- •Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •050701 «Биотехнология» мамандығының
- •Микроорганизмдер биотехнологиясы
- •Мазмұны
- •Биотехнологияны қолданатын аумағы және оның деңгейі, мәні мен мақсаты
- •2 Сурет- Колониялардың формасы
- •3 Сурет- Микроскоптық саңырауқұлақ
- •4 Сурет -Ашытқылар
- •Тест сұрақтар
- •Микроорганизмдерді культивирлеу түрлері
- •Қорғасын - 0,1
- •5 Сурет- Қоректік ортаны дайындаудың сызба нұсқасы:
- •7 Сурет - Периодты процестен үздіксіз процеске ауысқанда жасуша
- •Бақылау сұрақтар
- •Тест сұрақтар
- •Типтік технологиялық сызба – нұсқа
- •8 Сурет -Биотехнологиялық өндірістің типтік технологиялық сызба нұсқасы.
- •9 Сурет-Егіс материалын дайындаудың технологиялық сызба нұсқасы.
- •Бақылау сұрақтар
- •Тест сұрақтар
- •Және оптимизациялау
- •Ферментердің құрылысы
- •11 Сурет-Барботердің негізгі түрлері:
- •15 Сурет- Түбіндегі тұмсығымен ауа таратқыш ферменатер.
- •17 Сурет-Түйіршік қосылған ферментер
- •19 Сурет – Құбырэжекторлы араластырғыш қондырғысы бар ферментер:
- •Культуральды сұйықтықтан биомассаны бөліп алу және концентрлеу сатысы
- •25Сурет - Ағатын қабықпен буландыру аппараты
- •Микробиологиялық синтездің дайын өнімін бөлу сатысы
- •33 Сурет - Эмульсияны бөлудегі табақша барабан
- •34 Сурет - Ионитті фильтр:
- •Бақылау сұрақтар
- •Тест сұрақтар
- •36 Сурет - Селекциялық жұмыстың сызба – нұсқасы
- •Тест сұрақтар
- •Іі модуль. Микробты биомасса алуға негізделген биотехнологиялық процестер
- •Микробтық ақуыз өндірісі
- •14 Сурет-Түбі конусты нейтрализатор
- •15 Сурет -Гидролизатты биохимиялық қайта өңдеуге дайындаудың технологиялық сызба нұсқасы
- •16 Сурет-Тұндырғыш
- •17 Сурет- Вакуум – салқындатқыш қондырғы.
- •19 Сурет-Ашытқы өсіретін аппаратың қосылған тізбегінің сызба нұсқасы
- •28 Сурет- Гаприн өндірісінің технологиялық сызба нұсқасы
- •Тест сұрақтар
- •42 Cурет- Энтобактерин өндірісінің технологиялық сызба нұсқасы
- •44 Сурет- Ризоторфин өндірісінің сызба нұсқасы
- •Тест сұрақтар
- •Ііі модуль. Органикалық қышқылдарды және бейтарап өнімдерді алу
- •45 Сурет-Сірке қышқылы өндірісінің технологиялық сызба нұсқасы
- •46 Сурет - Лимон қышқылы өндірісінің технологиялық сызба нұсқасы
- •47 Сурет - Клеткалары моншақ тәріздес тіркесе орналасқан
- •48 Сурет - Сүт қышқылы өндірісінің технологиялық сызба нұсқасы
- •Басты өнім
- •Тест сұрақтар
- •Іү модуль. Микробиологиялық синтез өнімдерін алу
- •Бақылау сұрақтар
- •53 Сурет - Кобирин қышқылы
- •55 Сурет-Метан түзетін бактерияның аралас культурасының көмегімен в 12 витамин концентратын алудың технологиялық сызба нұсқасы
- •56 Сурет - Ашытқыдағы рибофловиннің биосинтез жолы
- •57Сурет -Рибофлавин азықтық концентратын алудың технологиялық сызба нұсқасы
- •58 Cурет- Азықтық концентрат в12 витаминін алу өндірісінің технологиялық сызба нұсқасы
- •Тест сұрақтар
- •59 Сурет - Диффузиондық батарея
- •60 Сурет- Қатты қоректік ортада фермент препаратының микроорганизм - продуцентін культивирлеудің технологиялық сызба нұсқасы
- •Тест сұрақтар
- •62 Сурет - Глюкозидті байланыстың түзілуінің сызба – нұсқасы
- •63 Сурет- Тармақталған полисахаридтердің түзілуінің сызба – нұсқасы
- •Тест сұрақтар
- •Y модуль. Дәрілік және профилактикалық препараттардың биотехнологиялық өндірісі
- •66 Сурет-Іш- сүзек вакцинасын алудың сызба нұсқасы
- •67 Сурет-(ғ)Саңырауқұлақты және өсімдік тектес (р) гиббереллиндердің құрылысы
- •68 Сурет - КоА ацетоацетилден геранилгеранилпирофосфат алу биосинтезінің жолы
- •69 Сурет - Гиббереллин биосинтезі:
- •70 Cурет-Эрготамин биосинтезінің сызба-нұсқасы
- •72 Сурет - Кейбір каротиноидтардың құрылымдық формуласы.
- •73 Сурет - Микроорганизмен каротинодтардың биосинтезі
- •75 Сурет- Опсинге ұқсас ақуыздың құрамына кіретін,
- •76 Сурет - с Вlakeslеа trispora триспор қышқылының пайда болуы
- •77 Сурет – Рудадан металдарды жерасты және (кучка) кен ішіндегі пайдасыз жыныстан сілтілеудің сызба нұсқасы
- •78 Сурет – Металды чандық сілтілеудің қондырғысы
- •Бақылау тест сұрақтар
- •Күн энергиясының қайта түзілуінің биотехнологиясы. Биоотынды алу.Технологиялық биоэнергетика. Жаңартылған ресурсты қолдану
- •Бақылау сұрақтар
- •10 Кесте - Ашытқы атауының өзгеруінің тарихы көрсетілген. Ашытқылардың Крегер Ван Рия классификациясын осындай әдіспен өзгертіп қарастырған
- •Қазақстанда және дүние жүзінде биотехнологияның өзекті мәселелері. Қорытынды
- •Бақылау тест сұрақтар
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •«Микроорганизмдер биотехнологиясы»
76 Сурет - с Вlakeslеа trispora триспор қышқылының пайда болуы
Триспора қышқылдары - гормон тәрізді факторлар. Олар мукор саңырауқұлақтарының оң (+) және теріс (-) штамдарында зигофордың түзілуіне қатысады, демек жынысты процестің бір сатысын реттейді. Сондықтан триспоралы қышқылдарды сондай-ақ мукор саңырауқұлақтарының зигогеникалық жынысы гормоны деп аталады.
Апокаротиноидтар сонымен қатар өсімдіктердегі бірқатар маңызды процестерді (мысалыға, жапырақтардың өсу процесін реттейтін - гормон, абсцизин- апокаротиноид) реттеу қызметін атқарады.
Апокаротиноидтардың маңызы сүт қоректілерде де орасан зор, олардың қалыпты тіршілік етуі үшін А витамині қажет.
Табиғи витамин А1 -спирт (ретинол1) құрамы екі метилбутадиен қалдығынан тұратын бүйірлі изопреноидты тізбектен және β -ионды сақинадан тұрады. А-витаминінің предшественнигі болып β-каротин табылады. А-витаминінің түзілуі кезінде осы полиеннің тотығуы жануарлар организінде екі жолмен жүреді.
1. β -каротин орталық қос байланыс бойымен ыдырайды және каротиндиоксигеназдың қатысуымен ретиналдың екі молекуласын түзеді. (А-витаминінің альдегидті формасы). Соңғысы НАДН2 мен алкогольдегидрогеназаның әсерінен ретинолда түзіледі. Содан соң ретинол ферментативті түрде бауырда депонирлеуші ретинилпальмитатқа этерифицирленеді.
2. Қарында β -каротин НАДФН2-тәуелді каротиноксигеназаның қатысуымен орталықтағы қос байланыс бойымен ыдырайды. Сонымен бірге апокаротиналдар мен тотығудың төмен молекулалық өнімі түзіледі. Апокаротиналдар кейіннен митохондрия мен микросомаларда ферменттердің қатысуы локализденген, өсу функциясында А- витаминінің биологиялық белсенділігіне тән қасиеті бар апокаротинді қышқылға айналады.
А витамині сүт қоректілердің қарнында сіңіріледі, онда эмульгирлену мен мицеллотүзілу процесі, сондай-ақ бірқатар биохимиялық процестер жүреді (гидролиз, этерификация, ақуыз комплекстерінің түзілуі).
А витаминінің түзілуінде субстрат қызметін сондай-ақ басқа да каротиноидтар, мысалыға α-каротин мен ксантофильдер атқарады. Бұл кезде А витамині β-каротинге қарағанда түзілуі төмен болады. А витамині адам және жануарлардың организмінде маңызды рөл атқарады. Ең алдымен ол көру процесіне қатысады. А витамині организмде жетіспеген жағдайда көздегі көру торының таяқшаларында жарыққа сезімтал пигмент родопсиннің түзілуі жүрмейді. Жарықты қабылдауға сондай-ақ құрамына ретинен1 мен ретиннен2 кіретін иодопсин мен порфиропсин тәрізді пигменттер қатысады. А витаминінің болмауы сілекейлі қабықша, темір , тері клеткасының эпителиінің керотинизацияға ұшырауының себебінен болады. А витаминінің негізгі функциясының бірі-мембрана арқылы метаболиттің өтуін реттеу болып табылады.
Микроорганизмнің көмегімен каротиноидтардың пайда болуы
Фототрофты микроорганизмдердің каротиноид синтезі көбінесе оттегі құрамы мен кейбір органикалық қосылыстардың болуы қарқынды жарыққа байланысты. Мысалыға пурпуралы бактериясынан жарықтың пайда болуының төмен болуы және ацетат немесе малат қосылыстарының қатысуынан каротиноидтардың пайда болуы жоғарылайды.
Хемотрофты микроорганизмдер фототрофты микроорганизмдерге қарағанда каротиноидтар екіншілік метаболизм өнімі болып саналады. Бірінші фазаның соңында түссіз предшественик каротиноидтардың жиналуынан фазаның өсуі байқалады, боялған полиендер синтезі негізінде екінші фазада культураның дамуы кезінде жүреді. Сондықтан пигменттің жоғарғы шығымын жасау үшін биомассаның жиналуына бірінші орында жағдай жасау керек. Өсіп өшуінен каротиноидтың қарқынды синтезі басталады, биомасаның пайда болуы үшін культивирлеудің қолайлы жағдайын қажет етеді.
Көптеген эукариотты микроорганизмдерде каротиноидтардың пайда болуы морфологиясындағы белгілі өзгеріске байланысты және бірқатар зат алмасу процесінің қарқынды жүруіне байланысты. Саңырауқұлақта каротиноидтар синтезі клетка қабырғасының жұқаруымен жүреді және цитоплазмада мол мөлшерде нейтральды липидке дейін пайда болуынан жүреді. Морфологиясының өзгеруі іс жүзінде қызығушылық тудырады, каротиноидтардың қарқынды пайда болу сатысында саңырауқұлақ культурасының белгілі көрсеткіші атқарады.
Көптеген микроорганизмдер үшін қоректік ортада азот құрамының төмендеуі С:N қатынасының өзгеруінен каротиниодтің пайда болуына ауысуы іске асырылады. Бірқатар хемотрофтыларда көміртегі көзі ретінде глюкоза болса каротиноид синтезі қарқынды жүреді. Көміртегі көзі каротиноидтың шығымын ғана емес және бұл пигменттің құрамын анықтайды. Кейбір ашытқы үшін гексозды қолданғанда пигмент комплексінде β-каротин асып түседі, ал егер көміртегі көзі ретінде глюкур қышқылы болса негізінде пигмент болып торуляродин саналады. Мицелиалы саңырауқұлақта, ашытқыда және бірқатар бактерияларда, кейбір амин қышқылында (аспарагин, лейцин, глицин және т.б.) каротиноидтың қарқынды снтезделуін азот көзі болдырады. Ашытқыда және актиномицетте аммоний азотының қатысуымен каротиноидтардың біраз мөлшері түзіледі. Неорганикалық элементтер темір және калий, марганец бұл процесті ингибирлейді, каротиноид синтезін тұрақтандырады. Бірқатар микроорганизмде ортаға витаминді, кейде тиамин және рибофлавин қосумен каротинодтің пайда болуын қарқындатады. Каротиноид синтезі үшін микроэлементті және витаминді тұтынуы ортаға ашытқы экстрактын қосқанда каротиноид синтезі үшін микроорганизмдер толығымен қанағаттандырылады. Каротиноидттардың пайда болуына стимулятор ретінде ортаға кейбір беттік-активтік қосылысты қосады, олардың ішінде тиімділеуі твин 40 болып саналады. Фототрофты микроорганизмде және көптеген хемотрофты микроорганизмде, каротиноидтардың пайда болуына жарықты тұрақтандырып қоймай, соңында жарық пигменттің шығымына әсер етеді және оның құрамына да әсер етеді. Кейбір саңырауқұлақта (Neurospora crassa, Fusarium aquaeductuum) хемотрофты бактерияда (Mycоbacterium sp.) жарықтың барлығына байланысты каротиноид пайда болады. Қараңғыда каротиноидтың түссіз предшественигі синезделіп қоймайды, кейде фитоинде синтезделеді. Көптеген микроорганизмдерде каротиноидтардың пайда болуы үшін молекулярлы оттегі қажет. Ол ксантофиллдің пайда болуына қатысады және каротиноид синтезінің предшественигіне де қатысады. Көптеген микроорганизмде қарқынды каротиноид синтезі жүреді, өсуі үшін қолайлы температурада, кейбір (мысалы Sarcina flava, Micrococcus radiodurans) төмен температурада активті пигменттің жиналуы байқалады.
Продуценттер және каротиноидтарды өндірісте алу
Химиялық синтез көмегімен каротиноидтарды алады және табиғи көздері -өсімдіктер мен микроорганизмдерден бөліп алады. Химиялық жолмен β-каротин, А витаминін, β -апо-8-каротиналь, этил эфирі β -апо-8-каротин қышқылы, кантоксантан және бір қатар басқа да каротиноидтардың синтезделуі зауыттың масштабында іске асырылады. Каротиноидтарды алудың дәстүрлі тағы бір алынатын көзі болып, кейбір өсімдіктер (сәбіз, асқабақ, шөп, шиповник, облепиха және т.б.) саналады.Сонымен қатар осы мақсатта мецилиялы саңырауқұлақтар мен ашытқылар кеңінен қолданылып келеді.Каротиноидтың продуценті ретінде бактериялар мен балдырлар да қызығушылық тудыруда.
Соның ішінде болашақта ең тиімдісі фототрофты бактериялар болып саналады, мұнда қарқынды жарықтың әсерінен каротиноидтардың шығымын реттеуге болады. Каротиноидтарға бай пурпурлы бактерия биомассасы Жапонда тауықтың рационына қоспа ретінде қолданады, ол жұмыртқаның сарысының түсінің қанық болуын тудырады. Каротиноидтарды сондай-ақ біраз мөлшерде кейбір балдырлардан (мысалға, Spongiocuccus excentricum, Chlorella sp) алады.
Хемотрофтылардың ішінен каротиноидтарды алуда Rhodotorula gracilis, R.rudra Rhodоsporidium diobavatum ашытқысы қолданылады, сонымен қатар (Act. chrestomycetes var., аurantiodeus, Act.сhrysomallus var. carotinoides) актиномицеттер, (Mycobacterium phlei, M. carotenum) микробактериялар, (Mucoraceae Dacrymycetaceae және т.б.) саңырауқұлақтар қолданылады. Зеаксантин пигментін синтездейтін Flavobacterium штамы қызығушылық тудырады, әзірге бұл пигмент химиялық синтез жолымен алынбайды.
β-каротиннің продуценті болып, осы пигментті өндірісте алуда кеңінен қолданылатын Blakeslea trispora және Choаnephora conjuncta гетероталды мукор саңырауқұлақтары саналады. Арнайы дайындалған ортада осы саңырауқұлақтардың әртүрлі тұқымдарын бірге культивирлеуде каротиннің шығымы шамамен 3 - 4г/л құрайды.
β-каротинді Blakeslea trispora көмегімен алу үшін құрамы күрделі орта қолданылады, мысалыға құрамында өсімдік майы, керосин, беттік активтік заттар мен кейбір арнайы стимуляторлары бар жүгері-соя сияқты орта қолданылады. Соңғы жылдары экономика жағынан үнемдеу мақсатында, β-каротин алу үшін қалдықтың екіншілік өнімі – жүгері экстракты және гидрол қолданылуда.
Каротин синтезінің стимуляторы ретінде β-ионнын қолданады, оны арзанырағын цитрусты пульпа мен цитрусты мелассамен алмастыруға болады. Blakeslea trispora –да каротиногенез активаторы ретінде мүмкін сонымен қатар, α-пирролидон, сукцинимид, нембутал және изониазид бола алады. Осы стимуляторды продуцент культурасына биомассаның қарқынды көбеюінен соң қосады.
Blakeslea trispora саңырауқұлағын қолдану арқылы β-каротин алу процесі көп сатылы.Осы әдістің біреуіне сәйкес бірінші оң (+)және теріс(-) саңырауқұлақ штамын өсіріп алады. Келесі саты – жеткілікті қарқынды аэрациялау мен 26°С температурада тұқымы әр түрлі штамды ферментерде бірге өсіреді. Өсірудің келесі үшінші сатысы – үлкен ферментерге Blakeslea trispora- ның аралас культурасын салып және 6-7 тәулік бойы сондай температура мен аэрациялауда инкубациялау жүреді. Қажет стимуляторларды қолдану арқылы β-каротиннің шығымын арттырып қана қоймай, Blakeslea trispora каротиноидтардың құрамын өзгертуге болады.
Кейбір пиридин туындысының әсерінен (2-аминопиридин, 4- аминопиридин) ликопин пигменті асып түсетін β-каротиннің орнына, Blakeslea trispora синтездейтін оның шығымы барлық каротиноидтан 60 % астамын құрайды. 4-аминопиридинді ликопинмен бірге қосқанда γ-каротин түзеді, ал екі каротиноидта әр түрлі мөлшерде синтезделеді. Осылайша, Blakeslea trispora іс жүзінде қолданудың қызығушылығы тек оның β-каротин продуцентінің ең активтілерінің бірі екендігін ғана емес, сондай-ақ осы организмнің көмегімен басқа да каротиноидтарды (γ-каротин, ликопин, α-каротин, β-зеакаротин) алуға болатындығында.
Микробиологиялық синтездеу жолымен алынған каротиноидтардың бағасын төмендетуге бағытталған зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалға, Blakeslea trispora каротиноидтар синтезін егерде ортада көміртегі көзі целлобиоза болса, жеті есеге жуық өсетіндігі көрсетіледі. Өндірісті арзандату мақсатында целлюлозды материалдар өндірісінің қалдықтарын қолдануға болады. Мұндай орталарда Blakeslea trispora β-каротиннен бөлек тәжірибелік маңызы зор фермент β-глюкозидазаны синтездейді. Бір мезгілде екі бағалы өнім алу, β-каротин өндірісін айтарлықтай арзандатады.
Сондай-ақ өнімділігі жоғары мутантты ашытқының Rhodоsporidium diobavatum тәжірибеде қолданылуы ұсынылды. Берілген штамм негізінде каротиноид құрайтын ақуыз препараты алынған. Сондай-ақ активтілігі жоғары Mycobacterium rubrum мутантының көмегімен каротин құрайтын препаратты алу әдісі өңделді; препараттың құрамында α, β, γ-каротиндер, ликопин және ксантофиллдер (лютеин, торулин және т.б.) бар. Ксантофилдерді алу үшін Dacrymyces deliguescens саңырауқұлағы қолданылады, оны құрамында глюкозасы, глицерин және жүгері экстракты бар ортада қарқынды сәулелендіруде культивирлейді. Мұндай жағдайда ксантофилл шығымы 1л ортада шамамен 40мг жуық құрайды.
Каротиноидтардың халық шаруашлығында қолданылуы
Каротиноидтар ауыл шаруашылығында, медицинада және тамақ өндірісінде кеңінен қолданылады. β-каротині ең басты тамақ өндірісінде қолданылады, сондай-ақ дәрі-дәрмек дайындауда және косметикалық заттарды дайындауда қолданылады. β-каротин мен ликопин тамақ өндірісінде пигмент заттар немесе бояғыш заттар ретінде қолданылады. Әсіресе осы пигменттердің негізінен ликопиннің натрий нитратын алмастыра алатын шұжық дайындау өндірісінде маңызы зор. Бояғыш заттар ретінде сондай-ақ лединциге, азықтық пастаға, кекстерге және тағы басқа кондитерлік өнімдерге сәбіз сары түс беретін β-апо-8-каротиналь қолданылады. Көптеген елдерде β-каротинді қысқы уақыт кезінде түсі ағармас үшін сары майға бояу ретінде қолданады. Майды 30°С температураға дейін қыздырады да сәбіз сығындысын немесе β-каротинді, осындай температурада майды жақсылап ерітіп қосады. Италияда каротиноидты макарон өніміне қосатыны ертеден келе жатқан дәстүрлі әдісі. β-каротин мен β-апо-8-каротинальды сонымен қатар ірімшік пен жеміс-жидек пастасына қосады. Дәл осы каротиноидтарды жұмыртқаның сары уызын бояуда қолданады. (β-апо-8-каротинальды, тауықтардың азығына қосады). Каротиноид – бояғыштарын көбінесе аскарбин қышқылымен бірге пайдаланады, бұл пигменттердің жоғары препаратты формасын қамтамасыз етеді. Каротиноидтарды майда жақсы ерітеді немесе сулы дисперсті формада дайындайды: мұндай формада пигменттерді микрокапсулаға енгізеді (каротиноидтарды сақтаудың ең ыңғайлы формасы).
Соңғы жылдары β-каротин және басқа да каротиноидтарды іс-жүзінде қолданудың жаңа жолдары табылды. Сонымен, Blakeslea trispora алынатын каротиноид құрайтын биомассаны тауық азығына қосқанда әр құстың өмір сүру тіршілігі мен етінің сапасын жоғарылатады. Сондай-ақ β-каротинді тамаққа қосқанда жануарларда көбею функциясы да, тамақта А витамині болған жағдайда да жақсарады. Сүт беретін малдардың, жануарлардың көбеюіне азықтық рациондағы А витаминін β-каротинмен толығымен алмастыру тиімді әсер етеді.
β-каротиннің УК-сәулесімен немесе диметилбенз(а)антраценмен индуцирленетін тері рак ауруының дамуына терапевтік әсері келтіретіндігі туралы мәліметтер қызығушылық тудыруда. Басқа да каротиноидта – кантаксантин де, полиен фитоин де УК-сәулесімен индуцирленген тері рак ауруына қарсы активтілігі бар екендігі анықталған.
Соңғы жылдары клиникалық практикаға байланысты А витамині және ретиноид деген атқа ие болған оның туындысымен қызығушылық тудыра бастады. Ретиноидты керотинизация процесі бұзылған кезде қолданылады, сондай- ақ кейбір рак ауруларына қарсы емдік ретінде қолданылады. Негізінде бұл ұсыныста ретиноидтар иммундық жүйеге, ұлпаның дифференциациясына қатерлі ісіктің өсуіне әсер ететін қабілеті бар. А витамині және оның туындылары прелейкемикалық синдромға емдік зат ретінде тиімді әсер етеді.
Апокаротиноидты ауыл шаруашылығында қолдану бойынша зеттеулер жасалуда. Апокаротиноидтарды стимулятор ретінде қолдану туралы алынған нәтижелері оң. Мысалыға триспор қышқылы кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктің дәнінің өсуіне стимулятор ретінде қолдануға болатыны көрсетілген. Бұл факторлардан апокаротиноидтарды зерттеуде болашағы мол екендігі және бұл қосылыстардың медицинада және ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану мүмкіндігі бар екендігін көруге болады.
Бақылау тест сұрақтар
1. Антибиотик-биологиялық белсенді органикалық қоспа:
А) Микроорганизмнің қырылуына алып келетін және өсуін басып тастай алатын қабілетке ие;
В) Адамның әсерін басып тастау қабілетке ие;
С) Микроорганизмнің өсуін тездететін қабілетке;
D) Вирустардың қырылуына алып баратын қабілетке ие;
Е) Микроорганизмнің тез өсуін шақыратын және микроорганизмнің қырылуын шақырады;
1.Ішек сүзек вакцинасы өндірісінде культуральды сұйықтықты өңделеді:
А) 96% залалсыздалған этил спиртімен;
Б) активтелген көмірмен;
В) 0 % этил спиртімен;
Д) ацетонмен;
Е) вакциналармен;
2. Гиббереллин қышқылы – бұл:
А) түссіз, ұшпайтын, спиртте жақсы еритін;
Б) антигистаминді әрекетке ие витаминді препарат;
В) БАЗ;
Д) қатты тасымалдағышта иммобилизделген фермент;
Е) ашытқылардың ашытпайтын туысы;
3. Алкалоиттар – бұл:
А) күрделі құрылысты, азот құрайтын зат;
Б) майда еритін витаминдер;
В) суда еритін витаминдер;
Д) сапрофитті микроорганизмдер;
Е) микробты антибиотиктер
4. ... бояулардың бар болуы қос байланыстың санына тәуелді:
А) карротиноид;
В) алкалоид;
С) витамин;
Д) амин қышқылы;
Е) липид;
15 – сабақ. Металл биотехнологиясы. Рудадан түсті бағалы сирек кездесетін металдарды сілтілендіру процесіне қатысатын микроорганизмдер
Дәріс жүргізу формасы: Дөңгелек стол – тренинг
Дәріс жоспары:
1. Рудадан түсті бағалы сирек кездесетін металдарды сілтілендіру
процесіне қатысатын микроорганизмдер
Металл
биотехнологиясы-бұл металдарды рудадан,
концентраттардан, тау жыныстарынан,
микроорганизмдердің әсер етуімен
ерітінділерден немесе
қалыпты
температурада және қысымда метаболиттерден
бөліп алу туралы ғылым. Оның бөлімдері
болып келесілер саналады:
1. Биогидрометаллургия немесе металды бактериялық сілтілеу
2. Руданы байыту
3. Ерітіндіден металл биосорбциясы
Металды
бактериялық сілтілеу
- бұл химиялық элементтің жеке түрі
рудадан, концентраттан,тау жынысынан
бактерияның көмегімен және олардың
метаболиттері арқылы бөлу. Бөліп алуды
металды күкірт қышқылының әлсіз
ерітіндісінен және
бар ерітінділермен, органикалық
қышқылдармен, ақуыздар, пептидтер,
полисахаридтер және тағы басқа заттармен
жүргізеді. Сілтілеу негізіне минералдардың
қышқылдану (еру) порцесі және элементтердің
ерімейтін күйден еритін күйге ауысуы
жатады.
Металдарды сілтілеуде соңғы мәліметтер бойынша бактериялардан басқа өзге микроорнагизмдерде қатысуға болады.
Металды
рудадан сілтілеу ерте кезден белгілі.
1566 жылы Венгрияда өсіру жүйесін қолдану
арқылы мысты сілтілеудің толық циклі
жүзеге асырылды. Германияда мысты
отвалдан сілтілеп алу ХVІ ғасырда
тәжірибеден өтті. Испанияда 1725ж.
Рио-Тинто кенінде мыс рудасын
сілтілендірген. Кеңес Одағы кезде соның
территориясында бұл процесс өткен
ғасырда Кедабекеде (Азербайжан), 30-50
жылдары Оралда жер асты кен орындарында
мысты сілтілеу процесі жүзеге асты.
Бұл механизм белгісіз (бактериялардың
қатысуымен) сілтілендіруді қолданудың
алғашқы қадамдары еді. Бұл технологияның
масштабы үлкен емес болды. 1947 жылы
американ микробиологы Колмер және
Хинклем арқылы руданың суынан бұған
дейін белгісіз, сульфидті минералды
қышқылдайтын
және S0- ті Thiobacillus
ferrooxidans
микроорганизмді ашты. 50 жылдардың
ортасында бұл микроорганизмді зерттеу
ССРО басталды. Кен орындарын зерттегенде
бұл бактерия клеткасының саны қышқыл
аймақта 1 грамм кенінде немесе 1 мл.
суда 1 миллионнан 1 миллиардтқа жететіні
көрсетілді.
Кейіннен
70 жылдары сульфидты руданы қышқылдау
аймағында және басқа
және сульфидті минералды қышқылдайтын
мезофильді және термофильді бактериялар
бар екені анықталды.
Сульфидті
орындардағы және табиғи жағдайда
температурада
металды сілтілеу. Қышқылдық порцестің
биогенді табиғаты дәлелденген.
Металды кеннен және концентраттан сілтілеуде Thiobacillus ferrooxidans қолдануда алғашқы патентті АҚШ-та 1958 жылы алды. Қазіргі уақытта бактериалды және жер асты сілтілеу өнеркәсіпте мыс және уран алу үшін көп елдерде қолданылады (АҚШ, Канада, Австарлия, Испания, т.б.) мыс алу тәжірибеден практикаға еніп келеді.
Минералды шикізатпен қамтамасыз ету ғылыми-технологиялық прогресті анықтайтын бірден-бір фактор. Бір жерден қазып алынған ресурстар көп болғанымен, бірақ шексіз емес және толықтырылып отырмайды. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, металды болашақта қолдану масштабын сақтағанмен, (мыс: мырыш, мыс, қалайы, болат, алтын, күміс, уран), өндірісте маңызы бар қорлары осы ғасырда таусылуы мүмкін. Адамзаттың металға деген өспелі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін келесі шаралар қажет болуы мүмкін: өте тереңдіктегі орындарды өңдеу; сонымен қатар ұсақ мекендерді де, қалдықтарды қажетілікке жарату бағалы элементі аз кездесетін тау жыныстарын қайта өңдеу. Қазірдің өзінде қайта өңдеуде дәстүрлі әдістерге берілмейтін құрал бойынша күрделі рудалар мен концентраттарды қолдану қажеттілігі туды.
Сонымен қатар, қазіргі металлургияда басқа да қиындықтар тууда; технологиялық порцестерге қоршаған ортаны қорғаумен байланысты талаптар күшеюде. Тұрып қалған суларды ауыр металдардан толық тазарту қажеттілігі туды. Бұл мәселені шешуге микроорганизмдер мүмкіндік береді.
Гидрометаллургияға арналған маңызды микроорганизмдер
Жоғарыда айтылғандай, бактериалы сілтілеу негізіне сульфидті минералдардың қышқылдануы және металдың ерімейтін күйден еритін күйге өтуі жатады. Гидрометаллургия үшін маңызды микроорганизмдер кестеде көрсетілген.
Практикада
металл алуда кеңінен қолданылады.
Thiobacillus
ferrooxidans
грам
оң, полярлы талшықты, таяқша тәрізді
бактерия. (0,3-0,5 х 0,7-1,5 мкм), аэробты,
әртүрлі штамының қолайлы температурасы
.
Штамының көбісі – облигатты автотрофтар,
жалғыз немесе негізгі көмір қышқылының
көміртегі көзі ретінде қолданылады.
Энергия көзі ретінде өзге де тиобациллдер
үшін сульфидті және сульфитті ион
,
күкірт, тиосульфат атқара алады. Одан
басқа Thiobacillus
ferrooxidans
екі
валентті темір тұздарының энергиясы
ретінде қолданылады,
дейін қышқылдайды. Ол сонымен бірге,
барлық белгілі сульфидті минералдарды,
рH 1,0-4,8 (қолайлысы 1,8-2,2) және
температурада
қышқылдауға қабілетті.
8 кесте - Гидрометаллургия үшін маңызды микроорганизм және оларды қолдану сфераларының перспективасы
Микрооргазимдер |
Оптимальды шарттар және энергия көзі |
Қолдану сферасының перспективасы |
Thiobacillus ferrooxidans |
cульфидті
минералдар, күкірт,
t
|
Металдары көп жердегі, жерасты және чандық сульфидті және аралас кеннен және концентраттан, пирометаллургиялық өндірісте сілтілеу |
Leptospirillum ferrooxidans |
1,8-2,2 t |
|
L.ferrooxidans Thiobacillus thiooxidans бинарлы культурадағы, T.organoparus (Т.acidophilus) |
сульфидті
минералдар
t |
|
Тиобациллаға жақын термофильді бактериялар Sulfolobus brierleyi |
Сульфидті минералдар рH 1,6-2,2
t
Сульфидті
минералдар рH 1,5-2,0; t
|
|
Sulfobacillus thermosulfi dooxidans |
Сульфидті
минералдар рH 1,7-3,5; t
|
|
Нитрифицирлеуші бактериялар |
|
Марганецтік және аллюмосиликатты материалды қайта өңдеу |
Гетеротрофты микроорганизмдер және олардың тіршілігінің өнімдері (сульфатредуцирлеуші, денитрифицирлеуші және ашытқылар, мицелиалы саңырауқұлақтар) |
Органикалық
заттардың қышқылдануы, рH 2,0-9,0; t
|
Химиялық элементтерді карбонаттық және силикатты кеннен, тау жыныстарынан бөлу, алтынды сілтілеу. Кенді флотациялау, ерітіндіден (биомасса, полисахаридтер, басқа органикалық қосылыстар) металды бөлуде бактерияның тіршілік еретін өнімдерін және биоамассаны қолдану |
Екінші
қышқылдайтын облигатты автотрофты
бактерия – Leptospirillum
ferrooxidans.
Бұл кішігірім Т.ferrooxidans
қатарына құрамы жағынан спириллаға
ұқсас. Бірақ, күкірт элементін және
сульфидті минералдарды қышқылдамайды.
Бірақ, Thiobacillus
thiooxidans және
T.organoparus
(Т.acidophilus
синонимі) қолдануда күкіртті қышқылдайды,
осы порцесс жүреді. Сонымен бірге, кейбір
L.ferrooxidans
штамдары монокультурада пиритті
қышқылдануға қабілеттілігі жөнінде
ақпарат бар.
Жақында
тағы да бір
және
сульфидті минералдарды рH 1,7-3,5,
температурада
қышқылдайтын прокариотты микроорганизм
болып табылды. Бұл микроорганизм
Sulfobacillus
thermosulfidooxidans
деген атаққа ие болды. Культурада 0,6-0,8
х 1,0-3,0 мкм мөлшердегі таяқшалар басым
болады. Бүршіктенуге қабілетті, ілмек
және тізбек тәрізді жасушалар.
Қозғалмайтын жасушалар эндоспоралар
түзеді. Грам оң. Активті өсуі үшін 0,02 %
мөлшерде қосылатын ашытқы экстрактін
қажет етеді. Аэробты.
Одан
басқа
және сульфидті минералдары қышқылдануға
Sulfolobus
және Acidianus
архебактерия туыстарының өкілдері
қабілетті. Бұл бактериялар сфера тәрізді
болып келеді (0,8-1,5 мкм диаметрлі), дұрыс
емес пішінді, қозғалыссыз.Термофильдер
аэробтар. Өсу температурасының қолайлылығы
70-750
С, рH қолайлылығы 2,0-3,0. Факультативті
автотрофтарға жатады.
Термофильді
бактериялардың тиобацилға ұқсас штамм
қатары (ТН 1,2,3) белгілі,
және сульфидті минералдарды рH 1,4—3,0
(қолайлы 1,6-2,2) және
температурада
қышқылдайды.
Неорганикалық
заттардың қышқылдану процесі осы
бактериялар үшін энергия көзі ретінде
қызмет атқарады. Органикалық заттардың
синтезі үшін жасуша С көзін
–ден
алады, ал басқа элементтерді рудадан
алады.
Термоацидофильді бактериялардың түгелге жуығы активті өсуі үшін ашытқы экстрактын (0,02 %) қосуды талап етеді. Кейбір органикалық субстраттарда да өсе алады. Бірақ, аралас культураға басқа хемолитоавтотрофильді бактерияларды мысалы, L. ferrooxidans және T. Ferrooxidansолар олар органикалық затты қосқанды қажет етпейді, ол рудада бактерияның метаболиттік байланысын көрсетеді.
Нитрифицирлеуші
бактериялар алюмосиликаттың ыдырауында,
карбонатты рудадан марганецті сілтілеуде
активтілік көрсетеді. Бұл жоғары
мамандандырылыған хемолитоавтотрофты
бактерия тобы, оларды
қышқылдайды.
Бір клеткалы, спора түзбейтін бактериялар, аэробтар, грам оң. Қолайлы рH 7,5-8, t . Нитрифицирлеуші бактериялардың келесі туыстарының өкілдері белгілі; І – Nitrosomоnаs, Nitrosocоccus, Nitrosovibrio, Nitrosospira, Nitrosolobus; (нитрификациясының І фразасын жүзеге асырады).
ІІ
– Nitrobaсter, Nitrococcus, Nitrospina және Nitrospira, екінші
нитрификация фразасын іске асырады.
Кейбір штамдар миксотрофты жағдайда
өсе алады. Денитрифицирлеуші бактериялар
ерітінділерден металдарды биосорбциялау
және сілтілеуде нитраттардан қалдық
суларды тазартуда қолданылады.
Денитрификацияға қабілетті бактериялардың
көптеген түріне тән қасиеті бар.Соның
ішінде денитрификаторлар болып
Pseudomonas, Alcaligenes
және
Bacillus
туысының өкілдері жатады. Олар
факультативті анаэробтар және
немесе азот қосылысының
яғни
-ні
тотықтыратын электрон акцепторы ретінде
қолданылады. Электрон доноры болып
органикалық қосылыстар, молекулярлы
сутегі және тотықтыратын күкірттің
қосылыстары саналады.
Сульфатредуцирлеуші
бактериялар органикалық заттарды
(лактат, пируват, молат, фумарат, этанол)
қолданады және молекулярлы сутегін
электрон доноры ретінде қолданылады.
Электрон акцепторы қызметін сульфаттар,
,
жиірек
қолданылады. Бұлар қатаң анаэробтар.
-ті
-ке
дейін мына схема бойынша тотықсызданады.
Бактериалды күкірт сутегі тектес минералды форманың қышқылдану сульфидизациясында активті, ерітіндіден металды тұндыруда және т.б.
Гетеротрофты микроорганизмдер қатары (мицелиалды саңырауқұлақтар, ашытқылар, бактериялар) минералды тау жыныстарын органикалық қышқылдардың арқасында полисахаридтерді және басқа метаболиттерді, кең диапозонды орта рH (2,0-9,0) және температурада ыдыратуға қабілетті. Мысалы Bacillus mucilaginosus, B.megaterium және басқа бактерия қатары Si-O-Si байланысын түзу арқылы силикатты минералдарды ерітуге қабілетті. Силикат деструкциясында Aspergillus niger, Scopulariopsis sp, Penicillium nоtatum саңырауқұлағы және тағы басқа микроорганизмдер активті. Процестің ерекшелігі бөлінген метаболиттердің сипатталуымен, сол сияқты минералдардың физико-химиялық ерекшеліктері арқылы анықталады. Энергия және гетеретрофты көміртегі көзі ретінде органикалық заттарды қолданады.
Металдарды бактериялық сілтілеу технологиясы
Үйінді күйінде және жерастылық сілтілеу. Түсті металдарды бактериялық сілтілеу үйіндіден және кен ішіндегі пайдасыз жыныстан және жерастылық кеннен жүргізіледі. Рудадан металдарды жерасты және (кучка) кен ішіндегі пайдасыз жыныстан бактериялық сілтілеудің сызба нұсқасы көрсетілген.
