- •М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Радиотехника және телекоммуникациялар кафедрасы
- •1. Бастапқы мәліметтер
- •1.1 Курстық жұмысқа тапсырма және оны қорғау
- •1.3 Түсіндірмелік жазбаны кұрастыру
- •2. Таңдау және есептеу методикасы
- •2.1 Тарату жүйесі, байланыс жолдарының типтері, кабель таңбасы (маркасы)
- •2.1.1 Коаксиалды кабельдердің біріншілік және екіншілік параметрлері
- •2.1.2 Симметриялық кабельдердің біріншілік және екіншілік параметрлері
- •2.1.3 Оптикалық кабельдердің параметрлері
- •2.2 Кабель маркасын таңдау
- •2.3 Электрлік өлшеулер мен өлшеуші құрылғылар
- •2.4 Байланыс құрылыстарын сыртқы әсерлерден қорғау
- •2.4.1 Электромагниттік үйлесімділік
- •2.4.2 Экрандау принципі
- •2.5 Байланыс құрылыстарын тотығудан қорғау
- •2.5.1 Топырақтардың тотығуға қарсы сипаттамалары
- •2.5.2 Кабельдерді электрлік тотығудан қорғау
- •2.6 Құрылыс трассасын таңдау
- •2.7 Байланыс кабельдерін төсеу және ілу
- •2.8 Байланыс кабельдеріне монтаж жасау .
2.8 Байланыс кабельдеріне монтаж жасау .
Мыс сымды,қағаз оқшаулағышы бар,қабықшасы қорғасыннан жасалған (ТГ маркалы) кабельдерді жөндеу. Сымдары есу арқылы немесе олардың диаметрлеріне қарай дәнекерленген есілулер арқылы жалғанады. Жалғанған жерлеріне гильзаның екі жағынан да қосарланып тоқылған сымдары бар қағаз гильзамен оқшауланады .
Сымдардың барлық шоғыры МКП сұйықтығымен буланып алынады немесе ыстық ауамен кептіріліп алынады,содан кейін буланып алынған миткальдан жасалған дәкемен оралады. Жалғанған жерге қорғасыннан жасалған муфта кигізіледі және түйспелер қалайы-қорғасынды дәнекерлемемен ПОССу-30-2 жалғанады (дәнекерленеді) .
Мыс сымды, қағаз оқшаулағышт, болат ленталы бронь қабатының астында қорғасын қабықшасы бар (ТБ маркалы ) кабельдерді жөндеу . ТБ маркалы кабелін жөндеі кезінде ТГ маркалы кабелін жөндеу кезінде қолданылған операциялар орындалады, бірақ сонымен бірге броньды ленталар мен джут (кабельді иірілген жіп ) сымды бандаждармен бекітіледі , ал қорғасыннан жасалған муфтаның үстіне қорғайтын шойыннан жасалған муфта орнатылады , ол МКБ сұйықтығымен толтырылады.
Сымдарды полиэтиленмен оқшауланған , пластмассалы қорғаныс қабығы бар кабельдерді жөндеу . Полиэтиленді оқшаулағышы бар кабельдерді мыс сымдары 12... 15 мм ұзындықта есу арқылы дәнекерлеусіз немесе дәнекерлеу арқылы жалғанады , не болмаса сығылушы типтің жеке немесе көпсымды жалғағыштары арқылы ұзартылады . Есу арқылы ұзартылған сымдар тесік полиэтиленді гильзалармен жеке сымдарымен , екі-екіден немесе төрт-төрттен оқшауланады . Сымдары жеке-жеке оқшауланған жұптар мен төрттіктер гильзада жіптермен таңылады , не болмаса топтық полиэтиленді сақиналар арқылы бекітіледі . Ұзартылған сымдардың бырлық шоғыры екі қабат полиэтиленді
( поливинилхлориді) лентамен тығыз оралады . Жалғанған жерге экранды ленталар қайта орнатылады , олардың ұщтары <<бекітіледі>> немесе жамылтқы тігіспен бітеледі . Мыстан жасалған экранды сымның ұштары есу арқылы жалғанады . Ұзартылған өзекше шоғырына кабель қабықшасының материалына қарай полиэтиленді немесе поливинилхлориді муфта кигізіледі .
Кабельдердің сыртқы жамылғыларын біртекті полиэтиленді қабықшалар арқылы қалпына келтіру . Полиэтиленді қабықшасы бар кабельдердің муфталарын немесе муфталардың бөлшектерін өзара дәңекерлеу үшін , түйіспелерге қорғаныс қабаты арқылы әйнек лентаны дәнекерлейтін лампаның немесе газды шілтердің (горелка) жалынымен қыздыратын полиэтиленді лентаны еріту әдісін көп қолданады . Қыздыру белгіленген уақыт бойы цикылдармен жүргізіледі .
Полиэтиленді лента ораманың қалыңдығы шамамен кабель қабықшасының тарамдалған (радиальной) қалындығына сәйкес болу керек Полиэтиленді лентаның үстіне керу арқылы 50 %-дық қайта жабылған әйнек лента қабаты оралады . Әйнек лентаның үстін толығымен дәнекерлеуші лампаның немесе газды шілтердің жалынымен қыздырады. Қатып қалған , бірақ әлі суи қоймаған түйіспеден әйнек лентаны алып тастайды .
Біртекті поливинилхлориді қабықшасы бар (ТПВ маркалы) кабельдердің сыртқы жабындыларын қалпына келтіру . Ереже бойынша , ТПВ кабельдерінің сыртқы қабықшаларын қалпына келтіру үшін , дәнекерлеуші лампаның немесе газды шілтердің жалынымен поливинилхлоридті муфталарды кабель қабықшаларымен бірге және муфта бөлшектерін өзара мыстан жасалған қосымша қабаттың көмегімен қыздыру арқылы дәнекерленеді .
Дәнекерлеу кезіндегі кабельдер мен муфталардың поливинилхлоридті қабықтарындағы қосымша қабаттар технологиясының жоғарыда сипатталып кеткен полиэтиленді қабықшалар мен муфталардан ерекшелігі , дәл осы жағдайда , жеткілікті қыздыру кезінде (180....200 С температурасына дейін ) қосымша қабаттар өз еркімен түсіп қалады және оларды түйіспеден ықтиярсыз алып тастау қажет болмайды .
Резиналы жгут қосымша қабат түсіп қалғаннан кейін 2... 3 мин соң алынып тасталады . Қосымша қабаттарды пішіне мен көлеміне қарай тура таңдап алу тәртібі дәл полиэтиленді дәнекерлеуге жағдайындай болады .
Болаттан жасалған гофрленген қабаты кабельдердің (ТСШп және ТПСШп) муфталарын жөндеу .ТСШп кабельдерінің өзекшелері ТГ кабельдеріне ұқсас жөнделеді, ал ТПСШп – ТПП және ТПВ кабельдерімен бірдей жөнделеді . Болаттан жасалған гофрленген қабықтардың ұштары ПМКН- 10 дәнекерлеушісімен сәйкес көлемдегі қорғасынды муфта дәнекерленеді . Тікелей топыраққа төселу кезінде кабельдерді қорғасынды муфталарын МКБ сұйықтығымен құыйлған шойын муфталар арқылы қорғайды . Бұл жағдайда , сыртқы полиэтиленді шлангтер мен қорғасынды муфталардың түйіспелері арасындағы болаттан жасалған гофрленген қабықша учаскесі жабысқақ полиэтиленді және поливинилхлориді ленталардың бірнеше қабатымен оралады.Қорғасыннан жасалған муфта ТСШп немесе ТПСШп кабельдерінің сыртқы полиэтиленді шлангісіне аталып кеткен әдістердің беруімен полиэтиленді муфтаны дәнекерлеу арқылы қорғалады .
Кірістірілген (встроенный) арқаны (трос) бар ТППС маркалы ілінетін кабельдердің муфталарын жөндеу.
Арқан мен кабель арасындағы полиэтиленді ұстатқыш (перемычка) белгілі бір ұзындықта пышақпен кесіледі де , кабель арқаннан ажыратылады . ТППС кабельдерінің полиэтиленді қабықшаларын қалпына келтіру мен сымдарын жалғау дәл ТПП кабельдері секілді орындалады . Кірістірілген арқандардың ұштары болып гильзада арнайы сығылатын қысқыштармен ұзартылады , одан кейін жоғарыда айтылып кеткен әдістердің біреуімен кабельден бөлектенген арқанның қабықшасына полиэтиленді муфта-трубкамен дәнекерленіп қорғалады .
Полиэтиленді (ТПП) және қорғасынды (ТГ) қабықшалары бар кабель түйіспелеріндегі муфталарды жөндеу .
Жөндеу жұмыстары полиэтиленнің қорғасынмен сенімді жанасуына негізделген арнайы манжеттерді қолдану арқылы іске асырылады . Манжеттер шеберханаларда дайындала және сол жерге ылғалға төзімділі тексеріледі . Манжетпен бірге жинақта қорғасынды , сонымен қатар полиэтиленді де муфта қолданыла алады , алайда қорғасынды муфта ең қалаулысы болып табылады .
Болат сымнан гофрленген қабықшасы бар (ТСШп немесе ТПСШп) кабельдер мен полиэтиленді қабықшасы бар кабельдердің түйісуі дәл сол арнайы өтпелі манжеттерді пайдалану арқылы іске асырылады .
Ерте кезеңдерде пластмассалы қабықшасы бар кабельдерді ендіру полиэтиленді (ТПП),сондай-ақ поливинилхлориді (ТПВ) қабықшалар секілді қолданысқа кеңінен енген болатын , және де ол кезде аталып кеткен қабықшалардан басқа , әртүрлі қабықшалары бар кабельдердің түйіспелерінде муфталарды жөндеу үшін басқа екі типті өтпелі манжеттерді қолдануға тура келген , олар поливинилхлоридтің қорғасынмен жанасуы үшін (ТПВ ТГ) және поливинилхлоридтің полиэтиленмен (ТПВ ТПП ) жанасуы үшін . Алайда келешекте кабельді құбырларда поливинилхлоридті қабықшасы бар кабельдерді төсеуге тыйым салынады да , бұндай типтегі өтпелі манжеттердің қажеттелігі болмай қалады .
Кешірек келген жетістіктердің бірі- кез-келген үйлесімдегі әр түрлі қабықшалы кабельдерді түйістіру кезіндегі барлық өтпелі манжеттерді термотөселімдегі құбырлармен алмастыру болып табылады .
Осы болім бойынша түсіндірмелік жазбада студент таңдалып алған кабельдің сымдарын жалғау әдістерін , және қолданылатын жабдықтың осы мақсатта қолданылуын сипаттау керек . Жалғауларды қорғау , және олардың іс жүзінде пайдаланымға беру орнын тіркеу әдістері мен тәсілдерін келтіру керек , Экрандаушы жабындылар мен оқшаулағыш қабықтарын қалпына келтіру бойынша қажет іс – шараларды жүргізу тізімін келтіру керек, Күшейтуші (қызмет көрсетуші және қызмет көрсетпейтін ) пунктерге таңдалып алынған кабельдерді жекізу әдісіне сипаттама жасауы керек.
Мазмұны
|
Кіріспе |
3 |
1 |
Берілген мәліметтер |
5 |
1.1 |
Курстық жұмысқа тапсырма және оны қорғау |
5 |
1.2 |
Курстық жұмыс тематикасы |
6 |
1.3 |
Түсіндірмелік жазбаны құрастыру |
6 |
2 |
Таңдау және есептеу методикасы |
8 |
2.1 |
Тарату жүйесі,байланыс жолдарының типтері, кабель таңбасы (маркасы) |
8 |
2.1.1 |
Коаксиалды кабельдердің біріншілік және екіншілік параметрлері |
9 |
2.1.2 |
Симметриялық кабельдердің біріншілік және екіншілік параметрлері |
11 |
2.1.3 |
Оптикалық кабельдердің параметрлері |
11 |
2.2 |
Кабель маркасын таңдау |
12 |
2.3 |
Электрлік өлшеулер мен өлшеуші құралдар |
14 |
2.4 |
Байланыс құрылыстарын тотығудан қорғау |
18 |
2.4.1 |
Электромагниттік үйлесімділік |
18 |
2.4.2 |
Экрандау принципі |
19 |
2.5 |
Байланыс құрылыстарын тотығудан қорғау |
22 |
2.5.1 |
Топырақтардың тотығуға қарсы сипаттамалары |
24 |
2.5.2 |
Кабельдерді электрлік тотығудан қорғау |
25 |
2.6 |
Құрылыс трассасын таңдау |
27 |
2.7 |
Байланыс кабельдерін төсеу және ілу |
28 |
2.8 |
Байланыс кабельдеріне монтаж жасау |
31 |
|
Әдебиет |
34 |
|
|
35 |
Әдебиет
Гроднев И.И., Верник С.М. Линии связи. – М.: Радио и связь, 1988.-544с
Ионов А.Д., Попав Б.В. Линии связи. – М.: Радио и связь, 1990. 167 с.
ГОСТ 2.105 – 95. Общие требования к текстовым документам. –М.: изд-во стандартов, 1996. – 21 с.
ГОСТ 2.106 – 96. Текстовые документы. –М.: Изд-во стандартов, 1997.-21 с
Справочник строителя кабельных сооружений связи. – М.: Связь, 1977 – 672 с
Анастишев П.И., Коляда А.В., Проэктор Е.Г. Защита линий электропередачи от коррозии и загрязнения атмосферы. –М.: Энергоатомиздат, 1983. – 167 с.
Венс Э.Ф. Влияние электромагнитных полей на экранированные кабели. – М.: Радио и связь, 1982. – 182 с
Гершман Б.Н., Стукалин Ю.А. Электроизмерения междугородних кабелей связи. – М.:Радио и связь, 1984.-169 с
Гроднев И.И. Электромагнитное экранирование в широком диапазоне частот. – М.: связь, 1972. – 111 с
Защита кабельных и воздушных линий электропередачи от коррозии./ Проэктор Е.Г. и др –М.: Энергия,1974. – 159 с.
Укстин Э.Ф., Хузякова В.А. Измерение характеристик кабелей электросвязи . – М.: Энергия, 1967-248 с
