Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник по Биотех. микроорганизмов для конурс п...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.31 Mб
Скачать

49 Сурет - Барабанды вакуум - фильтрдің жұмыс істеу сызба нұсқасы

І-фильтрлеу

ІІ-кептіру

ІІІ -жуу және кептіру

ІҮ-үрлеу және ұлпа регенерация

Барабан өзінің нысана бойымен жәймен айналады, культуральды сұйықтық сиымдылық ыдыстың бетіне 0,3-0,4 үздіксіз беріліп отырады. Фильтрлеуші барабанның беті бір қатар тік бұрышты ұяшықпен бөлінген, бір–бірінен оқшауланған.Ұяшықтар таратқыш қондырғы арқылы қосылған.Әрбір ұяшық тізбектеле фильтрленеді, бірінші құрғату, жуу, екінші құрғату, тұнбаны жою, және ұлпаның регенрациясы.

Фильтрлеу аймағында культуральды сұйықтық ұяшыққа жанасады және түтіктің аузымен жалғасады, ол вакуум көзі болып саналады. Мұндай кезде фильтрат түтік арқылы жинағышқа жіберіледі, ал ұяшықтың бетінде тұнба пайда болады.

Фильтрде тұнба бірінші атмосфералық ауамен жанасқан құрғату аймағында болады. Вакуумның әсерінен сұйықтық тұнба саңылауынан ығысады және фильтратпен бірігеді.

Жуылатын аймақта құрғатылған тұнбаға бүркегіш қондырғы арқылы су беріледі, Жуылған сұйықтық түтік арқылы жинағышқа жіберіледі.

Тұнбаны жоятын аймақта ұяшық түтіктің аузымен қосылады, ол сығылған ауамен бірігеді.Сығылған ауаның әсерінен фильтраттың қарама – қарсы жағына жіберіледі, тұнба ыдырайды және матадан ажыратылады, содан соң пышақпен сылынып алынады. Регенерация аймағында мата сығылған ауамен үрленеді, ол түтік арқылы ұяшыққа келіп түседі де сығылған ауамен бірігеді.

Бақылау сұрақтар

  1. Бастапқы қоректік ортаның құрамынан ферментация прцесінен кейінгі культуралды сұйықтықтың құрамын немен ажыратады?

  2. Өндіріс аппаратында культуралды сұйықтықтағы микроорганизм биомассасының қандай санын алады?

  3. Культуралды сұйықтықтағы жасуша биомассасын бөлу әдісін қай топқа жатқызуға болады?

  4. Қандай микроорганизмді концентрлеу үшін флотирлеу әдісі қолданылады?

  5. Бір сатылы флотатордың жұмыс істеу принципін түсіндір.

  6. Сепараторда культуралды сұйықтықтан биомассаны бөлу қандай күштің әсерінен жүргізіледі?

  7. Барабанды сепараторда микроорганизм жасушасы және сұйықтық қалай қозғалады?

  8. Культуралды сұйықтықты сепарирлегенде қандай артықшылығы мен кемшілігі бар?

  9. Биосинтез өнімін булау қандай температурада жүргізеді?

  10. Культуралды сұйықтықтың қайнау температурасын қалай ұстауға

болады?

  1. Биосинтез өнімін булауды қандай қондырғыда жүргізеді?

  2. Вакуум – буландырғыш қондырғыда жылуды қалай тұтынады?

  3. Культуралды сұйықтықты фильтрлеу жылдамдығы неге байланысты?

  4. Культуралды сұйықтықты фильтрлеуді жақсартуға қандай әдіс қолданылады?

  5. Рамалы фильтр – пресс құрлысының ерекшелігін және оның жұмыс істеу принципін түсіндір.

  6. Рамалы фильтр – пресстің артықшылығы мен кемшігі қандай?

  7. Барабанды вакуум -фильтр кемшілігі мен артықшылығы қандай?

  8. Барабанды вакуум – фильтрдің жұмыс істеу принципін түсіндір.

Микробиологиялық синтездің дайын өнімін бөлу сатысы

Ферментация сатысының соңғы өнімі болып, микроорганизм суспензиясын құрайтын культуральды сұйықтық саналады.

Культуральды сұйықтық болып үлкен мөлшерде араласқан күрделі компонент саналады, осының көбісі физико – химиялық қасиетке ие болады. Бірқатар еріген минералды тұздармен қатар көмірсу, ақуыз және басқа органикалық заттар мен жартылай диспересті коллоидты бөлшектердің белгілі санын культуральды сұйықтық құрайды. Олар көп компонентті ертінді ғана емес, және сонымен қатар суспензия болып табылады, бұл суспензияның дисперсті фазасы микроорганизм жасушасынан және мицелиядан тұрады, сондай-ақ қатты бөлшектен, көбінесе қоректік орта - ұн, жүгері экстрактісіндегі қауыздан және тағы басқалардан құралады. Культуральды сұйықтықтың сипатының ерекшелігі болып дайын өнімнің салыстырмалы құрамы саналады. Мысалы: ашытқы өндірісіндегі биомасса құрамы 5-10 % құрайды, ал бактериялық препарат өндірісіндегі биомасса құрамы 1-2 % аспайды.

Көбінесе микробиологиялық синтездің дайын өнімі әр түрлі факторлардың әсер етуі дәлелденген және тұрақты емес.Мысалы, ақуызды қыздырғанда сезімділігінің күштілігі, көптеген физикалық және химиялық әсері, ортаның рН өзгергіштігі. Дайын өнімді бөлу технологиясын өңдеуде, культуральды сұйықтықтың физико – химиялық қасиетін ескермегенде, оның дайын өнімдегі төменгі концентрациясын ескере кету керек және биопрепараттың дайын тауарлы формасының түрін ескерту керек. Барлық биопрепараттың тауарлы формасының технологиясы жағынан негізгі үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топта –инактивтелген жасушаның биомассасы негізінде және оны өңдеудеу енгізіндегі өнім, биопрепараттар (азықтық ашытқы, саңырауқұлақ мицелиясы және т.б.).

Екінші топта – микроорганизмнің метаболизмі негізіндегі тазартылған өнім, биопрепараттар (витаминдер, аминқышқылдары, ферменттер, антибиотиктер және т.б.).

Үшінші топта – микроорганизмнің өмір сүруге қабілетті негізіндегі, препарат (өсімдікті қорғайтын препараттар, бактериялы тыңайтқыштар және азықтықты силостау үшін ашыту т.б.).

Биопрепараттың тауарлы формасын таңдау өнімнің қасиетіне байланысты, қолдануға қолайлығына, тасымалдауда және сақтауда биологиялық қасиетін сақтауына байланысты және т.б.қарай таңдалады.

Микробиологиялық синтездің дайын өнімі болып микроорганизм биомассасының өзі болуы мүмкін (инактивтелген немесе тірі жасуша),әлде метаболизмнің өнімі культуральды сұйықтықта еріген күйінде немесе жасушаның ішінде болады .

Бірінші топтағы биопрепаратты алу үшін инактивтелген биомассаны бөлу, технологиясы жағынан қарапайым және культуральды сұйықтық концентрленген болып келеді (немесе одан биомасса бөліп алынған) және кептіріледі.

Метоболит негізінде өнімді бөліп алу технологиясына байланысты, культуральды сұйықтықта дайын өнімнің болуы немесе микроорганизм жасушасының ішінде болуы. Бірінші жағдайда осындай әдістер қолданылады, әлде экстракция әдісі қолданылады, әлде жасуша қабырғасын (бұзғасын) дезинтеграциялаудан кейін дайын өнімді бөліп алады.

Үшінші топтағы биопрепаратты алу үшін өмір сүруге қабілетті микроорганизмдерді бөліп алу(концентрлеу, кептіру) әдісін қолдану, бірақ өндірістің жоғарғы культурасы қажет болмайды.

Дайын өнімді өте жиі бөлуде бір ғана әдісті қолдану мүмкін емес. Сондықтан комбинирленген бірнеше әдістер қолданады.