- •050117 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған хандық дәуір әдебиеті
- •1.1. Оқытушы туралы мәлімет.
- •1.2. Пән туралы мәлімет.
- •1.4. Сабақ мазмұны
- •6 Кредит сағат
- •7 Машықтық сабақ
- •16 Кредит сабақ
- •11 Апта.
- •18Кредит сабақ
- •12 Апта.
- •20 Кредит сағат
- •13 Апта.
- •21 Кредиттік сағат.
- •22 Кредит сағат.
- •14 Апта
- •23 Кредит сағат
- •24 Кредит сағат
- •25 Кредит сағат
- •2.5. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.
- •5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •6. Семинар сабақтардың жоспары.
- •1.1 Ұйымдастыру талаптары:
- •1.3. Әдістемелік талаптар:
- •7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
- •1.8 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары.
- •1.8.3. Емтиханға дайындық сұрақтары:
- •10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік
- •Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары
- •Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік
- •Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.
5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
1-дәріс.
Қазақ хандығы түріндегі Қазақ мемлекеттігінің пайда болуына негіз болған объективті себептер.
Хандықтың негізін салушылар- Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары-Керей мен Жәнібек.
ХVІ ғасырдағы Қазақ хандығының нығаюы, аймағының кеңеюі. «Қасым ханның қасқа жолының» жасалуы
ХVІ ғасырдың ІІ жартысындағы Әміреген хандықтың бірлігін орнатудағы Ақназар хан үлесі. Тәуекел тұсындағы қазақ хандығы мен Ресей арасындағы дипломатияның нығаюы.
ХVІІ ғасырдағы Қазақ хандығының орталықтандырылған мемлекетін құрудағы Есім ханның үлесі. Оның тұсындағы «Есім ескі жолы» заңының сипаты.
Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайларын реттеуге бағытталған реформалар.
2-дәріс
Жоңғар шапқыншылығы (1710-1711,1717,1723-1725,1740-1742 жж.)
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі. Жоңғарларға қарсы күрестегі қазақ хандары мен батырларының рөлі. Абылай хан мен оның үзеңгілестері, ақын мен билері туралы.
Қазақ әдебиеті тарихының сахнасына шыққан ақын-жыраулар поэзиясы.
Жырау, жыршы, ақын сынды халық әдебиетін жасаушылардың өзіндік ерекшеліктері. Олардың поэзиясының даралық немесе жалпылық көріністері, сарындас немесе жекелік өзгешеліктері.
Жырау- хан мен қараша халық арасының дәнекері. Жыраулар мен ақындардың қоғамдық өзгерістерге сай жан-жақтылығы, іскерлігі, көзқарастары мен азаматтық іс-әрекеттері.
3-дәріс
Хандық дәуір әдебиетінің даму бағыттары мен көркемдік-идеялық ерекшеліктері.
Жыраулар поэзиясының даму кезеңдері:
І кезең. (ХІ-ХІV ғасырлар) Жыраулық дәстүрдің негізі қаланған алғашқы кезеңі. Кетбұға, Сыпыра жыраулардың, Қодан тайшының бізге жеткен мұралары.
ІІ кезең. (ХV-ХVІ ғасырлар)Жыраулық поэзияның қалыптасу кезеңі. Жиембет, Тәтіғара, Үмбетей, Ақтамберді, Бұхар жыраулар шығармашылығы.
Жыраулар поэзиясының жариялануы, зерттелу жайы.
І кезең. ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап Кеңесч үкіметі орнағанға дейінгі кезең аралығындағы жиналуы, жариялануы.
ІІкезең. 1917ж-1959 ж. аралығындағы жиналуы, зерттеле бастауы.
ІІІ кезең. 1959 жылғы әдеби мұра жайлы конференциядан кейінгі және осы күнге дейінгі зерттелуі. ХХ ғасырдың 60-90жж. Аралығындағы зерттеу жұмыстары.
Жыраулар поэзиясының көркемдік және тарихи танымы. Қазақ жыраулары мен хан-билерінің өмірі мен азаматтық істері туралы жинастырылған шежіре-аңыздар, зерттеу жұмыстары. Толғаулар, арнаулар, жырлардың өзара ерекшеліктері.
4-дәріс
Қазтуған жырау.
ХV-ХVІ ғасырдағы Қазақ әдебиетінің ірі өкілі-Қазтуған жыраудың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет.
Қазтуған-қазақ әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы автор, жорықшы, жауынгер ақын.
Қазтуған жырлары- көп тақырыпты, терең мағыналы, дидактикалық сарынды жырлар. Жырау туралы Мұрат ақының «Қазтуған» жырын терең толғаған. Қазтуған бейнесін өз шығармалары арқылы таныту.
Қазтуған жырларындағы көшпелі немесе көшпелілік дегеннің бейнесі терең ашылады.
Қазақ көшпелілігін-тарихи дәлелдермен көрсетуде Қазтуған өлеңдерінің тарихилық белгісі тән.
5-дәріс
ХІV-ХV ғғ. Тарихи тұлғалардың көрнектісі-Асан қайғы.
Асан қайғы-ҰлығМұхамед, Жәнібек хандардың ықпалды биі.
Асан-аңыз кейіпкері. Асан туралы аңыз, әңгіме, шежірелерді талдау.
Асан ХV ғасырдағы бүкіл Дешті Қыпшақтың ірі жырауы.
Асан толғауларының тақырыптық ерекшелігі: насихат, өнеге сөз, ғибраттарыныңидеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігі.
Асан-өз заманының шежірешісі, тарихты сомдаушы-суреткер.
Асан өлеңдерінің жинастырылуы, зерттелуі.
6-дәріс
Доспамбет жырау.
Қазақ хандығының құрылу кеңесінде өмір сүрген, ұлттық әдебиеттің қалыптасуында көрнекті рөлі бар- Доспамбет жырау.
Ол – ерлік пен еркіндікті аңсаған жырымен ақын.
Толғауларының басты идеясы-ерлікті, батырлықты дәріптеу.
Жырау өлеңдерінде елді, жерді қорғау міндеті, майданда шаһіт кету, соғысып өлу арманының көрініс табуы. Сол бағыттағы өлеңдерін талдау, идеясын түсіндіру.
Доспамбеттің шығармаларында билеуші қауымның салтанатты тұрмысының, жақсылы-жаманды істерінің көрініс табуы.
Доспамбет жыраудың толғауларында дүниенің өзгешелігі, адам өмірі мен ой-толғаныстарының жырланауы.
7-дәріс
Шалкиіз жырау.
Шалкиіз Тіленшіұлы (1456-1560)-қазақ поэзиясында философиялық бағыттың негізін салушы, жаңашыл жырау.
Шалкиіз ноғай-қазақ дәуіріндегі Орақ, Мамай, Би Темірдің тұсында өмір сүрген.
Шалкиіз толғауларындағы қоғам, адам өмірі жайындағы толғаныстар, өмірдің өзгермелілігі мен өшу мен өсу жолдары туралы пікірлері және олардың шығармасында сомдалуы.
Шалкиіздің Би Темірге арнауларының мазмұны.
Хан мен Халықтың арасындағы өз толғауларымен дәнекерлілігі.
Шалкиіз өлеңдерінің көркемдігі мен суреттеу шеберлігі.
Шалкиіздің толғауларындағы афоризмдік құрылымдарының өзінен кейінгі жырмен, жырауларға берген әсері.
Шалкиіздің толғауларындағы ерлікті жырлау дәстүрінің Махамбет тұсында жандануы.
Шалкиіз шығармаларының қазақта, сонымен бірге қарақалпақ, құмық әдебиеттерінде зерттелуі.
8-дәріс
ХVІІ ғасырдағы Қазақ әдебиеті. Жиембет жырау.
Қазақ әдебиеті тарихында ХVІІ ғасыр әдебиетінен қалған нұсқалар өткен дәуірлермен салыстырғанда біршама аз.
ЖиембетБартоғанұлы (ХVІІғ) –Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы, қабырғалы биі.
Жырау өмірінен мәлімет берер аңыз-әңгімелер легі.
Жиембеттен қалған елеулі мұра- Есім ханға арналған толғаулары. Жиембеттің хан мен халық алдындағы үлкен еңбегі, беделі.
Жиембеттің арнау-толғауларында билеуші мен жырау арасындағы қайшылықтардың суреттелуі және және хан дәрменсіздігінің әшкереленуі, толғаудың сыншылдық сипаты.
Жиембет шығармаларының зерттелуі, жиналуы.
9-дәріс
Марқасқа жырау.
Марқасқа жырау (ХVІІғ)- Есім ханның батырларының бірі, жырау. Өткір тілді, суырып салма өнердің шебері-Марқасқа- ерлікті, антқа беріктікті жырлаушы.
«Ей, Қатағанның хан Тұрсын» толғауының шығу тарихы. Марқасқа Есім ханның өмірі мен ерлік істері суреттелетін жеті мың жолдық «Еңсегей батыл ер Есім» атты тарихи жырды жырлаған алғашқы жырау.
Марқасқаның шығармаларын жинастырып бастыруға басшылық еткен Семей облысының Абай ауданынан шыққан шежіреші М.Жиреншин болды. Ол 1936 ж. Қаз. ССР Ғылым Академиясына Марқасқа туралы материалдарды тапсырады. 1967 ж. Марқасқаның шығармалары «Ертедегі оның нұсқалары» атты еңбекте жарық көрді.
10-дәріс
ХVІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму ерекшелігі.
ХVІІІ ғасыр қазақ қоғамы өмірінің ең бір кезеңді шағы, ұлттық сананың жедел жетілген мезгілі.
Ұзақ ғасырлар бойы ру-тайпаларға бөлініп, басы құралмай келген бытыраңқы халықтың тірек сүйеніші болмады. 1716-1717 жылдары Тәуке хан, одан кейінгі (1718) Әбілхайыр хан Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды.
Қазақ халқы екі оттың ортасында отырғанда орыстар оны өзіне тиімді пайдаланды.
1723 жылы «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» оқиғасы қазақ елін еңсіретті. Осы тұста өз күшімен жауды қайтарған қазақтың бүкіл қиындығын қауызына сыйдарған «қаратаудың басынан көш келеді» деген өлең жолдары пайда болды.
Әріден келе жатқан қазақтың байырғы поэзиясы 1723 ж. оқиғадан кейін жаңа мазмұнға ие болды. Көпті көрген жыраулар, ақын-жыршылар, шешендер ендігі жерде халық мүддесін көздейтін, ел бірлігін үндейтін шығармаларды дүниеге әкелді.
11-дәріс
Тәтіғара ақын шығармашылығы.
Тәтіғара Қостанай өңірінде, Сарыкөл маңында туып-өскен. Ақын кедей ортадан шығады және бір уақыттарда Абылай ханның сүйіктісі болғанына қарамастан, өмір бойы жоқшылық тақсіретінен құтыла алмаған.
ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақ халқының басынан өткен ұрыс-соғыстарына қатардағы жауынгер ретінде қатысқан Тәтіғара көне заман батырлары, олардың ел қорғаудағы ерлік істері туралы, жұрттың рухын көтеретін үлкенді- кішілі жырлар айтумен қатар, өз жанынан күнделікті әскери өмірге қатысты, жауынгерлерді қиыншылықтарға мойымауға,, ерлікке, күреске үндеген өлеңдер шығарып отырған. Бұл өз кезінде Тәтіғара шығармаларының халық арасына кең тарауына жол ашады. Тәтіғара, 1756 ж. қазақ жерінің шегіне кірген Цин басқыншыларына қарсы күрес күндерінде туған өлеңдері арқылы мәшһүр болады. Біздің заманымызға қарбалас шақтарда от жолында туған Тәтіғара өлеңдерінің кейбір жұрнақтары жетті.
12-дәріс
Үмбетей жырау шығармашылығы.
Үмбетей 1706 ж. шамасында дүниеге келген.
Жыраудың әкесі-Тілеу- қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендік сөздерін, нақылдарын жақсы білген. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі ұстазы-әкесі.
Үмбетей жыраудың шығармалары алғаш 1968 ж. қарт журналист Ғ.Мұқатовтен алып, «Алдаспанға» бастырылды.
Үмбетейдің «Жауқашарға», «Бұхарға», «Ей, Ақтамберді, Қабанбай», «Бекболат биге», «Бөгембай өміріне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» деген өлеңдері Алдаспанда
, «Ертедегі әдебиет нұсқаларында (1967) және кейбір үзінділері «Тіл» журналының №4,1925 нөмірлерінен алынған.
Үмбетейдің шығармаларын жинап бастырушылар баршылық, бірақ солардың ішінде Мұсылманқұл Жиреншиннің жинағы дұрыстау саналып, «Алдаспанға» Мұсылманқұл варианты бастырылды.
13-дәріс
Бұхар жырау шығармашылығы.
Бұхар Қалқаманұлы 1668 ж. дүниеге келген. Бұхар туралы мәлімет аз. Ол Тәуке тұсындағы ықпалды билердің бірі болған.
Біздің заманымызға жеткен Бұхар өлеңдерінің денін (800 жол) қағаз бетіне түсірген М.Жүсіп Бұхардың барлық шығармасы М.Жүсіптің түсіріп алынған.
Бұхар өлеңдері ең алғаш 1925 жылы «Тіл» журналында, Т.Тобаниннің «Казахский фольклор » деген еңбегінде, 1962 ж. «ХVІІІ-ХІХ ғ. қазақ ақындарының шығармалары» жинағында, «Жұлдыз» журналының 1959 жылғы №3 нөмірінде, Мутиев С мен Қ.Бекхожиннің 1942 ж. «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында» , 1911 ж. Қазанда бастырылған Қ.Хамутің «Тауарих Хамсасында», С.Сейфуллиннің 1931 ж. шыққан «Қазақ әдебиеті» кітабында т.б. газет, журнал беттерінде бірнеше дерлік жария көреді.
14-дәріс
Шал ақын шығармашылығы.
Шал (Тілеуке Құлекеұлы) 1748ж.Көкшетау өңірінде туған. Әкесі Құлеке Абылай ханның жан серігі, беделді рубасы болған. 1755-60жж. Құлеке Есіл өзенінің бойына қарай көшеді.
Ақын Шалдың өмір сүрген жері-қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев ауданында. Тілеукенің даңқы 15 жасында шығады.Ол аса ұтқыр ақын болып қалыптасады.Кейіннен кедейленіп, 1819 ж. қайтыс болады.
Шал ақынның бұрыннан белгілі өміржолы мен шығармашылығы жыл сайын толықтырылып келеді.
Шал туралы жаңа мәліметтер «Қазақ тарихы» журналында келтірілген.
Шал ақынның шығармалары әу баста ҚР Ғылым Академиясының ------- бөлімінде жинақталған. Одан кейін «Алдаспанда», 1965 ж. «Үш ғасыр жырлайды» жинағында, 1967 ж.Ертедегі әдебиет нұсқалары , «ХVІІІ-ХІХ ғасыр ақындарының шығармалары» т.б. еңбектерде бастырылды.
Шал ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы «Бес ғасыр жырлайды» еңбегінде толық айтылған.
15-дәріс
Көтеш ақынның шығармашылығы.
Көтеш Баянауыл аймағында туып-өседі. Алғаш рет 17 жасында, Абылайға қарай бас көтерген Мейрам руының намысын құртқан өлеңі арқылы аты шығады. Жарлы семьяда туған әрі жоқшылықта өмірі өткен Көтеш ешқашан арын саудаға салмаған.
Оның өлімі ен даладағы қарақшылардан болды.
Бірақ Көтешті өзге жыраулардан ерекшеленетіні- ол ешқашан төменшіктеуге, орынсызға илікпеген, кедей болса да биік өткен адам.
Көтеш ақын еңбектері 1967 ж. «Ертедегіәдебиет нұсқалары», 1967 ж. «Алдаспан» т.б. басылымдарда жарық көрді.
