Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник по Биотех. микроорганизмов для конурс п...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.31 Mб
Скачать

Қоректік ортаны дайындау сатысы

Микроорганизмді жинауға және микроорганизмді сақтауға, бөліп алуға, сондай –ақ биологиялық активтік затты алу үшін қоректік орта қолданылады, ол қажетті қоректік затты құрап қана қоймайды, сонымен қатар ол микроорганизмнің өмір сүретін ортасы болып саналады.

Культивирлеуге арналған ортаға компоненттің белгілі сандық және сапалық құрамы немесе жеке элемент (азот көзі, көміртегі, фосфор, микроэлемент, витамин және т.б.) қосылып қана қоймайды, сондай–ақ физика – химиялық және физикалық факторлары (қышқылдық активті, тотығу – тотықсыздану потенциалы, температурасы, аэрациясы және тағы басқалар) кіреді. Осы факторлардың барлығын бірге және әрқайсысын жекелеп алғанда микроорганизмдердің өсіп дамуына маңызды роль атқарады және оларда жеке физиологиялық және биохимиялық функция сезіледі. Осы факторлардың біреуі егерде өзгерсе онда ортада басқалардың да өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Микроорганизмнің зат алмасуына конструктивті алмасу (жасуша затының биосинтезі) және энергетикалық алмасу (энергия алу) жатады. Бұл процестер жасушада химиялық реакция түрінде жүреді, мұндайда конструкциялық және энергетикалық мақсатта бір ғана сол зат қолданылады.

Қоректік орта микрооранизмнің оптимальды өсуін қамтамасыз ететін негізгі затты құрауы керек. Биосинтезді іске асырылу үшін, жасушаның өсуіне және көбеюіне химиялық элементтің бәрін құрайтын қажет мөлшерді алу керек.

Конструкциялау және энергетикалық мақсатта элементтер ортаға қоспа түрінде қажет мөлшерде келіп түсуі керек, микроорганизм жасанды қабілеттілігімен анықталады; энергия көзінің формасы – оны алу әдісі. Микроорганизмнің жасанды мүмкіндігі және осының арқасында энергияны алу әдісі әр түрлілігімен ажыратылады, және қоректену көзінде микроорганизм әртүрлі қажеттілікті қажет етеді. Бұл ортаны құрастыру кезінде міндетті түрде ескерілуі қажет.

Универсальды орта, барлық микроорганизмді культивирлеу үшін жарамдысы жоқ. Қоректік ортаның құрамы микроорганизмнің әр түрлі зат алмасуымен және ерекшелігімен анықталады, көбнесе көміртегі көзіне және азот көзі, әр түрлі қатынаста көрсетіледі, және осы кезде минералды фон аз мөлшерде ауытқуы сезіледі. Бір микроорганизмге және соның өзіне әр түрлі орта қолданылады.

Физикалық жағдайына қарай ортаны үш топқа бөлуге болады: қатты (агар-агарда, желатинде немесе кремниилі пластинкада дайындалады), сұйық және сусымалы үлгігіш (ылғал кебек, бидай).

Ортаны құрамына қарай негізгі екі топқа бөлуге болады: табиғи және жасанды орта.

Табиғи орта деп химиялық құрамы анықталмаған ортаны айтады, оған жануар және өсімдік тектес өнімдер саналады. Табиғи ортаның негізгісі болып жасыл өсімдіктің әр түрлі бөлігі, жануардың ұлпасы, арпа, ашытқы, жеміс – жидектер саналады. Шикізатқа және дайындау шартына байланысты табиғи ортаның құрамы тұрақты емес. Оларды микроорганизм культурасын ұстау үшін, биомасса жиналу үшін және диагностикалық мақсат үшін қолданылады. Табиғи орта микробиологиялық өндірісте кеңінен қолданылады. Өндірістік ортаның құрамына көмірсуға бай заттар (жүгері ұны, гидрол, бидайдың ұны) азот (ақуызды өнім – соя ұны, қызылша сығындысы, жүгері экстракті) құрамы кіреді.

Жасанды ортаның құрамына кіретін бұл құрамы анықталған химиялық таза қосылыс, анық көрсетілген концентрациядан алынған зат саналады.

Жасанды орта дистиллденген суда ғана дайындалады. Жасанды орта өте қарапайым, олай болса, азырақ заттың санынан тұрады, ол әр түрлі компоненттердің көп санынан құралуы мүмкін, демек комплексті орта болуы мүмкін. Жасанды орта тек микроорганизмнің зат алмасуы мен физиологиясын оқып білу үшін қолданылады.