Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект. Лекция по Биот.микро. Есимова.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.81 Mб
Скачать

7 Сурет - Периодты процестен үздіксіз процеске ауысқанда жасуша

концентрациясының ауытқуын сипаттаушы қисық.

І - активтелу сатысы; ІІ - тұрақтандыру сатысы.

Ескере кету керек, үздіксіз культивирлеу кезіндегі берік күйдегі жағдай бірден пайда болмайды. Бөлу процесі басында байқалады, сол кезде биомассаның концентрациясы тепе-теңдік күйге жақын болады, бұл графикалық қисық толқын сызығымен сипатталады, олар жәймен түзу сызыққа өтеді (7-сурет). Кейде бұл кезеңді екі сатыға бөледі: І активтелу сатысы және ІІ тұрақтандыру сатысы.

Микроорганизм культурасын сақтау әдістері

Культураны сақтау әдісі микроорганизмдер қасиетіне негізделген немесе әсер етуші сыртқы ортаның жағдайларының өзгеруіне байланысты жасушамен зат алмасу процесі тоқтатылады. Демек, салқындату процесі кезінде жасушаның тіршілік ету қабілеті лезде баяулайды, ал мұздаған кезде, сусызданғанда жасуша анабиоз және анабиозге алдын жағдайға келеді. Бірақ, мұндай жасуша тіршілік ету қабілетін сақтап қалады және қалыпты жағдай орнаған кезде ол өзіне тән қажетті толық қалпына қайта келтіріледі. Культураны сақтауда келесі әдістер кеңінен таралған.

Тоңазытқышта сақтау. Бұл ең қарапайым әдіс, бұл пробиркалардағы агарланған ортадағы дайын культура +4 ÷ -4С0 температурада 1-2 ай бойы тоңазытқышта сақтайды. Культураны ұзақ уақыт сақтау үшін олардың физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін сақтау үшін оларды қайта егу қажет. Қайта егуді ұзақ уақытқа созбау керек, өйткені микроорганизмдер сақталу процесі кезінде ортадан қоректік заттарды пайдаланады және өнімдердің зат алмасуы жинала бастайды, олардың мұндай қасиеті зиян келтіреді.Одан басқада, микроорганизмдерді сақтау процесінде ортаның сусыздануы, ол культура қасиетінің өзгеруіне ғана емес және оның өлуіне қырылуына әкеліп соғады.

Минералды май қабаты астында сақтау.Культураны бірнеше ай бойы қатты ортада залалсызданған вазилин майының немесе парафин астында сақтауға болады. Ортаны кеуіп кетуден сақтау үшін май қабатының қалыңдығы, агар–агардың беткі қабатындағы қалыңдығы 1см кем қалыңдықта болмауы тиіс. Егер май қабаты қалың болса, онда оттегінің жетіспеуінен аэробты культураның өлуіне жойылуына әкеліп соқтырады. Культура толығымен физиологиялық жағдайы жетілгеннен кейін, оған залалсыздалған май құйылады.

Үгілмелі сусымалы материалда сақтау. Бұл әдіс өзінің қарапайымдылығына және сенімділігіне байланысты кеңінен қолданады. Мұндай микроорганизмдердің суспензиясы немесе споралары залалсыздандырылған сусымалы себілетін материалдарға салынады (құм, топырақ, дән), бөлме температурасында кептіріледі және мақта тығынмен нығыздалып жабылып шыны ыдыста сақталынады. Себілетін сусымалы материалдағы микроорганизм культурасын жаңарту үшін Петри табақшасында жуылады және агарланған қоректік ортаға қайта егіледі. Микроорганизм түріне қарай культураны бірнеше айға сақтауға болады.

Кейбір культураларды –165-1960С (сұйық азот температурасы) температурада қатырылған мұз күйінде сақтауға болады Культура 10 %-тік глицериннің сулы ерітіндісінде мұздай етіп қатырылады және оларды ампулаларға салып дәнекерлейді. Мұндай жағдайда кейбір микроорганизмдер барлық физиологиялық – биохимиялық қасиетін бірнеше жылдар бойы сақтай алады.

Сублимациялы кептіру. Қазіргі уақытта сублимациялы кептіру микроорганизмдерді ұзақ уақыт бойы сақтаудың ең қолайлы әдісі. Бұл әдіс күрделілігімен ерекшеленеді және бірнеше сатымен жүреді. Қорғаушы орта деген ортаны (сахароза, сорпа және тағы басқалар) алдымен микроорганизмнің культурасына қосады, жасушамен су өзара әрекеттесуінің арқасында лиофилизациялану жағдайы төмендейді, жасушаны инактивацияланудан сақтайды, содан кейін залалсызданған ампулаларға салынып, олардың бетін залалсызданған мақта тығынмен нығыздап жабады. Осыдан барып –350 -780 С температурада тез арада мұздай етіліп қатырылады. Мұздай етіп қатырылған культурасы бар ампулаларды ваккум-кептіргіш аппараттарға ауыстырады, бөлме температурасында және 1-10 кПа қысымда сублимациялы кептіруге 25-30 сағатқа қалдырады.Культура 5-6 жыл сублимациялы кептіргеннен кейін, физиологиялық ерекшелігін жоғалтпай, тез өсу қабілетін сақтауға болады. Бұл әдіс сонымен қатар культураны лиофилизация жағдайында сақтау деп атайды. Зауыттарда культураларды сақтау тоңазытқышта немесе вазелин май қабатының астында сақтау әдісі көбінесе қолданылады.