Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268.29 Кб
Скачать

Кездесетін қиыншылықтар:

Сөйлеу және оқу техникасы жиі бұзылады. Қолдың көру қабілетін пайдаланады. Екінші қолымен астынан сөйлейді, тыңдайтын қолымен қатты ұстайды.

Дактильді-контакттік шрифті меңгерумен қатар, соқыр-керең балаларды бірде Брайльдық шрифтпен жазылған этиеткаларды жапсырамыз. Біз қатты қолданардың алдында этикеткаларды оқытамыз. Сөздерді әріптерге бөліп, басқа сөздер құрастырып, жаңа заттарға жапсырамыз. Содан кейін, дактильдік әріптерді Брайльдық әріптермен сәйкестендіреміз.

Брайльдық және дактильді-контакттік шрифті меңгергеннен кейін, графикалық жазуды үйретеміз. Көретін адамдарды қалыпты жағдайдағы алфавитке үйретеміз. Сол алфавитті адамның қолында жазуды үйретеміз. Осы алфавит арқылы, басқа адамдармен толық қарым-қатынас жасаймыз, яғни, схемалық түрде сөйлеуге үйрететін болсақ, сонымен қатар, бала бірнеше маңызды кезеңдерден өтеді:

  1. Тікелей көрсету;

  2. Шынайы жесттер;

  3. Дактильді-контакттік қарым-қатынасқа үйрету;

  4. Брайльдық шрифтіге үйрету;

  5. Қалыпты жағдайдағы алфавитке үйрету;

  6. Дауыстап сөйлеуге үйретеміз.

Осы кезеңдердің бәрін шартты түрде бір-бірінен кейін болады деуге болмайды. Жиі шынайы жесттер, дактильді-контакттік сөйлеу, Брайльдық шрифы сөйлеу қатар жүреді. Мысалы, Соколянский “Қалыпты алфавитті дактильді-контакттік алфавитпен бірге үйрету керек деп есептеген. Сонда баланың коммуникативті функциялары қалыпты уақытысында дамиды” – деп айтқан.

Соқыр-керең балалардың ауызша сөйлеу тілі

Дауыстап сөйлеу соқыр-керең балаларға өте күрделі болып табылады. Өйткені, ол көру немесе есту қабілетіне сүйене алмайды. Дауыстап сөйлесуді үйрету, біреше кезеңнен тұрады:

  1. Дайындық кезеңі: балаларға дұрыс демалуды, сөйлеу кезінде тыныс алуды үйретеміз. Осы кезеңде, балалар ауа ағынын реттеуді үйренеді. 1-кезеңде, тыныс алумен бірге, дауыс шығаруды үйретеміз. Бұл кезеңде, ең бастысы, айтқан дыбыстарды дактильді әріптермен, сөздермен сәйкестендіру, яғни, ауызша сөйлеу дактильді сөйлеуге негізделу керек.

  2. Дыбыстарды қою. Әртүрлі дыбыстарды қоямыз. Бұл кезеңде, муляждар кең қоданылады. Мұғалім балаларға дыбыс айтуда, артикуляциялық аппарат қалай орналасқанын қолымен көрсетеді.

  3. Ауызша сөйлеу техникасын дағдыландырады. Әрине, соқыр-керең балалардың сөйлеуі өте ерекше болады. Дауысы өте қатты немесе жай екпіні дұрыс емес, көптеген артикулляциялық қателер жібереді. Үйренбеген адамға, оны түсіну өте қиын. Бірақ, мүлдем үйрене алмайды деп айтуға болмайды. Мысалы, көптеген соқыр-кереңдер Скороходова, Келлер.

Ауызша сөйлеп үйрену, соқыр-керең балаларға өте маңызды. Өйткені, алақанға жазу арқылы, көп ойларын жеткізе алмайды. Көп адамдарға ондай процесс түсініксіз. Толық жан-жақты қарым-қатынас жасау үшін, міндетті түрде, ауызша сөйлеуді үйрету қажет.

Соқыр-кереңдердің ойын іс-әрекет ерекшеліктері

Мектепке дейінгі кезеңде, балалардың дамуында, ойын іс-әрекеті көп орын алады. Ойын арқылы, балалардың даму деңгейін зерттеуге болады. Мысалы, түстерді, заттарды, заттардың формаларын, алыс-жақын, кең-тар орналасуын байқай алады. Ойын арқылы, балалардың қарым-қатынасындағы әлеуметке бейімделуі дамиды. Ойын арқылы, бала алғаш әлеуметке байланысты басталады. Басқа адамдармен әңгімелесу, өз қатарларымен тіл табысу және қоршаған ортамен танысады. Қай жағдайда, ойын балалардың ең басты іс-әрекеті болып табылады. Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл-қозғалыс, заттармен манипулляция жасау, сюжеттік-рөлдік ойындар. Ойын өз бетімен қалыптасады. Ол тек, еліктеу арқылы пайда болуы мүмкін.

Соқыр-керең балалардың дамуын айтар болсақ, оның ең бірінші түсінікті іс-әрекет - өз-өзіне қызмет ету. Ойын – бұл балада, ары үйретпесе қалыптаспайды. Ойынға топтық қызмет ету кезінде, үйрете бастаған жөн. Бірақ, кей элементтерін өз-өзіне қызмет ету кезінде көрсетеміз. Осы балаларды ойынға арнайы үйретеміз. Соқыр-керең балалардың алғашқы іс-әрекеті өз-өзіне қызмет ету болып табылғандықтан, алғашқы ойындары да, осыған қатысты болу керек. Сол себептен, алғаш үйрететін ойынымыз – қуыршақ. Соқыр-керең бала, адамның денесін қуыршақтың денесімен сәйкестендіреді. Ары қарай, тәрбиеші өзі баламен орындаған әрекеттерді қуыршақпен орындауды ұсынады. Мысалы, қуыршақты отырғызу, жатқызу, ұйықтату және т.б. Өйткені, осындай ойын, балаға түсінікті болады. Жаймен, дактильді-контакттік сөйлеу қалыптасқан соң, әртүрлі рөлдік-сюжеттік ойындардың рөлдерін ұсынады: мұғалім, тәрбиеші, матушы, дәрігер және т.б. Осы ойындар, бала үшін, өте маңызды. Өйткені, өмірлік тәжірибесімен таныстырады. Балаларды өмірге әлеуметтендіруге дайындайды. Осымен қатар, қимыл-қозғалыс ойындарын да ұмытпай керек. Оның ішінде, әртүрлі тәжірибелер болуы мүмкін. Орындықтың астынан өт, бөлмені айналып шық, жіптен атта, секіру, жүзу және т.б. Ойын арқылы, балалардың қарым-қатынасындағы дактильді-контакттік сөйлеуі дамиды. Бірақ, соқыр-керең балалардың ойынын алдын-ала жоспарлап, тәрбиеші өзі басқару керек.

Лекция 6

СОҚЫР-КЕРЕҢ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘРБИЕЛЕУ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жоспары:

  1. Соқыр-керең балалaры мектепте оқытудың ерекшелігі.

  2. Еңбекке тәрбиелеу

  3. Адамгершілік және эстетикалық тәрбиелеу

  4. Сөйлеу тілін дамыту

  5. Ақыл-ойын дамыту

  6. Қимыл-қозғалыс іс әрекетін дамыту

1.

Мектепте оқытудың алдында дайындық кезең болуы тиіс. Көбінесе мектепке дейінгі топтпрда осы дайындық кезеңді өтеді. Осындай бала өз өзіне қызымет ете алуды кеңейтуге бағытталуды білу керек. Күн тәртібіне үйренген болуы тиіс. Жестік және дактильдік меңгере алатын қарапайым сюжеттік рольдік онай алу керек. Пластилинмен әр-түрлі формаларды жасай алмауды білу керек.

Ыдыс-аяқ жуу оларды жинау кейбір дене шынықтыруды жасай алу керек. Жіптен аттау, секіру үстелдің үстіне отыру тікке жүру. Осының бәрібаланы мектепке оқытуға бейнелеу арнайы мектепте соқыр-керең балалар естімейтін балалардың 12 сыныптың немесе жалпы білім беру 11 жыл бағдарламаларын меңгіріп шығады. Бастаушы сыныптардыбітіргеннен кейін соқырлар керең балалар ары қарай жалпы мамандықтарға дайындалады. Осы мектептердің ерекшіліктері өте тығыз өмірмен тәжербиелеріне байланысты. Сабақ тек түске дейін ғана болу керек. Түстен кейін демалу керек. 1 топта 3 бала. Әр оқушыға арналған жеке жоспар құрылады. Бұл мекемелерде және оқытуға көп көніл бөлуге тиіс.

Соқыр-керең баланың өз-өзіне қызмет ету дағдылары қалыптасады. Басқа адамдармен қарым-қатынастыдамытады мінез-құлықы, эмоциясы, сферасықалыптасады. Яғни бала өз бетімен өмір сүре алады десекте болады. Ең бірінші еңбектің түріөз-өзіне қызмет ету. Одаң кейін баланы ұжымдық қызмет етуге үйрету. Қезекші ретінде жұмыс істеу. Ойындастықтарын , жинау, ауланы сыпыру, еңбекке үйретеміз. Ауыл-шаруалық, еңбек, өнер-қәсептік еңбеі. Қоғамды пайдалы еңбектің келксі қайғадаларын ұсынған. Ұжымдық саңа-сезімдітәрбиелеу бір-біріне көмек ету.

  1. Бірлесіп жұмыс істеуді тәрбиелеуге үйрету.

  2. Күнделікті және жүйелі түрде

  3. Белсендікті инисативаға өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

  4. Баланың қызғушылағын арттыру. Еңбекке біртіндеп үйрету.

  5. Жан-жақты еңбек түрлеріне үйрету.

  6. Соқыр-керен балаларға беретін тапсырмалар медициналық көрсет киітерге сүйенген жөн.

Қоғамдық пайдалы еңбек жөн. Бірнеше түрлерге бөлінеді.

  1. Түрмыстық бұл еңбекті барлық балаға үйреткен жөн.

  2. Мектеп интернаттарда түрмыстық еңбек балалар көмектей орындайды.

1.Жағынан 2 тығыз байланысты

2.Жоқты десек болады.

1. Өз-өзіне қызмет ету үй шаруашылық еңбек істеу.

2. Өндірістік еңбек орта сынаптарда басталады.

Шет мемлекеттерде 12 сынып деңгейіне өтеді керең балалардың бағдарламасы бойынша өтеді. 12 сынапқа дейін. Баланың дүниетанымын кеңейтеді.

3.Адамгершіліктілік және эстетикалық тәрбиені арнайы үйымдастыру керек. Соқыр-керең балалық қулқына ерекшіліктер кездеседі.

Әсіресе басқалардың есебіне күн көруді тәрбиелеу ұжымдық еңбек арқылы өткізген жөн. Одан басқа іс-әрекеттерді қолдануға болады. Еріпкелер айтып беру ертегінің мазмұның таңдау, сюжеттік ойындарды ойнау.

Осы сияқты орындар арқалы басқа адамдардын қарым-қатыс жасаудыүйретеміз.

Қолданатын тәсілдер. Баланың іс-әрекетін талдау ұжымдылық еңбектен ажырату. Ұжымдық еңбекке жібермеу. Әр баланаң іс-әрекетін күнделікті талдау әрекетке айналу керек.

Атақты соқыр-керең балаларды мысал ретінде келтіру.

Эстетикалық тәрбиелеу. Бұл балаларда қиын деп мүмкіншілігі кем балалрға дәлденген. Скороходованың өлені скулптура. Әсіресе жет мимкаласын көніл куйін скулптура арқылы қабылдай алады.Музыканын темпін ритімен қабылдай алады.

Сөйлеуге тәрбиелеу. Мектепке дейінгі уақытта қаралады. Мектепке дейіңгі балаларды тәрбиелеу. Ең алдымен соқыр-керең салада ойында қоршаған орта заттар бейнелер жүйесі қамтамасыз ету керек.

Тікелей көрсетуден кейін, шынайы жест қалыптасады. Шынайы жест пайда болған символдың пайда болғаны дауыссыз. Өйткені шынайы жест арқылы көрелған, ортаны белгілейді. Дактильдік контактық сөйлеу. Сдан кейін брайлдық шрифтке үйретеміз.

Балалардың шрифті білгенен кейін қалыпты шрифтке үйретеміз. Балалар қалыпты шрифтіалақаны жазады. Дауыствп сөйлеу немесе ауызша сөйлеуге үйрету.

Ақыл-ойын дамыту. Тифолапедиялық тарихынаң соқыр-керең балалардың зиянының даму тұралы әр түрлі консультанциялар бар. ХІХ ғасыр аяғында дейін балалардың ой-өрісін дамыту перспективасы жоқ деп саналды.

Барлық балалардың мүмкіншілігі бірдей оның даму ойынын дамуы. Қоршаған ортаға жеке мүмкіншілігіне сүйенуі деп есептейді. Соқыр-керең балалардың ойын дамыту дағдылар. Жүйесін баланың сөйлеу тілін дамыту. Ғылымның негіздерімен танысу. Баланың өмірлік және сезімдік тәжербиесіне суйену. ЗТІӘ сөйлеу Баланың қызметін арттыру. Негізгі жон баланаң жын жақты іс-әрекетін дамыту. Ойын іс-әрекетті еңбек іс-әрекетті оқу, жазу, әңгімелесу.

Қимыл-қозғалысын дамыту, Қимыл қозғалысын дамыту жүйелі түрде үйымдастыру керек. Барлық анализаторлары бірдей жұмыс істейді және бір-бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу және қимыл қозғалыс анализатор П.Алехин ғылымның зерттелері көру есту дактильдер вибрациялық және тиіс анализаторын тығыз байланысты. Сол себептен ең басты мәселесі оның қимыл-қозғаласын дамыту кеңістікте қозғалысын дамыту, Әр балаға арнайы жеке бағдарлама құрылады.

Көру – қимыл – сөйлеу- есту- қозғалыс - сөйлеу.

Әр балаға қимыл-қозғалысын дамытуда жеке бағдарлама құрыластырады. Жіптен аттау, аунау, т.б. Сол бағдарламаны күнделікті орындап туру керек. Сонымен қатар фронтальдық сабақтар өткізіледі. Массаж, дене шынықтыру; мимика; ЛФК, физиотерапия әсіресе соқыр-керен балаларға жүзу пайдалы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]