Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
109.4 Кб
Скачать

2.6 Құрылыс трассасын таңдау

Кабельді жолдар құрылысының трассасы мен күшейтуші пункттерге арналған алаңдарды таңдау келесі минималды мәндермен анықталады:трасса ұзындығы, құрылыс трассасы бойында кездесетін жер үсті және жер асты кедергілерінің саны, байланыс жолдарын қауіпті және кедергі келтіруші әсерлерден,тотығудан қорғауға кететін шығындар. Байланыс кабельдері трассасының басқа құрылыстардан минималды рұқсат етілетін арақашықтығы 2.14 – кестеде көрсетілген. Байланыстың тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін және де болашақта арналар санын көбейту үшін,байланыс жолдарын салу кезіндегі резервті арналар құруды ескеру қажет.

2.14 – кесте.

Байланыс кабельдері трассасының басқа құрылыстардан минималды рұқсат етілетін ара – қашықтықтағы

  1. төмендегідей өндіріс жұмыстары кезінде

м

Автомобильдер жолы мен темір жолдардың шетіндегі төсенділерден бастап

Қала сыртындағы мұнай құбырларынан бастап

Қалалық газ құбырлары мен жылу құбырларынан бастап

Қалаларда үйлердің шеткі сызығынан бастап

5

10

1

1,5

Электр тарату желілері (ЛЭП) мен электрлендірілген темір жол желілерін және олардың жермен қосу сұлбаларын тотығу мен найзағай соққысынан қорғау кезінде (жердің салыстырмалы кедергісі төмендегідей мәндерде болса)

100 Ом/м бастап

500 Ом/м бастап

000 Ом/м

Әуе байланыс жолдарындағы жай тартқыштарды жермен қосу сұлбаларынан

Күштік кабельдерден

0.83

10

0.35

25

0.5

Осы бөлім бөлім бойынша түсіндірмелік жазбада студент таңдалып алынған кабельді магистраль трассасының мүдделілігін және оны төсеу мүмкіндігіне негіздеме келтіру керек,трассаның өзен және темір жолдар арқылы өтетін асуларының (негізгі жердегі төсемдердің енін сәйкесінше есептеу арқылы) конструкциялық ерекшеліктері бойынша қабылданған шешімдерді түсіндіру қажет.

2.7 Байланыс кабельдерін төсеу және ілу

Кабельдерді төсеу кезінде, таңдалып алынған кабель үшін,иілулер мен бұрылулардың радиустарымен рұқсат етілетін максималды тартым күштерін,сонымен қатар әуе байланыс жолдарының кабельдерін ілу кезіндегі рұқсат етілетін таңдалып алынған аспа (пролет) ұзындығын ескеру қажет. Байланыс кабелінің басқа құрылыстармен жақындасуының геометриялық параметрлерін міндетті түрде беру керек. Кабельді тасуға және төсеуге арналған кабельді алаңдар мен машиналардың талаптарын сипаттау керек. Кабельдерді төсеу алдында қандай сынақтар жүргізу керек екендігін,және олардың құжат түріндегі растығын сипаттап түсіндіру керек. Жер асты кабельдері мен су кедергілері арқылы өтетін кабельдерді төсеу кезіндегі іс-шаралар мен қорғаныс түрлерін қарастыру керек. Кабельдерді ғимараттарға енгізу,көрінбейтін сым тарту арналарында оларды қабырғаларға орнату,кабельдерді тіреулерге және ғимараттардың шатырларында бағаналарга ілу мүмкіндіктерін қарастыру.

I-III топтағы және IV топтағы (топырақтың екі-үш еселік пропорциясы орындалған жағдайда) топырақтарғакабельдерді төсеу траншеялықәдіссіз, кабель төсеушітехниканың көмегімен іске асырлуы керек. Бұл тәртіп орындалмаған болса, ол жобада негізделуі тиіс.

Қызмет етілмейтін күшейтуші пункттерді –НУП (қызмет етілмейтін регенерациялық пункт - НРП) орнатуға, муфталарды жөндеуге , автомобиль жолдары мен темір жолдар арқылы өтетін траншеясыз асуларды іске асыруға,сонымен қатар кабельдер мен жермен қосу құрылғыларын төсеуге арналған траншеяларға,арналған котловандарды жобалау.

Автомобиль жолдары мен темір жолдар арқылы өтетін траншеясыз асуларды іске асыруға арналған қызмет етілмейтін күшейтуші пункттерді – НУП (қызмет етілмейтін регенерациялық пункт - НРП) орнатуға, муфталарды жөндеуге арналған котловандарды, сонымен қатар кабельдер мен жермен қосу құрылғыларын төсеуге арналған траншеяларды дайындау, дайын траншеяға кабельді төсеу, траншеялар мен котловандарды топырақпен көму, орман жолдарын тазалау, түбірлерді тамырларымен жұлу, трасса бойындағы жерлерді жоспарлау – ереже бойынша, механизацияланған әдіспен машиналарды, механизмдерді және аз механизациялы құралдар қолдану арқылы қарастырылуы тиіс.

Желілі- кабельді құрылыстарды салу бойынша жобалау шешімдері,олардың механизациялау төмендегіден кем емес пайызда қамтамасыз етуі керек:

-80 –жер жұмыстарын орындау кезінде;

-87 – кабель салушылардың кабельдерді төсеуі бойынша;

-67 – кабельді құбырларға кабельдерді тартуы бойынша.

Желілі жұмыстарды механизацияландыру деңгейі жоғарыда көрсетілген нормаларға қарағанда төмен болса,ол негізделуі тиіс.

Оптикалық кабельдер мен электрлік кабельдерді (броньдалмаған) төсеу тереңдігі I-IV топтардағы топырақтарда төмендегідей болу керек:

-1,2 м –МКЛС (жоғарғы жиілікті магистральді байланыс жол кабелі) және МСКЛС (магистральді симметриялық байланыс жол кабелі) үшін;

-1,2 м –ВЗКЛС (аймақ ішілік; байланыс жол кабелі ) оптикалық кабельдер мен қалалық телефон желілеріндегі (ҚТЖ - ГТС) станцияаралық жалғаушы желілерде үшін;

-0,9 м электрлік кабельдер үшін: ВЗКЛС кабельдері мен I классты сымды хабарлаушы кабельді жолдары;

-0,8м жергілікті (қалалық және ауылдық ) біріншілік желілердегі тұрғындары жоқ мекендерде және 0,7 м тұрғындары бар мекендерде.

Кабельдерді көрсетілген тереңдіктен жоғарырақ төсеу қажет болса, кабельдерді механикалық зақымдалулардан қорғау қарастырылу керек, мысалы кабельдің үстіне жұмсақ жер қабатын немесе кұмды топырақты 0,1 м калыңдықпен төсей отырып, кірпіш (бетонды плиталардан) орналастыруға болады;

0,8 м - II класты сымды хабарлаушы кабільді жолдары үшін.

Электрлік және оптикалық кабельдерді V топтағы және одан жоғары,

сонымен қатар қопару әдісімен немесе босатушы балғамен өңделғен IV топтағы топырақтарда төсеу тереңдігі төмендегі мәндерден төмен болмау керек:

-жартас жоғарыға (үстірт) шығып тұрған кезде, барлык кабель типтері үшін (траншея тереңдігі 0,5 м); - 0,4 м

  • жартас үстінде тау жыныстарында жер қабаты болған кезде, барлык кабель типтері үшін - 0,6 м (траншея тереңдігі 0,7 м). Бұл кезде қатты тау үстіртіне ену тереңдігі 0,5 м жоғары болмау керек. Қуаты 0,7 ден 1,3м дейінгі _ жер қабатында кабель жартас үстіндегі тау жыныстарында 0,1м қашықтықта төселу керек.

Мәңгі қатып қалған қайрандада және мезгілімен терең тоңып қалатын жерлерде кабельдерді төсеу «Кабельді байланыс жолдарын мәңгі катып тұратын аймақтарда жобалау, салу және қолданысқа беру туралы техникалық _ нұсқауларда» баяндалған ұсыныстарға сәйкес жобамен анықтау керек. Байланыс кабельдерін әуе байланыс бағаналарына ілу жеке салынып жатқан аудандарды телефонмен қамтамасыз ету үшін абоненттік ҚТЖ желілеріндегі, ауылдық телефон желілерінің (АТЖ) абоненттік және станция аралық желілеріндегі, сонымен қатар аймақ ішілік желілеріндегі (жер) асты кабельдерін төсеу қиындық тудыратын таулы жерлерде, терең сайлар мен құламалы беткейлері бар өзендерден өтетін кабельді жолдардың асуларында және (т.б.) таратушы учаскелерінде карастыру рұқсат етілгін.

Қалалық жөне ауылдық телефон желілерінің кабельдерін ілуді, ереже бойынша, қолданыстағы әуе байланыс жолдарының бағаналарында қарастыру керек. Жаңа бағаналы жолдарды осы мақсатта салу, негіссіз болса, жоба бойынша рұқсат етілмейді. Қажет болған жағдайда, оларды салу үшін темір бетонды бағаналарды немесе темір бетонды тіреулері бар ағаш бағаналарды қолдану керек.

ВКПА типті аймақ ішілік байланыс жолдарының кабелін тек _ қолданыстағы жоғары вольтті жолдардың (ВЛС) бағаналарына ғана ілу керек.

Елді-мекендерде ҚТЖ және АТЖ байланыс кабелЬдерін ғимараттар мен үйлердің шатырларында орнтылатын тіреулі бағаналарға ілуге болады. Осы бөлім бойынша түсіндірмелік жазбада студент кабельдерді тасымалдауға жөне олар төсеуге арналған машиналар мен кабельді алаңдарға қойылатын талаптарға, сонымен қатар кабельдерді төсеу алдында қандай сынақтар жүргізу керектігі туралы жөне де олардың құжаттық рұқсаттамаларына сипаттама беруі керек.