- •Программалауда қазіргі қолданылып жүрген технологиялар. Объектіге бағдарланған программалаудың негізгі қағидалары
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Void assign(double Len, double Wide); // // функция -элемент
- •Өзіндік жұмыс тапсымалары
- •Негізгі визуалдық компоненттер. Vcl кітапханасының компоненттері. Қасиеттері, әдістері және оқиғалары
- •OnClick оқиғасын шақыру.
- •Жаттығу жұмыстары
- •Өзіндік жұмыс тапсымалары
- •Қосымша құруда тізімдерді пайдалану
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Қосымшадағы ауыстырғыштардың қызметі
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Жаттығу жұмыстары
- •Өзіндік жұмыс тапсымалары:
- •Қосымшадағы терезелердің және мәзірлердің жұмысын ұйымдастыру. Форма және мәзірлер
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Жаттығу жұмыстары
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Массивтермен жұмыс жасауға арналған компоненттер
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Жаттығу жұмыстары
- •Өзіндік жұмыс тапсымалары
- •Ерекше жағдайларды өңдеу түсінігі. Ерекше жағдайлар класы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Өңдеуші қызметінің мысалы
- •Жаттығу жұмыстары
- •Wіndows интерфейсінің компоненттерін қолданып файлдарды басқару
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыс тапсымалары
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •IndexName – кестеге екінші индексті белгілейді. Бұл қасиетті кесте ашық болғанда өзгертуге болмайды.
- •Insert, Edit, Delete, Append – жазба қосу үшін кестелерді жазу, өңдеу, алып тастау, жазбаларды қосу режимдерiне ауыстырады
- •Жаттығу жұмыстары
- •Өзіндік жұмысқа тапсырмалар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Терезесі және Add Table диалогтық панелі пайда болады.
- •Таңдаған кесте пайда болады
- •Компоненттерді орналастыру
- •DataModule-ге орналастыру
- •QReport парағын пайдаланып есеп беруді ұйымдастыру
- •Жаттығу жұмыстары
- •Қосымшаның анықтамалық жүйесін құру
- •Жаттығу жұмыстары
- •Өзіндік жұмыстарға тапсырмалары
- •Қосымшаны таратуға даярлау. Дистрибутивтер. Орнатушы инсталляциялық пакетті Install Shield Express утилитасы арқылы жасау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Мәндерін және кілттерді анықтау
Өзіндік жұмыстарға тапсырмалары
Келесі мазмұндағы программалардың анықтамалық жүйесін құрыңыз:
1 тапсырма
Пирамиданың көлемін табу.
Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын есептеу.
Параллелипедтің көлемін есептеу.
Тізбектің жалпы кедергісін есептеу (параллель қосылған).
Трапецияның ауданын есептеу.
2 тапсырма
Азық-түлік дүкенінің ассортименті туралы мәлімет беретін;
Поликлиниканың дәрігерлері туралы мәлімет беретін;
Математикалық формулалар анықтамалығының қызметін атқаратын;
Кітапханадағы картотека қызметін атқаратын;
Атына сәйкес түстерді көрсете алатын;
3 тапсырма
№ |
Матрица |
Тапсырмалар |
Шектеу |
1 |
A(5,7) |
Матрицаның әрбір бағанының оң элементтерінің қосындысын және олардың санын есте сақтау. Нәтижесін екі жол түрінде шығару. |
Aij>0 |
2 |
A(N,M) |
Матрицаның әрбір жолының оң элементтерінің қосындысын және олардын санын есептеп есте сақтау.Нәтижесін екі баған түрінде баспадан шығару. |
N<=4 M<=5 |
3 |
B(N,N) |
Матрицанын бас диагоналындағы және одан төмен орналасқан элементтердің қосындысын және элементтер санын есептеу. |
N<=6 |
4 |
B(N,N) |
Матрицаның бас диагоналынан төмен орналасқан оң элементтерінін қосындысын және олардың элементтер санын есептеу. |
N<=4 Bij>0 |
5 |
D(K,K) |
Матрицаның жұп орындағы элементтерінің элементтерінін орнына нольдерді жазып және матрицаны баспаға шығару. |
K<=5 |
6 |
D(4,4) |
Матрицаның теріс элементтерінің орнына нөльдерді, ал оң элементтер орнына бірлерді жазу. |
Dij<0
|
7 |
F(N,M) |
Матрицаның әрбір жолындағы максималь және минималь элементтерді тауып оларды сәйкесінше осы жолдың бірінші және соңғы элементтерінің орнына жазу керек. Матрицаны баспаға шығару керек. |
N<=5 M<=3 |
8 |
F(4,3) |
Элементтері бүтін сан болатын матрицанын әрбір жолынын төртке еселі элементтерінің санын және нәтижелерінің ең үлкенін табу керек. |
(Nij / 4)*Nij |
9 |
N(5,3) |
Элементтері бүтін саң болатын матрицанын әрбір жолынын беске еселі элементтерінің санын және нәтижелерінің ең үлкенін табу керек. |
(Nij / 5)*Nij |
10 |
N(5,5) |
M(3,Kmax) матрицасын құру керек, мұндағы Kmax- N матрицасының оң элементтерінің ең үлкені. Мұндағы M матрица элементтері N матрицаның оң элементтерін ғана ала алады, ал теріс элементтердің орнына ноль жазу керек. |
|
15 - зертханалық жұмыс.
Қосымшаны таратуға даярлау. Дистрибутивтер. Орнатушы инсталляциялық пакетті Install Shield Express утилитасы арқылы жасау
Әдістемелік нұсқаулар
Install Shield Express - инсталлятор құрудағы қуатты және ыңғайлы құралдардың бірі. Бұл түсінікті интерфейске, және деминимальды жады көлемін алатын профессионалды инсталляторларға тән керекті функциялар жиынтығына ие.
Install Shield Express арқылы инсталляциялық қосымша құру үшін Install Shield Express орындалуга жібереміз. Жаңа жоба құру кезінде жобаның атын енгізіп, қосымша файлдары орналасқан каталогты көрсету қажет /4.49-сурет/.
4.49-сурет. Жаңа дистрибутив құру
"Include custom setup type" жалаушасын таңдаймыз. Осыдан кейін InstallShield-тың басты экраны пайда болады, онда дистрибутивтi жасауы үшiн орындау керек болатын адымдардың тiзбегi көрсетiлген /4.50- сурет/.
4.50-сурет. InstallShield Express басты терезесі
Set the Visual Design бөлiмiнде қосымша туралы мәлiметтерi бар өрiстерді толтыру керек: программалық топта көрінетін қосымша аты, орындалатын файл аты, қосымша орнататын каталог /4.51-сурет/.
4.51-сурет. Қосымша параметрлерін орнату
Install Shield қолданушы компьютерінің дискілерімен каталогтарын идентифицирлейтін бірнеше айнымалыларданады:
<INSTALLDIR> - қолданушы көрсетуі арқылы орнатуға арналған каталог
<WINDIR> - құрамында Windows бар каталог
<WINSYSDIR> - Windows\System каталогы
<WINDISK> - құрамында Windows бар диск
<WINSYSDISK> - Windows\System каталогы бар диск
<ProgramFilesDir> - Program Files каталогы.
Main Window бүктемесі арқылы инсталляционды қосымша тақырыбын, фон түсін және логотипін орнатуға болады /4.52-сурет/.
4.52-сурет. Инсталлятор экранының ішкі түрін орнату
Features бүктемесін шерту арқылы жалғыз Automatic Uninstaller опциясын көруге болады. Оны таңдалынған түрінде қалдыру қажет.
Келесі бөлім - Specify InstallShield Options for Borland C++ - BDE, SQL Links және т.б. қосымшалармен жиi қойылатын компоненттердi таңдауға арналған. Қажетті компонентті таңдап (біздің жағдайда BDE) және Settings батырмасын басу арқылы, BDE бөлімдерін таңдау және бүркеншiк аттарды жасау үшiн төрт диалогтiк терезелер тiзбегiн аламыз /4.53-сурет/.
4.53-сурет. BDE-нің орнатылатын бөлімдерін анықтау
Бүркеншек ат параметрлерін орнату барысында бүркеншек ат типін және мәліметтердің орналасатын жерін таңдауға болады. Қалған параметрлерін мәтіндік редакторде көрсетуге болады /4.54-сурет/:
4.54-сурет. BDE бүркеншек атының параметрлерін орнату
Advanced Options бүктемесін шерту арқылы қосымша компоненттер (біздің жағдайда BDE) файлы тізбегімен және олар туралы мәліметтермен танысуға болады.
Келесі бөлім - Specify Components and Files - қосымшаның компоненттерi және файлдар топтарын анықтауға, орнату түрлерiне арналған. Groups бүктемесін шерту арқылы дистрибутив компоненттерін жасау үшін файлдар тобын құруға болады. Сонымен қатар Explorer қолдануға болады және одан қажетті файлдарды drag-and-drop әдісімен (ол үшін Launch Explorer батырмасын басу қажет) көшіруге болады. Топтарды бос тастап кетуге ұсынылмайды.
4.55-сурет. Файлдар тобын құру
Components бүктемесін шерту арқылы, дистрибутив компоненттерін анықтауға болады және олардың қандай файлдар топтарынан тұратынын көрсетуге болады. Топтарға кірмейтін компоненттерді қалдыруға болмайды.
4.56-сурет. Дистрибутив компоненттерін құру
Келесі бүктеме - Setup Types –орнату түрін анықтауға арналған. Егер онда шертсе, Typical орнатудың бір варианты (мысалға, сіз "Include custom setup type" жалаушасын белгілеуді ұмыттыңыз). Бұл жағдайда Select User Interface Components бөлімін таңдау қажет және Components бүктемесін шертіп, Dialog Boxes тізімінен Setup Type және Custom Setup опцияларын белгілеу қажет. Осыдан кейін Setup Types бүктемесіне оралып, инсталляция түрін анықтауға болады. Ереже бойынша Custom және Typical құрамында барлық компоненттер, ал Compact – қосымшаның жұмыс жасауына қажетті минимальды компоненттер жинағы бар.
4.57-сурет. Орнату нұсқаларының құрамын анықтау
Select User Interface Components бөлімінде қолданушы инсталляция кезінде қажетті ақпараттарды енгізетін (мысалға, компания және өзі туралы мәліметтер, өнімдердің сериялық нөмірі) диалогтарды таңдайды, readme файлы және лицензионды келісімдермен танысады, инсталляция каталогын көрсетеді, орнату түрін таңдайды және т.б. Preview батырмасын басу арқылы диалогтарды алдын ала көруге болады.
Келесі бөлім - Make Registry Changes – қолданушы компьютерінде тізілімнің жаңа кілттерін (Keys бүктемесі) және олардың мағыналарын (Values) құруға мүмкіндік береді. Бұл пайдалы болуы мүмкін, егер сіз қосымшада ActiveX компоненттері немесе OLE-сервер құруда қолдансаңыз.
4.58-сурет. Қолданушы компьютеріндегі реестр
