
- •050117 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған хандық дәуір әдебиеті
- •1.1. Оқытушы туралы мәлімет.
- •1.2. Пән туралы мәлімет.
- •1.4. Сабақ мазмұны
- •6 Кредит сағат
- •7 Машықтық сабақ
- •16 Кредит сабақ
- •11 Апта.
- •18Кредит сабақ
- •12 Апта.
- •20 Кредит сағат
- •13 Апта.
- •21 Кредиттік сағат.
- •22 Кредит сағат.
- •14 Апта
- •23 Кредит сағат
- •24 Кредит сағат
- •25 Кредит сағат
- •2.5. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.
- •5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •6. Семинар сабақтардың жоспары.
- •1.1 Ұйымдастыру талаптары:
- •1.3. Әдістемелік талаптар:
- •7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
- •1.8 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары.
- •1.8.3. Емтиханға дайындық сұрақтары:
- •10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік
- •Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары
- •Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік
- •Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.
6. Семинар сабақтардың жоспары.
1. Семинар сабақтың басты мақсаты студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп бекіту және тәжірибе жүзінде қолдана білуді қалыптастыру.
1.1 Ұйымдастыру талаптары:
- Семинар сабақтың оқу пәнінің жоспарына сәйкестілігі.
- Семинар сабақтардың дәріс, лабораториялық жұмыстар, курстық жобалар және т.б. байланысын білдіретін құжаттардың болуы.
- Семинар сабақтардың қазіргі әдіс-тәсілдерді және техникалық құралдарды қолдана отырып өткізу.
- Семинар сабақтарға қажетті ғылыми әдебиеттерді жинақтау.
- Семинар сабақтар бойынша студенттердің білімдерін бағалауды ұйымдастыру.
1.2. Тәжірибелік сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар:
- Семинар сабақ мазмұнының оқу бағдарламасына, талаптарға сай болуы.
- Пәннің басқа оқу сабақтарымен байланысын қамтамасыз ету.
- Сабақтарда студенттердің өздерінің білімдерін қолдана білуін дамыту.
- Тапсырмаларды орындаудың оңай тәсілдерін қарастыру.
1.3. Әдістемелік талаптар:
- Дәріс және басқа сабақ түрімен логикалық байланысты қамтамасыз ету.
- Сұрақтарды талқылау және дұрыс жауапты табу.
- Студенттердің жеке жұмыстарын жүргізуде басшылық ету.
№ |
Тақырып |
Мазмұны |
Апта |
Әдебиет |
1. |
Қазақ хандығы кезеңіндегі Қазақ мемлекеттігінің пайда болуына негіз болған объективті себептер |
Хандықтың негізін салушылар- Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары-Керей мен Жәнібекпен таныстыру. Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайларын реттеуге бағытталған реформалар.
|
1 |
1, 2, 3, 4, 5. |
2. |
Жоңғар шапқыншылығы (1710-1711,1717,1723-1725,1740-1742 жж.)
|
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі. Жоңғарларға қарсы күрестегі қазақ хандары мен батырларының рөлі. Абылай хан мен оның үзеңгілестері, ақын мен билері туралы. Жырау, жыршы, ақын сынды халық әдебиетін жасаушылардың өзіндік ерекшеліктері. Олардың поэзиясының даралық немесе жалпылық көріністері, сарындас немесе жекелік өзгешеліктері. |
2 |
1,2. |
3. |
Хандық дәуір әдебиетінің даму бағыттары мен көркемдік-идеялық ерекшеліктері
|
Жыраулар поэзиясының даму кезеңдерін қөрсету. Жыраулар поэзиясының көркемдік және тарихи танымы. Қазақ жыраулары мен хан-билерінің өмірі мен азаматтық істері туралы жинастырылған шежіре-аңыздар, зерттеу жұмыстары. Толғаулар, арнаулар, жырлардың өзара ерекшеліктері. |
3 |
1,2,3,4,5,6. |
4. |
Қазтуған жырау
|
ХV-ХVІ ғасырдағы Қазақ әдебиетінің ірі өкілі-Қазтуған жыраудың өмірі мен шығармашылығынан мәліметпен қөрсету. Қазақ көшпелілігін-тарихи дәлелдермен көрсетуде Қазтуған өлеңдерінің тарихилық белгісі тән.
|
4 |
1,2,3. |
5. |
ХІV-ХV ғғ. Тарихи тұлғалардың көрнектісі-Асан қайғы
|
Асан қайғы-ҰлығМұхамед, Жәнібек хандардың ықпалды биі. Асан-аңыз кейіпкері. Асан туралы аңыз, әңгіме, шежірелерді талдау. Асан ХV ғасырдағы бүкіл Дешті Қыпшақтың ірі жырауы. Асан толғауларының тақырыптық ерекшелігі: насихат, өнеге сөз, ғибраттарыныңидеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігімен таныстыру
|
5 |
1,2,3,4. |
6. |
Доспамбет жырау
|
Қазақ хандығының құрылу кеңесінде өмір сүрген, ұлттық әдебиеттің қалыптасуында көрнекті рөлі бар- Доспамбет жырау. Толғауларының басты идеясы. Доспамбеттің шығармаларында билеуші қауымның салтанатты тұрмысының, жақсылы-жаманды істерінің көрініс табуы.
|
6 |
1,2,3,4,5,6,7,8. |
7. |
Шалкиіз жырау |
Шалкиіз Тіленшіұлы қазақ поэзиясында орнын қөрсету. Шалкиіз толғауларындағы қоғам, адам өмірі жайындағы толғаныстар, өмірдің өзгермелілігі мен өшу мен өсу жолдары туралы пікірлері және олардың шығармасында сомдалуы. |
7 |
1,2,3,4,5,6,7,8. |
8. |
ХVІІ ғасырдағы Қазақ әдебиеті. Жиембет жырау |
Жиембет Бартоғанұлы (ХVІІғ) –Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы, қабырғалы биі. Жырау өмірінен мәлімет берер аңыз-әңгімелер легі. |
8 |
1,2,3,4,5,6,7,8. |
9. |
Марқасқа жырау. |
Марқасқа жырау (ХVІІғ)- Есім ханның батырларының бірі, жырау. Өткір тілді, суырып салма өнердің шебері-Марқасқа- ерлікті, антқа беріктікті жырлаушы. |
9 |
1,2,3,4,5,6,7,8. |
10. |
ХVІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму ерекшелігі |
ХVІІІ ғасыр қазақ қоғамы өмірінің ең бір кезеңді шағы, ұлттық сананың жедел жетілген мезгілі. Көпті көрген жыраулар, ақын-жыршылар, шешендер ендігі жерде халық мүддесін көздейтін, ел бірлігін үндейтін шығармаларды дүниеге әкелді. |
10 |
1,2,3,4,5,6,7,8. |
11. |
Тәтіғара ақын шығармашылығы
|
Тәтіғараның туған жерімен, өскен ортасымен таныстыру. Біздің заманымызға қарбалас шақтарда от жолында туған Тәтіғара өлеңдерінің кейбір жұрнақтары жетті. |
11 |
1,2,3,4,5,6 |
12. |
Үмбетей жырау шығармашылығы
|
Үмбетей жыраудың туған жерімен, өскен ортасымен таныстыру. Үмбетейдің «Жауқашарға», «Бұхарға», «Ей, Ақтамберді, Қабанбай», «Бекболат биге», «Бөгембай өміріне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» деген өлеңдерімен таныстыру. |
12 |
1,2,3,4,5 |
13. |
Бұхар жырау шығармашылығы
|
Бұхар жыраудың туған жерімен, өскен ортасымен таныстыру. Біздің заманымызға жеткен Бұхар өлеңдерінің денін (800 жол) қағаз бетіне түсірген М.Жүсіп Бұхардың барлық шығармасы М.Жүсіптің түсіріп алынған.
|
13 |
1,2,3,4,5,6,7 |
14. |
Шал ақын шығармашылығы
|
Шал ақынның өмірбаянымен таныстыру. Шал ақынның бұрыннан белгілі өміржолы мен шығармашылығы жыл сайын толықтырылып келеді. Шал ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы «Бес ғасыр жырлайды» еңбегінде толық айтылған. |
14 |
1,2,3,4,5 |
15. |
Көтеш ақынның шығармашылығы.
|
Қөтеш ақынның өмірбаянымен таныстыру. Көтеш ақын еңбектері 1967 ж. «Ертедегіәдебиет нұсқалары», 1967 ж. «Алдаспан» т.б. басылымдарда жарық көрді.
|
15 |
1,2,3,4,5,6 |