- •1. Күрделі кемістік ұғымының мәні.
- •Лекция 3 Күрделі кемістігі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың принциптері
- •Коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың принциптері
- •Лекция №4 Шет мемлекеттерде соқыр-керең балалрды оқытуды ұйымдастыру
- •Мектеп жасына дейінгі соқыр-керең балалардың психофизикалық дамуы
- •Кездесетін қиыншылықтар:
- •Соқыр-кереңдердің ойын іс-әрекет ерекшеліктері
Лекция 3 Күрделі кемістігі бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың принциптері
Бағдарламаны құрастыру барысында жалпыдидактикалық және басқа да арнайы принциптер есепке алынуы қажет.
1. «Қалыптандыру» принципі педагогикалық іс-әрекеттің бірқатар қазіргі ағымдарының, реформалары мен тұжырымдамаларының, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың өзінің өмірін түзуге қатысуының негізі болып табылады. Қалыптандыру идеясы: «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірі бар мүмкіндігінше қалыпты ұйымдастырылуы тиіс» делінген ойлардан анық көрінеді Бұл адамның ең маңызды салаларының (тұрғын үй, оқыту, демалыс және т.б.) барынша табиғи тұрғыда ұйымдастырылуы тиістігін білдіреді.
2. Тұтас және кешенді ықпал ету принципі мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасына педагогикалық, психологиялық және медициналық көмектесуді қамтамасыздандыратын дамуында күрделі кемістігі бар балалардың диагностикасы мен коррекциясының бірлігін, ғылыми-практикалық қызметтерінің бірегей біріктірілген жүйесін құруды білдіреді. Кешенді көмек өзара мәнділігі бірдей үш бағыттан тұрады:
1) Медициналық бағыттың мақсаты болып балалардың денсаулығын, емдерінің уақтылы және сапалы алынуын бақылау, коррекция кабинетінің материалдық-техникалық жабдықталуы аясында медициналық көмектің қажетті түрлерін көрсету табылады.
2) Әлеуметтік-психологиялық бағыттың мақсаты болып мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасына әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық түзету көмегін көрсету, оның әлеуметтік, медициналық және білім беру қажеттілігінің көлемін анықтау және оларды қанағаттандыру тиімділігін бақылау табылады.
3) Білім беру бағытының мақсаты болып дамуында күрделі кемістіктері бар балаларға коррекциялық-дамыту көмегін көрсету және үй жағдайында бағалау мен бақылау, дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға кеңестер беру табылады.
3. Эгоцентризм принципі дамуында күрделі кемістіктері бар балалардың өзі туралы адекваттық түсініктерді қалыптастыруды білдіреді. Ол дүниедегі заттар мен адамдар арасында өзінің «Менін» аша алады; жеке жадысын ояту мен қалыптастыру арқылы, өзінің өмірлік тәжірибесінің пайда болуы арқылы өзінің «Менін» жете түсіне алады.
4. Көруі мен есітуін қарқынды дамыту барысындағы сенсорлық (сезімдік) тәжірибені қалыптастыру мен кеңейту принципі. Балаларда осындай паталогия олардың танымдың сезімдерінің шектеулілігіне байланысты болады. Бұл балалардың сенсорлық және практикалық тәжірибесін түзетуге, сенсорлық қорларын кеңейтуге және көру мен есіту қызметтерін дамытуға бағытталған ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді қарастырады. Осы принципті жүзеге асыру барыснда қазіргі тифлосурдотехниканы кеңінен пайдалану қажет.
5. Баланың жеке даму темпімен жүру принципі. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу барысында олардың жеке ерекшеліктерінің айтарлықтай түрлері арасынан әрбір баланың бөлек даму мүмкіндіктерін қамтамасыздандыратын айрықшалықтарын ескеру қажет.
6. Педагогикалық көмекті қатаң өлшеу принципі. Берілетін көмек бала ештеңемен айналыспайтындай шексіз болмауы қажет, сондай-ақ көмек баланың белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алатындай деңгейде берілуі тиіс.
7. Күрделі кемістігі бар балалардың ата-аналарымен белсенді серіктестікте болу принципі ата-аналарды коррекциялық-педагогикалық процеске тең құқықтағы серіктестер және оның тиімділігін жоспарлау, жүзеге асыру мен бағалауға қатысушылар тұрғысынан қатыстыруды қарастырады.
ЛЕКЦИЯ 3
