Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус 5 оз мсо каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
579.8 Кб
Скачать

2.8 Сабақ беру және оқыту әдiстерi:

  • Дәрістер: Кіріспе , шолу

  • Тәжірибелік сабақтар: тесттік тапсырманы және жағдаяттық тапсырманы шешу, ауызша сұрау, шағын топтарда жұмыс, жағдайды модельдеу;

  • Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратың жұмысы (ОСӨЖ): үй тапсырмасын, жобаларды, тапсырмаларды, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқу бағдарламасының қиын сұрақтары бойынша консультация

  • Студенттің өз бетінше атқаратың жұмысы (СӨЖ): курстық жұмыс, презентация, жағдаяттық тапсырма

2.9 Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

  • Ағымдық бақылау: тесттеу, жазба/ауызша сұрау, жағдаяттық тапсырмалар, тәжірибелік дағдыларын бағалау.

  • Аралық бақылау: коллоквиум.

  • Қорытынды бақылау: емтихан ,ауызша сұрау

2.10 Ұсынылатын әдебиет:

негізгі:

Орысша

  1. Гигиена детей и подростков: Учебник /Под ред. В.Р.Кучма. - М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008.- 480 с.

  2. Гигиена детей и подростков: Учебник /Под ред. Неменко Б.А.. – Алматы-2013- 297 с.

қосымша:

  1. Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к условиям воспитания, обучения и трудовой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.М. М.Медицина. - 2006.

  2. Голубев В.В. и др. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста. – М.: Издательский центр «Академия».2000.-200 с.

  3. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными терминалами.- М.: Медицина, 2000.- 160 с.

Қазақша

Негізгі:

  1. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Оқулық – Алматы «Ғылым». – 2002. – 300 бет.

  2. Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы. – Алматы. Ғылым баспа орталығы. 2008.

қосымша:

1.Төлемісова А.М., Қасмақасов С.Х. Қазақстан Республикасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі. Әдістемелік оқу құралы. – Алматы 2008. – 230 бет.

2.9 Оқыту әдістері

  • Дәріс: енгізу, проблемалық.

  • Тәжірибелік сабақтар: тест тапсырмалары мен жағдаяттық тапсырмаларды шешу, ауызша сұрау, шағын топтарда жұмыс істеу: жағдайды модельдеу;

  • Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы (ОСӨЖ): үй тапсырмасын, жобаларды, тапсырмаларды, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оқу бағдарламасының қиын сұрақтары бойынша консультация өткізіледі.

  • Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысы (СӨЖ): реферат, презентация

2.10 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:

  • Ағымдық бақылау: тестілеу, жазбаша/ауызша сұрау, жағдаяттық

тапсырмаларды шешу, практикалық машықтарды

  • Аралық бақылау: коллоквиум.

  • Қорытынды бақылау: емтихан, ауызша сұрау

Оқудағы жетістіктерді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі

Білім алушыларды дәстүрлі бағалау шкаласымен қоса

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Балы

Ауызша сұрау.

100 бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Жауап толық, әрі дұрыс. Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді терең меңгергендігін көрсетіп, өзінің көзқарасын жеңіл, ұғынықты жеткізе біледі. Спецификалық терминологияның негізгі терминдерін тірекке ала отырып, өз ойын сауатты, еркін жеткізе алады. Пререквизит және постреквизит материалдарының арасындағы логикалық байланысты көрсете білуге қабілетті. Практикалық машықтарды қатесіз орындайды, зерттеу нәтижелерін түсіндіріп, дәлелдеп тұжырымдай біледі.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды; аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды; аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын. Емдеудің классикалық түрлерін жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда өзіндік көзқарасын білдіріп, емдеудің өзге де тәсілдерін ұсына алады.

90 бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Айқын және жан-жақты жауап береді. Деректерді бағалай біледі, өздігінен ақылға салады, қорытындыны негіздеуге қабілеттілігімен ерекшеленеді және оларды логикалық бірізділікпен түсіндіреді, бірақ жалпы мінездемелерде кейбір қателер жібереді, орташа біліммен бұрынғы оқытылған пәндердің материалдарын меңгеруде өзін жоғары деңгейде көрсетті. Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді (монографиялар, мақалалар) терең меңгергендігін көрсетіп, өзінің көзқарасын жеңіл, ұғынықты жеткізе біледі. Пререквизит және постреквизит материалдарының арасындағы логикалық байланысты көрсете білуге қабілетті. Практикалық машықтарды қатесіз орындайды, зерттеу нәтижелерін түсіндіріп, дәлелдеп тұжырымдай біледі.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын.

85 бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды толық меңгергендігін көрсетті. Айқын және жан-жақты жауап береді, бірақ кейде теориялық қорытындыларды негіздей алмайды және логикалық негіздемелерді бере алмайды, орташа біліммен бұрынғы оқытылған пәндердің материалдарын меңгеруде жақсы деңгейді көрсетті, негізгі және қосымша материалдарды (басқа оқулық) пайдаланады. Студент сұраққа сенімсіз жауап береді. Кейде қателер жібереді және өзі түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады. Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды; аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Логикалық, клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын.

80 бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойыны) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдық материалдарды жақсы меңгергендігін көрсетті. Бұрынғы оқыған пәндерінің материалдарын орташа деңгейдегі біліммен жақсы меңгергендігін көрсетеді, негізгі әдебиетті және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) пайдаланады, өзінің көзқарасын жеткізе алады. Студент қателер жібереді және оқытушының жаңа сұрақтар қоюы арқылы түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін кеңінен сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық, әрі айқын.

75

бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды толық баяндай алмады, талқыланатын сұрақтар туралы түсінігі жоқ, пайымдауда қателер жібереді, осыған қатысты бұрынғы оқыған пәндерінің материалдарын орташа деңгейдегі білім деңгейінің жақсы екендігін көрсетті, негізгі әдебиетті және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) пайдаланады. Студент маңызы жоқ қателер жібереді және оқытушының көмегімен түзетеді. Практикалық машықтарды орындау техникасын меңгерген, қорытындысында түсіндіре отырып, талдай алады.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін нақты сипаттап, дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасайды. Тек қана оқытушының көмегімен аурудың этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды. Аурудың этиологиясы мен патогенезін дұрыс түсінудің нәтижесінде ауруды емдеудің тиімді жоспарын жасап, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті айқын.

70 бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды толық баяндай алмады, бұрынғы оқытылған материалдарды меңгеруде орташа білім деңгейін көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті пайдаланады. Жауабы толық емес, оқытушының белсенді қатысуы арқылы түзетуге болатын маңызы жоқ қателер жібереді. Студенттің меңгерген материалдары алдағы оқуына жеткілікті, студент негізгі әдебиет бойынша білімін көрсетті. Нақты мысалдар келтіргенде білімін еркін қолдану оған қиынға соғады. Практикалық машықтарды орындаудың техникасы мен әдістерін біледі. Тақырып бойынша сұрақтарды талқылауда белсенді емес.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін бөлшектеп сипаттап, дифференциялық диагностикаға бөлшектеп сипаттама жасайды, аурудың этиологиясы мен патогенезіне нақты емес дәлелдермен диагноз қойды, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті анық емес.

60 бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды терең түсінбейді, логикалық ойларын негіздей алмайды, бұрынғы оқытылған материалдарды меңгеруде білім деңгейінің төмен екендігін көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті толық емес деңгейде пайдаланады. Жауабы толық емес, оқытушының көмегімен кейбір бөлігін ғана түзете алатын маңызды қателер жібереді, практикалық машықтарды орындаудың техникасын толық білмейді (кейбір кезеңдерді білмейді). Практикалық машықтарды қорытындылауды білмейді және тұжырымдай алмайды.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша тексеру әдістерін толық сипаттай алмады, тексерудің қосымша әдістерін баяндай алмады. Дифференциялық диагностикаға бөлшектеп сипаттама жасайды, аурудың этиологиясы мен патогенезіне нақты емес дәлелдермен диагноз қойды. Емдеудің жоспарын тек қана оқытушымен бірге жасай алады, аурудың этиологиясы, патогенезі жөніндегі мәліметтерді толық қолдана алмады, болжаммен анықтады. Клиникалық ойлауды меңгермеген.

50 бал

Интерактивтік оқытудың түрлі формалары арқылы өткізілген (әңгімелесу, пікірталас, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) сабақтың тақырыбын талдаудың ауызша сұрау бөлімінде студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды талдауда белсенділік танытпады, сондықтан бұрынғы оқыған пәндердің материалдарын нашар меңгеріп, білім деңгейінің төмен екендігін көрсетті, негізгі әдебиетті толық көлемде пайдалана алмайды. Жауабы толық емес, қателері көп, оқытушының жаңа сұрақтарынан кейін де кейбір қателерді түзете алмайды. Практикалық машықтарды орындаудың техникасын толық білмейді. Қорытынды жасай алмайды, сонымен бірге зерттеудің нәтижесін де сипаттай алмайды.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешуде зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін, қосымша тексеру әдістерін толық сипаттай алмады және дифференциялық диагностикаға нақты сипаттама жасай алмады. Диагноз қоюды бөлшектеп сипаттады. Емдеудің жоспарын тек қана оқытушымен бірге ғана жасай алады, түрлі аурулардың этиологиясы, патогенезі туралы мәліметтерді толық қолдана алмады, болжай білді. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ.

0 бал

Студент сұраққа жауап бергенде тақырып бойынша білімінің жоқтығын көрсетті. Практикалық машықтарды білмейді. Жауап бере алмайды.

РРБ-на әрбір себепсіз қатыспағаны үшін 1 балл шегеріледі.