Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект. Лекция по Биот.микро. Есимова.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.81 Mб
Скачать

58 Cурет- Азықтық концентрат в12 витаминін алу өндірісінің технологиялық сызба нұсқасы

Азықтық концентрат В12 витаминін алуға арналған шикізат болып ацетон және бутил спирті микробиологиялық өндірістің қалдығы –ацетон бутил бардасы саналады.

Азықтық концентрат В12 витамині өндірісінің технологиялық процесі келесі негізгі сатылардан тұрады:

  1. ацетон бутил бардасының ашуы;

  2. метан ашудың тұрақтануы;

  3. ашытпаның қоюлануы;

  4. қоюланған ашытпаны кептіру;

  5. КМБ-12 буып түю.

Қоректік ортаны дайындау

Аралас культураның үздіксіз термофильді метан ашуы 55-57 °С температурада ферментерде залалсыздалған жағдайда жүреді.

Ашу процесі жүретін ыдыстан тұнған бөлшектер ацетон бутил бардасы ферментердің төменгі бөлігіне беріледі, ал беткі жағындағы дайын ашытпаны бөліп алады. Метан ашуы ферментерде екі фазада жүреді. Бірінші фазада май қышқылы және аммиактың түзілуі жүреді, ал екінші фазада –метан, көміртегі диоксиді және В12 витамині пайда болады.

Метан ашу әлсіз сілтілі (рН 7,5-8,0) орта болады, В12 витамині ыдырайды. Осы жағдайды болдырмау үшін ашытпаға әртүрлі тұрақтандырғышты (тұз және фосфор қышқылы, натрий сульфаты) ортаның рН 6,3-6,5 аралықта ұстап тұру үшін қосады. В12 витаминінің синтезін интенсификациялау үшін ферментердегі кобальттың концентрациясын 4г/м3 жеткізу үшін кобальт хлоридін қосады және есеп бойынша 5л метил спиртіне 1м3 ашытпаны қосады.

Бір ферментердегі ашу процесінің ұзақтығы 2,5-3,5 тәулікті құрайды, ал екі тізбектелген аппарат -2,0-2,5 тәулікті құрайды. Метан ашу процесі негізінде 65% метаннан және 30% көміртегі диоксидінен тұратын (20м33) газдың бөлінуімен жүреді. Газдың түзілу процесі қышқылдағанда күшейеді, булаудың алдында ашытпаны қыздырады және тұрақтандырады, ал көбіктің барынша пайда болуын тудырады, оған көбік сөндіргішті беруді талап етіледі.

Метан ашытпасы ферментерден буландырғыш аппаратқа келіп түседі, онда құрғақ заттың құрамы 20% дейін қоюлану процесі жүреді.

Құрғақ заттың құрамы 94% болғанша қоюланған ашытпаны шашыратқыш кептіргіште кептіреді. Метан ашу процесінде пайда болатын газдар және алынған табиғи газдар жылу тасымалдағыш болып қолданылады.

В12 витаминінің құрғақ азықтық концентраты, В12 витаминнің 100мкг/г кем емес құрамын құрайтын майда дисперсті қоңыр ұнтақ болып келеді. Концентрат гигроскопиялық сезімтал, сондықтан оны 15 кг қаптап герметикалық етіп буып түйеді. Жануарлар үшін В12 витаминінің қажет мөлшері 1т құрғақ азықтықта 50-100мг болады.

β-каротин (А провитамин) жоғары биологиялық активтілігі бар А витаминінің предшественнигі болып саналады, А витамині заттың алмасуына және өсуіне әсерін тигізеді, жануарлардың тамағының қорытылуына және тыныс алуының қалыпты болуын демейді. Жануарлар рационында А витаминінің аз болуы, жұқпалы ауруға төзімділігін төмендетеді, өсуін тежейді.

β-каротин жасыл өсімдік азығында (асқабақ, сәбіз) азырақ мөлшерде болады. Көптеген микроорганизмдердің клеткасында (бактерияда, ашытқыда) β-каротиннің азырақ мөлшері болады. Демек, Вlakeslea trispora саңырауқұлағының 1г құрғақ биомассасында 10-50 мг β-каротин болады. Қазіргі кезде β-каротинді микробиологиялық синтездеу әдісімен алу, В2 витамин өндірісінің технологиясымен сай, демек ұқсас.

Микроорганизм –продуценті ретінде Вlakeslea trispora саңырауқұлағы қолданылады. Қоректік орта ретінде өсімдік майы, меласса, мақта шитінің ұны қолданылады және жүгері экстрактын қолданады. Ферментация процесі қарқынды аэрациялаумен, 28-30°С темтературада және рН 6,2-6,7 аралығында периодты түрде жүреді. 72 сағаттан кейін каротиноидтың шығымы культураның өсуі 1л ортада 1г құрайды; мұндағы β-каротин шығымы 72% дейін жетеді.

Микробиологиялық синтездеу жолымен алынған β-каротин биологиялық активтілігі бойынша сәбізден және асқабақтан алынған β-каротин қарағанда басым болып асып түседі.