Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛС.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
109.4 Кб
Скачать

2.5 Байланыс құрылыстарын тотығудан қорғау

Кабель – электрлік сырты қорғағыш қаптамамен қапталған, бір не бірнеше оқшауланған өткізгіштерден (ток өткізетін тасымалдардан) тұратын өткізгіш. Кабель электр энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Кабель арналу мақсатына орай күш кабелі (электр энергиясын тасымалдайтын), байланыс кабелі (сигналдарды тасымалдайтын),радиожиіліктік кабель (жоғары жиіліктік) болып бөлінеді. Кабельдің құралымы оны тарту (су және жер астында,ауада,зиянды ортада,т.б.) және пайдалану ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып жасалынады. Кабельдердің металл қабықтарының (қорғасын, алюмин, болат-темір) химиялық, механикалық, және электрлік әсерлерден бұзылуын тотығып бұзылу деп атайды.

Тотығу түрлеріне қарай топтастырылуы.

Электрлік тотығу – металдың тотығатын ортамен байланысы,бұл кезде металл атомдарының иондалуы мен тотығушы ортаның қышқылдаушы компонеттері бірге жүрмейді,және олардың жылдамдықтары электродты потенциялға тәуелді болады.

Химиялық тотығу – металдың тотығатын ортамен байланысы,бұл кезде металдың қышқылдануы мен тотығушы ортаның қышқылдаушы компоненттерінің қалпына келуі бірге жүреді.

Тотығу түрлері.

Кабель қабықшаларының бұзылу дәрежелеріне қарай,тотығуды келесі топтарға бөледі :

-тұтас – металдың үстін толығымен қамтитын және бірдей жылдамдықпен тарайтын тотығу

-біркелкі емес – металдың үстін толығымен қамтитын, бірақ металдың әр түрлі учаскелерінде бірдей жылдамдықпен таралмайтын тотығу;

-жергілікті – металдың әр – түрлі учаскелерін қамтитын тотығу.

Газды тотығу, типіне қарай химиялық тотығуға жатады және де үстіңгі жақта ылғал крнденсация болмаған кезде туындайды. Тотығудың бұл түрі жоғарғы температуралы қоршаған ортадағы кабельді жолдарда кездеседі.

Атмосфералық тотығу – әуе байланыс жолдарында қолданылатын металл конструкцияларында туындайды.Тотығудың бұл түрі қоғасын немесе алюминді қабықшасы және болат сауыты (бронь) бар кабельдері үшін, сонымен қатар электр тарату желілеріндегі тіректердің ірге тастары (фундамент) үшін өте қауіпті.

Су астындағы тотығу – құрамында минералды тұздары (0,2 – 0,3%) бар теңіз суында анықталады.

Биототығу – тотығу процесін жылдамдатушы заттарды бөлетін микроорганизмдердің өмір сүруіне тәуелді болады. Тотығудың бұл түрі кабелдердің беткі қабаттарында, сонымен қатар трассалары ауа жетіспейтін топырақ пен батпақты жерлерден өтетін жоғарғы вольтті желілі бағаналардың ірге тастарында кездеседі.

Түйіспелі (контактная) тотығу – электрохимиялық тотығудың бір түрі. Тотығудың бұл түрі электролиттегі әр түрлі стационарлы потенциалдары барметалдардың түйіспелілерін туындайды.

Кристаларалық тотығу – металл кристалдарының шегераларында таралатын тотығу түрі.

Талғамалы (избирательная) тотығу – бір құрылымдық құраушыны немесе қорытпаның бір компонентін бүлдіруші тотығу түрі.

Нүктелі тотығу – бөлек нүктеленген зақымданулар түріндегі жергілікті тотығу,кей кездері оны көзбен әрең көресің, металға терең енбейді.

Адасушы токтардан туындайтын тотығу – кейбір сыртқы электрлік

кондырғылардан бөлініп шығып, адасып жүрген токтардың кабельге әсер етуінен туындайтын металдың электрохимиялық тотығуы. Адасушы токтар мен тотығу көзі больш. электрлендірілген көліктің рельс тізбегі немесе жүмыс тогын жер аркылы жартылай немесе толығымен қайтарушы түрақты токгағы тараткыш желі табылады.

Металдын тотығу жылдамдығын (тотығудың бір жыл ішінде металл тереңдігіне енуі) тотықтыру өнімдерінен тазартып алғаннан кейінгі азайған (жоғалған) салмақ мәліметгерін ескере отырып (2.30) формуласымен анықтайды:

П=(К/ )* , (2.30)

мүндағы К - салмақтың азаюы, г/^м^жыл); 8 - металл тығыздығы, ғ/см3; П - металдың тотығу жылдамдығы, мм/жыл.

Электрлік кабельдердің қорғаныс қабаттатарына қойылатын талап - олар, яғни қабьпсшалар кабельді сыртқы орта әсерінен қорғау үшін герметикалык болу керек. Кабельдің қорғаныс қабатыҢың өзі сыртқы әсерлер қаупіне ұшырайды, сол себептен қорғаныс қабатының металы агрессивті ортаға төзімді (пассивті) болу керек.