Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хандык дауир адебиети.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.21 Кб
Скачать
  1. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік

қамтамасыздандыру (пәннің мазмұнына қарай). ПОӘК шығыс мәліметтерді және мекенжайы көрсетілу қажет – кітапхана, кафедра т.б.

Бұл тарау жоспарланбаған

  1. Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.

Кесте бойынша

Хандық дәуір әдебиеті бойынша глоссарий.

(Әдебиет тарихының Хандық дәуіріне енетін тарихи тұлғалар мен олардың азаматтық іс-әрекеттерінің әдебиеттегі көрінісі туралы қысқаша мәлімет беру)

1. «Қазақ» атауының мәні. «Қазақ» сөзі ескі түрік тілінде «еркін адамдар» деген ұғымды білдіреді. Қайсыбір деректе сақ, хазар тайпаларының атынан шыққан делінеді.

2. Қазақ халқының қалыптасуы. ХҮ ғасырдағы Шайбани Әбілқайырдың көшпелі этностардан құраған одағын Шыңғыстың ұрпақтары Жәнібек пен Керей әлсіретіп, қазаққа жақын көптеген ұлыстарды бөліп әкетті.

Қазақ құрамында: арғын, наймае, дулат, керей, үйсін, қаңлы, қыпшақ, алшын, қоңырат, жалайыр, уақ тайпалары болды. Нәсілдері – монғол тектес, тілі – қазақ тілі еді.

3. Сол қазақтардың одағы кейіннен жүздерге бөлінді: Ұлы жүз: Оңтүстік Қазақстан, Жетісудің:Іле, Шу, Талас бойларын мекендеп, ол жерлерде: Дулат, үйсін, қаңлы, жалайыр, шапырашты, сіргелі рулары жайлап, Бұл өзен – Ақарыс деп аталды.

Орта жүз: Орталық және Шығыс қазақстанның: Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Сарысу өзендерінің бойын мекендеп, онда: арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ, қоңыраттар өмір сүрді. Бекарыс.

Кіші жүзге: Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің бойы кірді). Бұл жақта: табын, адай, жағалбайлы, алшын, шекті, тана,серкештер мекендеді. Кіші жүзді Жанарыс деп атады.

3. Қазақ хандығының құрылысы 7 сатыдан тұрады:

а) Ауыл.

Басшысы – ауылбасы, бірнеше жанұядан құралды.

ә) Ата –аймақ.

Басшысы –ақсақал, жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құралды.

б) Ру.

Басшысы –рубасы, 15 аймақтан құралды.

в) Арыс.

Басшысы – би, бірнеше рудан құралды.

г) Ұлыс.

Басшысы –сұлтан, бірнеше арыстан құралды.

д) Жүз.

Басшысы – хан, бірнеше ұлыстан құралды.

е) Хандық.

Басшысы –хан, үш жүзден құралды.

4. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандары және олардың билік құрған кезеңдерінің хронологиясы.

1. Керей мен Жәнібек (1456 – 1480 жж.)

2. Бұрындық хан (1480 - 1511)

3. Қасым хан (1511 - 1518)

4. Мамаш (1518 - 1523)

5. Тақыр (1523 - 1533)

6. Бұйдаш (1533 - 1534)

7. Қожа Махмұт (1534 - 1535)

8. Тоғым (1535 - 1537)

9. Хақназар (1537 - 1580)

10. Шығай (1580 - 1582)

11. Тәуекел (1582 - 1598)

12. Есім (1598 - 1613)

13. Тұрсын (1613 - 1628)

14. Жәңгір (1629 - 1652)

15. Әз Тәуке (1652 - 1718)

16. Батыр (1718 - 1726)

17. Болат (1726 - 1730)

18. Әбілмәмбет (1730 - 1771)

19. Абылай (1771 - 1781)

5. Қазақ хандығының құрылуы.

ХҮ ғ. 50 жылдары Әбілхайырдан бөліп әкеткен ұлыстарды Жәнібек пен Керей Моғолстанның иелігіндегі Жетісу жеріне қоныс аударды. Моғолстанның ханы Есен-Бұға оларды қарсы алып, Шу өңірінен Қозыбасы деген жерді бөліп берді. 1465 жылы Қазақ хандығы құрылды. Әбілхайырдың Қазақ хандығын құруға қарсы әрекеттері іске аспады.

6. Қазақ хандығының құрамына алғашқы болып: Созақ, Сауран қалалары кірді. Хандыққа 1480 ж. Керейдің баласы Мұрындық хан болды.

7. ХҮІ ғ. І ширегінде Қазақ хандығы күшейіп, 1511 ж. Жәнібектің баласы Қасым хан болды. ХҮІ ғасырда Қасым хандықты ұлғайтты.