Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб S++BuilderZert27каз.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.48 Mб
Скачать

Өзіндік жұмыс тапсырмалары

  1. Бір өлшемді массив элементтерін клавиатурадан енгізу немесе кездейсоқ сандармен толтыру қажет. Алынған элементтердің ең үлкені мен ең кішісін анықтап және олардың орналасу ретін табуға программа құру керек.

  2. Формаға қойылған негізгі мәзірдің «Форма түсі» пункті арқылы форманы түрлі түске бояуды, «Мәзір пунктін басқару» арқылы пункттердің қасиеттерін өзгертуді және Label компонентінің контекстік мәзірінің пункті арқылы арқылы Label компонентіне мәтін жазуға программа құру қажет.

  3. Берілген бір өлшемді массивтің элементтерінің қосындысын табу программасын құрыңыз /Нұсқау: массивті енгізуде MainMenu, қосынды табуда PopupMenu компонетін пайдаланыңыз/.

  4. Ақша айырбастау пунктіндегі таблонның жұмысын мәзірлер арқылы программалаңыз.

  5. Бағдаршамның жұмысын түсіндіруді мәзірлерді пайдаланып программалаңыз.

  6. Келушінің сұранысына қарай асхана мәзірінен ақпарат беретін программа құрыңыз.

  7. Қолданушының таңдауы бойынша жазықтық фигуралардың /үшбұрыш, төртбұрыш, трапеция және т. б./ периметрі мен ауданын есептейтін программа құрыңыз. Мәзірлерді пайдаланыңыз.

  8. Бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне көшіруді программалау (мысалы, метрді сантиметрге, килограммды тоннаға немесе т. б.). Ескі өлшем бірліктерін және қазіргі өлшем бірліктерін пайдаланыңыз.

  9. Сандық массивті толтыратын және сұрыптайтын және т.б. амалдарды орындайтын программаны мәзірлер көмегімен жазыңыз.

  10. Memo компонентіндегі мәтінді сақтайтын және форматтауды /шрифтіні өзгерту, түстерін өзгерту/ мәзірлер арқылы орындайтын программа құрыңыз.

7 - зертханалық жұмыс.

Массивтермен жұмыс жасауға арналған компоненттер

Әдістемелік нұсқаулар

Мәліметтерді кестелер түрінде беруді ұйымдастыру. C++ Builder ортасында қосымша құруда мәліметтерді кестелер түрінде беру үшін Additional жапсырмасындағы StringGrid және DrawGrid компоненттері /4.12-сурет/ қолданылады.

Additional панелінің StringGrid және DrawGrid компоненттері. DrawGrid, StringGrid компоненттерін формаға орналастырғанда, жай ғана, бос ұяшықтары бар кестелер немесе торкөздер пайда болады, ал программманың орындалуы барысында ұяшықтардың мәліметтермен толтырылуын программист өзі ескеруі тиіс.

Кесте өлшемін (баған және жол санын) Longint типті ColCount және RowCount қасиеттері анықтайды. Қалыпты күйде олардың мәндері 5-ке тең. Баған мен жолдың нөмірлері нөлден бастадады, яғни кесте өлшемі 6х6.

void __fastcall TForm1::Button1Click(TObject *Sender)

{

int I, J, K;

K = 0;

for (I = 0; I < StringGrid1->ColCount; I++)

for (J = 0; J < StringGrid1->RowCount; J++)

StringGrid1->Cells[I][J] = IntToStr(++K);

}

Кестедегі бағандардың енін өзгерту үшін типі іnt болатын DefaultColWidth қасиеті, ал кесте жолының биіктігін өзгерту үшін DefaultRowHeight қасиеттері қолданылады. Мысалы, программада терезенің өлшемдері өзгергенде кесте ұяшықтарының /баған мен жолдың/ өлшемдерін өзгерту келесі түрде жазылады:

void __fastcall TForm1::FormCreate(TObject *Sender)

{

if (DrawGrid1->DefaultColWidth > 90)

DrawGrid1->GridLineWidth = 2;

else

DrawGrid1->GridLineWidth = 1;

}

GridLineWidth қасиетін кесте ұяшығын көмкеріп тұрған сызықтарының қалыңдығын немесе жіңішкелігін беру үшін қолданады. Әдетте оның мәні 1-ге тең болып тұрады, егер оны 3-ке өзгертсеңіз онда кесте ұяшықтары қалың бояулы сызықпен көмкерілетін болады.