Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хандык дауир адебиети.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.21 Кб
Скачать

10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік

нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі (егер пән бойынша қажет болса).

Бұл тарау жоспарланбаған

  1. Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары

(бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.б.)

Хандық дәуір әдебиеті бойынша ұсынылатын тестілік сұрақтар

1.Хандық дәуір әдебиетіндегі өлеңмен сомдалған Дайырқожа мен Қобыландының арасындағы өшпенділік туралы тарихи аңыз кімнің, қандай еңбегінде көрініс тапты?

2.XIV-XV ғасырларда Қазақстан жерінде ең көп тараған қай тіл?

3.Қазақтың әдебиетінің дербес әдебиет болып белгілі бола бастаған кезі қай ғасырдан басталады?

4.Шалкиіз Тіленшіұлы 1490 жылы қай билеушінің уәзірлерінің бірі болды?

5.Жалп-жалп ұшқан жапалақ

Аттансаң жазы түзде көрерсің

Жаман туған бар болса

Жаман жолдас көп болса

Жазаны содан көрерсің-деген өлең жолдарын сахара салтымен тамаша тәрбие алған қай жырау айтқан?

6.Алтын Орда ханы Ұлық Мұхамедтің кеңесші биі болған қай жырау?

7.Ғылымым жұрттан асты деп,

Кеңессіз сөз бастама

Жеңемін деп біреуді

Өтірік сөзбен қостама-деген тәрбиелік мәні бар ұлғатты сөзді қай жырау айтып еді?

8.1456ж. Шу алқабында Қазақ ордасы құрылған кезде жаңа мемлекеттің ұраншысы кім болды?

9.Өлетұғын тай үшін,

Көшетұғын сай үшін

Желке терің құрысып

Әркімменен ұрыспа- деген жолдарда Асан халыққа нені түсіндіреді?

10.Қазақтың Керейден кейінгі ханы Бұрындық болғанмен, билікті Қасым неге жүргізді?

11. «Қасым ханның қасқа жолы» деген қағида Қасымға нендей қасиеті үшін берілген?

12. «Өзіміз зерттеп, түсіндіре алмай жатқанымыз болмаса-қазақ әдебиетінің тариы тым тереңде жатыр» деген ойлы пікірді қай зерттеуші айтқан?

13. «Қазақ мал баққан шаруа алық, ол соғыстан гөрі, қыс-қыстау, жаз-жайлау қамын ойлайды» деген кіинің пікірі?

14.Қасымнан кейінгі 15 жыл бойы хан билігін ауыстырған хандар легінде кімдер бар?

15.Жоңғар шапқыншылығы кезінде туған «Елім-ай» әнінің авторы кім?

16.Қазтуған Еділдің төменгі ағысындағы қай жерді мекен еткен?

17. «Есімнің ескі жолы» аталған заңдар жинағы қандай мақсатта жасалған?

18.1652 жылы ойраттарға қарсы күресте айтыс болған Есім ханның ұлы Салқам Жәңгірден кейін қазақ андығының билігі кімдердің қолында болды?

19.Билер көмегімен «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарған қай ан?

20. Бақыты оянған ерлердің,

Әрбір ісі оң болар

Дәулеті күнге артылып

Не қылса да мол болар

Торлары түлкі алып

Қаршығасы кер іліп

Сөз сөйлесе жөн болып

Не десе де жарасар- деген, ел басқарған ан-билер мен өскелі тұрған жұртқа айтқан ақыл сөздің иесі кім?

21.Буыршынның бұта шайнар азуы

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы-деген жолдар Қазтуған жыраудың қай өлеңінен алынған үзінді?

22.XV ғасырдың 90 жылдарының орта шенінде Ақау қаласындағы Кіші орданы билеуші әскери шонжарлардың тұқымынан шыққан қай жырау?

23.Еңсесі биік боз орда

Ішіне кірер күн қайда

Қара бұлан терісін

Етік қылар күн қайда- дегенөлеңін Доспамбет Қазақстанның қай аймағын меңзеп айтады?

24.Үнемі елі үшін, жері үшін жан кешіп, шәһит болуды толғауларына арқау еткен кім?

25. Алп,алп басқан, алп басқан

Арабы төрім өзіңсің

Жазылы, алтын қол кескен

Алдаспаным өзіңсің!-деген мадақ жолдарын Шалкиіз кімге арнап айтқан?

26.Жебелей жебе жүгірген

Ерлердің арғымақтан игі малы бар ма,

Жағаласса жыртылмас

Ерлердің жеңсізден игі тоны болар ма

Дулығалы бас кескен

Ерлердің алдаспаннан игі қолы бар ма!-деген толғаудағы шешендік оралым философиялық даналылықтың қай түрі?

27.Жақсының жақсылығы сол болар

Жаманменен бас қосып

Сөйлемекке ар етер

Жаманның жамандыңғы сол болар

СӨйлесе дәйім бетін қара етер-деген Доспамбет өлеңінің құрылысы поэзияның қай оралымына жатады?

28. Жел, жел есер, жел есер,

Жел астына қарасам

Қоға менен тал өсер

Ораздының ұлы өсер

Жиырлының қызы өсер-деген толғаудың соңғы екі жолындағы сөздердің мағынасы не туралы?

29.Жауынды күні көп жүрме,

Жар жағасы тайғақ-ты

Жаманға жақыным деп сөз айтпа

Күндердің күні болғанда

Сол жаман өз басыңа айғақ-ты!-деген өлең жолдарындағы сөз мақалы нендей психологиялық күйді аңғартады?

30. Шалкиіздің қай өлеңінде айтыс өнерінің үлгісі байқалды?

31.Ер Шобан Биғазының екі жүз жылқысын қай жерден айдап қайтты?

32.Ер Шобан ның ойдан құрастырған сөздері Биғазыға не мақсатпен айтылды?

33.Еңсегей бойлы ер Есім Қазақстанның қай аймағында билік құрды?

34. Мына заман қай заман,-қай-қай заман

Ұл айырылған атадан дай-дай заман

Бауырынан айырылған жаман екен

Күн бар ма екен көрісер есен-аман-деген «Елім-ай» өлеңінің бұл варианты қай еңбекте жарияланған?

35. Хан емессің қасқырсың,

Қара албасты басқырсың

Алтын тоқта жатсаң да,

Ажалы жеткен пақырсың!-деген жолдар қай ақынның өлеңінен?

36.Әмірің қатты Есім хан,

Бүлік салып бұйырдың

Басын бер деп батырдың

Қанын ішіп қанбаққа

Жанын отқа салмаққа-деген жолдарды Жиембет Есім ханға не үшін айтқан?

37.Ақтамберді жырау қай кезеңде өмір сүрген?

38.Ел ішіне жау келсе,

Алдыңа сірә дау келсе,

Батырсынған жігіттің

Күшін сонда сынаса-деген өлең жолдары Ақтамбердінің өмірге деген қандай көзқарастағы ақын екендігін аңғартады?

39. Жиембет хандар қырқысы кезінде қай ханның көтерілісін басуға өз үлесін қосты?

40.Ақындық қабілетін аймаққа 10-11 жасында танытқан жырау кім?

41. Жоңғар мемлекеті біржола талқандалған кезде қазақ руларын шығыс бетке қайта қоныстандыруда қай жырау көп еңбек сіңірді?

42.Кәрі ақсайды ақылдан

Ер ақсайды жақыннан

Қазір әлсіз болсамда,

Үмітім бар ақырдан-деген жолдардағы Ақтамберді сөздерінің мағынасына қарай қандай сөздерге жатқызуға болады?

43. «Қарағайға қарсы біткен бұтақпын» -деген Ақтамберді өлеңіндегі оралымды басқа да қай ақынның өлеңдерінен кездестірдік?

44.Бұлан да бұлан, бұлан сан

Бұланның санын оқ тесер

Бұлаңдап жүрген жігіттің

Жомарт қолын жоқ кесер-деген өлеңнің қай жолдары мақал сөзге пара-пар?

45.От басар орны отаудай

Қабырғасы халық орнаған жонсаудай

Омырауы есіктей

Ойынды еті бесіктей-өлеңінің бейнелеу әдісі қандай түрде берілген?

46. Ей, азаматтар, жоралар,

Атты мінсең зорды мін

Биік біткен теректей

Қару алсаң мылтық ал

Қарның ашса тамағың

Жаяу жүрсең таяғың-деген өлеңдегі «жоралар» сөзінің мағынасы қандай, қай тілден енген?

47.Әскери өнер мен өжеттіліктен ешкімнен кем түспейтін қазақтардың жиі-жиі жеңілуі себептерін әдебиетте немен түсіндіреді?

48.1749 жылы Әбілқайыр ханның қызық алмақшы болған Қалдан Цереннің орнын басқан жоңғар басшысы кім?

49. ХVІІІ ғасырдың 40 жылдарында қантөгістерден шаршаған ойраттар мен қазақтар қандай қадамға ұмтылды?

50.Тәтіғара ақынның шығармашылығы қазақ жерінің қай басқыншыларыға қарсы күресін жырлауда мәшһүр болды?

51. ХVІІІ ғасырдың орта шеніндегі ұрыстарға қатардағы жауынгер ретінде қатысқан ақын кім?

52.Абылай ханның сүйікті ақыны болғанмен, өмірі үнемі жоқшылықта өткен ақын кім?

53. Түзде жүрсем батырмын,

Үйге келсем пақырмын

Таңертеңгі ішкен шалап

Қарында емес, қуықта

Ажал шіркін алыста емес, жуықта-деген жолдар арқылы қай ақын қонақтарының алдында төменшік тартады?

54.Бай болмаған бай болса

Жайламаған сай қоймас

Би болмаған би болса

Айтылмаған сөз қоймас

Хан болмаған хан болса

Қанамаған ел болмас-деген өлең жолдары арқылы Үмбетей не айтқысы келді?

55.Баласын мақтар бас жаман,

Қатынын мақтар қас жаман

Алыстағы дұшпаннан

Аңдып жүрген дос жаман-деген толғауын Үмбетей кімге арнаған?

56.Қозы маңырақ, қой маңырақ

Арасы толған көп қалмақ

Қалмақты қуып қашырдың

Қара Ертістен өткізіп,

Алтай тауға асырдың!-деген жолдарды Үмбетей кімге , қай кезде арнаған?

57. Сөзіне қарсы сөз айтып

Жауаптастың ,қарыстың

Қапияда тұтылдың

Шешендік жолын тұтындың

Үш ауыз сөзбен құтылдың...-деген сөздерін Үмбетей кімге арнап айтқан?

58.Қосағың қоса ағармас қосақ еткен

Құдайым осылайда қосады екен

Тоты құс жарқанатқа пенде бопты

Бұқарым айтар мінің осы-ақ екен...

деген Бұқарға арнауында Үмбетей әйелінің жас мөлшерін қалай жеткізген?

59.Құдай жақсы жаратқан нұр екіні айт,

Елде жақсы бар болса бір екіні айт

Атығайдан төрт қасқа батыр өткен

Жантелі ,Жәнек, Тілеке, Құлекені айт-деген өлеңнің авторы кім?

60. Шал ақынның шын есімі кім?

61Алғаш рет Шал ақын туралы мол мәлімет келтіріп мақала жазған кім?

62. ХV- ХVІІІ ғасырлардағы қазақ ақын-жазушы шығармаларының «Алдаспан» атты жинағы нешінші жылы шықты?

63. «Үш ғасыр жырлайды» атты революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалар жинағы қашан жарық көрді?

64. «ХVІІІ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет тарихында халық атынан сөйлеп, өз атында сақтап, бізге аман жеткені-Жанкісі»деген пікірді кім айтқан?

65.Бір ғасырдан астам ғұмыр кешкен қай жырау?

66.Бұхар жыраудың әкесі кім?

67. Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ-деген жолдар арқылы бұхар нендей пікірді ұстанған?

68.Ерге дәулет бітпесе,

Шүлдірлеген қызыл тілден не пайда?... деген өлең жолдары Бұхардың қай өлеңінен?

69. Қалың малы арзан деп,

Жаман қатын алмаңыз

Топқа кірер ұл тумас-деген жолдарды қай ақын айтқан?

70.Арту-арту бел келсе,

Атан тартар бүгіліп

Алыстан қара көрінсе

Арғымақ шабар тігіліп

Алыстан жанжал сөз келсе,

Азулы сөйлер жүгініп-деген Бұхардың өлеңі қандай тәсілде айтылған?

71.Балаңа ұрса берме тозда болса

Малыңды сол бағады аз да болса

Жұмыскер есіктегі тынышы кетер

Қожайын төрде отырған қазба болса- кімнің сөздері?

72.Ай қараңғы, күн бұлт, түн демеңіз,

Біреу жарлы, біреу бай, күндемеңіз

Ата тілін алмаған арам ұлды,

Аузы түкті кәпірден кем демеңіз-деген Көтеш ақынның өлеңінде қандай мән бар?

73.Кімнің жақсы, жаманын

Бір жаратқан хақ білер-деген өлең жолдары қай ақынның шығармашылығанда кездесті?

Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»

Бағалау саясаты:

Бағалау критерийлері

Бағалау түрі

Жұмыс үшін балл

Орындалған жұмыс көлемі

Дәрістегі белсенділік

100

15

Семинардағы (практикалық жұмыстағы белсенділік)

100

15

СОӨЖ-дағы белсенділік

100

30

СӨЖ орындауы

100

30

Жеке тапсырмалар

100

6

Рубеждік бақылау

100

2

Аралық аттестация (Р1, Р2)

100

N

Ағымдық бақылау

100

2

Емтиханға жіберілетін рейтинг

100

Барлық бағалардың орта арифметикалық сомасы

Қорытынды бақылау (емтихан)

(Р1+Р2)/2

Қорытынды

Ағымдық бақылау * 0,6

Жеке тапсырмалар

100*0,4

Рубеждік бақылау

Емтиханға жіберілетін рейтинг + қорытынды нәтиже



Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және семинар материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)

Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:

Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)

1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.

4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.

5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.