Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник по Биотех. микроорганизмов для конурс п...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.31 Mб
Скачать

Қоректік ортаны дайындауға арналған шикізат

Биотехнологиялық өндірісте қоректік ортаны дайындау үшін әртүрлі заттар қолданылады, (минерал, жануар және өсімдік тектес) және химиялық жолмен синтезделетін табиғи заттар. Бұл заттар (ол шикізат деп аталады) қоректік орта құрамына кіреді, сондықтан олардың құрамында зиян келтіретін қоспалардың болуы мүмкін емес, бағасы қымбат емес және оңай табылатын болуы керек.

Шикізаттың барлық түрлері мемлекеттік стандарт талабына сәйкес болуы керек (МЕСТ). Күрделі табиғи зат немесе өндірістік қосымша өнім қоректік ортаны дайындау үшін шикізаттың жарамдылығына биохимиялық тексерулер қатаң жасалуы қажет. Шикізаттың негізгі түрлерін қарастырамыз.

Су

Қоректік ортаны дайындау үшін су құбырынан немесе ашық су қоймасынан алынған су өзіне тән өңдеулер жасалғаннан кейін суды қолданады. Су биологиялық таза, түссіз, дәмсіз және иіссіз, құрамында тұнба болмауы керек. Судың құрғақ қалдығы 1000 мг/л жоғары болмауы керек, жалпы тұтқырлығы 7 мг-экв/л көп болмауы керек. Өте тұтқыр су микроорганизмнің өсуін баяулатады. Судағы зиянды қоспалардың құрамы келесі мәндер көп болмауы керек, мг/л:

Қорғасын - 0,1 Мырыш - 5,0

Мышьяк - 0,05

Мыс - 3,0

Фтор - 1,5

1 мл судағы жалпы микроорганизмдердің саны 100-ден аспауы керек. Биотехнологиялық өндірістерде су тек қоректік ортаны дауындау үшін ғана емес, салқындату үшін, аппаратты жуу үшін қолданылады. Биотехнологиялық өндірістерде таза судың үлкен көлемін қажет етеді. Мысалы: нан ашытқысы өндірісінде 1т ашытқыны өндіру үшін 150-180м3 су жұмсалады.

Көміртегі көзі

Гетеротрофты микроорганизмдер көміртегі көзі ретінде және әртүрлі көміртегі қосылыстарын құрайтын энергияны қолдануға қабілетті. Бірақта микроорганизмнің әрбір түрі субстрат үшін бірінші орында көміртегін таңдайды. Осы микроорганизмнің көміртегі көзі ретінде қосылыстардың санының қолданылуы шектелген. Көміртегі қосылысын микроорганизм жұту қабілетін бірден сездірмейді. Ферменттер көміртегі болмаған кезде микроорганизм жасушасында белгілі бір затты ассимиляциялауға қатысады.Бұрыннан қолданылатын микробиологиялық синтездеуде көміртегін құрайтын шикізат болып көмірсулар саналады.Олар жасуша құрылысын синтездеу үшін микроорганизмдерді қолданады және сонымен қатар энергия көзінің міндетін атқарады. Микроорганизм үшін көміртегі көзіне ең қолайлысы көмірсулардың ішіндегі глюкоза, бірақ оның бағасы қымбат болуына байланысты метаболиттер биосинтезінде ғана қолданылады. Көп тонналы микробиологиялық өндіріс үшін, бағасы арзан көміртегін құрайтын өнім – ауыл шаруашылығының қалдықтары, целлюлоза-қағаз және тамақ өнеркәсібінің қалдықтары қолданылады, әсіресе көміртегі көзінің ішінде ағаш қалдығының ұнтағы қазіргі кезде шикізатты жаңарту категориясына жататындар жоғары орын алуда.

Глюкоза С6Н12О6 кристалл түрінде , судың 9% көп емес бөлігін құрауы мүмкін , күлділігі - 0,07% көп емес бөлігін, (соның ішінде темірдің 0,004% көп емес бөлігін) құрауы керек. Құрғақ заттың құрамында редуцирлеуші заттың 99,5% кем емес бөлігі болуы керек.

Сахароза (қант қызылшасы, тростник қанты) С12Н22О11 техникалық құрамы 99,75 % сахарозадан кем емес болуы керек, күлділігі 0,03 % болу керек. Ылғалдылығы 0,15 % дейін болуы керек.

Лактоза (сүт қанты) С12Н22О11, сүттің сары суынан алынған майды дайындағаннан кейінгі қалдығы болып саналады.50%қант концентрациясы қоюланғаннан кейін және кристаллизациясынан кейін лактоза концентраты алынады. Лактоза қант шикізаты 92 % кем емес қантты құрайды, судың 3% кем емес бөлігін құрайды, күлділігі 2% және сүт қышқылы 1% құрайды. Ақуыз санын көрсетпейді, бірақ ол 3% жоғарыламайды.

Крахмал – полисахарид түрінде болып келеді, өсімдік дәнінде кездеседі (өсімдіктің көміртегі қоры). Өндірістік масштабта картоптан және жүгеріден алынады. Микроорганизм ферменттің әсерінен крахмал глюкозаға дейін гидролизденеді. Сортына қарай (І, ІІ, ІІІ) байланысты, крахмалдағы күлділігінің құрамы 0,35 – 1,2% дейін жетеді.

Гидрол –крахмал өндірісінде стандартты емес өнім болып саналады. Қоңырлау, қоюлау өзіне тән иісі бар шырын болады. Шамамен 70 % редуцирлеуші зат құрғақ затта болады, демек 50 % қант техникалық өнімде болады. Гидрол қант негізінде глюкозадан тұрады. Глюкозадан басқа құрғақ зат құрамы шамамен 18 % ашытылмайтын қантты құрайды, бұл өнім глюкоза полимеризациясы, крахмалдың толық ыдырамаған бөлігі;қалған гидролдың көмірсуы идентифицирленбеген. Крахмал гидролизінде көмірсудан басқа органикалық қышқылдың біраз бөлігі пайда болады.Гидролдың рН (активті қышқылы) шамамен 4,0 құрайды; күлділігі 6 % көп емес болады. Күлдің негізгі бөлігі – бұл натрий хлориды; фосфор, магний, темір және аз мөлшерде гидролға қатысушы басқа элементтер болады.

Меласса – қант өндірісіндегі стандартты емес қосымша өнім, кристалл қантты екінші рет бөлгендегі қалған өнім. Түсі – қара қоңыр, тығыздығы 1,35 – 1,40 г/см3 болады. Меласса 61-68 % құрғақ затты құрайды , 40-55 % сахарозаны құрайды.Одан басқа 0,5-2,0 % инвертті қанттан тұрады және 0,5-2,5 % рафинозадан тұрады. Мелассада 1,1-1,5 % азот құралады, оның үшінші бөлігі бетаин формасында болады, микроорганизм оны қолдана алмайды. Мелассаның құрамына көптеген амин қышқылдары (аспарагин, глутамин, лейцин, изолейцин, тирозин) кіреді және В витамин тобы (биотин, тиамин, рибофлавин, инозит, никотин және пантотен қышқылы) кіреді. Әсіресе биотин үлкен мәнге ие (оның құрамы 80 мг/т).

Мелассалы күлде калий көп (30-40 %), магний (1,5-4,5 %),кальций (14 % дейін), темір және басқа да элементтер, бірақ салыстырғанда фосфор көзі аз болып келеді.

Мелассаны сақтау кезінде қанттың жоғалуы микроорганизм әрекетінің нәтижесіне байланысты болады.

Жүгері ұны. Жүгері ұнының құрамы жүгерінің сортына, оны өсіруіне және сақтауына байланысты ауытқып отырады.Орта есеппен алғанда 67-70 % крахмалды құрайды,шамамен 10 % басқа көмірсуды құрайды (клетчатка, пентоза, декстрин, еріген көмірсулар), шамамен 12 % ақуызды (30 % глютелин және 45-50 % козеин) құрайды. Ылғалдылығы шамамен 25 % аспауы керек. Күлділігі шамамен 0,9 % құрайды. Жүгері ұнының күлділік құрамында 45 % дейін, фосфор ангидриді, 30 % калий оксидін және 15% магний оксидін құрайды.Жүгері ұны антибиотик және фермент биосинтезі үшін қоректік ортада көміртегі көзі қызметін атқарады. Ол барлық дән өнімдерінің ішіндегі ең арзаны және оның бағасы оның ұнтақталған дәрежесіне байланысты.

Мелассалы барда спирт өндірісінің қалдығы, стандартты емес өнім болып саналады. Табиғи бардада 6-10 % құрғақ зат құралады. Барда құрамына ашытқы массасынан басқа амин қышқылы, гликол, сүт, янтар қышқылы, кальций тұзы, калий, натрий, марганец, кобальт, мыс, және бір қатар В витамин тобы қатысады.

Ацетонбутилді барда – органикалық ертінділер – ацетон мен бутил спиртінің микробиологиялық өндірісінің қалдығы стандартты емес өнім. Микробиологиялық синтез үшін шламды бөлгеннен кейінгі барда қолданылады. Барданың құрамына көмірсу, клечатка, азот құрайтын және күлді заттар кіреді.

Ағаш шикізаты. Көп жылдық өсімдік ұлпасы болып келеді, целлюлозаны, лигнинді пентозаны, гемицеллюлозаны және басқа да өсімдік ұлпасының жасушалы матриксі пайда болатынды құрайтын зат.Бұл шикізатта көміртегі көзі болып гексоза, пентоза, органикалық қышқылдар саналады. Шикізатта олар бос күйінде іс жүзінде кездеспейді, сондықтан шикізатқа арнайы өңдеулер жасалады: майдалайды және гидролиздейді (судың көмегімен ыдыратады) жоғарғы температурада гидролиз аппаратында жүргізіледі.Ағаштың полисахаридтері гидролиз процесінде суда еріген күйге моносахаридтерге айналады, микроорганизмдерді оңай сіңіреді. Микробиологиялық синтез үшін өнеркәсіптік өндірісте субстрат алу үшін ағаштың өзі емес ағаш өңдеудегі гарбіл, жаңқа, ағаш үгіндісі қолданылады.

Ағаш гидролизі процесінен алынған ертіндіні гидролизат деп атайды, микроорганизмді өсіру үшін субстраттың сапасын моносахарид құрамына қарай бағалайды. Гидролизаттағы қант құрамы ағаштың тегіне байланысты және гидролиз әдісіне және басқа да факторларына байланысты ажыратылады. Азықтық ашытқыны алуда целлюлоза өндірісінің қалдығы сілтілі сульфит кеңінен қолданылады.Гидросульфит кальций және күкірт қышқылды ортада ағашты қайнату процесінде сілтілі сульфит пайда болады. Целлюлоза бұл процесте сақталады, ал сілтілі сульфит ертіндісіне лигнинге, гемицеллюлозаға, шайырға, майға, минерал тұзыға ауысады. Сілтілі сульфит арнайы өңдеуден өткеннен кейін, биотехнологиялық өндірісінде этил спиртін және азықтық ашытқыны алуда қолданылады. Гидролизат алдында сулы немесе қышқыл гидролиздеуде ағаштың гемицеллюлозасы және пентозды қант және декстрин пайда болады.

Ағаш өңдейтін қалдықтан басқа және целлюлоза – қағаз өндірісінде целлюлоза құрайтын шикізат болып (мақтаның қауашағы, жүгерінің собығы, күн бағыстың, күріштің сабаны) саналады.Биотехнологиялық синтез үшін мұндай шикізатты дайындау гидролиздеуде целлюлозаны еріген қантқа дейін жеткізу болып табылады.Шикізатты жаңарту категориясына жататын өсімдік шикізатын биотехнологиялық өндірісте қолдануда үлкен көңіл аударылып отыр.

Торф химиялық құрамы бойынша өсімдікке жақын, ол содан пайда болған. Торфқа 50% дейін полисахарид қатысады. Қышқыл гидролиздеуден кейін белгілі жағдайда микроорганизммен торф оңай сіңірілетін моносахарид болып келеді. Микроорганизм формасына арналған фосфорлы және азотты торф құрайды.

Көмірсулар. Биотехнологиялық өндірісте азықтық ашытқы алуда құрлысы қалыпты Н – парафинді көмірсулар молекуласында көміртегі атомының 10-нан 27-дейінгі саны (С1027) “сұйық парафиндер”деп аталатындар қолданылады.Оларды мұнай фракциясынан алады және бастапқы және соңғы қайнау температурасы (280-320°С) болатыны сипатталады, сондай-ақ құрамы бойынша негізгі компонентті (99 % кем болмауы ) құрайды.

Микроорганизмдер газ тәрізді көміртекті көмірсуларды С14:метан СН4, этан С2Н6, пропан С3Н8 және бутан С4Н10 сияқтыларын сіңіруі мүмкін. Өндіріс көлеміндегі табиғи газды құрайтын метан үлкен мәнге ие. Метанның құрамы табиғи газ шығаратын жеріне байланысты және 94-96 % -дейін құрайды.

Метил спирті (метанол) СН3ОН түссіз оңай жылжитын сұйықтық, иісі этил спиртіне е

Ске түсіреді.Суда жақсы ериді,көптеген микроорганизмдермен сіңіріледі. Метил спиртін қолданудың болашағы көбінесе,оны алу әдісінің тиімділігіне байланысты.Ескере кету керек, адам өмірі үшін өте улы, адам баласы 30 мл қабылдаса өлімге әкеліп соқтырады.

Этил спирті (этанол) С2Н5ОН микроорганизмді өсіруде болашағы мол шикізат болып саналады. Этил спирті сумен жақсы араласады, улы емес, этил спиртінде алған биомассаға арнайы тазартулар қажет етілмейді. Биотехнологиялық және химиялық жолмен алынған этил спиртінің барлық маркасын көміртегі көзі ретінде қолдануға болады. Этил спиртінде изопропил спиртінің біраз саны, күкірт құрайтын қосылыс, органикалық қышқыл, күрделі эфир, диэтил эфирі, суда ерімейтін заттар қатысады.

Сірке қышқылы СН3СООН негізгі зат құрамында 60 % кем болуы керек, ал формальдегид НСНО және құмырсқа қышқылы НСООН- 1 % көп болмауы керек, оны көміртегі көзі ретінде қолданады.

Азот көзі

Өндірістік қоректік ортада азот көзі болып ақуыздар, пептидтер, бос аминқышқылы атқарады. Көбінесе өндірістік ферментацияда жүгері экстракті,соя ұны немесе ашытқы гидролизаты қолданылады. Минеральды азот құрайтын затта көбіне жиі күкірттің аммоний тұзы немесе азот қышқылы қолданылады.

Биосинтездеуге азот көзі ғана емес ортаның жалпы құрамы да байланысты, әрбір продуцент-штамм үшін ортадағы азот пен көміртегі қатынастары үлкен рол атқарады.

Жүгері экстракты сыртқы түрі қою сұйықтың ашық сарыдан қара қоңыр түстің ортасында, бір келкі қою масса болып келеді. Экстрактің химиялық құрамы жүгерінің сортына байланысты, өсіру, сақтау және кептіру шартына сондай-ақ суға жібіту процесінің жағдайына байланысты. Экстракт құрғақ зат құрамы 48 % кем болмау керек, есеп бойынша жалпы азот құрайтын заттар құрғақ экстракта 40-50 % дейін (6,4-8 % жалпы азот) болады. Жібіту процесінде жүгері ақуызын ферментативті гидролиздеуге болады,нәтижесінде экстракттың азот құрайтын затының шамамен жартысы амин қышқылы,полипептид және ақуыз болады.

Күлдің құрамы 24 % аспауы керек. Күлдің негізгі элементі фосфор, калий, магний болып табылады.Экстрактідегі жалпы фосфордың құрамы 5%-ке жетеді,бір бөлігі органикалық байланысқан қосылыста фитин түрінде болады.Одан басқа да экстрактіде В витамин тобы (биотинді) құрайды, кейбіреулері микроорганизмді өсіруші зат және биостимулирлеуші болып келеді.Олай болса, қоректік орта компонентті жүгері экстрактінің бағалылығы көміртегі және микроэлемент органикалық азот көзі ассимилирлеуші екені анық, балласты заттардың болмағаны жақсы.

Соя ұны соя дәнін ұнтақтағаннан алады,сондай-ақ соя майын алғаннан кейін пайда болатын соя сығындысынан және шроттан алынады. Соя ұнының шикізатын қолдану майсыз, жартылай майсыз болып бөлінеді. Одан басқа да соя ұны дезодорирленген (бумен өңделген) және дезодорирленбеген (бумен өңделмеген). Дезодорирленген соя ұны бір жыл уақыт сақталады, олай болса булау кезінде фермент инактивациясы болады, ал дезодорирленбеген (бумен өңделмеген) соя ұны 1,5-3 ай сақталады. Азот құрайтын заттары бар, әсіресе ақуызы бар соя ұнының негізгі бөлігі ферментация процесі үшін жоғарғы мәнге ие. Негізгі ақуыз болып глицин саналады, амин қышқылының барлығы болады, глутамин қышқылы ( ≈ 20 % ) құрайды, соя ұныныда 25 %-ке дейін көмірсу болады, сондықтан ол көміртегі көзі ретінде жиі пайдаланылады, күлдің құрамы 4,5-6,5 % құрайды. Күлдің құрамына шамамен 45 % калий оксиді кіреді, 30 % фосфор ангидриді және 7,0 % магний оксиді және кальций, сондай – ақ бірқатар микроэлементтер кіреді.Фосфор органикалық байланыс күйінде фитин түрінде (шамамен 75 %) болады.

Аммоний нитраты (аммиакты селитра) NH4NO3 түссіз кристалл, жылуды жұтумен бірге суда жақсы ериді. Ортаны қышқылдау үшін және азот көзі ретінде қолданылады.

Аммоний сульфаты (NH4)2SO4 жылуды өзіне жұтумен бірге суда жақсы ериді. Азоттың құрамы 20-21 %.

Карбамид ( мочевина ) CO(NH2)2-жоғары конценрленген (46,5 % азот) азот көзі.Қолданғанда, ескере кету керек термиялық жолмен зарарсыздауда карбамид бұзылады.

Амиакты су ( аммоний гидроксиді ) NH4OH - түссіз сұйықтық, өткір иісі бар, оңай ұшып кетеді, улы. Азот көзі ретінде қолданылады және ортаның рН реттеуші. Аммиакты судың құрамының І сортында 25 % кем емес, ал ІІ сортында 20 % кем емес азот бар.

Фосфор көзі

Аммофос. Фосфор көзі ретінде аммоний фосфаты кеңінен қолданылады, фосфор қышқылын аммиакпен нейтрализациялап алады:

H3PO4+NH3=NH4H2PO4

Моноаммонийфосфат

H3PO4+2NH3=(NH4)2HPO4

Диаммонийфосфат

H3PO4+3NH3=(NH4)3PO4

триаммонийфосфат

Көбінесе аммофос қолданылады, моно- және диаммонийфосфат қоспа түрінде болып келеді, сондай-ақ ерімейтін қоспа (шлам) түрінде болады. Шлам құрамына амофоста (фосфат темір, гипс және т.б. ) құрғақ зат массасының 6-7 % құрайды. Суда еритін фосфор ангидридінің Р2О5 құрамы аммофостың сортына қарай 36-48%-ке жетеді. Қоректік ортаның құрамына аммофосты қосар алдында фильтрлеу керек.Аммофос фосфор көзі ғана емес азот көзі болып табылады.

Ортофосфор (фосфор) қышқылы Н3РО4 фосфор көзі ретінде қолданылады және ортаны қышқылдауға қолданылады. Р2О5 құрамы 50,7 % болады.

Макро- және микро элементтердің көзі

Калий карбонаты К2СО3 негізгі заттың (І сорты) 97,5-98 % және (ІІ сорты) 92,5-93 % құрайды.Тұз өте гигроскопты.

Калий сульфаты K2SO4 ерігенде және полиминералды калий сульфат рудасын қайта кристаллизациялағанда алынады. Тауарлы өнімде сортына байланысты негізгі заттың құрамы 46-50% болады. Қоспа ретінде КCl, MgSO4 және басқа тұздар құрайды.

Калий хлориді KCl калий көзі экономика жағынан тиімді болып табылады. Калий рудасын қайта өңдеу жолымен алады. Сортына қарай негізгі зат құрамы 95-98 % құрайды. Ертіндіден кристаллизациялау арқылы алынады.

Магний сульфаты MgSO4 .Техникалық аты эпсомит MgSO4·7Н2О -кристалды ақ түсті зат, түсі сәл сарылау болып келген. Суда жақсы ериді. Эпсомитті сусыздандырғанда қыздырғанда кизерит MgSO4·Н2О алынады. Эпсомит құрамына 5-12 % NaCl; 0,5-1,0 % MgCl2 және бір қатар тұздар кіреді.

Марганец сульфаты MnSO4. Сусыз марганец сульфаты түссіз кристалды зат, сумен өңдегенде кристаллогидраттар пайда болады. Өндірісте MnSO4·5H2O қолданылады, ашық – розовый кристалды ұнтақ, суда жақсы ериді. Негізгі заттың құрамы 98 % құрайды.

Темір сульфаты FeSO4 сулы ерітіндіден кристаллогидрат түрінде FeSO4•7Н2О кристалданады, оны темір купорасы деп атайды. Стандартты темір сульфаты тазалығы жоғары өнім болып саналады және минимальды мөлшерде қоспа болады. Сулы ертіндіде сақтау процесінде екі валентті темір Fe2+үш валентті темірге Fe3+ дейін тотығады, ол ерімейтін тұнбаға Fe(OH)3 түседі. Техникалық тұздағы негізгі заттың құрамы 47-53 % құрайды.

Мырыш сульфаты ZnSO4 сулы ертіндіде түссіз ромбикті кристалл түрінде ZnSO4 •7Н2О кристаллизацияланады және мырыш купаросы деп аталады. Тұзда мырыштың құрамы 36-39 % құрайды.

Көмекші материалдар

Олейн қышқылы СН3(СН2)7СН=СН (СН2)7СООН- табиғатта ең кең таралған қышқылдың бірі, іс-жүзінде барлық жануарлар мен өсімдік майының бәрінде кездеседі. Көбік сөндіргіш ретінде қолданылады. Олейн қышқылын майдан гидролиздеп, майды ыдыратып бөліп алады. Техникалық олейн қышқылының қоспасындағы негізгі зат А маркасы және Б маркасы үшін және 95 %, В маркасы үшін 92% құрайды. Қайнау температурасы 3600С, балқу температурасы 100С –тан аспайды.

Табиғи көбік сөндіргіш ретінде сондай-ақ өсімдік майы қолданылады. Жасанды көбік сөндіргіш.Көбік сөндіргіш ретінде жасанды беттік-активтік зат қолданылады (БАЗ): кремний органикалық полимерлер (силоксандар), күрделі эфирлер, спирттер және т.б. ТМД-да ПМС -145А маркалы жасанды көбік сөндіргіш өндірісте шығарылды. Жасанды көбік сөндіргіш табиғи көбік сөндіргіштен шығыны 10 есе төмен.

Тұз қышқылы HCl биотехнологиялық өндірісте бастапқы концентрациясы болып 31 % кем емес тұз қышқылы қолданылады.

Күкірт қышқылы Н2SO4 қоректік ортаны қышқылдауда кеңінен қолданылады. Зауыттарда техникалық күкірт қышқылының H2SO4 құрамы 92,5-94 % қолданылады.

Каустикалық сода (натрий гидроксиді, күйдіргіш натрий) NaOH аппараттарды жууда қолданылады. Қатты каустикалық содада NaOH 92-96 % құрайды, сұйық каустикалық содада 42-45 % құрайды.

Бор – қатты әк, СаСО3 96 % -дейін құралады. Егер ферментация кезінде қышқыл пайда болғанда ортаның рН ұстап тұру үшін қолданылады, әк сүтінен тұнғаннан көмір қышқыл газын өткізеді, сондай-ақ табиғи ұнтақталған бор қолданылады. Бор ақ үгілгіш ұнтақ түрінде қолданылады, құрамында 1-2 % су, 96-98 % кальций карбонаты және магний құрайды. Ескере кету керек ,бордағы қоспа Mg, Al, Fe, Mn биосинтез процесіне кері әсерін тигізеді.

Формалин суда формальдегид ертіндісі НСНО 37-37,3 % болып келеді. Метил спиртінің 6-6,5 % және құмырсқа қышқылының 0,02-0,04 % құрайды. Зарарсыздандыратын зат ретінде қолданылады.

Антиформин комбинирленген зарарсыздандырғыш зат болып келеді: 1 м3 ерітіндіде 100 кг хлорлы әк, 75кг кальцинирленген сода Na2CO3 және 10кг каустикалық сода NaOH құралады.