батырылмаған кептіргіш болып келеді. Батырылмаған ВСГ типтегі екі білікті кептіргіш екі жартылай көлденең болаттан жасалған барабаннан тұрады (50-сурет). Барабанның бу берілетін жанында жабылатын қақпағы бар. Барабан қатаң параллель құрастырылған.
50 Сурет- Екі білікті батырылмаған типтегі бу кептіргіш:
1-көлденең шнек;2-пышақ;3-қима;
4-барабан; 5-қақпақ; 6-конденсатты шығаратын түтік;
Барабанның жанының жоғарғы жағында барабан мен ваннаның арасында сына орнатылған, оған бимомасса концентраты үздіксіз түседі.
Биомасса концентраты ваннада шамамен 1000С температураға дейін қыздырылады және осы кезде судың бір бөлігі буланып кетеді. Барабан бір – біріне қарама – қарсы айналғанда жасуша биомассасы жұқа қабатпен оның бетіне жағылады, және ылғалдылығы 8-10 % дейін кептіріледі.
Құрғақ биомасса барабанның бетінен пышақпен сылынып алынады және көлденең шнекке құйылып түседі.Содан соң буып түюге беріледі.
Батырылған типтегі екі білікті кептіргіш аппарат СДА 1200/3600 жоғарыда айтылғаннан айырмашылығы бар кептіргіш барабан жасуша суспензиясымен ваннаға батырылған және өздігінен жұмыс істейді (51-сурет).Суспензия ваннада бұлғағыш араластырғышпен араластырылады, ваннаға берілер алдында жылу алмастырғышта қыздырылады. Білікті кептіргіште ақуыздың жоғалуы 15 % жетеді.
51 Сурет- Екі білікті батырылған типтегі бу кептіргіш:
1-шнек; 2-пышақ; 3-барабан;
4-ванналар; 5-араластырғыш;
6-жылуалмастырғыш;
52 Сурет - Ортадан тепкіш шаңдатқыш кептіргіш:
1- ортадантепкіш шашыратқыш механизм;
2-бағыталған аппарат;
3-жылу тасмалдауға арналған газ өткізгіш;
4-кептіргіш камера;
5-өнім жинауға арналған затвор;
6-пневмотранспорт құбыры;
Шашыратқыш кептіргіш микробиологиялық синтездің көптеген өнімін өндіруде қолданылады. Олар кептіргіш агенттің кептіргіш материалымен әрекеттесу әдісімен ажыратылады (тура ағымдағы, қарама – қарсы ағымдағы немесе аралас ағымдағы) температурамен және газ-тасымалдағыш құрамымен, шашыратқыш механизм қондырғысымен және т.б.
Азықтық ашытқыны кептіруде өнімділігі жоғары шашыратқыш кептіргіш қолданылады. 52-суретте ортадан тепкіш күш шашыратқыш кептіргіштің төменнен кептіргіш агент жүргізілген сызба нұсқасы келтірілген.
Ашықтық суспензиясы үздіксіз аз қысыммен үздіксіз шашыратқыш механизм табанша дискіге беріліп отырады 53-сурет.
Ортадан тепкіш күштің әсерінен диск айналғанда пайда болатын ертінді қабықша түрінде үздіксіз жоғарғы жылдамдықпен дискінің шет-шетіне көшеді және майда тамшыға 50-70 мкм ыдырайды. Кептіргіш агент (қыздырылған ауа немесе түтінді газ ауамен араласқан) кептіргіш камераға газ өтетін түтікпен беріледі, ол аппаратураға бағыттағыш аппарат көмегімен кептіргіш камерадан шығарылады, жылу тасымалдағыштың үлкен жылдамдығы құрылады және бір мезгілде спирал тәрізді жылу тасымалдағыштың жылжуы бағытталады.
Кептіргіш агенттің алғашқы температурасы азықтық ашытқыны кептіруде 300-3500С температураға жетеді. Ашытқы суспензиясы шашыратқыш жылу тасымалдағышпен контактіде болып суды кептіреді.
53 сурет - Шашыратқыш механизм:
А-радиальды табаншамен; б-биіктігі ұлғайған табаншамен;
1-табан; 2-қақпағы; 3-корпус; 4-білік.
Ашытқы суспензиясынан судың булануы шашыратқыштың жоғары дәрежесінің арқасында кептіргіш агент тез салқындайды және оның температурасы кептіргіштен шығарылады 900С температураға жоғарыламайды.Кептірілген ашытқы осы температурадан жоғары қыздырылмайды.
Құрғақ азықтық ашытқы ұнтақ түрінде кептіргіштің төменгі конусты бөлігіне келіп түседі, содан үздіксіз жойылады. Қолданылған жылу тасымалдағыш кептіргіш камерадан газ жүретін жерден шығарылады. Ашытқының бір бөлігі (15-20 %) жылу тасымалдағышпен бірге шығарылады және оны ұстау үшін арнайы шаң ұстағыш аппараттар – циклондар орнатылады.
Құрғақ ашытқы конусты кептіргіштен және циклоннан пневмотасымалдағышпен буып түюге беріледі.
Шашыратқыш кептіргіш күрделі және қауіпсіз қондырғы, сол себептен оның жұмысын автоматтандыруға болады.Кептіру процессін автоматты басқару, процесті тиімді етуге көмектеседі, кептірілген өнімнің сапасын жоғарылатады, отынның және энергияның меншікті шығынын қысқартады.
