- •1.2 Сурет Іздеу бумасын көрсететін терезе
- •Сурет Бума құру
- •Өзбетімен орындайтын жұмыстар
- •10) Мәліметтер қорын 2-ші кестедегі мәндермен толтырыңыз.
- •VIII-Байланысқан өрістердегі каскадтық жаңартуларды тексеріңіз.
- •Тапсырма 1:
- •1. «Библиотека» атты мәіметтер қорын құру керек.
- •4 . Кестелерді мәліметтермен толтырыңыз.
- •Методикалық нұсқаулар:
- •1.Сурет салу және бояу құралдары
- •2. Түс пен заливканы қолдану. Фондық және негізгі түс.
- •3. Каталог палитрасы
Сурет Бума құру
АМУ бумасын құрыңыз. Бұл үшін Сілтеуіш (Проводник) бағдарламасының оң жақ терезесіндегі бос аумағына «тышқан»(мышь) манипуляторының курсор көрсеткішін қойып, оң жақ батырмасын бір реет басыңыз. Экранда пайда болған жанама мәзірдің Құру(Создать) Бума(Папку) командасын таңдаңыз.
АМУ бумасында ИНКО – 101/ ИНКО – 102 және ИНКО – 101 / Шет тілі атымен ішкі бумалар құрыңыз.
Сілтеуіш(Проводник) бағдарламасының сол жақ терезесінде файлдық құрылымда жасалған барлық бумаларды ашыңыз. Бұл үшін бума атының алдында болатын арнайы «+» белгісіне «тышқан»(мышь) манипуляторының курсор көрсеткішін қойып, сол жақ батырмасын бір реет басыңыз.
Инко-101 бумасын Инко – 102 бумасына көшіріңіз. Бұл үшін Сілтеуіш бағдарламасының сол жақ терезесінде ИНКО-101 бумасының атына «тышқан»(мышь) манипуляторының курсор көрсеткішін қойып, оң жақ батырмасының басулы күйінде ИНКО -102 бумасының белгісіне тасымалдаңыз және Көшіру(Копировать) командасын таңдаңыз.
6 – пункте көрсетілген әрекеттерді пайдаланып, ИНКО101 бумасын Шет тілі бумасына көшіріңіз.
ИНКО-101 бумасының атын өзгертіңіз. Бұл үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
- ИНКО-101 бумасының атына «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін қойып, оң жақ батырманы басыңыз;
- экранда пайда болған жанама мәзірдің Атын өзгерту(Переименовать) командасын таңдаңыз;
- пернелік тақтаның Delete(Backspase) пернелерінің бірін басып, буманың атын өшіріңіз;
- пернелік тақтадан ИНКО – 201 атын теріп, Enter пернесін басыңыз.
9. Шет тілі бумасында C:\WINT\SYSTEM32\calc.exe адресінде орналасқан Калькулятор стандартты қосымшасының calc.exe объектісіне жарлық құрыңыз. Бұл үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
Шет тілі бумасын ағымдық етіңіз. Сілтеуіш бағдарламасының оң жақ тақтасында Шет тілі бумасының мазмұны көрінуі тиіс;
Сілтеуіш бағдарламасының оң жақ тақтасының бос аумағында «тышқан» манипуляторының оң жақ батырмасын басыңыз;
Экранда пайда болған жанама мәзірдің Жарлық құру(Создать ярлык) командасын таңдаңыз;
Жарлық құрудың жоғарыда сипатталған алгоритмін пайдаланыңыз.
10. Шет тілі бумасында Адрестер.txt атымен мәтіндік файл құрыңыз. Бұл үшін Шет тілі бумасын ағымдық етіп, құжат құрудың жоғарыда сипатталған алгоритмін пайдаланыңыз.
11. ИНКО-101 бумасында Тізімдер.doc атымен Microsoft Word құжатын құрыңыз;
12. Сілтеуіш бағдарламасының көмегімен Адрестер.txt файлын АМУ бумасына көшіріңіз. Бұл үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз;
Ағылшын тілі бумасын ағымдық етіңіз;
Сілтеуіш бағдарламасының оң тақтасындағы Адрестер.txt атына «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін қойып, оң жақ батырмасын басыңыз;
Экранда пайда болған жанама мәзірдің Көшіру(Копировать) командасын таңдаңыз;
АМУ бумасын ағымдық етіп, «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін қойып, оң жақ батырманы басыңыз;
Экранда пайда болған жанама мәзірдің Кірістіру(Вставить) командасын таңдаңыз;
13. Тізімдер.doc файлын шет тілі бумасына орналастырыңыз. Бұл үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз;
ИНКО-101 бумасын ағымдық етіңіз;
Сілтеуіш бағдарламасының оң тақтасындағы Тізімдер.doc белгісіне «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін қойып, оң жақ батырмасын басыңыз;
Экранда пайда болған жанама мәзірдің Қиып алу(Вырезать) командасын таңдаңыз;
Шет тілі бумасын ағымдық етіп, «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін қойып, оң жақ батырманы басыңыз;
Экранда пайда болған жанама мәзірдің Кірістіру(Вставить) командасын таңдаңыз;
