Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект. Лекция по Биот.микро. Есимова.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.81 Mб
Скачать

44 Сурет- Ризоторфин өндірісінің сызба нұсқасы

1-касяк(қисық пробирка); 2-колба; 3-егіс материалына арналған ферментер; 4-жұмысшы ферментер; 5-торф; 6-ұнтақтағыш; 7-буып түюге арналған аппарат; 8-гамма залалсыздағыш камера; 9- өсіруге арналған инокулят;10-араластырғыш; 11-термо қойма.

Түйнек бактерияларының (ТБ) препараттарын қолдану. Ең кең тараған әдіс - егу алдында тұқымды түйнек бактерияларының (ТБ) препараттарымен өңдеу. Ол үшін дәнді тұқымды 2-2,5% су қосып ылғалдайды, "Ризоторфин" препартын қосады және жақсылап араластырады. Кез-келген бұршақ тұқымының гектарлы нормасына ризоторфиннің шығыны 200 гр. Түрлі аймақтарда бұршақ тұқымдас культураларын бөлу кезінде ризоторфинді кеңінен қолдану нәтижесі оның жоғары биологиялық және тұрмыстық эффективтігін көрсетеді.

Жәндіктерге қарсы вирусты және микробты препараттар

Бактериялар-ең үлкен облиготты және факультативті энтомопатогенді кеңінен таралған топ.

Ең перспективтісі – Bacillus thuringiensis шамамен жиырмасы оның энтомопатогенді ерекшелігімен сериялы типі зерттелді. Көптеген қоректік ортада спора түзіп, оңай көбейеді және өсуі аяқталғаннан кейін қос споралы телокристалды эндотоксин түзіледі, жәндіктерді жоятын негізгі құрал болып саналады.

Энтобактерин – 30 мл/г мөлшердегі спораларда эндотоксиннің сондай мөлшерде кристалдары және толықтырғыштары бар. Қанатты ұшатын жәндіктерге қарсы қолданылады: капустаның, алманың, жібек құртына және т.б.

Ішегіне әсер ететін препарат: эндотоксин әсерінен жәндікті интоксикация тудырады және параличті болдырады, содан соң споралары өседі, сепсис басталады және жәндіктер өледі. Энтобактерин адамға және жануарға улы емес, тұттың жібек құртына қауіпті.

Дендробациллинді – сібірдің жібек құртынан орман ағашын қорғау үшін қолданады. Bac.Thuringinsis dendrolimus негізі препараты сібірдің жібек тоқитын құртының гусеницасынан бөліп алынады. Ол көптеген жәндіктерге улы болып келеді: ақ көбелек, көбелек және т.б.

Энтобактерин сияқты оны 2-5 кг/га қатынастағы мөлшерде 18-32°C температурада суспензия дайындап бүрку арқылы қолданады.

Битоксибациллин – бациллалардың әртүрлілігі, ол эндотоксинді продуцирлейді және β-экзотоксин термостабильді қолдану аумағы кеңеюде, картоптың колород қоңызына, мақтаның, бақшаның ақ көбелегіне, күйе көбелекке және т.б. қолданылады.

БИП – биологиялық инсектицидті препараттар Bac.thuringingiesis darmstadiensis, Гомелин, Лепидоцид, Дипел (АҚШ) Бактеспеин (Франция). Бактокулицид – Bac.Тhuringiensis Н14 – улы, бұл бактерия улы массаның ұрығын жою үшін қажет, бірақ басқа су қоймасындағы аумақта ұшатындарға улы емес. Қабылдау мөлшері – 0,5-30 кг/га дейін, ұрығының жойылуы 2-3 тәулік, үлкен масалар препаратты сезбейді.

Импортты – текнар (Швейцария), бактимос (Франция), вектобак (АҚШ), москитур (Чехия).

Басқа Bacillus болашағы мол болып келеді: B. popillае қоңызға қарсы күресуге, B.lentimorbus, B.sphercus – масаға қарсы күресуге қолданылады, бірақ штамдары тұрақталған жоқ және препарат әзірше өңделуде.

Гомелин – препараты Bac.thuringiensis var. thuringiensis негізінде жасалған және ағаш өсімдігіне зиянды жәндіктерге қарсы қайың, емен және т.б. қолданылады. Ауыл шаруашылық культураларының зиянкестеріне қарсы қолдануда тиімді әсер етеді.

Ағаш өсімдігіне гомелин препаратын қабылдау мөлшері 1-3 кг/га болады, препараттың концентрациясына байланысты және зиянкестің түріне байланысты болады. Кейбір жағдайларда жәндіктердің резистенттілігін бәсеңдету үшін иммунодепрессантты димилинмен қоспа препараты қолданылады.

Лепидоцид – препарат өзінің құрамы бойынша шет елдің дипелімен тура сәйкес бірдей болып келеді. Оның негізінде Bac.thuringiensis var.kurstаki болып келеді.Концентрленген ұнтақ түрінде 100 млрд/т спораны титрмен өндіреді және осындай мөлшерде кристалл түрінде өндіреді. Бақша өнімін және жабайы ағаш өсімдігін жәндіктерден (күйе көбелек) қорғау үшін қолданылады. Қолдану шарты алдынғы препараттар сияқты, ерітіндіні жасап алып өсімдікке бүрку арқылы қолданады. Препараттың шығыны - 0,5-2,0 кг/га болады, қолданылу шартына байланысты.

Бактокулицид – 1977ж. су қоймасындағы бактериядан алынған, Bac. thuringiensis тобына жатады. Оған 14 серия типі тағайындалған. Ол Bac. thuringiensis Н14 деп аталады. Бұл бактерия кристалл түріндегі эндотоксинді продуцирлейді, оның ерекше қасиеті бар. Токсиннің улылығы масаға, күйе көбелекке жоғары әсер етеді, бірақ басқа жәндіктерге және су қоймасындағы гидробионтке улы әсері жоқ. Бактерияның бұл қасиетіне дүние жүзінің ғалымдары және әсіресе дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы көңіл бөлуде. Масалар және бүргелер адамның және жануардың инфекциясын тасымалдағыш болып келеді.

Дипел – шет елдерде кеңінен қолданылатын бактериялы препарат, Bac.thuringiensis var. kurstaki негізінде АҚШ-та шығарылады. Ылғалданған ұнтақ түрінде алынады, сұйық концентраттың активтілігі 16000 МЕА/мг1 түйіршік түрінде және басқа формада болады. Біздің елімізде бау-бақшаға техникалық культураға, ағаша өсімдігінің жемісіне қарсы зиянкестерге күйе көбелекке және т.б. сияқтыларға қолдану ұсынылған және тіркелген. Дипел препаратын қолдану мөлшері қолдану жағдайына байланысты 0,5-тен 2 кг/га дейін болады.

Бактоспеин – шет елдің екінші препараты Француз зерттеушілері ұсынған ұнтақ түйіршік, паста тәрізді формада алынады, Bac. thuringiensis var. thuringiensis негізінде құрылады. Препарат РФ қолданылған, тіркелген капустаның күйе көбелегіне қолдану мөлшері 0,4 кг/га болады екен. Өсіруші фирма америкалық көбелекке, жібек тоқитын құртқа қарсы қолдану нормасының шығыны 0,4-1,4 кг/га ұсынылған.

Кеміргіштерге қарсы микробтық препараттар

Кеміргіштердің қатарына көп санды және жануарлардың сүт қоректілер класына жататын ең зиянды түрі жатады. Біздің елімізде кеміргіштердің шамамен 140 түрі бар, олардың көбісі экономика жағынан тиімсіз немесе санитарлық зиян келтіретіндер. Кеміргіштерге қарсы күрес бұрыннан жүргізіледі. Олармен күресуге жоюға қарсы қабылдаудың әр түрлі қолданылатын шаралары ұсынылған: механикалық ( ініне тұзақ құру, тұзақты қолдану), физикалық (суға еріту, көму, ура қазу), химиялық (уландырып өлтіру үшін уды қолдану, суға қосатын, бөлмені газдау немесе пудралау және т.б.), биологиялық (итке, мысыққа, жыртқыш құсқа патогенді қолдану). Кеміргіштерге микроорганизмге арналған патогенді қолдану – осы мақсатта бірқатар микроорганизмдер ұсынылды, ең кеңінен таралған сальмонелла тобынан табылған бактерия кеңінен қолданылды.Ол Исаченко бактериясы деп аталатын (Salmonella enteritidis var. issatschenko), 1897ж. қарапайым өлген сұр егеуқұйрықтан бөліп алған.

Salmonella тұқымына Enterobactreriaccac туысына жатады, таяқша тәріздімен қосылатын грам теріс, көбінесе қозғалғыш (жгутикі бар) гетеротрофты бактерия болады. Осылардың көбісі аэробты жағдайда емес анаэробты жағдайда өседі. Осы туыстың өнімдерінің бірқатары соның ішінде сальмонелла адам баласына және жануарларға патогенді болып саналады. Сальмонелланың кездесетін негізгі орны сүт қоректілердің ас қорытатын тракт саналады.

Біздің елде кеміргішпен күресу үшін Salmonella enteritidis var. іssatschenko кеңінен қолданылады.Осы бактерияның негізінде көптеген ветеринарлық – бактериологиялық лаборатория және биологиялық лаборатория станцияларында өсімдікті қорғау үшін бактороденцидті препаратты дайындайды, жылына қолданылатын ауданы 3-4 млн.га және 20 млн. м2 құрылыс ауданын құрайды.

Бактороденцид екі формада дайындалады дәнде (бидай, арпа, сұлы дәніне)және аминокостты (сүйекте ұнтағына себу). Дәнді бактороденцид бірінші орында егістікті кеміргіш түрінен қорғу үшін қолданылады: тышқан (үй тышқаны, тоғай тышқаны, ) ат жалман және т.б.

Аминосүйек бактороденцид приманочка өніммен қолданылды: құрылыс жүріп жатқан жерлерде жүретіндерге тышқанды, егеуқұйрықты жою үшін қолданылады.

Контагиозность сальмонелла барынша анық зерттелген. Бірақта зерттеулердің нәтижелері ұзақ уақыт қарама қарсы болып саналды, бұл деген тәжірибе жағдайы және бақылауы түсіндіріледі. Исаченко бактериясы ауру кеміргіштен сау кеміргішке беріледі деп анықтады, қазіргі кезде жеткілікті нақты шешілген.

Кеміргіштің табиғи иммунитеті сальмонеллаға әртүрі түрлерге түрліше. Ол күшті әсер етеді, ірі түріне (егеу құйрық, атжалман, сары шұнақ және т.б.) майда түріне – тышқан иммуны екі есе төмен. Бактерияның қатаң ерекшелігі болған, демек патогенді. Ол адамға үй және жабайы жануарларға қауіпті: жылқы, ірі қара мал, шошқа, тауық, үйрек, қаз, ит, мысық.