Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
109.4 Кб
Скачать

М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Радиотехника және телекоммуникациялар кафедрасы

Бекітемін

Оқу және ғылыми жұмыс

Проректоры

_______________М.Б. Имандосова

«_________» ____________ 20__ж.

«Байланыс жолдары»

Пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

(5B071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Мамандығында оқитын студенттері үшін)

Алматы - 2013

Таңдау бойынша компоненттің «Байланыс жолдары» элективті пәні бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 5И071900-Радиотехннка, электроника және телекоммуникациялар мамандығында оқитын бакалавриат студенттері үшін, пәннің жұмыстық оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Пікір жазғандар:

Касимов А.О. - т.ғ.к., ҚазҰТУ-нің доценті;

Достиярова А.М. - т.ғ.к., ҚазККА-ның доценті.

Автор: Кусамбаева Н.Ш. - докторант.

Әдістемелік нұсқауларда байланыс жолдарының біріншілік және екіншілік параметрлерінің типтіік есептерін орындау бойынша талаптар баяндалған, жоспарланатын желі үшін кабель маркасын таңдау методикасы келтірілген, электрлік өлшеулер мен байланыс құрылыстарын сыртқы әсерлерден және тотығудан қорғау әдістері баяндалған. Құрылыс трассасын таңдау, байланыс кабельдерін төсеу, ілу, және жөндеу әдістері келтірілген, Бұл әдістемелік нұсқаулар осы курс бойынша тәжірибелік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.

Әдістемелік нұсқаулар «Радиотехника және телекоммуникациялар» кафедрасының отырысында талқыланды және қолдау туралы шешімге ие болды (30 мамыр 201З ж. Хаттама№ 18).

Әдістемелік нұсқаулар «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» факультетінің оқу-әдістемелік бюросында қолдау тапқан (19 маусым 2013 ж. Хаттама №10).

Әдістемелік нұсқаулар академияның Оқу-әдістемелік кеңесіндв ашык басылымға шығаруға және оқыту үдерісіне қолдануға ұсынылды тапқак (27 маусым 2013ж. хаттама № 5).

Кіріспе

Байланыс жолдары пәні әр түрлі желілі байланыс жолдарының құрылу принциптерін (магистральді,аймақтық және жергілікті байланыс желілері); бағыттаушы жүйелердің конструкцияларын (симметриялық коаксиялдық,оптикалық,толқындық,жоғары өткізгіштік және әуе байланыс жолдары,және т.б.); бағыттаушы жүйелер бойымен энергияны тарату теориясын,сыртқы және ішкі әсерлердің теориялары мен олардан қорғау шараларын; желілік байланыс құрылыстарын жобалауды,салуды және пайдалануды оқып үйренуге арналған.

Байланыс жолдары пәні әр түрлі желілі байланыс жолдарының (магистральды,аймақты және жергілікті байланыс желілерін); негізгіпринциптерін құруды; бағыттаушы жүйелердің конструкциясын (симметриялық коаксиялдық,оптикалық және де жоғары өткізгішті толқын жолды әуе байланыс жолдары,және т.б.); бағыттаушы жүйелер бойымен энергияларды тарату теориясын; сыртқы және ішкі әсерлер теориясын және олардан қорғау әдістерін; кабельді байланыс құрылыстарын жобалау,салу және пайдалануға беруді оқып үйренуге арналған.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты,студенттердің оқу үдерісінде алған білімдерін бекіту,әр түрлі байланыс жолдарына арналған бағыттаушы байланыс жүйелерінің параметрлері мен электрлік сипаттамаларын есептеу тәжірибелерін жетілдіру болып табылады.

Байланыс жолдары пәні бойынша курстық жұмыс эскизді сипаттамаға ие,яғни бұл жағдайда элементтер мен құрылғыларды өңдеу және есептеу талап етілмейді. Курстық жұмысты орындау кезінде байланыс жолдары бойында есептеулердің қысқартылған әдістемелерін қолданып,жобаланатын байланыс жолының ортақ параметрлерін анықтау керек.

Курстық жұмысты орындау барысында студенттердің:

-бағыттаушы байланыс жүйелерінің эскизді жобаларының принциптері мен тәртіптерін білуі қажет;

-берілген техникалық параметрлер бойынша бағыттаушы байланыс жүйелерінің негізгі сипаттамалары мен параметрлерін анықтай алуы,байланыс жолдарын төсеудің функционалды сұлбаларын өңдей алуы; электромагниттік үйлесімділікті бағалай алуы; сыртқы әсер мен тотығудан қорғау түрлерін анықтай алуы қажет;

-қолданыстағы байланыс жолдарының типтері туралы, оларды құру принциптері туралы, сыртқы және ішкі әсерлер туралы,олардан қорғау әдістері туралы,байланыс жолдарын жөндеу принциптері туралы түсінігі болуы тиіс.

Курстық жұмысты орындау барысында студеттер берілген мәліметтерді талдау негізінде және жобаланатын жүйелер қолданыстағы түрлерімен таныса отырып, төмендегі тапсырмаларды орындауы тиіс:

  • Бағыттаушы байланыс жүйелерінің негізгі техникалық сипаттамалары мен параметрлерінің есебін жасауы керек. Сипаттамалары: (погонды): сыйымдылық пен индуктивтілік, кедергі мен өшулік. Параметрлері: жиіліктердің жұмыстық ауқымдары ,қолданылатын жиілік ауқымындағы тарату жолдарының сипаттамалық кедергісі, арна бойымен берілетін шектік қуат,сигналдың таралу жылдамдығы, таралудың фазалық коэффициенті, тарату жолдарындағы толқын ұзындығы және т.б.;

  • Бағытталған байланыс жолының құрылымын анықтау,байланыс жолдары кауіпті және кедергі келтіруші әсерлерге ұшырайтынын анықтау,және осы әсерлердің алдын-алу үшін немесе мүлдем болдырмау үшін қолданылатын іс-шаралар жиынтығын жобалау;

  • Нақты іс-жүзінде қолдану үшін қажет болатын техникалық талаптарды құрастыру.

Түсіндірмелі жазба мен сызуларды орындау барысында ГОСТ 2.105-95, ГОСТ 2.106-96. Нормаларына сай ЕСКД талаптары бойынша орындау қажет.