Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268.29 Кб
Скачать

Мектеп жасына дейінгі соқыр-керең балалардың психофизикалық дамуы

  1. Өз-өзіне жеке қызмет ету.

  2. Соқыр-кереңдерде қоршаған орта туралы бейнелерін қалыптастырудың ерекшеліктері.

  3. Соқыр-кереңдерде шынайы жесттер қалыптастыру.

  4. Соқыр-кереңдерді уақытта бағдарлауға үйрету.

  5. Соқыр-кереңдердің кеңістікте бағдарлауын және қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту.

  6. Соқыр-кереңдердің қарым қатынасын дамыту.

  7. Соқыр-кереңдердің ойын іс-әрекетін дамыту.

1-4

Соқыр-керең баланы тәрбиелеудің ең бастысы, нақты күн тәртібіне 3 міндетті бірдей атқарады:

  1. баланың өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастыру;

  2. адамға тән психикасын қалыптастыру;

  3. қарым-қатынас құралдар қалыптастыру, шынайы жесттерді қолдануды уйрету.

Балаға қызмет ету арқылы, баланың ең алғашқы психофизикалық элементтерін қалыптастырамыз. Оңалту орталығының қызмет етуі, соқыр-керең бала үшін, ең түсінікті әрекет болып табылады. Өйткені, баланың органикалық күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын (тамақ ішу, ұйықтау, суықтан қорғану), одан басқа жүйелі түрде қайталанатын әрекет болып табылады және жеке қызмет етуде 2 адам бірдей жұмыс істейді: педагог пен соқыр-керең бала. Тәрбиеші және соқыр-керең баланың , осы кездегі қарым-қатынасы заттар және әрекеттер арқылы болады. Күнделікті 10-100-1000 рет анасы, педагог қайталана беретін әрекеттерді орындай береді және баланың сана-сезіміне қоршаған ортадағы заттардың әрекеттерінің функциялары түсінікті бола бастайды. Осы кезде, бала мен тәрбиешінің іс-әрекеті біріккен, бөлінген, мөлшерленген іс-әрекет деп аталады.

Біріккен іс-әрекет – педагог пен бала бірге жұмыс істейді.

Бөлінген іс-әрекет – әрқайсысы өз функциясын орындайды.

Мөлшерленген іс-әрекет – әр әрекеттің өзінің мөлшері бар болады.

Алғаш тәрбиешінің функциясы көп болады. Бірақ, ақырындап, баланың функциясы көбейеді де, тәриешінің функциясы азаяды. Мысалы, тәрбиеші баланы күнделікті тамақтандырады, ол үшін, дәстүрлі қайталанатын әрекет орындау керек. Баланы үстелдің қасына әкеледі, орындықты жылжытады, баланы отырғызады, алдына алжапқыш байлайды, оң қолымен қасықты ұстатады. Содан кейін, баланы тамақтандырады. Осы кезде, баланың әрекеті – тамақ ішу. Осы кезде, бала зат пен әрекеттің ара-қатынасын, байланысын меңгереді деп айтсақ болады. Бірақ, соны меңгеру үшін, сол іс-әрекеттің бәрі баланың органикалық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталу керек.

Ақырындап, баладағы бағанағы айтқан заттар мен әрекеттердің бейнелер жүйесі қалыптасады, яғни, бала сол зат қасында болмаса да, оны елестете алады. Бала өзіне таныс заттарды тани бастайды. Сол затқа тән сипатын танып, басқа заттан ажырата алады, яғни, соқыр-керең балада қабылдаудың сигналды функциясы пайда болады.

Сигналды қабылдау – яғни, заттың негізгі сипатын ажырата алу. Осы кезден бастап, баланың қарым-қатынасқа дайындығын біле аламыз. Осы сәтте, «тікеллей көрсету» пайда болады. Ол әлі жест емес, әлі сөйлеу емес, оның алғашқы шарты, яғни, көрсетсе, түсінген деген сөз. Тікелей көрсету негізінде, баланың шынайы жесттер қалыптасады. Шынайы жесттерге арнайы үйреткен жөн. Бағанағы айтылған мысалды көрсететін болсақ, баланы отырғызып, тамақтандырудың алдында, қасықты ерінге тигізбес бұрын “тамақ ішу” деген жестті көрсетіп, содан кейін, қасықты аузына тигіземіз.

Шынайы жест дегеніміз – зат, құбылыс немесе әрекеттің схемалық түрде әрекет етуі. Шынайы жестті қолданған кезде, бала заттар мен әрекеттер туралы ойлар жоқ кезде де, айтуға болатынын түсіндіреді, яғни, нақты заттар мен құбылыстардың әрекетімен ойлы түрде жеткізуге болатынын түсіндіреді. Ең басты, жест арқылы және әр жестті тура жасайтын әрекеттердің алдында ұсынған жөн. Мысалы, баланы киіндіреміз, есіктің алдына әкеліп, есікті ашар алдында “далаға қыдыру” жестін ұсынып, бірден далаға шығарамыз. Сонда, осы жесттің мағынасын түсіндіреді.

Жесттер:

тамақ ішу” – екі саусақты (сұқ, ортаңғы) ерінге тигіземіз;

қыдыру” – алақанға үрлеу;

ішу” – стаканға ұқсатып, қолын ерінге тигізу;

ұйықтау” – алақанын бетіне тигізу;

қол жуу” – алақанын бір-біріне үйкелеу;

бетіңді жу” – алақанмен беттің бір жағын сипау;

конфет” – екі саусақпен (бас бармақ пен сұқ саусақ) конфет ашқандай қимыл жасау;

оқу” – партада отырғандай, қолын қою;

жақсы” – қолдың сыртынан сипау;

болмайды” – қолдың сыртынан ақырын ұру;

бірдей” – екі қолдың сұқ саусақтарын қосу;

әртүрлі” – екі қолдың сұқ саусақтарын ажырату;

кофтаны кию” – иықтан төмен сипау;

шешіну” – иықтан жоғары қарай сипау.

Жест арқылы, баланы абстракциялы ойлауға үйретеміз. Бірақ, кейіннен, тек, жесттік сөйлеу, баланың дамуына кедергі жасайды. Осы кезең, ұзақ аялдаса, оның психикалық дамуына тиімсіз әсер тигизу мұмкін. Алғашқы жесттің мағынасын түсінсе, басқа құрдастарымен қарым-қатынас жасап үйренгенде, жеңіл болады.

Соқыр-керең бала уақыт бар екенін белгілі бір уақытта орындайтын әрекеттерді бақылай алмайды, сондықтан, түсінбейді.

Соқыр-керең бала үшін, уақыт ешқандай әрекетпен толтырылмаған. Тек, күн тәртібі арқылы баланы уақытты бағдарлауды үйретеміз. Соқыр-керең бала үшін, уақыт жоқ. Баланың күн тәртібі алғаш - өзгермейтін және де үнемі бір іс-әрекетпен толтырылмаған.

Баланың әр күн тәртібі сәттерді орындау үшін, соқыр-керең балаға көп уақыт керек. Өйткені, осы сәттерді орындау үшін, баланы белсенді үйретеміз. Күн тәртібі арқылы, бала күндіз-түні, бүгін, кеше, ертең деген уақыт мерзімін ажырата бастайды. Мысалы, баланы оятамыз, сосын, “тұр” жесті, баланың тұруына көмектесеміз. Сосын, балаға “бұтыңды ки!” жесті беріліп, кигізеді. “Майканы ки!” жесті баланы тумбочкаға әкеліп, баланың қолымен сабын, сүлгі, щетка алады. Сүлгіні иығына іледі. Сосын, баланы ертіп, жуынатын жерге апарады. Ол жерде, баланың қолымен сабынды қойып, сүлгіні іледі, кранды ашып, “қолыңды, бетіңді жу” жесті берілген. Сол жолмен, ұйықтайтын бөлмеге қайтып келеді, дәретхана заттарын қояды. Қалған киімдерін, жестпен көрсету арқылы кигізеді. Сосын, асханаға апарады. Орындыққа отырғызып, баланың қолымен ыдыстарды ұстатып, көрсетеді де, “тамақ ішу” жестін көрсетіп, тамақ ішеді.

Алғаш балаға төсекті жинау, терезені ашу сияқты әрекеттерге үйретудің қажеті мол. Мағынасын түсінбейтін жолмен, басқа әрекеттерді меңгергеннен кейін, осындай әрекеттерді қоса бастайды. Осы уақытта, тәрбиеші өте мұқият және ұқыпты болу керек. Жаймен өткен тәулікті, балалар белгілей бастайды.

Дактильді-контакттік сөйлеу қалыптасқаннан кейін, өткен тәулікті санап есептей алады. Бала кеше, бүгін, ертең деген түсініктерін меңгереді.

Ең басты, баланың кеңістікте бағдарлауды үйрету үшін, бөлменің ішіндегі заттар бір орнынан жылжымау керек, әр заттың нақты өз орны болған жөн. Бағдарлауды соқыр-керең баланың төсегінен бастау керек. Мысалы, бала орнынан тұрады, төсегіне отырады. Төсегінің аяқ жағының оң жағында горшок тұрады. Бала төсектің бойымен бағдарлап, төсектің аяғының, сол жағындағы горшокқа отырады. Қабырға бойымен, жуынатын бөлмеге барады, кейін, қайтады. Осы кезде, балаға еркіндік берген жөн. Өз бөлмесінде еркін бағдарлап, заттарды тауып, өз қажеттілігіне жұмсаған жөн. Өз бөлмесінде еркін бағдарлағаннан кейін, үйдің ішінде де бағдарлауды да үйретеміз. Кейін, аулаға шығарамыз.

Соқыр-керең баланың бетінің гипоастениясы жиі байқалады. Қозғалыстары еріксіз, біртүрлі, қайталана беретін болады. Сол себебінен, қимыл-қолзғалыс анализаторын жаттықтыру керек: массаж, физиотерапия, дене шынықтыру. Әсіресе, кей уақытта, әртүрлі тренажерларды қолданады. Бұл балаларға жүзу өте пайдалы. Көптеген жаттығулар, бұл балаларға жеткіліксіз болғанына қарамастан, қимыл-қозғалыс қабілетін шеттемеу керек. Бір нақты жерде, жақсы бағдарлай алып үйренгенде, сл кеңістікке әртүрлі өзгерістер енгізген жөн. Ол кеңістік, қоршаған орта өзгеруі мүмкін дегенге үйретеді.

Соқыр-керең балаларда шынайы жесттер қалыптасқаны, зат, әрекет немесе құбылыс туралы, ол жоқ болған кезде, символ арқылы, айтуға болатындығын түсінгені, яғни, қоршаған ортадағы заттарды символмен белгілеуді үйренген деп айтсақ болады. Шынайы жесттерді жақсы меңгеріп, оның мағынасын жақсы түсінгеннен кейін, дактильді-контакттік алфавитке өткен жөн. Алғашқы сөздер 1-2 буыннан аспау керек: шай, сок, нан. Сонымен қатар, алғашқы сөздерді жестпен бірге береміз. Мысалы, “іш” немесе “ішу” деген жесттің мағынасы әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, “Сен іш!”, “Мен ішем!”, “Сок іш!”, “Шай іш!”, яғни, бұл жерде “іш” деген жест стаканды да, кесені де, сокты да белгілей алады. Соқыр-керең балаларға шайды берудің алдында, “шай” деген сөзді дактильмен, ал, “іш” деген сөзді жестпен береміз. Содан соң, бірден балаға шай ішкіземіз. Ал, сок ішкізсең де, дәл осылай болады. Бала алғаш дактильдік сөздерді күрделі жесттер сияқты қабылдайды. Бірақ, бала жаймен, сок берер алдында, әртүрлі жест көрсететінін түсінеді. Алғашқы дактильдік сөздер балаға түсінікті болу керек, яғни, күнделікті қолданылатын сөздер. Сол дактильдік сөздерді жақсы меңгеріп алғаннан кейін, әр сөз бөлек дактилемадан құралатындығын түсіндіреміз. Сонымен, соқыр-керең бала алфавитпен өзгеше танысады. Қалыпты жағдайда, бала әріппен танысады, әріптерден буындар, буындардан сөздер құрайды. Ал, соқыр-кереңдер керісінше, бірінші сөздер беріледі, сосын, сөздерді әріптерге бөлеміз. Соқыр-кереңдер дактильдік-контакттік алфавит қолданады. Әріптері кереңдердің әріптері сияқты, бірақ, тыңдайтын адам, қолмен тыңдайды.

Дактильді-контакт екіжақты процесс. Бір жағы, дактилозиция – дактиль арқылы айту; дактилектика – дактильді сөзді тыңдау. Адамның қолы шартты түрде 4 зонадан құралған:

  1. Саусақтың ұштары;

  2. “Серп” зонасы – сұқ саусақтың көлденеңінен, бас бармақтың ұшына дейін;

  3. Бүгілу аймағы;

  4. Алақан.

Соқыр-керең жұмыс істеуде, барлық 4 зонаны қамту керек. Дактильді-контактті сөйлеуді үйрету кезеңдері:

1 – кезең. Дактильді-контактті қарым-қатынаспен таныстыру. Әр әріп пен таныстырады. Осы кезеңде, бала түгел қолмен сипап көру, екі қолымен қарауға болады.

2 – кезең. Алғашқы тану, оқу дағдыларының қалыптасуы. Бұл кезеңнен бастап, ешқандай көмек көрсетілмеу керек, яғни, сөйлеу және оқу техникасын бірден қалыптастырған жөн.

3 – кезең. Сөйлеу, оқу дағдысының техникасын ары қарай дамыту, жетілдіру. Осы кезеңде, баланы асықтырмау керек. Дактильді сөйлеу темпі мен ритмі жай ұлғаяды.

4 – кезең. Екіжақты дактильді-контакттік қарым-қатынастың толыққан кезеңі. Дактильді-контакттік қарым-қатынастардың шаралары:

– айтатын адам, оң қолымен сөйлейтін болса, тыңдайтын адам, сол қолын қолану керек;

– екеуінің де алақаны төмен, бірін-бірі жауып тұрады;

– сөйлейтін адам, әртүрлі қимыл-қозғалыс жасаса, тыңдайтын адам да, сезімтал болып бір-біріне еріп отыруы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]