Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаборатор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.3 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыстар тақырыбы мен орындауға арналған әдістемелік нұсқау

1-зертханалық жұмыс. Информатика пәнінің негізгі түсініктері

Бақылау сұрақтары:

1. Информатиканың негізгі объектісі?

2. Информатика ғылымы нені зерттейді?

3. Қазіргі информатика құрылымы.

4. Ақпарат дегеніміз не?

Тапсырма 1: Мына түсініктерге қатыста анықтамаларды таңдаңыз.

Түсініктер:

  1. Ақпарат және тілдер

  2. Альфавит

  3. Пікір

  4. Ақпарат бағасы

  5. Ақпаратты кодтау және декодтау

  6. Ақпаратты өлшеу

  7. Мәтіндік, түстік және графикалық ақпаратты кодтау

Анықтама:

А) Ақпарат – хабарлау арқылы берілетін білімдер мен мәліметтер. Ақпарат таңбалы түрде сақталып, беріліп, өңделеді. Бір ақпарат түрі таңбалы жүйе арқылы әр формада беріле алады.

В) Тіл – ақпаратты жеткізудің анықталған таңбалы жүйесі. Тілдер екіге бөлінеді: Табиғи және формальды.

С) Пікір – белгілі бір табиғи тілдегі сөйлем. Мағыналары «ақықат» немесе «жалған» болатын тұжырымдар мен жауаптары «иә» немесе «жоқ» болатын сұрақтар кез-келген пікірге қатысты бола алады. Пікірлер дербес және жалпы болып бөлінеді.

Д) Қандайда бір альфавитті пайдаланып ақпарат жазуды кодтау (таңбалау) деп атайды. Ақпаратты кері түрлендіру декодтау деп аталады. Кодтау тәсілі мақсатына байланысты жазуды қысқарту, ақпаратты құпияландыру, өңдеуге ыңғайландыру болып келеді.

Е) Хабарламада берілген ақпарат өлшемі хабарламаны қабылдаушы адамның алған білімінің көлеміне байланыфсты анықталады.

F) Ақпарат мазмұнына қарай пайдалы, керек емес, маңызды, зиянды ақпарат деп бағаланады.

G) Ақпарат санының өлшем бірлігі бит деп аталады.

Н) Информатика – ақпаратты алу, сақтау, тасымалдау тәсілдері туралы ғылым.

I) Мәтінді жазуда қолданылатын символдар жиынтығы алфавит деп аталады. Алфавиттегі символдардың толық саны алфавиттің өлшемі деп аталады.

J) Мәтіндік ақпаратты кодтағанда әрбір символға белгілі бір нөлдер мен бірліктерден тұратын сәйкестік тағайындалады. Тек бір екілік санын қолданып (1бит) 2 символды ғана кодтауға болады. Нөлдер мен бірліктер тізбегін қолданып, графикалық ақпаратты да кодтауға болады. Компьютерлік графиканың үш түрі бар: растрлы (нүктелі), векторлы және фрактальды.

Тапсырма 2:

1. Ақпараттың мәтіндік, сандық, графикалық түрде берілуіне мысалдар келтіріңіз.

2. Сандық ақпарат мәтіндік ақпаратпен, графикалық ақпарат сандық ақпаратпен бірге қолданылатын мысал келтіріңіз.

3. Адам, жануар, компьютер үшін ең басты болып табылатын ақпарат түрлерін атаңыз.

4. Келесі мысалда ақпараттың қай түрде беріліп тұрғанын көрсетіңіз:

Мысал

Ақпарат түрлері

Тасымал-даушылар

Қабылдау тәсілі бойынша

берілу тәсілі бойынша

Алгебра есебі

Хат

Картина

Опера

Радио хабары

Телевизиялық хабар

Сирень иісі

Лимон дәмі

Сары түс

5. Сіз қандай негізгі ақпарат түрлерін білесіз?

6. Ақпаратты өңдеуде адамның әртүрлі мүшелері қандай қызмет атқарады?

7. Қазіргі қоғамда ақпараттың қандай негізгі қызметтері бар?

8. Қоғамдағы ақпарат алмасу мысалдарын сипаттаңыз:

а) үнділер мен американдық тайпалар арасында ақпарат алмасуы;

б) радиотыңдаушылар арасындағы қысқа толқынды алмасу

9. Морзе әліппесі деген не және ақпарат алмасудағы оның ролі қандай?

10. Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев және Ахмет Байтұрсынов қызметінен қосымша ақпараттар келтіріңіздер.

2-зертханалық жұмыс. Ақпараттың түрлері және қасиеттері. Ақпаратты берудің формалары

Бақылау сұрақтары:

1. Ақпараттың берілу түрлері?

2. Ақпараттың қандай қасиеттері бар?

3. Ақпарат өлшем бірлігі.

Тапсырма 1: Берілген салаларда акпараттың символдык тәсілмен өрнектеу кестесін кұрыңыз. Таңбалар көп болған жағдайда бірекеуін ғана жазыңыз (салыныз).

Қолдану саласы

Пайдаланылатын таңбалар

Математика

Музыка

Адамдардыңәңгімесі

Химия

Жағрапия

... (өзініз ойластырыңыз)

Тапсырма 2: Сейлесу тілдерін, әрекеттер мен мимикалар тілін пайдалана отырып, сәлемдесудің кемінде бес әдісін көрсетіңіз.

Тапсырма 3: "18-15"жазуы сатушының, электр пойыз жүргізушісінің, матема­тика сабағына қатысып отырған оқушылардың түсініктері бойынша нені білдіруі мүмкін?

3-зертханалық жұмыс. Дискретті математика негіздері. Бульдік алгебра

Бақылау сұрақтары:

1. Жиын анықтамасын беріңіз?

2. Жиын қандай болады?

3. Жиындардың қандай түрлерін білесіз?

Жиындардың бірігуі. А мен В кез келген жиындар болсын. А немесе В жиындарының кемінде біреуінде жататын элементтерден және тек соларданғана тұратын жиын А мен В жиындарының бірігуі деп айтылады да АВ өрнегімен белгіленеді.

Жиындарының қиылысуы. А жиынында да, В жиынында да жататын элементтерден және тек солардан ғана тұратын жиын А мен В жиындарының қиылысуы деп аталады да AB өрнегімен белгіленеді.

Жиындардың айырымы. А жиынының В жиынында жатпайтындай элементтерінен тұратын жиын А жиыны мен В жиынының айырымы деп аталады да, ол А\В өрнегімен белгіленеді.

Тапсырма 1:Екі жиын берілген: X={1,2,3,4,5}, Y={1,5,7}. Жиындардыңбірігуін, қиылысуын, айырымын есептеу керек.

Тапсырма 2:Келесі жиындардың бірігуін, қиылысуын, айырымын есептеукерек:

А={1,5,9,0}

B={2,5,9,7,4}

4-зертханалық жұмыс. Логикалық амалдар. Граф

Бақылау сұрақтары:

1. Ақиқаттық кестесі деген не?

2. Логиканың негізгі заңдарын атаңыз?

3. Граф деген не?

Тапсырма 1: Функция үшін ақиқаттық кестесін құру керек:

F(x1,x2,x3)=x1+x3+(x2x1)

Тапсырма 2:Берілген төбелермен граф тұрғызу керек:

B={ (1,2), (1,3), (2,4), (5,3), (5,4), (5,7), (5,6), (8,6), (6,7), (7,8), (9,7), (7,10),

(8,9), (9,12), (10,9), (12,10), (8,12), (8,13), (10,11), (13,12), (12,11),

(14,13), (14,15), (11,15) }

5-зертханалық жұмыс. Санау жүйелері. Ондық сандарды басқа санау жүйесіне түрлендіру

Бақылау сұрақтары:

1. Санау жүйесі дегеніміз не?

2. Санау жүйесінің түрлері?

3. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру қалай жүзеге асырылады?

Тапсырма:

  1. Ондық сандарды екілік жүйеге аударыңдар:

а) 1023; в) 4095;

б) 1280; г) 2304.

  1. Ондық сандарды сегіздік жүйеге аударыңдар:

а) 62; в) 5349;

б) 640; г) 8714.

  1. Ондық сандарды он алтылық жүйеге аударыңдар:

а) 1022; в) 16385;

б) 8900; г) 16448.

6-зертханалық жұмыс. Санау жүйелері. Екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйесінің сандарын ондық санау жүйесіне түрлендіру

Тапсырма:

1. Екілік сандарды ондық жүйеге аударыңдар:

а) 10101; в) 1001100;

б) 100010; г) 1111110.

2. Сегіздік сандарды ондық жүйеге аударыңдар:

а) 135; в) 7337;

б) 655; г) 4007.

  1. Он алтылық сандарды ондық жүйеге аударыңдар:

а) 1006; в) 5555;

б) 3570; г) 776.

7-зертханалық жұмыс. Санау жүйелері. Сандарды екілік санау жүйесінен сегіздік, он алтылық санау жүйелеріне түрлендіру

Тапсырма:

1. Екілік сандарды сегіздік жүйеге аударыңдар:

а) 1100110010011; в) 10101001011;

б) 100011001111; г) 11111011111.

2. Екілік сандарды ондық жүйеге аударыңдар:

а) 10101; в) 1001100;

б) 100010; г) 1111110.

8-зертханалық жұмыс. Санау жүйелері. Сандарды сегіздік, он алтылық санау жүйелерінен екілік санау жүйесіне түрлендіру

Тапсырма:

1. Сегіздік сандарды екілік жүйеге аударыңдар:

а) 135; в) 7337;

б) 655; г) 4007.

2. Он алтылық сандарды екілік жүйеге аударыңдар:

а) 1006; в) 5555;

б) 3570; г) 776.

9-зертханалық жұмыс. Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар. Қосу және алу амалы.

Тапсырма:

Амалдарды орындаңдар:

в)1011,1 + 101,01 ; г)11011 – 111 .

10-зертханалық жұмыс. Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар. Көбейту және бөлу амалы.

Тапсырма:

в) 1100110(2)* 1011010(2) г) 110011000(2) : 10001(2)

11-зертханалық жұмыс. Windows ОЖ-нің негізгі түсініктері – тышқан, тышқанмен жұмыс істеу машықтары, Жұмыс үстелі, Пуск батырмасы, тапсырмалар панелі, мәзір (негізгі және контекстік) түсініктерімен танысу.

Бақылау сұрақтары:

1. Операциялық жүйенің ролі және қолданылуы.

2. Операциялық жүйелер қандай белгілеріне қарай жіктеледі (классификацияланады)?

3. Windows ОЖ ролі мен қолданылуы қандай?

4. Windows ОЖ-дегі объектілер нені білдіреді?

5. Қосымша құжат дегеніміз не?

6. Терезе дегеніміз не? Терезелердің типтерін атаңыз. Тереземен жұмыс істеу ережелері қандай?

Тапсырма1: Windows XP операциялық жүйесінің жұмыс үстелінің элементтерімен танысу.

  1. Компьютерді іске қосып, операциялық жүйенің жүктелуін күтіңіз.

  2. Жұмыс үстелінде орналасқан белгілерді қараңыз.

  3. Жұмыс үстеліндегі белгілерді өз ұалауыңызша «тышқан» манипуляторының көмегімен, керек бағытқа тасымалдап орналастырыңыз. Бұл үшін керек белгіге тышқан көрсеткішін апарып, сол жақ түймені жібермей басып отырып, керек жерге жылжытыңыз және түймені босатыңыз.

  4. Енді кері әрекетті орындаңыз. Объект белгілерін автоматты түрде Жұмыс үстелінің сол жағына орналастырыңыз. Ол үшін тышқанның оң жақ түймесін басыңыз, сонда жанама мәзір пайда болады. Осы жанама мәзірден Белгілерді реттеу(Упорядочить значки)Автоматты түрде(Автоматически) командаларын таңдаңыз.

  5. Жұмыс үстелінің төменгі жағында орналасқан Есептер панелін қараңыз. Іске қосу (Пуск) түймесіне шертіңіз. Сонда Бас мәзір ашылады. Аспаптар панелін Жұмыс үстелінің оң жақ шетіне тігінен орналастырып қайтадан қалпына келтіріңіз.

Тапсырма 2: Терезелерменжұмыс.

  1. «Менің компьютерім»(Мой компьютер) жүйелік бумасын ашыңыз. Ашу үшін келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз.

  • «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін объект белгісіне қойып, тышқанның сол жақ түймесін жылдам екі рет шертіңіз.

  • Тышқанның оң жақ түймесіне шертіп жанама мәзірден Ашу(Открыть) командасын таңдаңыз.

  1. Ашылған терезе құрылымымен танысып оның келесі элементтерін табыңыз.

  • Тақырып қатары(Строка заголовка);

  • Мәзір қатары(Меню);

  • Айналдыру жолақтары(Полосы прокрутки).

  1. Аспаптар панелін(Панель инструментов) іске қосып, ажыратыңыз. Ол үшін мәзір қатарынан Түр(Вид) Аспаптар панелі(Панель инструментов) командасын орындаңыз. Әрбір белгіге тышқан көрсеткішін қойып, олардың қызметімен танысыңыз.

  2. Терезені Жұмыс үстелінің басқа жеріне орналастырыңыз. Ол үшін «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін тақырып қатарына қойып, сол жақ түймені жібермей басып отырып «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін қажетті бағытқа жылжытыңыз.

  3. Терезе өлшемдерін өзгертіңіз. Ол үшін «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін терезенің кез келген бұрышына немесе шекарасына апарыңыз, сонда курсор көрсеткіші екіжақты бағыттауыш сызыққа айалған кезде, сол жақ түймені басып отырып кез келген бағытқа(жоғары, төмен, оңға, солға) сүйреңіз.

  4. Терезені толық экранға ашыңыз және қайтадан қалпына келтіріңіз. Ол үшін терезені басқару түймелеріндегі Терезені Толық ашу(Развернуть) түймесіне «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін қойып сол жақ түймені шертіңіз. Сонда терезе түгел экранды алатындай болып орналасады, Егер сол түймені қайта шертсеңіз, терезе қалпына келеді.

  5. Терезені Есептер панелі қатарына жасырңыз және қайтадан қалпына келтіріңіз. Ол үшін Терезені басқару түймелеріндегі Терезені кішірейту(Свернуть) түймесіне «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін қойып сол жақ түймесіне шертіңіз. Сонда терезе кішірейіп Жұмыс үстеліндегі Есептер панеліне орналасады. Осы Есептер панеліндегі терезе белгісіне қайта шертсеңіз терезе қалпына келеді.

  6. С: қатты дискісін ашып оның мазмұнын көріңіз. Ол үшін «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін дискінің [C:] белгісіне қойып, тышқанның сол жақ түймесін жылдам екі рет басыңыз.

  7. Блокнот мәтіндік бағдарламасын Іске қосуБағдарламалар(Программы) Стандартты(Стандартные) Блокнот командаларын орындаңыз. Сонда Блокнот бағдарламасының терезесі ашылады.

  8. Осы терезені жауып бағдарламадан шығыңыз. Ол үшін «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін Терезені басқару түймелеріндегі Жабу(Закрыть) түймесіне қойып, тышқанның сол жақ түймесін шертіңіз.

  9. Алдыңғы пунктте көрсетілген әрекеттерді MSExcel кестелік процессорына да қолданыңыз.

  10. Жұмыс үстеліндегі барлық терезелерді жабыңыз. Ол үшін «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін әрбір терезені басқару батырмаларындағы Жабу(Закрыть) түймесіне қойып тышқанның сол жақ түймесіне шертіңіз.

Тапсырма 3:Объектілерді жылдам іздеу.

  1. Бас мәзірдің Іске Қосу(Пуск)Табу(Найти) Файлдар және бумалар(Файлы и папки) командаларын орындаңыз. Сонда 1.1 суретте көрсетілгендей Іздеу бағдарламасының терезесі ашылып, бағдарлама іске қосылады.

1.1 – сурет Файлдар мен бумаларды іздеу терезесі

  1. “Сіз нені тапқыңыз келеді?” (Что вы хотите найти?) сұхбаттасу терезесінде іздеу критерилерін енгізіңіз: Ол үшін тізімдегі керек бөлімге тышқанның сол жақ түймесін шертіңіз. Мысалы, Файлдар және бумалар бөліміне шертіңіз. Сонда керек файлдың атының критериясын сұрайтын терезе пайда болады. Осы терезеде ізделінетін файл атын түгел немесе қысқаша жазу керек. Егер енгізу курсоры жоқ болса, онда «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін сұқбаттасу терезесіндегі Файл атының бөлігі немесе түгел аты өрісне апарып, тышқанның сол жақ түймесін бассаңыз енгізі курсоры пайда болады. Содан соң пернелік тақтадан керек файлдың атын теріңіз.

  2. Іздеу орнын көрсету үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  • Сұхбаттасу терезесінің Файл атының бөлігі немесе түгел аты (Часть имени файла или имя файла целиком) өрісіне айталық calc.exe деп енгізіңіз және Табу(Найти) түймесіне шертіңіз. Сонда 1.2 суретте көрсетілгендей Іздеу бумасын көрсететін терезе ашылады.

1.2 Сурет Іздеу бумасын көрсететін терезе

Немесе Іздеу(Поиск в:) бөліміндегі ашылған тізімнен Менің компьютерім(Мой компьютер) бумасын таңдаңыз.

  1. Файл атының бөлігі немесе түгел аты(Часть имени файла или имя файла целиком) өрісіне Объектілерді жылдам іздеу алгоритмін пайдаланып, [C:] дискісінің барлық бумаларындағы .doc кеңейтілуімен берілген файлдарды табыңыз. Ол үшін іздеу критерийін * .doc(файл атының шаблонына қараңыз”) деп көрсетесіз.

Тапсырма 4: Жұмыс үстелінде бумалар мен файлдар құру.

Жұмыс үстелінің бос аумағына «тышқан»(мышь) манипуляторының курсор көрсеткішін қойып, оң жақ батырмасын басыңыз. Экранда пайда болған жанама мәзірден Құру(Создать)Бума(Папку) командасын таңдаңыз.

Пернелік тақтадан буманың атын ИНКО деп теріп, “Enter” пернесін басыңыз.

Жаңа өзіңіз құрған буманы ашыңыз.

Ашылған ағымдық бумада Студент, Топ атауларымен тағы да екі бума құрыңыз.

“Студент” бумасында MicrosoftWordқұжатын «Атырау» атымен құрыңыз. Бұл үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  • экранда пайда болған жанама мәзірден Құру(Создать)MicrosoftWord құжатын құру(Документ MicrosoftWord) командасын таңдаңыз;

пернелік тақтадан құжат атын “Атырау” теріңіз;

  • міндетті түрде “Enter” пернесін басыңыз.

“Атырау” атымен құрылған құжат атына «тышқан»(мышь) манипуляторының курсор көрсеткішін қойыңыз. Сол жақ түймесін жылдам екі рет шерту арқылы құжатты ашыңыз. Ашылған бос құжатқа Жұмыс үстеліндегі барлық объектілердің аттарын теріңіз.

Құжаттағы өзгерісті Стандартты аспаптар панеліндегі Сақтау түймесін шерту арқылы сақтаңыз.

Топ бумасында Сурет атымен нүктелі сурет құрыңыз. Ол үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  • Жұмыс үстелінің бос аумағына «тышқан»(мышь) манипуляторының курсор көрсеткішін қойып, оң жақ түймесін басыңыз;

  • Экранда пайда болған жанама мәзірден Құру(Создать)Нүктелі сурет(Точечный рисунок) командаларын таңдаңыз;

  • Пернелік тақтадан құжат атын «Сурет» деп теріңіз;

  • Міндетті түрде “Enter” пернесін басыңыз.

“Сурет” атымен құрылған құжат атына «тышқан»(мышь) манипуляторының курсор көрсеткішін қойыңыз. Сол жақ түймені жылдам екі рет шерту арқылы құжатты ашыңыз. Ашылған бос құжатқа бірнеше геометриялық фигуралардың суреттерін салыңыз.

Құжаттағы өзгерісті Стандартты аспаптар панеліндегі Сақтау түймесін шерту арқылы сақтаңыз.

Тапсырма 5:Объектілерді жою және қалпына келтіру.

1. Жұмыс үстелі бетінен «Студент» бумасын жойыңыз. Ол үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  • «тышқан»(мышь) манипуляторының курсор көрсеткішін «Студент» бумасының атына апарып, оң жақ түймені басыңыз;

  • экранда пайда болған жанама мәзірден Жою(Удалить) командасын таңдаңыз;

  • сұхбаттасу терезесінің ОК түймесіне «тышқан»(мышь) манипуляторының сол жақ түймесін шертіп, жоюды бекітіңіз.

2. Жойылған объектіні қалпына келтіріңіз. . Ол үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  • Себет(Корзина) бумасын ашыңыз;

  • Қажетті объектіні ерекшелеп алып, түймесіне «тышқан»(мышь) манипуляторының оң жақ түймесін басыңыз;

  • Экранда пайда болған жанама мәзірден Қалыпқа келтіру(Восстановить) командасын таңдаңыз;

Жұмыс үстелі бетінен қайтадан қалпына келтірілген «Студент» бумасын ішіндегі мазмұнымен бірге жойыңыз. Ол үшін объектіні ерекшелеп алып, пернелер тақтасынан Shift + Delete пернелер комбинациясын басыңыз. Экранда пайда болған сұхбаттасу терезесінің ОК түймесін басыңыз. Қалпына келтіру әрекетін орындап көріңіз.

12-зертханалық жұмыс. Сілтеуіш(Проводник) бағдарламасы.

Тапсырма 1: Бумаларды ашу.

  1. Дербес компьомпьтерді іске қосып, операциялық жүйенің толық жүктелуін күтіңіз.

  2. Бас мәзірдің Іске қосу/Бағдарламалар/Сілтеуіш бөлімі көмегімен Сілтеуіш(Проводник) бағдарламасын іске қосыңыз.

  3. Сілтеуіш бағдарламасының сол жақ тақтасындағы Менің құжаттарым бумасының белгісіне «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін қойып, сол жақ батырманы басыңыз. Сілтеуіш бағдарламасының оң жақ тақтасында Менің құжаттарым бумасының мазмұны бейнеленеді.

  4. Сілтеуіш бағдарламасының сол жақ тақтасында кез келген бір буманы іздеп, оның атының алдындағы көрсетілген «+» белгісінде «тышқан» манипуляторының курсор көрсеткішін қойып, сол жақ батырманы бір рет басып, ашыңыз.

  5. Осы буманың ішіндегі объектілерді уақытша сақтау үшін ТЕМР бумасын тауып ашыңыз.

  6. Бумаларды ашу, жабу әрекеттерін пернелік тақта көмегімен орындап көріңіз.

Тапсырма 2:«Сілтеуіш» бағдарламасының көмегімен бумаларды, файлдарды құру және өшіру.

  1. Бас мәзірдің Іске қосу(Пуск)  Бағдарламалар(Программы)  Сілтеуіш(Проводник) бөлімі көмегімен Сілтеуіш бағдарламасын іск қосыңыз.

  2. Өзіңіздің практикалық жұмыстарыңыз үшін архивтік бума ашып, 2.1 суретте ұсынылған файлдық құрылымды құрыңыз.