
- •050117 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған хандық дәуір әдебиеті
- •1.1. Оқытушы туралы мәлімет.
- •1.2. Пән туралы мәлімет.
- •1.4. Сабақ мазмұны
- •6 Кредит сағат
- •7 Машықтық сабақ
- •16 Кредит сабақ
- •11 Апта.
- •18Кредит сабақ
- •12 Апта.
- •20 Кредит сағат
- •13 Апта.
- •21 Кредиттік сағат.
- •22 Кредит сағат.
- •14 Апта
- •23 Кредит сағат
- •24 Кредит сағат
- •25 Кредит сағат
- •2.5. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.
- •5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі
- •6. Семинар сабақтардың жоспары.
- •1.1 Ұйымдастыру талаптары:
- •1.3. Әдістемелік талаптар:
- •7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
- •1.8 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары.
- •1.8.3. Емтиханға дайындық сұрақтары:
- •10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік
- •Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары
- •Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік
- •Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Филология факультетінің деканы
Шайекенов Ж.Ж.
( аты-жөні)
«____»__________ 2011ж.
Қазақ филологиясы кафедрасы
050117 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған хандық дәуір әдебиеті
( пәннің атауы )
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Курс -2
Семестр – 3
Кредит саны – 2
Дәріс – 15 сағат
Семинар - 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 30 сағат
СӨЖ – 30 сағат
Емтихан – ІІІ семестрде
Барлығы – 90 сағат
Орал – 2011
Пәннің оқу - әдістемелік кешені ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2005 жылғы 11.05. н 289 бұйрығымен Абай атындағы ҚазҰПИ құрастырған қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша мемелекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес дайындалды.
Құрастырушы: филология ғылымдарының кандидаты,доцент Мұхамбетқалиева Р.Қ.
Қазақ филологиясы кафедрасының отырысында бекітілді
«________»2011ж № __________хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________________________А. Ы. Мамыров
Факультеттің оқу - әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
«________»____________2011ж. №_________хаттама
Курс бағдарламасы ( СИЛЛАБУС )
1.1. Оқытушы туралы мәлімет.
Оқытушының аты-жөні: Мұхамбетқалиева Роза Қазиқызы
Мекен-жайы: Орал қаласы, Студенттер көшесі, 3 – 307. тел: 51 – 21 – 10.
Жұмыс орны: Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.
ОфисҚазақ филологиясы кафедрасы.
Жұмыс мекен – жайы: Орал қаласы, Достық даңғылы, 162.
Жұмыс телефон: 51-30 – 62
1.2. Пән туралы мәлімет.
Пән атауы: Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады. 1 - аптада 2 кредит сағат, әр кредит - сағат 1 байланыс сағаттан ( дәріс немесе практика ) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттік аптаға бөліну кестесі.
Сабақтар |
Өткізу уақыты |
Сабақтар |
Өткізу уақыты |
1 байланыс сағаты |
50 мин, |
ОЖСӨЖ, СӨЖ |
50+50 минут |
2 байланыс сағаты (практика) |
50 минут |
ОЖСӨЖ, СӨЖ |
50+50 минут |
Кредит саны 2
Өту орны: №4 оқу ғимараты, 4-қабат, сабақ кестесі бойынша.
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс |
Семинар |
Кредит |
Дәріс |
Семинар |
ОЖСӨЖ |
СӨЖ |
Барлығы |
Бақылау түрі |
2 |
3 |
2 |
15 |
15 |
30 |
30 |
90 |
Емтихан |
1.3. Пән бойынша мәлімет: Қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі бір сала-жыраулар поэзиясы. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» атты бұл пән ұлттық әдебиетіміздің алғашқы өкілдері-Асан, Қазтуғандардан бастап Доспамбет, Шалкиіз, ХVII ғасыр да өмір сүрген: Жиембет, Марқасқа, ХVII ғасырдағы қазақ поэзиясының соқталы өкілдері Ақтамберді, Үмбетей, Бұхар жырау және ақындық поэзияның көрнекті өкілдері-Көтеш, Шал ақындар шығармашылығын қамтып, ежелгі түркілік поэия мен жыраулық поэзияның сабақтастығы, идеялық-көркемдік жалғастығы мәселелері, жыраулардың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасы, жыраулық поэзиялық тарихилық мәселелері ғылыми-теориялық талдаулар арқылы түсіндіріледі. Пәнді оқыту барысында пәнаралық жалпы білімдер байланысы басты назарда болады.
Қазақ әдебиетінің тарихилық мәселесі жекелеген пәндер тарихымен бірлікте алынып, әдебиет пәнінің саяси-әлеуметтік тарихы, қоғамдық ролін арттыруға назар аудартады.
Қазақ хандығы дәуіріндегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік, қоғамдық өмір-тіршілігінен мол мағлұмат беру арқылы жас ұрпақтың елжандылық сезімін ояту, сонымен бірге бірнеше ұрпақ зердесінен қағыс қалып, тарихи мәні көмескіленіп бара жатқан еліміздің өткені мен бүгінгі қайта түлеу кезеңіндегі дәстүрлі жалғастық жолдарын меңгерту.
Курс міндеті.
Ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмтылған еліміздің еркіндік үшін болған күрес-тартыстарын шынайы бейнелейтін әр заман ақын-жырауларының шығармаларын терең түсініп, жалпы әдебиетте қордаланған ел тарихын қастерлеуге үйрету және тарихты образдаудағы әдебиеттің қуатты күшін аңғарту.
Жыраулар поэзиясын құр жаттатып жалаң оқытып қана қоймай, оны талғай білуге, талдай білуге үйрету.
Пререквезиттер: Орта білім беретін мектепте оқытылатын әдебиет пәнін тереңдетіп оқытуға бағыттау.
Постреквезиттер: Курс соңында әрбір студент ХV-XVII ғасыр аралығындағы жыраулар тілімен жеткен тарихтың әдебиетте образдалған көрінісін терең ажырата білуі тиіс. Жыраулар поэзиясында жыршы-ақындардың өз тұсындағы көзқарастарын білуі үшін аналитикалық, синтетикалық, ретрологиялық талдау жасай білуі тиіс.
Оқыту әдістемесі:
Сабақты мұғалімнің жанды сөзімен түсіндіруі қадағаланады. Сұрақ-жауап, әңгімелеу, пікір таластыру сағатында арнайы тапсырмалар беріледі. Бүкіл ақпараттық білім мұғалімнің жетекшілігімен іске асады. Студенттердің өз бетінше ізденісі университеттің немесе қалалық, облыстық ғылыми көпшілік кітапханаларында бар кітап қорынан алынып жабдықталады.
Электрондық яки интернет арқылы жинақталған білім көздері мұғалімнің нақты нұсқауымен анық бағыттар арқылы беріледі.
Пән өтетін семестрде 2 рет рейтинг өткізіледі. Рейтингтік балл тестілеу немесе жазбаша шығармашылық жұмыстар арқылы қойылады. Әрбір семинар сабағы ауызша жауап немесе өзіндік жұмыстың әр түрлі тапсырмалары арқылы жүзеге асырылады.
Сабақ нысаны-поэзиялық шығармаларды оқытуға бағытталғандықтан өтілген тақырып бойынша өлең мәтіндерін жаттаулары қадағаланады.
Өлең-толғауларды тек жаттау ғана емес, оларды талдаудың бірнеше варианттары қолданылады.