Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Неврология тесты_каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
639.49 Кб
Скачать

1) Жұлынның мойын буылтығы зақымдануы

2) iшкi капсула деңгейiнде зақымдануы

3) жұлынның мойын буылтығынан жоғары деңгейiнде зақымдануы+

4) жұлынның кеуде бөлiмiнде зақымдануы

5) ми бағанында зақымдануы

48. Сырқат он қолының ұшындағы әлсiздiкке шағымданады. Тексеру нәтижесiнде оң жақ қолының үшы салбырап қалған. Қол ұшын және саусақтарын жазатын бұлшық еттердiң күшi – 1 балл, бұлшық ет тонусы төмендеген, бiлезiк-буын және шынтақ жазылу рефлекстерi оң жағында анықталмайды. Қол ұшы мен саусақтарын бүгу мүмкiндiгi сақталған. Топикалық диагноз қойыңыз

1) жұлынның кеуде бөлiгiнде зақымданған

2) оң жақта кәрi жiлiк нервінiң зақымдануы+

3) оң жақтағы иық өрiмi зақымданған

4) оң жағындағы алдыңғы орталық ирелең

5) сол жағындағы iшкi капсуланың зақымдануы

49. Ауруханаға аяқтары сал болып қалған сырқат келiп түстi. Тексеру нәтижесiнде аяғында ерiктi қимылдар жоқ, ондағы бұлшық еттер тонусы жоғары, тiзе және өкше рефлекстерi жоғары, аяқ ұшында ырғақты қимыл, Бабинский симптомы анықталады. Топикалық диагноз қойыныз

1) шонданай нервiнiң екі жақтан зақымдануы

2) жұлынның мойын буылтығының зақымдануы

3) iшкi капсула деңгейi зақымдануы

4) жұлынның мойын буылтығынан жоғары зақымдануы

5) жұлынның кеуде бөлiгiнiң зақымдануы+

50. Сырқат клоникалық тырыспаларға шағымданады. Тырысу оң жақ аяқ ұшынан басталып, оң жақ денесiне тарайды. Тырысу 1-2 минутқа созылады, есiн жоғалтпайды. Топикалық диагноз қойыңыз

1) жұлынның мойын буылтығының зақымдануы

2) сол жақта артқы орталық ирелеңнiң жоғарғы бөлiгi

3) оң жақта iшкi капсула деңгейiнде

4) ми бағаны деңгейінде

5) сол жақтан алдыңғы орталық ирелеңнiн жоғарғы бөлiгi+

51. Сырқатта тетрапарез анықталды. Қол бұлшық еттерінің семуі, гипотония, гипорефлексия, ал аяғында рефлекстер жоғарылаған, патологиялық рефлекстер анықталады. Бұғана деңгейінен сезімділік бұзылған. Зақымдану деңгейін анықтаңыз

1) жұлынның мойын буылтығынан жоғары деңгейiнде

2) жұлынның мойын буылтығының зақымдануы+

3) жұлынның кеуде буылтығы зақымдануы

4) Жұлынның бел буылтығы зақымдануы

5) жұлынның көлденең зақымдануы

52. Сырқат аяғындағы әлсіздікке шағымданады. Аяғында бұлшық ет гипотрофиясы, гипорефлексия, шап деңгейінен сезімділік бұзылған. Зақымдану деңгейін анықтаңыз

1) жұлынның мойын буылтығынан жоғары деңгейiнде

2) жұлынның мойын бөлімінің зақымдануы

3) жұлынның кеуде буылтығы зақымдануы

4) жұлынның бел буылтығы зақымдануы+

5) жұлынның көлденең зақымдануы

53. Сырқатты тексеру нәтижесiнде денесiнiң сол жақ бөлiгiнде белсендi қимылдары анықталмайды, сол жақ аяғының жазатын және қолын бүгетiн бұлшық еттердiң тонусы жоғары, терең рефлекстерi жоғары, сол аяқ ұшының ырғақты қимылдары, сол жағында Бабинский симптомы анықталады. Бұлшық ет атрофиясы жоқ.

Топикалық диагноз қойыныз

1) көру төмпешiгi

2) жұлынның мойын буылтығынан жоғары

3) сол жақтан iшкi капсуланың артқы саны+

4) жұлынның мойын буылтығының сол жақтан жартылай көлденеңнен зақымдануы

5) сол жақтағы ми қыртысының алдыңғы орталық иреленi

54.Созылмалы алкоголизмен ауыратын сырқат аяқ-қол ұшының әлсiздiгiне, үйынуына шағымданады. Объективтi – қол-аяғының дистальды бөлiгiнде парез, гипотония, бұлшық ет семуi, карпорадиальды және өкше рефлекстердiң төмендеуi, қолғап және шүлық тәрiздi гипостезия анықталады. Қандай құрылымдар зақымданған

1) алдыңғы түбiршiк

2) артқы түбiршiк

3) иық, бел өрімі

4) шеткi нерв+

5) жұлын-көру төмпешiгi жолы

55. Ішкі капсула зақымданса жүрудің қандай бұзылысы анықталуы мүмкін

1) штампалап

2) гемипарездік+

3) қуыршақ

4) парапарездік

5) степпаж

56. Сырқаттың сол қолының ұшында әлсiздiк пайда болды.Объективтi қол ұшы салбыраған, жаза алмайды, қол ұшы мен саусағында бұлшық ет күшi 3,5– 4,0 балға төмендеген, карпо-радиальды және шынтақ рефлекстерi анықталмайды. Паралич түрiн анықтаңыз және топикалық диагноз қойыңыз

1) оң жақ шынтақ

2) оң жақ кәрi жiлiк нервi

3) сол жақ кәрi жiлiк нервi+

4) сол жақ шынтақ нерві

5) ортаңғы нерв

57. Сырқатта оң жақ iшкi капсула аймағында геморрагиялық инсульт болған, паралич түрiн анықтаныз.

1) сол жақтан сiреспелi гемипарез+