Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус 5 оз мсо каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
579.8 Кб
Скачать

«Астана Медицина Университеті» АҚ

ЖБ-07.2.10

Еңбек гигиенасы және коммуналдық гигиена кафедрасы

20 бет 20


«БЕКІТЕМІН»

Білім беру қызметі жөніндегі

проректор м.ғ.д.,профессор

______Г.Ә. Жақсылыкова

«____»___________2014ж.

Силлабус

«Балалар мен жасөспірімдер медициналық және санитарлық –эпидемиологиялық қамтамасыздандырылуы» электив пәні бойынша

5B110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған

Дәріс _____ 10 (сағат)

Тәжірибелік сабақ ____ 20(сағат)

ОСӨЖ __ 30 (сағат)

СӨЖ __ 30 (сағат)

Емтихан ___ 10

(семестр)

Барлық сағат____ 90

Курс ______ 5

Семестр 9-10

Астана, 2014

2. Бағдарлама.

2.1 Кіріспе.

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың денсаулығы, сонымен қатар басқа халықтың топтары және әлеуметтiк факторларға бағынышты болуы, ата-аналардың денсаулығын, қоршаған ортаның күйiн, күнкөрiс көзін және бiлiм беретiн мекемедегі баланың тәрбиесi қадағалау. Балалар құрамын қалыптастыратын мәндi факторлар, денсаулықтарына, тәрбие жүйесіне, дене тәрбиесiне, психикалық денсаулықтың қорғауына қоса, сонымен бiрге дәрiгерлiк жәрдемнiң ұйымының болуы.Мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалардың қазiргi кезеңде тиiмдi медициналық қызметпен дұрыс қамтамасыз етiлуі және олардың денсаулық деңгейін жақсартуына шешім қабылданады .

2.2 Пәннің мақсаты: Балалар мен жасөспірімдерге дәрігерлік және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсету туралы ұсыныс беру керек

2.3 Міндеттері :

1. Мектепке дейінгі ұйымдарды дәрігерлік қызмет көрсету негіздерімен таныстыру;

2. Орта білім және интернатты ұйымдарға дәрігерлік қызмет көрсету туралы ұсыныс беру;

3. Балалар мен жасөспірімдерге денсаулық күйлерін бағалауды үйрету;

4. Балалар мен жасөспірімдерге санитарлық-гигиеналык шараларды және тәрбиелерін дұрыс ұстауды үйрету;

5. Мекемелерде санитарлық-гигиеналық, сонымен қатар мемлекеттік- санитарлық қадағалауды жүзеге асыруды үйрету;

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

А. Студент білуге және түсінуге тиісті:

1. Балалар мен жасөспірімдерге санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық түсінікпен қамтамасыз ету;

2. Балалардың денсаулық күйлерін бағалау критерийлері;

3. Балалардың биологиялық жетілулері және функционалдық күйлерін бағалау белгілері;

4. Балалардағы метеотропты аурулар;

5. Балалар мен жасөспірімдердің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануы;

6. Балалар мен жасөспірімдердің негізгі нормативтік заңға сәйкес сүйенген акт және балалар гигиена бойынша әдістемелік құжаттар:

В. Студент білімдерін және түсініктерін қолдана білуге тиісті:

1 Балалар мен жасөспірімдердің мекемелеріндегі бөлмелердің гигиеналық көрсеткіштерін анықтауға баға беру;

2. Бөлмелердің микроклимат, жарық параметрлерін қолдана отырып, балалар мен жасөспірімдердің мектептік және мектепке дейінгі мекемелерін рационалды ұсыну;

3. Физикалық тесттер бойынша балалардың физикалық дайындықтарын бағалау;

4. Мәзір құру керек - « Негізгі азықтық заттар мен қайрат қажеттілігінің нормалары»;

5. Дәрумен және алиментарлы кәсіби аурулардың профилактикасына тиімді қоректенуді ұйымдастыру.

D. Студенттің коммуникативтік қабілетілігі болуға тиісті:

  1. Пән аралық топтарда жұмыс істей білу;

  2. Өзінің ғылыми зерттеу жумыстарының нәтижесін адамдарға жеткізе білу.

Е. Студент оқуға қабілеттілігін көрсете білуге тиісті:

  1. Жаңа ғылыми мәселелерді өз бетімен зерттей білу;

  2. Ашылған жаңалықтардан және әдістерден хабардар болу мүмкіндігін пайдалану, сонымен қатар оларды қолдану туралы кәсіпті түрде кеңес бере білу;

  3. Бала және жасөспірімдер мекемелеріндегі дәрігерлік қызмет көрсетулерді бағалау;

2.5 Реквизитке дейінгі : экология, биохимия, патологическая физиология

2.6 Реквизиттен кейінгі : еңбек гигиенасы, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы