- •М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Радиотехника және телекоммуникациялар кафедрасы
- •1. Бастапқы мәліметтер
- •1.1 Курстық жұмысқа тапсырма және оны қорғау
- •1.3 Түсіндірмелік жазбаны кұрастыру
- •2. Таңдау және есептеу методикасы
- •2.1 Тарату жүйесі, байланыс жолдарының типтері, кабель таңбасы (маркасы)
- •2.1.1 Коаксиалды кабельдердің біріншілік және екіншілік параметрлері
- •2.1.2 Симметриялық кабельдердің біріншілік және екіншілік параметрлері
- •2.1.3 Оптикалық кабельдердің параметрлері
- •2.2 Кабель маркасын таңдау
- •2.3 Электрлік өлшеулер мен өлшеуші құрылғылар
- •2.4 Байланыс құрылыстарын сыртқы әсерлерден қорғау
- •2.4.1 Электромагниттік үйлесімділік
- •2.4.2 Экрандау принципі
- •2.5 Байланыс құрылыстарын тотығудан қорғау
- •2.5.1 Топырақтардың тотығуға қарсы сипаттамалары
- •2.5.2 Кабельдерді электрлік тотығудан қорғау
- •2.6 Құрылыс трассасын таңдау
- •2.7 Байланыс кабельдерін төсеу және ілу
- •2.8 Байланыс кабельдеріне монтаж жасау .
2.2 Кабель маркасын таңдау
Байланыс кабельдерінің маркасын таңдау техникалық тапсырманың анализі бойынша (өткізу қабілеттілігіне, тарату жылдамдығына,байланыс жолының түріне және т.б. ), кабельді төсеу әдісіне (жер бедеріне (рельеф),топырақтың геологиялық құрылымына және олардың тотығу белсенділігіне, найзағайға қарсы разрядниктердің қарқындылығына,электр тарату желілері (ЛЭП) мен электрлік темір жолдарының болуына және оның жақындасу параметрлеріне) және т.б., сонымен қатар желілік трактілердің электрлік сипаттамаларын қамтамасыз ету мен оларды сыртқы және ішкі әсерлер мен бөгеуілдерден және сыртқы орта әсерлерінен қорғауға байланысты жүргізіледі.
Темір жолдар мен электрлендірілген жолдар бойында айнымалы тоқ жүйесі бойынша төселген кабельді магистральдар үшін, қабықшаларының жоғарғы қорғаныс әсері бар, тізбектерінің тығыздығы 252 кГц дейін рұқсат етілген МКПАБ,МКПАП,МКПАБП,МКПАК,МКПАПКП, кабельдері сонымен қатар тізбектерінің тығыздығы 150 кГц дейін рұқсат етілген МКБАБ кабельдері шығарылады.
Магистральді кабельдердің құрылыстық ұзындығы 850 м.
МКПАБ және МКБАБ кабельдері химиялық агрессивтігі бойынша ерекшеленбейтін жер астына, қайрандарда төселуге арналған.
МКБАБ кабельдері алты сигналды сымдары бар 7Ч4 және бес сигналды сымдары бар 14Ч4 сыйымдылықты болып шығарылады.
МКПАБ, МКПАП, МКПАБП, кабельдері 4, 7,14 төрттік сыйымдылықпен,ал МКДАК және МКПАПКП кабельдері тек 7 төрттікпен дайындалады. 4Ч4 кабельдері төрт жоғарғы жиілікті (ВЧ) төрттікке,бір сигналды жұпқа және бір бақылау сымына ие болады; 7Ч4 кабельдері төрт ВЧ төрттікке,үш төменгі жиілікті (НЧ) төрттікке, бес сигналды жұпқа және бір бақылау сымына ие болады. Төрттік сымдардың диаметрі 1,05 мм, ал сигналды және бақылау сымдарының сымы – 0,7 мм болады.
МКПАБП маркалы кабельдерге сауыт (бронь) үстіне полиэтиленді шланг төселеді, бұл шланг кабель қабықшасы мен сауытты тотығудан қорғайды. Сол себептен бұндай кабельдер өте агрессивті жерлерде төселеді.
МКПАК кабельдері сауыт үстіне тотығуға қарсы жабындысы дөңгелек болат сымдардан жасалған жұмыр сауытқа ие болады. Бұл кабельдер 450 С жоғары бұрышпен сулы бөгеттерде төсеу үшін немесе қабықшаларының жоғары механикалық төзімділігі талап етілетін жағдайларда төсеу үшін қажет.
МКПАПКП кабельдерінің алюминді қабықшасы пластмассалы (полиэтиленді) жабындымен қапталады, броньдалған болат сымдарының сыртында полиэтиленді шланг болады. Бұл кабельдер алюминді қабықша мен болат сауытқа (бронь) байланысты агрессивті болып саналатын сулы бөгеттерде және өзен сағаларында төселуге арналған.
МКПАП кабельдері (бронь жабындысы жоқ) телефон құбырларында төселеді.
Қалалық телефон желілерінің кеңінен қолданысқа енуі соңғы жылдары АТС нөмірлі сыйымдылығының өсуіне және желілі – кабельді құрылыстардың көлеміне ғана әсер еткен жоқ, сондай-ақ қалалық телефон желілерінің (ҚТЖ) көп сымды кабельдеріне жана, бұрынғыдан да жоғары талаптар қойды. Негізгі талаптар санына, ең алдымен ҚТЖ жоғарғы сенімділікке, электрлік және физикалы – механикалық сипаттамаларға ие болатын кабельдерді құру мен қолдану жатады, бұл кабельдер ең маңызды тапсырманы, әсіресе экономика жағынан (дефицит) мыс және қорғасын сияқты тапшы металлдардың материал сыйымдылығын азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, заманауи ҚТЖ кабельдері АТС арасындағы өзара қарым-қатынас және басқару сигналдарын, телеграфты, фототелеграфты байланыс сигналдарын беруді; орта және жоғары жылдамдықты дискретті ақпараттар тарату сигналдарын, сонымен қатар аналогты және цифрлы тарату жүйелерінің арналарын тығыздауға арналған тізбектер бөлігін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ете алуы керек.
Оптикалық кабельдер ақпараттарды таратудың заманауи және келешегі зор оптикалық технологиялары базасындағы ақпараттардың барлық түрлерін тарату мүмкіндігіне ие болуы керек . Ереже бойынша сыртқы электромагниттік әсерлерден қорғау үшін қосымша шығындар туындамау үшін, желілік оптикалық кабельдердің (ОК) оптикалық өзекшесінің ішінде металл элементтер болмау керек.
Оптикалық кабельдердің конструкциясының техникалық қолданысқа енгізілуін қымбаттатпау үшін және қиындатпау үшін, бұл кабельдерді шамадан артық ауа қысымында ұстамау керек.
Осы бөлім бойынша түсіндірмелік жазбада студент құрылатын желіге түріне қарай байланыс кабелінің типі, олардың негізгі конструкциялық элементтерінің қысқаша сипаттамасымен негіздеме келтіру керек.
