
- •Программалауда қазіргі қолданылып жүрген технологиялар. Объектіге бағдарланған программалаудың негізгі қағидалары
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Void assign(double Len, double Wide); // // функция -элемент
- •Өзіндік жұмыс тапсымалары
- •Негізгі визуалдық компоненттер. Vcl кітапханасының компоненттері. Қасиеттері, әдістері және оқиғалары
- •OnClick оқиғасын шақыру.
- •Жаттығу жұмыстары
- •Өзіндік жұмыс тапсымалары
- •Қосымша құруда тізімдерді пайдалану
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Қосымшадағы ауыстырғыштардың қызметі
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Жаттығу жұмыстары
- •Өзіндік жұмыс тапсымалары:
- •Қосымшадағы терезелердің және мәзірлердің жұмысын ұйымдастыру. Форма және мәзірлер
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Жаттығу жұмыстары
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •Массивтермен жұмыс жасауға арналған компоненттер
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Жаттығу жұмыстары
- •Өзіндік жұмыс тапсымалары
- •Ерекше жағдайларды өңдеу түсінігі. Ерекше жағдайлар класы
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Өңдеуші қызметінің мысалы
- •Жаттығу жұмыстары
- •Wіndows интерфейсінің компоненттерін қолданып файлдарды басқару
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Өзіндік жұмыс тапсымалары
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •IndexName – кестеге екінші индексті белгілейді. Бұл қасиетті кесте ашық болғанда өзгертуге болмайды.
- •Insert, Edit, Delete, Append – жазба қосу үшін кестелерді жазу, өңдеу, алып тастау, жазбаларды қосу режимдерiне ауыстырады
- •Жаттығу жұмыстары
- •Өзіндік жұмысқа тапсырмалар
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Терезесі және Add Table диалогтық панелі пайда болады.
- •Таңдаған кесте пайда болады
- •Компоненттерді орналастыру
- •DataModule-ге орналастыру
- •QReport парағын пайдаланып есеп беруді ұйымдастыру
- •Жаттығу жұмыстары
- •Қосымшаның анықтамалық жүйесін құру
- •Жаттығу жұмыстары
- •Өзіндік жұмыстарға тапсырмалары
- •Қосымшаны таратуға даярлау. Дистрибутивтер. Орнатушы инсталляциялық пакетті Install Shield Express утилитасы арқылы жасау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Мәндерін және кілттерді анықтау
Өзіндік жұмыс тапсымалары
Тапсырмалар: |
|
a) Функцияның графиктерін салу программасын құрыңыз: |
|
1. y=a*x^2+b*x |
|
2. y=x^3+a*x^2+b*x |
|
3. y=a*sinx +b |
|
4. y=-a*x^2+b*x |
|
5. y=a*x^5 |
|
6. y=a*cos(x-1)+|x| |
|
7. y=a/x |
|
8. y=(x+a)/(x-b) |
|
9. y=a+b/x+c/x^2 |
|
10. y=a-b/x-c/x^2 |
|
b) Суреттерді салу және оларды қозғалту программасын құрыңыз:
Вариант 1 –“тышқан” Вариант 2 – “нысана”
В
ариант
3 –
“қорған”
Вариант
4 – “робот”
Вариант 5-“танк” Вариант 6 –“штанга”
Вариант 7-“Саққұлақ” Вариант 8 –“қоян”
Вариант 9- «чебурашка» Вариант 10 – «жұлдызша»
11 – зертханалық жұмыс.
С++ Buildеr 6 ортасында деректер қорын құру
Әдістемелік нұсқаулар
Borland C++ Builder қолданып, бiр қолданушылық деректер қорымен, сонымен қатар ДҚБЖ серверлерімен, яғни Oracle, Sybase, Informix, Interbase, MS SQL Server, DB2, сондай-ақ ODBC-көздерімен жұмыс жасайтын қосымша құруға болады.
C++ Builder-де деректер жиыны – бұл жазбалар жиынынан тұратын объект, олардың әрқайсысы өрістерден және ағымдағы жазба көрсеткіштерінен тұрады. Деректер жиыны C++ Builder –де TDataSet абстрактілі класының (абстрактілі клас- басқа кластарды туындататын класс, бірақ берілген кластан объект экзамплярын құруға болмайды) тума класстары болады. Мысалы, Data Access парағының компоненттер палитрасындағы TQuery, TTable және TStoredProc компоненттері - TDBDataSet мұрагерлері, олар өз кезегінде TDataSet мұрагерлері. TDataSet - кестелерді ашу, сұраныстарды және жолдар бойынша ауыстыруларды орындайтын құралдармен қамтамасыз ететін, кестелерді басқару және сұраныстар абстракциясынан тұрады.
TDataSource компоненті
DataSource компоненті TDataSet (TTable, TQuery, TStoredProc) және Data Controls компоненттері арасындағы аралық қызметін атқарады. Data Controls компоненттері - формада деректердің ұсынылуын қамтамасыз ететін басқару элементтері. TdataSet компоненттері Borland Database Engine (BDE) кітапханасымен байланысты басқарады, ал DataSource компоненті Data Controls компоненті деректерімен байланысты басқарады.
ДҚ-ның қарапайым қосымшаларында DataSource компоненті - TDataSet (TTable немесе TQuery) бір компонентімен және Data Controls (DBGrid, DBEdit және т.б.) бірнеше компонентімен байланысты. DataSource компонентінің TDataSet және DataControls компоненттерімен байланысы келесі қасиеттер мен оқиғаларды қолдану арқылы жүзеге асады:
DataSet қасиеті – TDataSource компонентінің атын белгілейді. DataSet мәнін объектілер инспекторы арқылы орнатылады.
Enabled қасиеті - TDataSource және Data Controls компоненттері арасындағы байланысты белсенді етеді немесе тоқтады. Егер Enabled қасиетінің мәні true болса, онда TDataSource Data Controls компоненттерімен байланысқан, яғни деректер жиыны өзгерiстерiн қабылдайды. Enabled қасиетін қолдану TDataSource пен Data Controls визуальды компоненттерiн уақытша айыруға мүмкiндiк бередi. Мысалы, іздеу жағдайында, экранда барлық кестелерді парақтағанда кестеде үлкен көлемдегі жазбаларды көрсетпеу үшін.
AutoEdit қасиеті - Data Controls компоненттерінде өңдеу қалай басталатынын бақылайды. Егер мәні true болса, онда өңдеу тәртiбі TDataSet компонентімен байланысқан Data Controls компонентiнің фокус алу кезiнен басталады. Қарсы жағдайда өңдеу режимі TDataSet компонентінің Edit әдісін шақыру кезінде басталады, мысалы DBNavigator компонентіндегі Edit батырмасын қолданушы басқаннан кейін.
OnDataChange оқиғасы – өрістер, жазбалар, кестелер, сұраныстар мәндерін өзгерту кезінде шақырылады.
OnUpdateData оқиғасы - қолданушы TDataSet-тегі ағымдағы жазбаны өзгерткісі келгенде шақырылады.
TTable компоненті
Деректер қорындағы кестелерге қатынаудың ең қарапайым жолы TТable компонентін қолдану, ол бір кестеге қатынауға рұқсат береді. Осы мақсатта жиі қолданатын қасиеттері төмендегілер:
Active – берілген кесте ашық (true) немесе жоқ (false) екенін көрсетеді.
DatabaseName - құрамында ізделінетін кесте бар каталог аты, немесе қашықтағы ДҚ псевдонимі (alias) (Псевдонимдер BDE конфигурациясы утилиталары арқылы орнатылады, немесе мәзірдің Database/Explore пункті арқылы шақырылатын SQL Explorer арқылы орнатылады). Бұл қасиет кесте жабық (оның Active қасиеті false болғанда) болған жағдайда ғана өзгертіледі.
Мысалы:
Table1->Active = false;
Table1->DatabaseName = "BCDEMOS"
Table1->Active = true;
TableName – кесте аты.
Exclusive – егер бұл қасиет true мәнін қабылдаса, кесте берілген қосымшамен ашық болғанда, кестені басқа ешқандай қолданушы аша алмайды. Егер бұл қасиет false (үнсіздік бойынша) болса, онда басқа қолданушыларда осы кестені аша алады.